Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13


«ХАЛЫҚТЫҚ   СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӚНЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата06.04.2017
өлшемі3,54 Mb.
#11176
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

«ХАЛЫҚТЫҚ   СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӚНЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ӘЛЕУЕТІ» 

6М010300 –  «Педагогика және психология» 
магистрант Есжанова Шырайлым Сапарбекқызы 
Ғылыми жетекшісі: Магистр аға оқытушы А.Б.Айтбекова 
Соңғы  он  жылдықта  білім  жҥйесінде  этномәдени  дәстҥрлерді  ӛзектендірудің 
болашағы  белсенді  талқылануда.  Тәжірибе  дәлелдегендей,  бҧл  дәстҥрлер  жалпы 
қоғамдық  кӛзқарастан  ӛзіндік  қҧндылыққа  ие,  сондықтан  да  ӛзіндік  зерттеу 
қызығушылығын  танытуда.  Алайда  оларға  білім  саласында  жҥгіну  ӛзіндік  мақсат 
болып  табылуы  тиіс  емес.  «Ҧлттық  кӛзқарасты  дамытудың»  қолайлы  мақсатына 
ҧмтылу  -  басқа  халықтардың  этномәдениетімен  байланысты  шектеу,  оны  әлемдік 
ӛркениеттіліктен  алып  тастау  деген  сӛз  емес,  бҧлай  болу  ХХI  ғасырдың  басында 
соңы насырға шабатын салдарға әкелуі мҥмкін. Десек те, ҧлттық мәдениетке және ӛз 
халқының  дәстҥрлеріне  деген  қызығушылық,  оларды  білу  мен  сақтауға  деген 
ҧмтылыс  –  адамның  рухани  қҧндылықтарының,  оның  патриоттық  және  ӛнегелі 
ерекшеліктерінің маңызды кӛрсеткіші.   
Қоғамның  білім  мәселелерінің  және  оның  балалардың  әмбебап  адамзаттық 
қабілеттіліктерінің  тҧтас  жҥйесін  дамытуға  қосқан  ҥлесінде  ӛзіндік  «мәдени 
мәтіндерде»  (аңыздарда,  фольклорда,  әдет-дәстҥрлерде,  ойындарда,  кӛркемдік  қол 
ӛнер бҧйымдарында және т. б.) кӛрінетін этномәдени дәстҥрлер маңызды орынға ие. 
«Жалпы  адамзаттық»  және  «этноспецификалықтың»  бірлігі  жоғарыда  кӛрсетілген 
ҧлттық мәдениеттің ерекшелігі арқылы жҥзеге асырылады .    
Адам  балалық  шағынан  бастап  қалыптаса  бастайды.  Мектеп  жасынан  бастап 
және  бҥкіл  балалығы  мен  ересектік  шағында  болашақ  тҧлғаның  негізі  қаланады. 
Адамның ӛнегелі ерекшеліктері, Отанына, ӛз халқына, туған жеріне деген махаббат, 
эстетикалық сезімдердің дамуы сабақтар процесінде қалыптасады, олардың дамушы 
мақсаты  қоршаған  дҥниемен,  кҥнделікті  ӛмірдің  шынайылығымен  танысуға 
бағытталған.  Қоршаған  жағдай  тҧлғаны  ҧлттық  тамырлармен,  туған  жермен 
байқатпай  байланыстырып,  оның  қалыптасуына  шешуші  ықпал  етеді.  Тӛменгі 
сынып  балаларына  дәстҥрлерді  таныту  арқылы  білімнің  негізгі  мәселесі  шешіледі, 
яғни  тарихи  дамушы  мәдениет  саласында  ӛсіп  келе  жатқан  ҧрпақтың  ӛзіндік 
шығармашылығын  анықтау  ҥшін  жағдай  жасау.  Мәдени  дәстҥр  балаларды 
адамзаттың  немесе  оның  жеке  тобының,  мысалы  этникалық  қоғамының  меңгеріп 
қойған  не  әлі  меңгерілмеген  бірлескен  тәжірибесінің  шекарасына  алып  келеді. 
Алдыңғы  ҧрпақтан  қалған  дәстҥрлер  тәжірибенің  сақталуына,  ӛмір  қызметінің 
формаларының  жаңғыруына  қызмет  етеді.  Ал  шығармашылық  қандай-да  бір 
жаңалықтың  туындысы  ретінде  қарастырылады.  Алайда  дәстҥрлер  мен 
шығармашылық  толығымен  ҥйлесімді  ғана  емес,  сондай-ақ  бір-бірі  ҥшін  негіз 
қалайды.  Мәдени  дәстҥр  шығарып  қойған  ӛнімдерді  жаңғырту  бойынша  қызметтің 

«дайын»  технологиясын  тоқтатып  қоюға  және  хабарлау  ҥшін  арналмаған,  ол 
заманауи факторлардың ықпалымен жарым-жартылай ӛзгеруге  қабілетті.  
Әлеуметтік  мәдени  тәжірибе  «әлеуметтік»  және  «мәдени»  жасаушыларды 
қамтиды.  Ҧлт  тәжірибесін  әлеуметтік  және  мәдени  жасаушылар  ӛзара  тығыз 
байланысты,  ал  олардың  бӛлінуі  кӛбіне  жағдайға  байланысты.  Алайда  бҧл  бӛліну 
жеке  тарихи  және  қоғамдық,  ӛмірлік  жағдайларға  қарай  бірлескен  тәжірибенің 
«әлеуметтік  жасаушысымен»  қамтамасыз  етіледі.  Қызметтің  тарихи  жасалған 
формаларын жҥзеге асыруда ӛзіндік пайымды, әлеуметтік анықталған, нақты тарихи 
шектеулі  кеңістікті  кҥшпен  іске  асыру,  мағынасын  табу  адамдарға  мәдени 
дәстҥрлерге мҥмкіндік береді.  
Сәндік-қолданбалы ӛнер ҧлттық мәдениеттің феномені болып табылады және 
оның  дәстҥрлілігі  мен  инновациялылығы,  креативтілігі  мен  ҧмтылысы  даму 
болашағына  кедергі  етпей,  оны  қоғамның  әлеуметтік  сипаттамасының  маңызды 
қҧрамдас бӛлігі етеді. В.С.Воронов ӛткен ғасырдың ӛзінде ӛзінің шаруашылық ӛнер 
туралы  классикалық  еңбектерінде:  «Тҧрмыстық  ӛнер  әрдайым  консервативті, 
дәстҥрлерге  қанық,  ӛміршең  және  мықты  бастауларға  ие.  Оның  жасампаз  кҥшінің 
дәстҥрден тыс элементтері жоқ», - дейді. Онан әрі ол, дәстҥрлі ӛнер халықтың ӛзімен 
«жеке  даралықтардың  шығармашылыққа  жақын  және  сансыз  бір  текті  кҥштерінің 
бірқалыпты және босаңсымаған кӛмегімен» қҧрылады деп жазады. Осылайша, жеке 
кӛркемдік  тәжірибені  жинақтай  отырып  халық  ӛнері  Әлемнің  тҧтас  бейнесін 
жаңадан  жасайды.  Осы  жерден  адамның  рухани  және  жан-сезім  дамуының,  оның 
ішінде ӛсіп келе жатқан баланың, адамның жалпылама ҧғымы пайда болады. «Ӛнер 
мен  сҧлулық  қайырымды  кемеңгер  сияқты,  адамның  ішкі  және  сыртқы  дҥниесін 
нҧрландыра  келе  біздің  ӛмірлік  бастауларымызда  кӛрініс  тауып,біз  сҥріп  отырған 
ортаға ашық және қуанышты сипат береді».  
Отандық  зерттеушілер  адам  тҧлғасында  шығармашылық  бастауды  дамыту, 
ӛскелең ҧрпақ сҥріп және тәрбиеленіп жатқан әлеуметтік және заттық ортаны қайта 
жасау  негізін  халық  ӛнері  қоршаған  ортамен,  туған  табиғатпен  тығыз,  бҥтіндей 
араласқанда жемісін береді деп нақты дәлелдей келе осы мәселені дамытуда. Қазақ 
халқының  эстетикалық  ойлауына  барлық  ҥш  бағыт  та,  оның  ішінде  декоративті-
кӛркемдік  шығармашылық  арқылы,  сондай-ақ  оның  еңбек  қызметі,  тҧрмыс,  әдет-
ғҧрпы  арқылы  кӛрініс  тапқан  табиғи  қоршаған  орта  да  ықпал  етті.  Сондықтан  әр 
аймақ  ҥшін  аталмыш  ӛңірге  лайық  материалдардан  эстетикалық  тҥрде  жҥзеге 
асырылған  заттарды  жасау  қажет.  «Әр  халықта  адамның  табиғатпен,  еңбек 
дағдыларымен  және  халық  ӛнегелілігімен  қатынасын  психологиямен  анықтайтын 
ӛзінің  ҧлттық  белгілері  шыңдалады.  Осылайша  адами  ӛзара  қатынастар  мен  ӛзара 

тҥсіністік  мәдениеті  қаланады.  Міне,  осылар  ортаны,  оның  моральдық  климатын 
анықтайды». 
Халық  ӛнері  дәстҥр  мен  ережелермен  ғана  сипатталмайды,  сонымен  бірге 
«...бҧл халық тарихының процесінде қаланатын сезімдер қатарының, ӛмір тҥйсігінің 
ӛзі. Дәл осылармен халық шығармашылығында сезуге болатын ӛнердің ерекше ішкі 
ырғағы  анықталады.  Мҧның  барлығы  әр  халықтың  қайталанбас  рухани 
шынайылығын жасайды» дейді автор.   
Ӛнімнің сҧлулығы ӛнер туындысының ерекше сипаты болып табылатын және 
пайдалы  мен  әсемдіктің  органикалық  бірігуі  байқалатын  оның  формасының 
сәнділігіне  қарай  пайда  болады.  Зерттеушілер  халық  шығармашылығын 
қҧнарландыратын бастауларды зерттей келе халық ӛнерін ӛзіндік «мәдени тҧтастық» 
ретінде  анықтайтын  ӛзгеше  белгілерді,  бір  қатар  ерекшеліктерді  атап  ӛтеді  –  ол 
заттардың  синкреттілігі  (бір  қҧбылыстардың  о  баста  тҧтастығы),  бірлестіктігі, 
дәстҥрлілігі,  эстетизациясы,  қоршаған  ортамен,  ақиқатпен  байланысы.  Мәдени 
тҧтастық  декоративті-қолданбалы  ӛнердің  жас  ҧрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
әсерлі шарасына айналған дәл мағыналы мәнін анықтайды. Тәжірибе дәлелдегендей, 
ӛнердің бҧл  тҥрінің  кӛрінісі, оқыту  мен  тәрбиелеу  объектісіне  эмоционалды кӛмегі 
оны  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  және  де  сӛз  жоқ  бастауыш  мектеп 
оқушыларымен жҧмыс жасағанда пайдалануға мҥмкіндік береді. Дҥниенің кӛрінісін 
қабылдау,  сезім  ерекшеліктері,  т.б.  психологиялық  ерекшеліктер  балаларды  ӛз 
халқымен,  ӛз  елімен  кӛрсетпей  байланыстырады  және  айтарлықтай  ӛмірдің  алдағы 
белесін анықтайды.  
«Балалар тәрбиесінде ӛнердің алуан тҥрлері кеңінен пайдаланылады, олар қай 
шамада  болсын  олардың  игілігіне  айналып,  ӛзіндік  кӛркем  қызметке  қосылады»,  - 
деп  жазады  С.Л.Рубинштейн.  Халық  ӛнері  ӛзінің  қарапайымдылығы  мен 
тиімділігіне,  жайнақы  мінезіне  қарай  тӛменгі  сынып  балаларының  кӛркемдік-
шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамытуда,  олардың  ой  ӛрісін,  ӛз  бетінше  жҧмыс 
істеуін,  кӛркемдік  талғамын  дамытуда  ерекше  орын  алады.  Балалармен  сҧлулық, 
мейірімділік,  моральды  кӛркею  және  халық  даналығының  кең-байтақ  әлемін 
толықтай,  нақты  және  айқын  ашатын  халықтың  декоративті-қолданбалы  ӛнерінің 
материалдарына негізделе отырып жҧмыс жасағанда ғана ӛнердің тәрбиелік мәні ӛз 
биігіне қол жеткізеді.  
«Ӛскелең  ҧрпақты  эстетикалық,  ӛнегелі  тәрбиелеуде  халық  ӛнеріне, 
дәстҥрлерге  қатыстырылуының  мәні  зор.  Сәндік-қолданбалы  ӛнердің  туындылары 
баланың сезіміне әсер етіп, оның ӛмірде сҧлулық жасауына деген қызығушылығын, 
кӛркемдік  қызметте  ӛзінің  шығармашылық  кҥштерін  қолдануға  ықыласын 
тудырады».  «Тӛменгі  сынып  баласы  тҧрмысты  ойында  кӛрсетуге,  ӛмірді 

гҥлдендіретін  шамасына  лайық  еңбекке  араласуға  ниеттенуге  тырысады»,  -  дейді 
Н.А.Ветлугина.  
Қазақстандық зерттеушілер цитатталған тезисті мына бағытта қолдайды, яғни 
балалық шақ – бҧл ҧлттық мәдениеттің бастауларына кәдімгідей, шынайы бой алуға 
мҥмкін  кез.  Бастауларға  жасанды  емес,  кҥнделікті  шынайы  араласу  тәрбиелеу 
процесіне  дәстҥрлі  емес  тәсілдерді  де  мәжбҥр  етеді.  Мектеп  педагогикасы  мен 
бастауыш  білім  тәжірибесінде  ӛскелең  ҧрпақты  халықтың  (ҧлттық)  декоративті-
қолданбалы ӛнерінің қҧралдарымен тәрбиелеу мәселесі  барынша нақты және жан-
жақты пысықталды. 
 «...Балаларды  халықтың  сәндік  ӛнерімен  қарапайым  таныстыру  тәрбие 
жҧмысында  зор  пайдасын  тигізіп,  анық  және  қуанышты  әсерге  бӛлеп,  олардың 
кӛркемдік  талғамын  арттырады»,  -  дейді  А.М.Либерман  мен  Р.Н.Хямялайнен. 
Халықтың  бейнелеу  ӛнері,  әсіресе  байлығы  мен  бояулар  ҥйлесімінің  ӛзіндігімен, 
бейнелердің  сәнділігімен,  ғажайыптылығымен  ерекшеленетін  декоративті  ӛнер 
балалар  қиялына,  тҥсінігіне  және  жасалған  туындылардың  дайындалу 
қарапайымдылығы мен шынайылығының арқасында аздап жаңғыртуға да тиімді.   
Кәсіптік  білім  беруде  оқушылар  тәрбиесінде  қолдану  мәселесі:  оның  жалпы 
мәнін  жеке  халықтардың  кӛркемдік-эстетикалық  дәстҥрлерінің  осы  процесінде 
талқылаудан  бастап  ерекше  міндеттерін  білуге  дейін  әр  тҥрлі  аспектілерде 
дамытылуда.Педагогтар  ӛздерінің  дәрістерінде  халықтың  декоративті-қолданбалы 
ӛнерінің  білім  потенциалын  бастауыш  мектеп  оқушыларын  тәрбиелеу  мен  оқытуға 
қолданылатын ерекше біліктіліктері арқылы ашады. «Халық ӛнерінің туындыларына 
кездескенде  баланың  ойлау-пайымына  тиімді  формалар  мен  бояулардың  сан 
алуанында  қолданатын  сезім  тәжірибесі  байиды.  Тҥйсік  толықтығы  жоғары  табиғи 
кӛру  сезімділігімен  қамтамасыз  етіледі.  Бала  оюдың  формаларын,  ӛрнектегі 
элементтердің орналасуын, тҥстердің ҥйлесімін, элементтердің қалыпты кезектесуін, 
симметрияны  т.б.  кӛреді»,  -  деп  ҧйғарады  Н.П.Сакулина.  Оның  ойынша  «Халық 
ӛнері  балалардың  кӛркемдік  тҥйсігін  қоректендіреді,  эстетикалық  әсерленушіліктің 
және алғашқы эстетикалық ой-пікірдің пайда болуына мҥмкіндік береді». 
Зерттеушілердің ойынша, халық ӛнері тӛменгі сынып балаларының қабылдау, 
ойлау,  жалпы  психикалық  дамуына  ҥлкен  ықпал  етеді.  «Ӛнердің  нақты 
ерекшеліктері  – қалыпты қисындылық, форма, тҥс, шығарма бойынша эстетикалық 
ҥйлесім баланың тәрбиесіне ерекше жарқындық береді». Бҧл ретте автор декоративті 
бастау  бейнелеу  шығармашылығының  барлық  тҥрлерінде  кездеседі  деп  ескертеді. 
Алайда декоративті суретті ол педагогикалық жҧмыстың жеке бағыты ретінде бӛліп 
қарастырады.  

Заманауи  ғалымдардың  пікірінше,  «ӛскелең  ҧрпақты  эстетикалық,  ӛнегелі 
тәрбиелеуде  халық  ӛнеріне,  дәстҥрлерге  қатыстырылуының  мәні  зор.  Декоративті-
қолданбалы ӛнердің туындылары баланың сезіміне әсер етіп, оның ӛмірде сҧлулық 
жасауына  деген  қызығушылығын,  кӛркемдік  қызметте  ӛзінің  шығармашылық 
кҥштерін  қолдануға  ықыласын  тудырады».  Оқушы  бастауыш  мектепте  ӛз  елінің 
географиялық  және  табиғат  ерекшеліктері,  оның  тарихы,  сол  территорияда  ӛмір 
сҥретін  халықтардың  мәдениеті  мен  дәстҥрлері  туралы  мәліметтерді  ала  отырып 
ойлауға,  қиялдауға,  сезімдік  қабылдауға  мҥмкіндік  беретін  және  қоршаған  орта 
жайында білімге ерекше ықпал ететін кӛріністік бейнелермен танысады.  
Бастауыш  мектепте  бейнелеу  ӛнері  сабақтарын  жҥргізудің  ерекшелігі 
мҧғалімнің  шығармашылық  қызметі  ҥшін  де,  оқушылардың  шығармашылық 
қызметінің  басшылығы  ҥшін  де  ҥлкен  мҥмкіндіктерге  жол  ашады.  Арнайы 
зерттеулерде  мҧғалім-тәрбиешінің  психологиялық-педагогикалық  дайындығы  және 
пәнді  ғылыми  бағыттау  есебімен  оны  оңтайландыру  жолдары  қарастырылады. 
Педагогикалық  университеттер  мен  институттар  таңдаған  мамандығының  және 
ӛзінің  сҥйікті  кәсібінің  саласында  білімі  терең  жоғары  білікті  мҧғалімдерді 
дайындауға  жҧмылдырылған.  Бастауыш  мектеп  мҧғалімдерін  даярлау  ҥшін  осы 
білім  мен  дағдылардың  деңгейі  жалпы  білім  беру  мектебінің  заманауи 
сҧраныстарына  сәйкес  болып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оның  одан  кейін  де 
ҥздіксіз  дамуын  қарастыруына  ҧмтылу  қажет.  ЖОО  тҥлектерінің  қоғамдық  және 
жаратылыстану  ғылымдарының  саласында  балаларға  білім  беру  процесінің 
басшылығына  дайын  болуы  маңызды.  Сондай-ақ  мҧғалім-бітірушілердің  ән, 
бейнелеу,  еңбек  сияқты  ӛнермен  тікелей  байланысты  сабақтарды  жҥргізуге  сапалы 
дайын болуының да маңызы зор. Дәл осы пәндер бойынша жҥргізілетін сабақтардың 
астарында  эстетикалық,  патриоттық,  еңбек  тәрбиесі  бойынша  жҧмыс  жасаудың 
ҥлкен потенциалы жатыр.  
Республикада  бейнелеу  ӛнері  мен  кӛркемдік  шығармашылық  бойынша 
мҧғалімдерді  даярлауға 
Е.Асылхановтың,  М.Қозыбақовтың,  И.Смановтың, 
К.Ералиннің,  Л.А.Ивахнованың  зерттеулері  арналған.  Аталған  еңбектер  отандық 
дидактикаға  қосылған  сҥбелі  ҥлес,  алайда  ғалымдар  бастауыш  мектепте  ӛнертану 
циклінің  сабақтарын  жҥргізудің  ерекшелігі  жӛнінде  мәселені  зерттеуді  ӛз  мақсаты 
етіп қоймаған. Сондықтан бейнелеуде бастауыш мектепте еңбекке баулу сабақтарын 
жҥргізуге  тікелей  байланысты  дидактикалық  материалды  жинақтау,  жҥйелеу, 
апробациялау және ҧсыну біздің мақсатымыз болды.  
Зерттеуде  еңбек  сабағында  декоративті-қолданбалы  ӛнердің  заттарын 
пайдалануды  ҧйымдастырған  мҧғалім  рӛлінің  авторлық  кӛрінісі  берілді.  Мектепте 
білім беруді табысты дамыту мҧғалімге байланысты екенін ҧмытпаған жӛн. Еңбекке 

баулу және бейнелеу ӛнері сабақтарында мҧғалім балаларға ӛнер саласында қажетті 
білімді  ғана  беріп  қоймайды.  Ол  еңбектенуге  ҥйретеді.  Тҧрмыста  пайдаланатын 
заттарды салу мен дайындау процесі ӛзіндік ойлау мен шығармашылықты дамытуға 
мҥмкіндік береді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Асылханов Е.С Бейнелеу ӛнері сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – Алматы, 1999. 
– 260 с.  
2.
 
ҚР «Білім туралы» заңы «Егемен Қазақстан» №11 июнь 1999 ж. 
3.
 
Асылханов Е.С Методика преподавания декоративно- 
прикладного        искусства Казахстана. – Семипалатинск. -  1993. - 121 с.  
4.
 
Асылханов Е.С. Мектепте ҧлттық қолданбалы ӛнерін оқыту  
әдістемесі. – Семей, 1989. – 65 с. 
5.
 
Асылханов Е.С. Қазақ қолданбалы ӛнері мекетепте. //Оқу қҧралы) 
 –    Алматы: "Эверо", 1999. – 90 с.  
6.
 
Асылханов Е.С. Методика преподавания народного декоративно-                                прикладного 
искусства в школе (на примере казахского народного  
искусства) - М., 1984. – С. 69-77 
7.
 
Асылханов Е.С. О композиции и цвете казахских текеметов – Алма-Ата: ежемесячный журнал 
Республиканского Союза молодежи, 1986, №2. –  
            С. 36-38 
    8.    Асылханов Е.С. Қазақ қолӛнерінің тарихы.// Қазақстан мектебі. –  
            Алматы,   1990 №11. – С. 63-65  
 
              ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ф. ғ.д.,  профессор Боранбаев С. Р. 
Мамаев Ж.Б. магистрант 
 
Мемлекетіміздің  2030  жылға  дейінгі  стратегиясы  халқымыздың  рухани, 
ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның 
дамуындағы ҧзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап 
берді.  Білімнің  айрықша  басымдылық  алуы  қазіргі  қоғамдық  прогрестің 
заңдылықтарынан  туындайды.  Ӛресі  биік  білімдар  адамдар  мемлекеттің 
экономикалық даму деңгейін айқындайды. 
Республика мектептерінде білім мазмҧны мәдениеті ӛркендеген демократиялық 
қоғамға  ҥйлесімді  жаңа  адам  ҥлгісін  тәрбиелеуге  бағытталуға  тиісті.    Болашақ 
қоғамнаң азаматы: 
-
 
дҥниеге  диалектикалық  кӛзқарастың  негізі  болып  саналатын  белгілі  мӛлшердегі 
ғылыми білім жҥйелерін ; 
-
 
жаңа  хабарларды  ӛздігінен  дҧрыс  қабылдап,  бағалай  білуге,  дереу  шешім  табуға 
қабілеттілікті; 
-
 
кез–келген  нақты  жағдайларды  ӛз  бетінше  талдай  білуді  т.б.  меңгеруге 
міндетті.  Сол  сияқты  білім  мазмҧнын  жаңарту  тҧжырымдамасының  негізгі 
бағыттары: біріншіден, мектептегі білім мазмҧнын қазіргі ғылымның динамикалық 

қҧрылымына  сәйкестендіру;  екіншіден,  тәрбиелеу    мен  сезімді  дамытудың  барлық 
ӛрісін  (оқу,  жҧмыс,  қарым-қатынас)  ескере  отырып,  оқытудағы  негізгі  салмақты 
оқушылардың  шығармашылық  ойлауы  мен  еңбектенуі  мақсатына  аудару; 
ҥшіншіден, білімдерін ӛздігінен іс – жҥзінде қолдана білуге тәрбиелеу; тӛртіншіден, 
жалпы  адамзаттың  және  біздің  елдегі  басқа  халықтардың  тарихы  мен  мәдениетін 
ескере  отырып,  ҧлттық  рухани  мәдениеттің  қайтадан  жаңаруына  байланысты, 
ӛскелең  ҧрпақтың  дҥниетаным  мен  адамгершілігін  байыту  және  олардың  ӛсуін 
қамтамасыз етуді қарастырады. 
 
Оқытудың  технологиясы    білім  берудің  теориялық    және  қызметтік  негізін 
қалыптастырады,  білімді  еңбекпен  ҧштастырып,  іс–әрекеттің  саналылығын  
дамытады, мақсатты ӛмір сҥруге ҧмтылуға әсер етеді. 
 
Педагогикалық технологияның білім берудегі  бағасын жалпы мойындағанмен 
де,  оқыту  технологиясының  мәртебесі  әлі  де  айқындалмаған  кҥйде  қалуда. 
Педагогикалық  әдебиеттерге  талдау  жасап  ҥңілсек,  қазіргі  кезде  ―оқытудың 
педагогикалық  технологиясы‖  ҧғымы  ғылыми    білім  берудің  теориясы  мен 
практикасына мықтап енгенін кӛреміз. 
 
Педагогикалық технология ҧғымының қалыптасуы мен дамуының тарихында 
педагогикалық  технология  ҧғымының  мәні  тҥрліше    қарастырылады,  яғни  оқыту 
технологиясын  техникалық  қҧралдардың  кӛмегімен  оқыту  деп  ҧғынудан  бастап 
педагогикалық  технологияны  ғылыми  тҧрғыдан    ҧғынуға  дейін  тҥрліше  пікірлер  
бар,  олар  педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  П.Я.  Гальперин,    В.В.  
Давыдов,  М. Кларин, Л.В. Занков т.б. ғалымдардың еңбегінде қарастырылған /4, 5, 
6, 7, 8/.  
 
Оқыту технологиясы   - алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз  
ететін оқытудың әдіс- қҧрал және тҥрлерінің жҥйесі арқылы оқыту мазмҧнын жҥзеге 
асыру жолы. Сӛйтіп оқыту технологиясында мазмҧн, әдіс және қҧралдардың ӛзара 
байланысы  мен  себептілігі  жатыр,  ал  қажетті  мазмҧнды,  тиімді  әдістер  мен 
қҧралдарды  бағдарлама  мен  қойылған  педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу 
мҧғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.  
 
Оқыту бағдарламасын жобалаудың әдіснамалақ қызметі оқыту бағдарламасын 
қҧрудың технологиялық бағалау ӛлшемдері тҧрғысынан қарастырылуы мҥмкін. Бҧл 
бағалау  ӛлшемдеріне  сәйкес  оқу  және  оқыту  қызметтерінің  бағдарламасы  тҥзіледі. 
Тҥзілген оқыту ҥлгісінен педагогикалық технологияның даму мҥмкіндіктерін кӛруге 
болады.  Бҧл  ҥшін  білім  беру  мақсаттарын  оқу  қызметін  басқару  әрекеті  жҥйесіне, 
нақты  ғылым  тіліне  кӛшіру,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  ескерілген  оқыту 
ҥлгісін тҥзу қажет. 
 
Осылайша, оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық 
ҥлгі–оқытуды  жобалау,  ҧйымдастыру  және  жобаны  жҥзеге  асыру  арқылы 
анықталады. Оқыту бағдарламасы оқыту–педагогикалық қызметтің жобасы ретінде 
тӛмендегі арнайы ерекшеліктерге ие: 
-
 
әлі пайда болмаған обьектілерді бейнелейді; 
-
 
ең болмағанда нормативті тҥрде жҥзеге асырылған болуы мҥмкін; 
-
 
сәйкес  іс-әрекеттің  орындалуының  қолайлы  деңгейін  белгілеп  отыратындықтан 
нормативті болып табылады . 

Бҧл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты ӛзіндік 
ерекшелігімен  толықтыруға  болады.  Технологияның  бҧл  сипаты  дәстҥрлі  оқыту 
барысында  жеткілікті  дәрежеде  кӛрінбейді,  бірақ  жаңа  технологияның  маңызды 
белгісі болып табылады. 
 
Оқыту  технологиясы  оқыту  теориясын  бейнелейтінін    және  оқытудың 
технологиялық  деңгейін  кӛрсететін  стратегиясы  мен  тактикасы  болатынын 
анықтаған.  
Оқыту  мен  тәрбиелеуді  технологияландырудың  келесі  бір  әдіснамалық 
бағдары іс-әрекеттік ықпал туралы айта келе, себебі білім беру процесінің негізі –іс-
әрекет деп тҧжырымдайды. Педагогикадағы білім беру жҥйесі бӛліктерінің мақсаты, 
мазмҧны, әдіс тҥрлері мен оқу қҧралдарының бірлігі қарастырылған. 
 
Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық ҥлгілері оқытуды ҧйымдастырудың 
ізгілік,  дамытушылық,  жеке  қарым-қатынастық  жобаларының  әдіснамасын 
айқындайды. Кейбір технологиялар біржақты, оқытудың тек бір мәселесін, мысалы, 
проблемалық  қҧрылымды,  бағдарламалап    оқытуды  т.б.  қарастырады.  Сонымен 
қатар  ғылымда  оқушылардың    жас  ерекшелігіне  орай  бейімделген  дамыта  оқыту 
сияқты тҧтас технологиялар да орын алған  (Л.В. Занков, П.Я.Гальперин). 
 
Оқыту  технологиясы  деңгейінде  оқыту  процесінің  барлық  компоненттері 
айқындалады. Жеке қарым-қатынас жасау кезінде бір теорияға негізделген бірнеше 
технология  ойлап  табылуы  мҥмкін.  Ӛзіндік  бағыт    ҧстаған  дамытушы 
технологиялардың негізгі тиімділігі интеллектуалдық және эмоционалдық-ынталық 
даму,  білімді  және  кәсіптік  біліктілікті  қалыптастыру,  білім  беру  процессінің 
қҧндылығын  бағалауды  қамтамассыз  ету,  белсенділікті  арттыру  болып  табылады. 
Бҧл  технологиялардың  дидактикалық  сипаттамалары  оқыту    педагогикалық 
процестің тӛмендегі ерекшеліктері тҧсында қалыптасады: 
-
 
белгілі бір міндетті кӛздей қҧру және проблемалық оқыту
-
 
оқушылардың оқу мҥмкіндіктерін есепке алудың әр тҥрлілігі; 
-
 
оқу қызметін саралап басқару; 
-
 
оқу процесін демократиялық жолмен ҧйымдастыру. 
Бҧл  технологиялардың  дидактикалық  қҧрылысы  білім  беру  процесінің,  оның 
мақсаттарының,  мазмҧнының, 
әдістерінің,  дидактикалық 
қатынастарының 
қҧрылымының бейімделу жолымен жҥзеге асады.  
Оқыту  технологиясы  –  бҧл  қолданбалы  дидактика.  Ол  педагогикалық 
тәжірибенің    нақты  жағдайында  керемет  оқу  процесін  жҥзеге  асырады,  оқытып 
ҥйрету мен оқып ҥйренудің ақиқат қызметін бейнелейді.  Басқаша айтқанда, оқыту 
технлогиясы – оқу іс - әрекеті мен оқытуды ҧйымдастырудың амал, әдіс, тәсілдерін 
қолдану теориясы 
       Сӛйтіп, оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, 
дидактикалық  талап  секілді  психологиялық-педагогикалық  іс  әрекеттердің  жҥйелі 
кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-
әрекетіне  игі  әсер  етумен  қатар,  педагогиканы  нақты  ғылымға  жақындату, 
мҧғалімдердің  интеллектуалдық,  шығармашылық  қызметі  болып  табылатын 
педагогикалық  іс-тәжірибесінің  нәтижелілігіне,  жинақылығына  ҧтымды  әсер 
ететіндей  оқу–тәрбие  процесінің басты  кҥре  тамырының  рӛлін  атқарады.  Былайша 
айтқанда,  педагогикалық  технология  –  оқу  тәрбие  процесінің  шығармашылықпен 

терең  ойластырылған  кӛптеген  факторлардың  ҥйлесімділігі  оқыту  мен  тәрбиенің 
тиімділігін  қамтамасыз  ететін  жанды  қҧрамдас  бӛлігі  (компонент).  Бҧдан,  оқыту 
технологиясы  дегеніміз  –  педагогикалық  тәжірибеде  оқыту    мен  тәрбиенің  нақты 
кӛздеген  мақсатына    қол  жеткізу  жолындағы  тҧтас  дидактикалық  жҥйе  қҧрайтын 
амалдар мен іс - әрекеттер тізбегі.    
 
―Педагогикалық технология‖, ―оқыту технологиясы‖ анықтамаларын кӛптеген 
ғалымдар ҥш маңызды ережеге біріктіреді, олар: 
-
 
оқытуды  оқушының  ―іс-әрекетін  қалаған  ҥлгі  (эталон)‖  тҥрінде  дәл  анықтау 
негізінде жоспарлау; 
-
 
мҧғалімнің  қызметі    мен  оқушыға  қалыптасқан  ықпалына  қатаң  жҥйелеу  тҥріндегі 
оқыту процесінің бағдарламасын жасау; 
-
 
кӛзделген ҥлгі (эталон) мен оқытудың нәтижесін сәйкестендіру. 
Оқытудың    мақсаты  -  ӛз    бетімен    дами    алатын,    әр    тҥрлі    ӛзгермелі  
жағдайларда    бағдар    ҧстай    білетін,    белсенді    жеке    тҧлғаны,    яғни    қызмет  
субьектісін  тәрбиелеп  шығару.  Мҧндай  мақсат  білім  мазмҧнының  қҧрылымына,  
оны    іріктеп    алудың    дәстҥрлі    талаптарына    сәйкес    ӛзгерістер    еңгізуді    талап  
етеді. 
Оқытудың  технологиясы  білім  берудің  теориялық  және  қызметтік  негізін  
қалыптастырады,    білімді    еңбекпен    ҧштастырып    іс-әрекеттің    саналылығын  
дамытады,  мақсаты  ӛмір  сҥруге  ҧмтылуға  әсер  етеді.   
Қазіргі  заманғы  оқыту  технологиялары  педагогикалық  және  психологиялық  
ілімдері    негізінде    жасалған    дамытушы    тҧлғалық,    бағдарлы,    мақсатты  
технология  болып  табылады.   
Оқу  ҥрдісін  технологияландыру  басқа  ақыл-ой  талабына  ғана  негізделген 
рационалистік  немесе  технократтық  деп    аталатын    дидактикалық    парадигмамен  
әдіснамалық    байланысты    Педагог  –  рационалистердің    негізгі    міндеті  –  оқу  
материалын  меңгерудің  неғҧрлым  тиімді  тәсілін  іздестіру. 
Жаңартылған    білім    мазмҧнының    ғылыми  -  әдістемелік    негізіне    дамыта  
оқыту  идеясы  алынған.  Дамыта  оқытудың  ерекшелігі  оқушыда  пәндік  білім,  
білік,    дағды    қалыптастырудың    қажеттілігін    жоққа    шығармайды,    бірақ    оқыту  
мен    оқушыны    дамыту    міндеттерін,    басымдылығын    қолдамайды,    оқыту  
оқушының  дамуын  қамтамасыз  ететін  жағдай  болуы  керек  дегенді  приоритет  
етіп  қою. 
Қоғамдағы    тҥбірлі    ӛзгерістер,    әсіресе,  оқу-ағарту,  білім  беру    саласындағы 
ізгілендіру  мен    демократияндыру    процестері    мектептерде    білім    мазмҧнын  
жаңартуды,  білім    беруді    басқару    жҥйесін    жетілдіруді,                        мҧғалімддерге  
қойылатын  талап  деңгейін  ӛзгертуді  қажет  етіп  отыр.  XXI  ғасыр  шебінде  жаңа  
технологиялардың  пайда  болу     ғылымның   жас  ҧрпақты – болашақ  азаматтарды  
ӛміріне  даярлау  сапасына ықпалын  бҧрынғыдан  кҥшейтеді,  ӛйткені  XXI  ғасыр  
табалдырығында    білім    ӛзінің    маңыздылығы    жӛнінен    елдің    стратегиялық    
ресурстарымен      бәсекелесе    алатын    капиталға  айналады.    Ғылыми    техникалық  
прогрестің  жетістіктерін  игерудің  және  жаңа  технологияларды жасаудың  жоғары  
білікті  мамандарды  қажет  ететіні  айқын  болып  отыр.      Болашақ  және  қазіргі  
заман    азаматтары    қоғамдық    дамудың    деңгейінен    кӛрінетін    оның    әлеуметтік  
парызына    жауап    беруді    кӛздейтін,    жаңалыққа    сергек,    ӛз    ісіне    гуманистік  

сезіммен    қарайтын    педагогикалық    кҥрделі    қҧбылыстардың    барысын    идеялық  
адамгершілік    тҧрғыдан    шеше    алатын,    жаңадан    ойлау    дамуын    ҧйымдастыра 
алатын  және  ата-аналармен,    ҧжыммен    педагогикалық    ынтымақтастық    орнатуға  
бейімділігі    бар,    шығармашылық    еңбек    ететін    азамат    даярлау    міндеті    басты  
назарда    болуы    керек.  Инновациалық    теориясының    негізін    қалаушылар    неміс  
ғалымдары  В. Земберг,  В.  Метчерлих,  австралиялық  И. Шушпетер. 
Инновация    педагогиканың    барлық    саласына    толық    еніп    дамуда.  
Ҧстаздарымыз      бен    белгілі    ғалымдарымыздың      ендігі    негізгі    міндеті  – 
жаңалықты    тек    педагогика    саласынан    іздестіріп    қоймай,    басқа    ғылым  
салаларындағы    жаңалықтармен    салыстырып,    байланысын    нығайту,    тарату,  
практикалық  инновацияны  жҥйеге  келтіру. 
 
                                       
                       

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет