Хабаршы жаратылыстану-география



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата19.01.2017
өлшемі3,13 Mb.
#2234
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Г.Н. Бекбаева - Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты 
 
Қазір  «туризм»  терминін  кең  жəне  терең  түрде  түсіне  білу  керек.  Біздің  ойымызша  туризм 
анықтамасы  əртүрлі  бағытта  берілуге  тиісті:  географиялық,  экономикалық,  педагогикалық.  т.т.  Туризм 
географиялық  тұрғыдан  туристік  іс  əрекеттердің  кеңістік-аумақтық  кешенділік  қолданылу  негізін 
құрайды. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс жəне ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі. 
Туризмге  экономикалық  тұрғыдан  бірнеше  анықтама  берілген.  Анықтамалар  ішінде  Г.А.  Папирян: 
«Туризм – ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады жəне ол өндірістік 
өнім  сияқты  жүйелі  түрде  ұдайы  өндірілмейді» - десе,  П.В.Шульгиннің  ойынша,  қазіргі  туризм 
анықтамасы 2 көзқарасты  көрсетеді.  Оның  бірі  туризм  индустриясы – халық  шаруашылығы 
құрылымында  ерекше  саланың  қалыптасуы.  Ол  барлық  туристік  келушілерге  сұраныстарын 
қанағаттандыру  үшін  маманданған  бірқатар  өндірістік  қызметтер  мен  қызмет  көрсету  мекемелеренінің 
жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне 
тəн  еңбек  ұсынысының  ортасы  болса,  онда  бұл  қызмет  туризмді  дамыту  жəне  ұйымдастыру 
ерекшеліктеріне  байланысты  болады  деген  ұғымды  қалыптастырады.  Қазіргі  кезеңде  туризмді  тұрақты 
дамыту  мəселелері  Қазақстан  Республикасында,  Ресей  мен  шетелдердегі  зерттеулерде  белсенді  түрде 
талқылануда.  Атап  айтсақ,  туризм  индустриясын  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жалпы  мəселелері 
теориялық  тұрғыда  А.Ю.Александрованың,  Ф.Котлердің,  М.Б.Биржаковтың,  А.П.Дуровичтің, 
Н.И.Кабушкинның,В.А.Квартальновтың, 
С.Р.Ердаулетовтың, 
О.Б.Мазбаевтың, 
К.Купердің, 
А.Д.Чудновскийдің жəне тағыда басқа ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан. [1.2.3]      
Бүгінге  дейін  туризм  индустриясы  жеке  экономиканың  саласы  ретінде  экономика  жағдайында 
қарастырылған  жоқ.  Осыған  байланысты  тоқталатын    туризм  индустриясы  терминінің  анықтамасын 
беретін болсақ: «Туризм жəне туризм индустриясы»  түсінігі ұқсас жəне бір мағыналы сияқты. Ғылыми 
əдебиеттерде  ғалымдар  бұл  терминге  əр  түрлі  анықтама  береді. «Туризм  индустриясы»  түсінігі  өте 
көлемді жəне қиын. КСРО кезінде оған бірінші рет  П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы 
туризм  қызметін  сату  жəне  құруға  маманданған  қызмет  көрсетуші  мекемелермен  немесе  туристердің 
төлеу  қабілеттілік  сұранысын  қанағаттандыруға  мамндандырылған  экономиканың  бөлек  саласы». 
С.Р.Ердəулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм 
индустриясы» - таза  экономикалық  категория  болып  табылады.  И.В.Зорин,  В.А.Квартальнов  туризм 
индустриясын  шаруашылық  құрылымның  дербес  звеносы  деп  анықтады;  кешенді  салалар  мен 
бөлімдерден  құралған  экономикалық  жүйе,  олардың  қызметтері  демалыс  жəне  көңіл  көтерудің  барлық 
түріне қиын жəне əр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі. О.Б.Мазбаевтың пікірінше «туризм 
индустриясы – бұл  табиғаттағы  рекреациялық  ресурстар  байлығына  сүйенетін,  сервис 
инфрақұрылымының  барлық  формалары  кіретін    демалу  мен  көңіл  көтеруге  байланысты  қоғам 
сұранысын  қанағаттандыратын,  шаруашылық,  өндірістік  жəне  əлеуметтік  қызметтің  көпқырлы 
жүйесі».[4] автореферат М.О.Б 
          «Туризм  жəне  туризм  индустриясы»  терминінің  анықтамасы  жалпы  қолданыстағы  терминдерден 
бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне 
географиялық тұрғыдан жəне «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – 
бұл  саяхат,  ал  саяхат – ғасырлардан  қалыптасқан  түсінік,  олар  саяхатшы-геграфтармен  жасалған 
географиялық  ашылулар.  Сондықтан  туризм – бұл  таза  географиялық  түсінік  болып  алғашқыда 
қалыптасты. «Туризм индустриясының» экономикалық мəні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркəсіп деген 
мағынаны  білдіреді  (лат. «industria» - қызмет). «Туризм  индустриясын»  экономикалық  тұрғыдан  қарау 
бұл  саланың  масштабтылығы  мен  тиімділігіне  капиталдың  сиымдылығы  жəне  құйылған  қаржының  тез 
өтелуіне  байланысты.  Ол  туризм  менеджменті  мен  маркетингі  т.б  ғылым  салаларымен  қатысты. 
Сондықтанда туризм индустриясы жəне туристік іс əрекеттер арасындағы байланысты табу үшін оның 
ерекше  қасиеттеріне  тоқталуды  қажет  етеді. «Туризм  индустриясының»  ерекше  қасиеттері:  Туристік 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 
122 
мекемелердің  ресурстарға  байланысты  орналасуы,  өндірістің  маусымдылық  жəне  циклді  өзгерістері, 
өндірістік  жəне  əлеуметтік  инфрақұрылымға  үлкен  инвестицияның  қажеттілігін  құрайды.  Туризм 
индустриясын  дамытуды  дұрыс  түсіну  үшін  экономикалық  саланың  оң  жəне  теріс  жақтарын  бөліп 
көрсету керек.  Туризм индустриясының оң жақтарына: 
-  ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі; 
-  аумақтардың əлеуметтік инфрақұрылымның дамуы; 
-  туризм сферасында жұмыс істейтіндердің санының өсуі; 
-  экономиканың басқа салаларымен бəсекелестіктің артуы; 
-  туристік аумақтардағы білім жəне ғылым əлеуетінің өсуі; 
-  агломерацияға антропогенді əсердің азаюы; 
-  инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі т.б. жатады. 
Теріс жақтарына:  
-  ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үйлестіру; 
-  өндірістк инфрақұрылымның кейбір салаларының тежелуі; 
-  туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштылығы; 
-  туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы; 
-  ерекше қорғаудағы игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді əсердің өсуі. 
Біздің  атап  өткен  туризм  индустриясы  дамуының  оң  жəне  теріс  жақтары  тұрақты  емес;  олар  біздің 
ұлттық  экономикамыздың  жаңа  секторларының  қалыптасуына  байланысты  өзгертіліп  жəне 
толықтырылып тұрады. 
                          1- кесте Қазақстан туризм индустриясының құрылымы 
Туристік – 
рекреациялық, табиғи, 
экономикалық 
потенциалы 
 
 
Туризм 
инфраструктурасы 
                                                                                                                                                     
 
Ғылым жəне білім беру 
ұйымдары 
 
Жарнамалық 
ақпараттық мекемелер 
БАҚ 
1 сурет – Қазақстан туризм индустриясының құрылымы. [құрастырған:Мазбаев О.Б] 
 
Туризм  индустриясының  оң  жəне  теріс  жақтары  оның  экономикадағы  жəне  қоғамдағы  орнын 
анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана. Туризм индустрияының құрылымын жəне қазіргі этапта оны 
басқару  құрылымын  анықтау  қажет.  Қазақстанның  туризм  индустриясының  альтернативтік, 
бірыңғайландырылған  құрылымын  ұсынуымыз  қажет.  Біздің    берген  нұсқамыздың  негізгі 
айырмашылығы  табиғи  рекрациялық  потенциалды  ұтымды  пайдалану.  Қазақстан  үшін  табиғи 
рекреациялық  потенциал  факторы,  оның  масштабтылығы,  əр  түрлілігі  жəне  қайталанбайтындығы 
жағынан  тең  келмейтін  байлық.  Қазақстан  экономикасының  қазіргі  даму  этабында  туризм 
индустриясына  құйылатын  қаржының  жетіспеушілігі  кезінде  бұл  фактор  оның  құрылымының  басты 
элементі болуы керек. 
Туризмді басқаратын 
мемлекеттік орган 
Туристік фирмалар, 
агенттіктер 
Туризм индустриясы 
▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪ 
Туристік 
рекреациялық іс 
əрекеттер 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 
123 
Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды жəне Қазақстанның жаңа 
туристік  саясаттың  құрылуына  негіз  бола  алады.  Демек,  туризм  индустриясы  қиын  да  күрделі 
экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, 
туризммен  байланысты  жəне  Қазақстан  экономикасының  басқа  салаларына  қатысты  əлеуметтік, 
экологиялық,  демографиялық  жəне  басқа  проблемаларды  шешуге  көмектеседі.  Батыста  туризмнің 
əлеуметтік-экномикалық мəнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да ХХ-ғасырдың 80 жылдардың аяғында 
туристік  ұйымдардың  əр  түрлі  эксперттері  мен  барлық  мүмкіндіктегі  комиссиялары 2000 – жылдары 
жəне одан да ары 2025- жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасаған, себебі туризмнің даму 
стратегиясын  құрастыру  қажет  болды.  Сол  кезде 80-шы  жылдары  туризм  өзінің  мəні  бойынша 
халықаралық  қызмет  түрлерінің  ең  бір  алғашқы  бірінші  дəрежелі  болады  деп  жазылды.  Мұны  біз  оны 
дамытуға  жұмсалып  жатқан  қаражаттың  динамикалық  көтерілуінен  біле  аламыз  жəне  де  бірінші 
жоспарға  үлкен  трансұлттық  қаржылық  топтар  өздерінің  транспорт  қорымен,  қонақ  үй  кешендік 
байланысымен, электронды есептеуіш жəне ақпараттық орталықтарыменен ене бастады.                                                      
Əлемдік  туристік  нарықты 2020- жылға  дейінгі  аралықта  маңызды  сегементтер  есебінде  ДСҰ 
круизді,  конгресс  туризмді,  тақырыптық-қалалық  туризм,  мəдени-тарихи  туризм,  эксклюзивті  жəне 
спорттық туризм, сондай-ақ емдік сауықтыру, жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде əлемде 2020- 
жылы  болжаған  туристердің  келу  саны 156,1 млн.  адамды  құрауы  мүмкін. Қазақстан  үшін  бұл  кезеңде 
əлемдік туристік нарықта емдік сауықтыру оқиғалы жəне спорттық танымдық туризм маңызды сегмент 
болып  табылады,  оған  Республикада  жеткілікті  туристік-рекреациялық  ресурстары  бар.  Əлеуметтік 
туризм жəне еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж.Фошенің 
ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса жəне де əлеуметтік, мəдени 
жəне  гуманитарлық  аспектілерді  көрсете  алмаса,  мұндай  жұмыс  ұзаққа  бармайды,  адамдар  мен  оны 
қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген. Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру əлемде 
əлеуметтік мəнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ, онда туризм 
дамуының  максималды  дəл  ғаламдық  концепциясы  үшін  адам  дамуының  экологиялық  жəне 
демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек. Ал мұндай ұқсас болжамдарды əр елдің 
ғаламдары  үзбей  зерттеп  отырады.  Вашингтондық «World watch» институты  өзінің  шығарған  жылдық 
«Əлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни əлемдік ресурстарды 
(қолдану)  пайдалану  келесі 50 жылдың  ішін  бірден  көбейеді.  Біздің  жер  бетіндегі  халық 60пайызға 
көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да  миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 
млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Демографиялық 
өсу,  экономикалық-əлеуметтік  даму  адамдардың  рекреациялық  қажеттілігін  арттырады.  Туризм 
сферасының басқа шаруашылық салаларымен бəсекелес алатын қабілеттін арттырады.  
Туризм  дамуының  аймақтың  экономикасына  тигізер  ықпалы  қазіргі  туризм  индустриясының 
қарқынды  дамуымен  ерекшеленеді.  Оның  басқа  экономика  салаларына  тигізер  əсеріне  жəне  қызмет 
көрсету  сферасының  ғаламдық  даму  қарқынымен,  елдің  экономикалық-географиялық    жағдайымен 
байланысты.  Қазіргі  кезде  адам  қызметінің  əр  түрлі  формалары  жалпы  жағдай  жасауға  жəне  əлемді 
тануға  бағытталған.  Халық  тұрмысының  жақсаруы  жаңа  əлемді  ашуға  адамның  қажеттілігін,  соның 
ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық 
жəне əлеуметтік аспектілерді шеше алады. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. 
Дүниежүзілік  Туристік  Ұйымның  мəліметтері  бойынша  туризм  əлемнің  өндірістік-севистік  нарық 
айналымының 10 пайызын  қамтамасыз  етеді.  Туризм  сферасына  əлемдік ұлттық  жиынтық  өнімнің 6%, 
əлемдік  инвестицияның 7%, əр 16-шы  жұмыс  орны,  əлемдік  тұтынушы  шығындарының 11%, барлық 
салық  түсімінің 5% келеді.  Бұл  сандар  туризм  индустриясының  экономикаға  тікелей  əсерін  көрсетеді. 
Сондықтан туризм мен демалыс адамзат тіршілігіне өте қажетті сала болып табылады.   
                                                                                                                               
1.  Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма: Учебное пособие. - Алма-ата, 1991.-167с. 
2.  Олдак  П.Г.  Индустрия  туризма-одно  из  ведущих  направлений  развития  современной 
экономики / сб.:Проблемы развития туризма. – Новосибирск, 1970.-259с. 
3.  Ердавлетов  С.Р.,  Подвалов  А.Ю.,  Титова  М.А.  Туристский  кластер  и  проблемы 
формирования индустрии туризма Р.К. - Алматы, 2007.-С.5-10 
4.  Мазбаев.О.Б.  Туристік  рекреациялық  іс  əрекеттердің  теориялық  əдіснамалық 
аспектілері.//География жəне табиғат. - 2010. - №2. (44). 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 
124 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  теоретические  предпосылки  развития  индустрии  туризма.  Дана 
характеристика туристко рекреационным предпосылкам развития туризма в Республики Казахстан. 
 
Summary 
Given article deals with the theoretical prerequisites of development of tourism industry. Tourism 
recreational prerequisites of tourism development in the Republic of Kazakhstan are characterized.    
 
 
 
Ə.О.К. 371.382(=512.122):796.5. 
ЭКСКУРСОВОДТАРДЫҢ  ЭТНОГРАФИЯ  МАТЕРИАЛДАРЫН 
ПАЙДАЛАНУҒА  ДАЯРЛЫҚТАРЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
С.Қ. Алшымбеков - п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Қ.М. Омаров - п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Болашақ  экскурсоводтарды  оқыту–олардың  кəсіби  танымдық  іс–  əрекетін  дамытатын,  қазіргі 
маманға тəн, жоғары кəсіби сапаларды қалыптастыруға ұмтылдыратын жан–жақты процес. Ол–ұқыпты 
ойластырылған  жəне  ғылыми  негізделген  бағдарлама  негізінде,  бүкіл  оқыту  процесін  кешенді 
ұйымдастырғанда,  оқу  процесінің  негізгі  бағыттарын  ұстаздар  назарында  ұстағанда  ғана  іске  асатын 
процес  қана  болады.  Жоғарыда  айтылғандардың  бəрінің  маңызды  шарты  алдын – ала  тақырыптық 
жоспарлау болып табылады. [1] 
Экскурсовод мамандығы оқу сабақтарының алдын–ала тақырыптық жоспарын белгілі бір тақырып 
бойынша  ұйымдастырылған  бағыт  беруші  деп  қарауға  болады.  Бұл  жоспар  сабақ  жүйесінің  түрлі 
компоненттерін  ойластырып,  ескеруге,  яғни  белгілі  оқу  процесінің  логикасын  дұрыс  меңгеруге 
мүмкіндік  жасайды.  Жоспарлаудың  бұл  түрі  оқытудың  мазмұны  мен  əдістерінің,  тақырыптың  жетекші 
идеяларының негізінде оқу процесін ұйымдастыруды, тақырып материалы мен циклдың басқа пəндерінің 
материалының логикалық байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды.  
Бұл  іске  көптеген  оқытушыларды  жұмылдыруға  тура  келеді,  бұл  көп  еңбекті  қажет  ететін,  бірақ 
өзін ақтайтын нəтижелі жұмыс екенін тəжірибе көрсетті. Бұл ретте оқытушы оқу процесінің мəнін терең 
түсініп  қана  қоймай,  сонымен  бірге,  пəндерді  оқып  білу  барысында  меңгерілмей  қалған  материалды 
анықтау,  кейбір  оқу  материалының  негізсіз  қайталануы,  кезекті  пəндерді  меңгеру  үшін  мəні  жоқ 
тақырыптар,  болашақ  мамандыққа  қажеті  жоқ,  кəсіптің  іс – əрекеті  мазмұнымен  байланысы  жоқ 
мəселелер сияқты оқу – тəрбие үрдісінің келеңсіз жақтарын да анықтауға мүмкіндік береді.  
Жоғары оқу орнының оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – дəріс сабақтары. Əр дəріс 
белгілі  бір  оқу  мақсаты  орындалатын,  оқу  процесінің  аяқталған  бөлігі  болып  саналады.  Əр  дəрістің 
мазмұны  дəріс  тақырыбына,  оқытушының  студенттер  алдына  қойған  нақты  мақсатына  байланысты 
болады, оның мəні мен орны осыған орай ашылады.  
Оқытуды  алдын – ала  жоспарлаудың  маңызы  оқу  материалын  алдын – ала  талдауында  жəне 
бағдарламаның  əрбір  тақырыбын  жеке  дəріске  бөлуінде,  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  формасын 
анықтау (дəріс, семинар, СОӨЖ, СӨЖ  жəне т.б.) мүмкіндігін беруінде, сонымен қатар, əрбір сабақтың 
əдістемелік талдамасын оқу үрдісінің компоненттеріне сəйкес ойластыруында болып табылады. 
Əрбір  жеке  дəріс  теориялық  білім  беру  жүйесінің  звеносы  болып  табылады.  Алдын – ала 
тақырыптық жоспар–оқу жоспары мен теориялық оқытудың жеке дəрістерінің жоспары, оқу–жоспарлау 
құжаттарын  байланыстырушы  элемент.  Бұл  оқытушының  материалдық – техникалық  жабдықтау 
бойынша əзірленген іс – шаралардың, дəріске дайындалу кезіндегі нəтижелі еңбегінің, студенттің келесі 
дəріске дайындығын бақылаудың, оқытушының əдістемелік жағынан дайындығының шарты болады.  
Алдын – ала  тақырыптық  жоспардың  құрылымы  мен  мазмұны  студенттер  оқитын  пəнге,  оқу 
материалының мазмұны мен көлеміне, жоспарланатын тақырыпқа, оқыту шартына жəне т.б. жағдайларға 
тікелей тəуелді.  
Жоспарды талдау барысында бірнеше мəселелік сұрақтар туындайды:  
1. Əрбір дəріс тəжірибесінде, бекітуге жататын арнайы пəндер материалын қалай бөліп аламыз?  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 
125 
2. Практикалық сабақтарда (лабораториялық жұмыс), теориялық білімнің бекітілмеуі туралы, осы 
білімді  тəжірибеде  пайдалануға  студенттерді  үйрету  туралы  сұрақ  қою  дұрыс  па?  Ол  жоспарды 
əдістемелік жағынан толықтырады жəне оқытушы жұмысының мазмұнын толығырақ анықтайды.  
3.  Алдын  ала – тақырыптық  жоспарда  «Өндіріспен  байланыс  жəне  пəнаралық  байланыстар» 
бөлімін бөлу дұрыс бола ма?  
Бірнеше  жылдар  бойы  арнайы  пəндерді  тəжірибеге  енгізуді  жан  жақты  даярлап,  енгіздік,  дəріс 
сабақтарын алдын – ала жоспарлаудың бірнеше формасын талдадық. Аталған жоспарлардың жетістіктері 
мен  кемшіліктеріне,  жинақталған  тəжірибеге  сүйене  отырып,  біз  жоғары  оқу  орындары  үшін  дəріс 
сабақты  алдын – ала  жоспарлаудың  мынадай  формасын  құрдық.  Ол  бағдарламалық  əрбір  тақырыптың 
оқуға дайындық кезінде шешуге болатын сұрақтарын кеңінен кіргізуді мақсат тұтады. Оқытушыдан бұл 
жерде  кезекті  дəріс  сабаққа  дайындық  пен  оны  өткізудегі  сияқты  ұзақ,  тынымсыз,  мақсатқа  жеткізетін 
жұмыс талап етіледі.  
Дамытып  оқытуды  ұйымдастырудағы  алдыңғы  қатарлы  тəжірибе  көрсеткендей,  қазіргі  кезеңдегі 
жоспарда жеке дəріс сабақтардың тақырыптарының мақсаты, олардың түрі, құрылымы, əдістері, оқыту 
жəне  тəрбие  құралдары  анықталуы  қажет.  Міне,  сондықтан  ол  тек  оқу  материалын  ғана  талдамайды 
(мазмұнын,  логикалық  құрылымын,  тəрбиелік  мəнін),  сонымен  бірге,  студенттердің  психологиялық 
ерекшеліктеріне де көңіл аударады. Талдау терең жəне жан – жақты болса, онда дəріс үстінде күтпеген 
жағдайлар да аз кездеседі.  
 Оқытудағы  мақсаттың  мəселесі  (неге  оқыту?)  жаңа  мəселе  емес,  бірақ  оның  шешімі  əлі  толық 
табылған  жоқ.  Өкінішке  орай,  кейінгі  жылдарға  дейін  оның  талдамасында  беделді  адамдардың 
субъективті  пікірлері,  дəстүрге  бағыттау  жəне  оған  идеологиялық  ыңғайда  қарау  басым  болды.  Соңғы 
жылдарда  ғана  оқу  жоспарларын  құруда,  пəн  бағдарламасын  реттеуде  объективті  ғылыми  негізделген 
ұсыныстар мен əдістер пайдаланыла бастады.  
Болашақ кəсіптік іс – əрекетке түлектерді баулудағы туризм мамандығы бағыттындағы жоғары оқу 
орындарының  алдына  қойған  мақастын  көре  отырып,  пəн  бойынша  қойылатын  соңғы  мақсаттар  жəне 
кəсіп  бойынша  жасалатын  дайындықтар  танымдық  кəсіптік – оқу  іс – əрекеттерінің  нақты  түрлерінде 
көрініс  табуы  керек.  Ол  үшін  педагогикада  кеңінен  тараған  оқу  іс – əрекетінің  төрт  кезеңі 
пайдаланылады: еске түсіру, қайталау, дағды, шығармашылық. Бұл жерде студенттердің кəсіби оқу іс – 
əрекетінің сапалық жəне сандық параметрлері бірден көтеріледі. 
Кəсіби  оқу  мақсаты  студенттің  меңгеруі  қажет  болатын  білім,  білік  жəне  дағдыны  есепке  ала 
отырып қойылады.  
5. Дəрістің  мақсаты. Тақырыптарды жеке сұрақтарға бөлгеннен кейін, олардың əрқайсысына оқу 
мақсаты қойылады. Дəрістің мақсатын, оған жету жолдары мен құралдарын дұрыс таңдау оның сапасын 
арттырады.  Біздің  ойымызша,  дəрісті  мақсаты  мен  оның  мазмұнын  түсіндіруден  бастаған  жөн. 
Студенттер  дəрістегі  материалды  кəсіби  білім  мен  шеберлікке  жетудің  кезекті  сатысы  деп  түсінген 
жағдайда ған қойылған міндетті орындауға саналы жəне жігермен ұмтылатын болады.  
6.  Тақырыптың  жəне  кезекті  дəрістің  дидактикалық  мақсаты  бағдарлама  материалының 
мазмұны  арқылы  анықталады.  Оқытушы  жоспарда    оқыту,  дамыту  жəне  тəрбиелеу  функцияларын 
көрсетеді  (студенттердің  білімі,  білігі,  дағдысы  қалай  кеңейтіледі:  студенттер  қандай  логикалық 
операциялар  мен  ақыл – ой  іс – əрекетінің  тəсілдерін  меңгереді;  жеке  тұлғаның  қандай  қасиеттері 
қалыптастырылады). Жоспардың жаңа ұғымдарды жəне əрекет əдістерін меңгеру бағыттары бекітілетін 
бөлімі маңызды болып табылады. Оған уақытының үлкен бөлігі бөлінеді.  Танымдық, дамытушы мақсат. 
Дəрісте  студенттердің  ой – өрісін  дамыту  міндетін  орындау  бірінші  кезекте,  нақты  пəннің  мақсатымен 
анықталатын,  жан – жақты  сипатта  болады.  Бұл  жерде  келесі  мақсаттарды  бөліп  аламыз:  оқу 
материалынан  басқа  мəселені  бөліп  ала  білу,  қандай  да  бір  процестің  салыстырма  анализін  жасау, 
орындау, ойлауда жəне кəсіби оқу іс – əрекетіндегі өзіндікті дамыту жəне т.б.  
Тəрбиелік 
мақсат. 
Бұл 
мақсат 
студенттердің 
ғылыми 
диалектикалық 
көзқарасын 
қалыптасытырумен  жəне  этнопедагогикалық  тəрбиесімен  байланысты,  яғни  этнографиялық 
құбылыстардың,  фактілердің  заңдылықтарын  салыстыруға  жəне  қортындылауға  үйрету,  олардың 
арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды анықтауды үйрету; бейнелі ойлауға, экскурсия процесінде 
этнографиялық материалдарын жаң-жақты пайдалануға шығармашылық тұрғыдан қарауға үйрету.  
7.  Дəріс  сабақтарының  түрі.  Дəріс  сабақтың  көрсетілген  түрлері  педагогикалық  ұстанымды 
жүзеге  асыруға  əсер  етеді.  Сабақ  түрі  топтың  дайындық  деңгейіне  жəне  оқытушының    сабақ  беруде 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 
126 
таңдап  алған  əдісіне  байланысты  болады:  мəселелік  немесе  мəселелік  емес.  Мəселелік  дəріс    сабақтар 
ашық  əңгіме  түрінде  немесе  өткізілген  тəжірибеге  сəйкес  əңгіме,  пікір  алмасу,  диалогтық  жəне  т.б.  
түрінде өткізіледі. 
8.  Дəріс  сабақтың  көкейкестілігі.  Студенттің  негізгі  білім  деңгейін  анықтай  отырып  оқытушы 
студенттің  алған  білімін  қалай  белсендіру  керек  екендігін  жəне  ол  жаңа  материалды  меңгеруге 
қаншалықты қажет екендігін анықтайды. Студенттердің бұрын оқыған тақырыптырды қалай меңгергенін 
анықтау үшін оқытушы бақылау жұмыстарын немесе өздігінен орындайтын жұмыстарын жүргізеді.  
9.  Дəріс  сабақтың  кезеңдері  жəне  педагогикалық  тəсілдері.  Бұл  күрделі  жəне  көлемді  процес 
мынандай мəселелерді қамтиды:  
9.1 Дəріс сабақта, алдыңғы минуттарда кіріспе ретінде нені қайталау керек? Бұл жерде оқытушы 
оқылатын  бағдарлама  материалына  сəйкес,  жана  материалды  игертү  мақсатында    ережелер  мен 
заңдарды, түсініктерді кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік жасайтын қайталауды талап ететін сұрақтарды 
құрастырады.  Осы  мақсатқа  байланысты  біз  түрлі  бақылауды  пайдаланамыз.  Олар  көп  жағдайда 
оқытушының  педагогикалық  шеберлігі  арқылы  анықталады.  Студенттердің  кəсіби  ойлауын 
қалыптастыруға,  арнайы  кəсіби  терминдерді  меңгеру  дəрежесін  анықтауда  олардың  тақта  алдындағы 
немесе жұмыс орындағы ауызша жауабын тыңдау өте маңызды.  
Студенттердің  машықтануы  оқуға,  оқуға  дайындық,  оқытудың  мотиві,  зейін  деңгейі, 
қызығушылық  деңгейі,  жұмыс  жасау  қабілеті,  оқу  материалын  меңгеру  темпі  жəне  басқа  да  маңызды 
компоненттермен сипатталады.  
9.2.  Қосымша  сұрақтар.  Біздің  анықтағанымыздай,  өткен  материалды  қайталауда  негізгі 
сұрақтармен  бірге  дəріс  жоспарында  бірнеше  қосымша  сұрақтарды  да  жазып  қою,  немесе  баяндау 
барысында қою дұрыс нəтиже береді. Мəселелік жəне ақпараттық сұрақтары құру (мəселелік жағдаяттар 
немесе мəселе қою үшін) қажет.  
9.3. Жаңа материалды түсіндіру. Бұл бөлім өте маңызды. Оған дəрістің оқыту, меңгеру əдістеріне 
жататын (түсіндірілген материалды қабылдау, экскурсия процесінде жиі кездесетін жағдаяттарды талдау 
жəне  т.б.),  үлкен  бөлігі  енеді.  Біздің  пікірімізше  меңгеру  кезеңінің    кəсіби  танымдық  тапсырмаларын 
құру  керек:  білімдегі,  біліктегі  жəне  дағдыдағы  өрлеу  жоспарлана  ма?  Студенттердің  нені  білуі  жəне 
меңгеруі  керек  екені  нақты  белгіленеді.  Дəрістің  қарастырылатын  кезеңдерінің  барлығында  мəселелік 
жəне  ақпараттық  сұрақтарды,  туындаған  өндірістік  (мəселелік)  жағдаяттарды  талқылауға  топ 
студенттерінің барлығын тарту үшін, көбірек мəселелік жағдаяттар қою өте қажет.  
Оқытудың  жекелеп  оқыту  қағидасын  ескере  отырып,  оқытушы  мəселенің  тұжырымдауларының 
түрлі  нұсқаларын  жəне  оны  шешуге  мүмкіндік  беретін  əдістерін  ұсына  алады  (бүкіл  топқа  есептелген, 
жақсы  оқитын  немесе  білімі  нашар  студенттер  үшін).  Пікірталас  мүшелерін  алдын – ала  белгілеуге 
болады.  
9.4. Көрнекілік құралдары. Педагогиканың негізгі қағидаларының бірі ретінде оқытудың жекелеп 
оқыту қағидасын басшылыққа ала отырып, бірнеше жылдар бойы əрбір студентке немесе əрбір жұмыс 
столына көрнекі құралдар топтамасы жасалады. Біз арнайы пəндер бойынша топтамалар жасадық: жазық 
жəне  көлемді,  стастикалық  жəне  динамикалық,  дыбыстық  жəне  экрандық  көрнекіліктер(жана 
ақпатарттық  технологиялар).  Олардың  бəрі  дəрістің  оқылатын  материалының  қатаң  логикалық 
бірізділігімен біріккен.  
10.  Өздігінен  орындауға  берілетін  тапсырма.  Аудиториядан  тыс  өздігінен  орындайтын 
тапсырмалар  əр  түрлі  болуы  мүмкін:  экскурсия  процесінде  пайдаланылатын  этнографиялық 
материалдарды  тақырыпқа  сай  іріктеу;  қазақ  этнография  материалдары  пайланылатын  экскурсияның 
технологиялық  картасын  жасау;  экскусия  процесінде  көрсетілетін  обьектілерді  таңдау,  көрнекі 
құралдарды даярлау; Əртүрлі тақырыпта этнографиялық мазмұнда өтілітін экскурсияның мəтіндері мен 
бірнеше  маршрутының    технологиялық    модельдерін  талдауға  даярдау;  Этнографиялық    экскурсиялық 
турпакеттер  даярлау  калькуляциясын  жасау,  этноэкскурсиялық  турдың  өзіндік  бағасының  бірнеше  
варианттарын ұсыну т.б.  
Өздігінен орындайтын  тапсырмалар ақыл – ой іс – əрекетімен ерекшеленеді.  Мұндай тапсырманы 
орындау  студенттің  дербес  жұмысы  болып  саналады.  Міне,  сондықтан  дəріс,  практикалық,  семинар 
сабақтарына  нақты  нені  қайталап  немесе  дайындап  келу  туралы  ортақ  тапсырма  беріледі  (оқулықтар, 
экскурсиялық  технологиялық  карталар,  экскурсия  маршруттарының  схемалары,  экскурсияда 
баяндалатын  қазақ  этнографиялық  материалдардың  толық  мəтінін  дайындау).  Сонымен  қатар  жеке – 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 
127 
дара  (ауызша,  жазбаша,  теориялық,  практикалық)  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар  беріледі. 
Оларды қайдан іздеу керектігі міндетті түрде көрсетіледі. Оқытушы өздігінен орындайтын тапсырманың 
көлемін,  оны  орындау  уақытын  жан – жақты  ойластырады  жəне  оның  бəрін  өз  пəн  силабусының  оқу 
жоспарында көрсетеді. 
                                                                                                
1.Назарбаев.  Н.Ə.  Жаңа  əлемдегі  Қазақстан. «Қазақстан – 2030» стратегиясы  Қазақстан 
дамуының жаңа кезеңінде.  – Алматы, 2007. – 72 б. 
2.Ұзақбаева  С.А.  Тамыры  терең  тəрбие. (Қазақтың  халық  педагогика-сындағы  эстетикалық 
тəрбие). – Алматы: Білім, 1995. –232 б. 
3.Алшымбеков С.К. Экскурсиятану негіздері.  – Алматы, 2009. – 140 б.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет