Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


АҚЫН АҚШАГҮЛ РАМАЗАНОВАНЫҢ СУРЕТКЕРЛІК ДАРАЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
АҚЫН АҚШАГҮЛ РАМАЗАНОВАНЫҢ СУРЕТКЕРЛІК ДАРАЛЫҒЫ 
Каджанова А.М. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 1-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
Қамарова Н.С.,
ф.ғ.к.
 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Мақалада ақын Ақшагүл Рамазованың поэзиясы ғылыми тұрғыда 
талданады. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық идеяны таныту мақсаты арқылы ақынның Маңғыстау 
тақырыбында жазған өлеңдері мен адам мен табиғат үндестігін және Дала, Теңіз және тағы 
басқа да тақырыптарды жырлаған өлеңдері қарастырылады. Ақын поэзиясына объективті 
тұрғыда баға беріледі. Ақынның өзіне тән дара қолтаңбасын пайымдау ақындық 
шығармашылық болмысын саралаудың бір арнасы болып табылады.
Түйін сөздер:
қазақ әдебиеті, поэзия, лирика, Ақшагүл Рамазанова, Дала образы, 
Маңғыстау жырлары. 
«Менің өлеңге деген құмарлығым хат танып, сөз түсіне бастаған шақтан-ақ жанымды 
жегідей жеп ерте басталды. Екінің біріне бұйыра бермейтін, құдайдың өзі таңдау жасап 
қалаған құлына ғана нәсіп қылатын, біреу үйретпей-ақ о бастан адамның санасына берілетін, 


94 
осы өлең деген өнердің есігін тұлымшағым желбіреген қызыл орамалды қыз дәуренімде-ақ 
еркін айқара ашқанмын. Сөздің небір жауһарларын майын тамыза айтып, ындының кеуіп 
қаталап келгенде ішкен бұлақ суындай жаныңды жай таптыратын ауыл ділмәрларының 
дариядай арналы әңгімесі, ел ақындарының тот баспайтын саф алтындай жырлары мені осы 
өлең патшалығына өрімдей балауса күнімде алып келді» [1], - дейді бір естелігінде Ақшагүл 
ақын. 
Былай қысыр сөзге үйір болғанымен менімен қарайлас құрбыларымның көбі тек ақын 
болуды армандап қағаз шимайлаумен ғана шектелді, ақын бола алған жоқ. Оларға өлең 
тағдырдан шақыру болмады. Ал менің өлеңге құмарлығым әншейін құмарлық емес еді, арғы 
дүниемдегі қатты бір болмыстың дүмпуі еді. 
Маңғыстау қасиетім асыл далам, 
Қарт Каспий жанарың ба? жасыл ғалам 
Шашбаулы таңдарыңды шашыратып 
Құпияң көп, кеудеңде ашылмаған 
Бала кез , бабам ғашық құба белім 
Памирден құлап аққан бұлақ едім 
Жарылып жанар таудай жанталасып, 
Каспийдің жанырына құлап едім [2, 205], 

деп 
жырлап 
өткен 
Ақшагүл 
Рамазанова 
– 
өр 
ақын 
қоғам 
қайраткері,қарапайымдықты қағида тұтқан сыйлы жан,сыршыл өнерпаз. Сонау қанды жол 
қахарлы жылдарда,Кеңес үкіметінің құрылу кезінде асқан зорлық пен қорлықтың құрбаны 
болған басқын боздақтардың ұрпағы.
Рамазанова Ақшагүл Сейдуллақызы – 1953 жылы сәір айының 16 жұлдызы күні 
Тәжікстан Республикасы Қорған-төбе облысы «Колхоз-Абад» ұжымшарында шаруа 
отбасында дүниеге келген. 1959-1960 жылдарда ата-анасы бұрынғы Қазақстан жері, қазіргі 
Өзбекстан Республикасының Мырзашөл аймағына қарайтын Мақтаарал ауданына көшіп 
келді. 1970 жылы Жетісайдағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепті бітірді. Өмір 
жолын Жетісай аудандық газетінде тілші болып бастады. Кейін Ташкенттегі Низами 
атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірді. 1970 жылдан бастап 
шығармашылық жұмыстармен айналысып келеді. Өлеңдері «Социалистік Қазақстан», 
«Нұрлы жол», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан әйелдері», «Мәдениет және тұрмыс», «Лениншіл 
жас», «Маңғыстау», «Үш қиян» газеттерінде, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында жарық 
көрді. «Теңіздің дәмі - тамшыдан» атты ұжымдық жинақтың екі кітабында шықты. 1983 
жылғы Қазақстан Республикасы «Жігер» фестивалының лауреаты болды. 
Ұзақ жылдар Мырзашөл ауданы Абай атындағы кеңшардың Ш.Уалиханов атындағы 
№3 орта мектебінде ұстаздық етті. Көп жылдар бойы Абай атындағы кеңшардың мәдени 
істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 
Ақшагүл Сейдуллақызы тарихи Отаны Маңғыстауға қоныс аударғаннан бергі жерде 
облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенді қатынасып келеді. 1989 жылдан бері 
«Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалыстың мүшесі. «Парасат» мәдени 
орталығының мүшесі. «Парасат» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған шараларға белсене 
қатысып, оның идеясының Қазақстан мен Өзбекстан халқының арасына тарауына белсене 
атсалысты. 2006 – 2007 жылдары «Руханият» республикалық саяси партиясының Маңғыстау 
облысы бойынша төрайымы болды. «Асыл мұра» қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау 
және жинақтау қоғамдық қорының басшысы. Ақшагүл Сейдуллақызы ұл, қыз тәрбиелеп 
өсірген көп балалы ана. Қазір Ақтау қаласында тұрады. 
Ақшагүл ақынның Далаға деген ғашықтығы туған жерге деген сүйіспеншілігі, 
таусылмас сағынышы екені белгілі. Дала – қазақтың жаны. Бұл жердегі дала образы да қазақ 
образы деуге болады. Қазақтың поэтикалық образы – Дала. Қазақ поэзиясындағы мәңгілік 
тақырыптардың бірі – Дала. 
«Дүл-дүл құм» өлеңінде: 
Бұйра-бұйра дүлдүл құм, 


95 
Шеруден сыр шертеді. 
Болмайды екен бұлбұлдың 
Ұрғашысы, еркегі. 
Бұйра құмда бір үн бар, 
Сыңсуы да бөлекше. 
Шұрқырайды құлындар, 
Болмайды онда өлексе... [2, 79]. 
Ақынның даладағы құмды дүл-дүлге балауы, бұйра құмның үні, сыңсуы, 
құлындпрдың шұрқырасуы бәрі-бәрі шынайы, бейнелі ойлар.
Ақшагүл ақын Маңғыстауды ерекше жақсы көреді. Оның әр тасы, әр құбылысы ақын 
поэзиясына арқау болды. Ақын Маңғыстауға, әулиенлерге, әр тасына, адамдарына басын иіп 
өтуде.
«Каспий - жыр», «Қарт каспиймен сырласу», «Каспиймен сырласу», «Шайырға 
жауған аппақ қар» сияқты өлеңдерінде Маңғыстау табиғаты, әр тасы, теңіз жырланады. 
Ақын жырларының бейнелеулері де ешкімге ұқсамайды. 
Маңғыстаудың қара шаңырағы – Форт-Шевченко туралы белгілі ақындар жыр 
арнады. Белгілі ақын Ф.Оңғарсынованың «Ақкетік» өлеңі үздік өлеңдердің қатарына жатады. 
Сол өлеңнің қайырмасында: 
Маңғыстауға барасың ба ? 
Ақкетікті сұрап қара : 
Хазар теңіз жағасында, 
Бар осындай,
Дәл осындай, 
Бар осындай, 
Дәл осындай 
Жұмақ қала [3, 4], - 
деп ақын қарапайым сөздерді ойната отырып, қаланың қадір-қасиетін жеткізген.
Ақкетікті жұмақ қалаға балауы да ақынның қасиетті жерге деген құрметі, шын көңілімен бас 
июін көрсетеді. 
Қыз жүгіндей нұр қаланы 
Тербеп жұпар таң самалы. 
Қонақ келсе, мұнда бәрі 
Туғанындай қарсы алады [3, 4]. 
Адам жанын тербететін жұпар таң самалы ескен қаланың тазалығы мен жинақылығын 
қыз жүгіне теңесе, қала тұрғындарының қонақжайлылығын да тебірене жырға қосады. Ақын 
өлеңі кейіптеуден басталған. Өлеңнен әсем қала көз алдыңа келеді. Ақ балтыры жалтыраған 
сұлу қыз көз алдыңа елестейді. «Ақ балтырын теңіз сүйген» деген жолға қаланың әсемдігі 
мен сұлулығы сыйып-ақ тұр. 
Фариза ақын өлеңімен үндесіп жатқан Ақшагүл ақын өлеңі де көп сырды 
аңғартқандай: 
Ақкетік арман, жыр қала! 
Саз көшкен Жанарыңнан, 
сағым көшкен, 
Астасып ару арман, 
ару кешпен, Ақкетік! 
Бұлтты аспанға, 
Бұрылып таңдай қағып, 
Талай-талай басыңнан дәуір көшкен!... 
Ақкетік арман, жыр қала! 
Сыбызғы сыңсып, 
Тарихы терең бұл қала, 
Талайға таңдай қақтырған, 


96 
Апайтөс жігіт, 
Ақбөбек қыз боп бір қара! [4, 4]. 
Ақшагүл ақын Ақкетікке арнаған жолдарында қала халқының дархандығын
қонақжайлығын, ұлттық өнер, салтымызды сыйлайтын ел екендігін шынайы бейнелеген. 
Ақкетік халқының өнерді аса бағалайтынын, ұлт мұраты жолында аянбай еңбек ететіндігін 
жырына арқау еткен.
Ақкетік! Айбарлы, 
айдарың бүгін жыр ескен!.. 
Желкенді жылдар, 
Иіріп сонда жіп ескен, 
Тәуелсіз күнді, 
Талпынып күткен әуелден, 
Ақкетік сенсің, 
Тәуелсіздік үшін күрескен!!! 
Жүз жетпіс жыл... 
Тойлаған тойын бұл қала, 
Ақкетік арман жыр қала, 
Тойларың тойға ұлассын!.. 
Келер күндерге, 
Нар жігіттермен намысты, 
Айкүміс қыз боп бір қара!.. [4, 4]. 
Өлеңде өр айбат бар. қаласында тұратын қоғам қайраткері, ұзақ жылдар Түпқараған 
ауданының әкімшілігінде қызмет еткен осы аудан басшыларының бірі, депутат болған 
Айкүміс Досанова апайды кез келген Маңғыстаулық қоғам қайраткері, ер тұлғалы қыз екені 
жақсы біледі. Ақшагүл ақынның «Нар жігіттермен намысты, Айкүміс қыз боп бір қара!...» 
деуі де тегін емес. 
Маңғыстау өлкесіндегі әрбір жаңалықтар мен алға жетелер өзгерістер ақын 
қаламынан тысқары қалған емес.
«Өлең маған не берді? Ол маған мәңгілікті, шексіздікті жоралғы жасады. Шамалыны 
жағасына жаңқадай лақтырып тастайтын екпіні қатты ағыны бар өмір-өзенде ағысқа қарсы 
жүзуді үйретті. Адамды орынсыз қидалап тастайтын заманның қаһарлы қайқы қылышынан 
қаймықпауды, оның жүзін қалай қайырып мұқалтуды үйретті. Осындай алпауыт қасиеттерді 
менің бойыма еріксіз сіңіріп, жер бетіндегі сан мыңдаған өлең әскерінің жасағы етті. Мен 
оған ақылым толысқын осы шақтың өзінде секундтың титімдей бір өлшеміндей өкінбеймін. 
Патша болып таққа отырмай-ақ, елге патшадан бетер жарлығын жүргізе алатын, әміршіге 
қасқая қарап тұрып «Дат» айтатын ақындардың ұлы болса атқосшысы болып, қызы болса 
жанында жүріп бұрымын өрдім» [1], - дейді Ақшагүл ақын өлең туралы. 
А.Рамазанова жырларында жан-дүние сырлары шынайы ақтарылған. «Поэзия жаппай 
сауаттандыруға арналған версификатор немесе бір жүйеге түсірілген, уағыздардың бәріне 
көнетін бірсарын науқанды іс тағы емес - ті. Поэзия- құбылыс. Айсберг секілді. Поэзияны 
жалпылама «массаның» деңгейімен өлшейтін фактор мығым болған соң ба, кім білсін - 
әйтеуір қазақ поэзиясы онша тез қарқынмен дами алмай келген жайы бар. Поэзияны 
көпшілік қалың бұқараның бәрі бірдей түсінбеуі дұрыс. Түсіндірем деп кұқай көрсетіп, 
қайран кеудені үшкір таспен ұрғыласақ һәм науқаншыласақ опық жейміз. Себебі, адам 
рухани өмірі бір үлгіге сыйған емес. Поэзия да солай» [5], - деп С.Рахметұлы жазғандай ақын 
поэзиясы – кәдімгі жұмыр басты пенденің күнделікті тұрмыс-күйінен туындап жататын жан 
тебіреністері. Әрине, ақынжанды адамның, ақын жүректің бұлқыныстары. 
Қазақ поэзиясындағы ешкімге ұқсамайтын өзінше бір құбылыс екенін Ақшагүл 
Рамазова өлеңдерін оқи отырып, таныдық. 


97 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1 Рамазанова Ақшагүл.Ұлылықпен ұшырасқан мезеттер... 28 желтоқсан, 2016 жыл. 
https://tumba.kz/tinis/47-%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81/22401-
ulylykpen_ushyraskan_mezetter.html
 
2 Рамазанова А. Қыз көктемнің жүрегі. Алматы: Үш Қиян, 2018. – 272 б. 
3 Оңғарсынова Ф. Ақкетікке арнау. Өлең. Форт-Шевченко: «Ақкетік арайы» газеті, № 
85. –
4 Рамазанова А. Ақкетік. Өлең. Форт-Шевченко: «Ақкетік арайы» газеті, № 85. - 2016, 
15 қараша, 4-б. 
5 С.Рахметұлы. Поэзия туралы түсінік. 
http://mail.ult.kz/post/suragan-rakhmetuly-
poeziya-turaly-tusinik1
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет