Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция


Тақырыпты таңдағанда нені ескеру қажет



Pdf көрінісі
бет54/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72

Тақырыпты таңдағанда нені ескеру қажет:

345

 

–  Бұл тақырып шынымен де қызықты болуы керек.



 

–  Жобалау әрекетінің нәтижесі шынайы практикалық мәнге ие болуы керек.

 

–  Тақырып бойынша жиналған материалдар осы сұраққа қызығушы адамдарға пайдалы бо-



луы керек.

Жобамен жұмыс кезіндегі жоспар:

1.  Жоба тақырыбын таныстыру. Шешуге қажетті мәселе неден туындап тұр? Жобаның соңғы 

нәтижесі нені көрсетеді? Жоба әрі қарай қалай және кіммен қолданылуы мүмкін? Кіммен 

бірігіп жұмыс жасайсыз? Қандай көмек қажет?

2.  Жоспарлау.

Мәселені талдау, ақпарат көзін анықтау, мәлімет жинауды және талдау әдісін анықтау. Тапсырма 

бекіту,  процесс  және  нәтижелер  бағасының  өлшемін  таңдау,  топтағы  жауапкершіліктер  мен 

рольдерді бөлу, нәтижелерді таныстыру әдісін таңдау.

3.  Шешім қабылдау.

Ақпаратты жинау және нақтылау, баламаларын талқылау, тиімді нұсқаны таңдау, әрекет жоспа-

рын нақтылау. Негізгі құралдары: интервью, сұхбат, сауалнама, бақылау.

4.  Орындау.

Ақпаратты талдау, жобаны орындау, қорытынды қалыптастыру.

5.  Нәтижені бағалау.

Жобаны орындау, қол жеткен нәтижелер мен себептерді талдау, қойылған мақсат жетістіктерін 

талдау.


6.  Жобаны қорғау.

Нәтижелерді  тапсырудың  мүмкін  түрін  дайындау,  жобалау  әрекетін  негіздеу,  қол  жеткен 

нәтижені түсіндіру, топтық қорғау, бағалау, жазбаша есеп беру.

Қорғау өлшемдері:

1.  Жария  ету  спасы,  құрылым,  жұмысты  таныстыру,  беталыс,  нәтижелер  толықтығы,  сөздің 

дәйектілігі және нанымдылығы.

2.  Тақырып бойынша білімнің көптілігі мен тереңдігі, асқан білімділігі, пәнаралық байланыс.

3.  Сөйлеу  мәдениеті,  мәнер,  көрнекі  құралдарды  пайдалана  білуі,  уақытты  сезіне  білуі, 

ұйқастыру қабілеті, аудитория назарын өзіне аудара білуі.

4.  Сұраққа  жауабы:  жауаптың  толықтығы,  дәйектілігі,  нанымдылығы,  жауапты  тақырыпты 

нәтижелі ашып, жұмыстың мықты тұстарын көрсетуге қолдана білуі.

5.  Топтың іскерлік және ерік-жігер сапасы: шешімге жауапкершілікпен қарау, жоғары нәтижеге 

жетуге  ұмтылу,  пікірсайысқа  дайын  болу,  шамадан  тыс  жұмыс  істеу  қабілеттілігі,  достық 

қарым-қатынас.

Оқушының  алдында,  болашақ  өмірінде  шешуін  күтіп  тұрған  көптеген  мәселелер  бар.  Ол 

әлеуметтік, кәсіптік, адами тағы басқа да мәселелер.

Біз  оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердегі  қазақ  тілі  пәні  бойынша  5-сынып  бағдарламасына 

сәйкес, «Дәрігерде» атты модуль бойынша пәндік жоба үлгісін назарларыңызға ұсынайық:

Жобаның мақсаты (баланың алдына қойылатын): 

 

  «Дәрігер» тақырыбына жаңа сөздерді пайдалана білуге жағдай жасау

 

–  «Дәрігерде» тақырыбына байланысты үйренген сөздерін қарым-қатынаста қолдана білудің 



амал-тәсілдерін оқушының меңгеруі, өмірде керектігін түсінуі;

 

–  Денсаулықтың, тазалықтың адам өміріндегі маңызын білуі;



 

–  Фотоальбом жасауда суреттер таңдауы, қабырға газетін шығаруы.



Мұғалімнің мақсаты:

«Дәрігерде»  тақырыбына  байланысты  жаңа  сөздерді  меңгеруге  мүмкіндік  туғызу,  баланың 

шығармашылық және коммуникативтік қабілетін дамыту, қатынас дағдыларын қалыптастыру;

Әр  түрлі  көптеген  денсаулық  туралы  ақпараттар  жинауға,  оны  түсініп  және  жобаны  орындау 

үшін қолдана білуін үйрету.

Жобадағы күтілетін нәтиже:

Оқушының  «дәрігерде»  төңірегіндегі  сөздерді  сөздік  қорына  енгізуі,  түсінуі  баланың  адам 

өміріндегі денсаулықтың рөлін түсінуі болып табылады. Ал, практикалық нәтижесі – фотоальбом 

мен эссе.

Бірінші тәжірибеде оқушылардың бір тобы денсаулыққа байланысты фотосуреттер жинастыра-

ды, бұлардан фотоальбом құрастырады, енді біреулері «Тазалық» қабырға газетін шығарады, роль-

мен «Дәрігер – науқас» ойынын көрсетеді, қай жері ауыратынын, қалай ауыратынын сұрап, диалог 

құрастырады.

Сонымен  бірге  мектеп  жұмысында  оқушылардың  сабақтан  тыс  әрекеттегі  жобалары  да 

тәжірибеде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Ол  жобалар  оқушылар  үшін  ұзақ  уақытқа  арналған 



346

зерттеушілік бағыттағы жобалар, белгілі бір өнім арқылы оқушының зерттеу әрекетіндегі танымдық, 

эксперименттік, қолданбалық мазмұнды қарастырады. Жобалау әдісін сауатты қолданған жағдайда 

мұғалім оқушының тұлғалық қасиеттерін шыңдауда жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту 

мәселелерін шешуде нәтижеге жете алады. Сонымен бірге жобалау тәсілі мұғалімге оқушының жеке 

әрекеттерін  қадағалап,  оның  әрекетін  жақсарту  жолында  табысты  нәтижелерге  жетуге  мүмкіндік 

тудырады. 

Жобалау әдісі – оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс – 

оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. 

Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презен-

тация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін 

үлгілеуге арналған. Жобалау оқушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. 

Зерттеу барысында оқушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:

 

–  өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.



 

–  алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.

 

–  өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.



 

–  мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.

 

–  мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.



 

–  әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.

 

–  аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, ауди-



торияны өзіне қарата білуге дағдыланады.

 

–  өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.



 

–  шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге де бұл жобалау әдісі өзінің оңтайлы жақтарын ұсынады. Себебі, 

зерттеуді  жүзеге  асыруға  топ  мүшелерінің  құрамына  білім  деңгейлері  әр  түрлі  оқушыларды  да 

біріктіруге, ұжымдастыруға да болады. Осы оқушылардың белгілі бір жобаны зерттеуіне, қорғауына 

байланысты жасаған жетістіктерімен мұғалім танысып, өз қадағалауына алып отырады. 

Өзге тілді сыныптарда оқитын оқушыларды қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жобалау әдісінің 

өте тиімді екеніне көз жеткізілді. Себебі, оқушы дайын материалды меңгеруге ғана дағдыланбайды, 

ол өз бетінше ізденіп, болашақ мамандығы рөліне ену арқылы әр түрлі қақтығыс ситуациялардан 

шыға білуге, сөйлеу үлгілерін дұрыс пайдалануға қалыптасады. Жобаны қорғау кезінде оқушы өз 

әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты 

өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді [4, 25-б]. Сол сияқты, жобалау әдісі оқушылардың 

бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырады: іскерлік кәсіби жағдайда тез жол таба білу, ұжым 

мүшелерімен  арадағы  сыйластық,  топпен  жұмыс  істей  білу,  жұмысқа  шығармашылықпен  қарау 

және т. б.

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. 

Жалпы орта білім. Алматы: РОНД, 2002.

2.  Идея Дж. Дьюи и Чикагская лабораторная школа Цирлина Т. В. На пути к совершенству. 1997.

3.  Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. М.: «Народное образование», 1998.

4.  Шамова Т. И. Технология проектного обучения. Москва, Центр «Педагогический поиск», 2001.

5.  Полат Е. С. Метод. проект на уроках иностранного языка. // Иностранные языки в школе, № 1 – 3, 

2000. Горбачева Н. М. Педагогические технологии на основе активации и интенсификации дея-

тельности учащихся. //Иностранные языки в школах Казахстана, №3 – 4, 2002.


347

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАЗАСЫЗДАНУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН 

АНЫҚТАУ

Султангалиева А. И.

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті 

Орал қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  мазасызданудың  пайда  болуы,  себептері,  тұрақты  бейнесі,  көбіне  жас  жеткіншек  кезеңінде 

көрініс табатындығы, мазасызданудың деңгейін, төмендеуін анықтайтын, септігін тигізетін бағытталған кор-

рекциялы – дамытушылық жаттығулар, әдістемелер, тесттер туралы қаралған. Сонымен қатар, мазасыздану 

туралы шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан қысқаша дәлелдемелер берілген.

Аннотация

В статье рассматриваются проблемы появления тревожности, ее виды и причины проявления,также указаны 

коррекционно-развивающие упражнения, методики, тестовые задания. Автор анализирует научные труды зару-

бежных и отечественных авторов, исследовавших проблему тревожности детей.

Abstract

In  this  article  problems  are  examined  appearance  of  anxiety  and  reason,  types  of  anxiety,  and  correction-developing 

exercises, methodologies, tests, are besides considered. And short scientific works over of foreign and home authors are brought 

this article.

Қазіргі  кезде  эмоциялық  тұрақсыздықпен,  сенбеушілікпен,  жоғары  алаңдаушылықпен 

ерекшеленетін  мазасыз  балалар  саны  едәуір  көп  ұлғайған.  Мазасызданудың  пайда  болуы  және 

орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың 

тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең 

шеңберін өндіруші болып табылады. 

Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың 

мазасыздануының  жоғарылауымен  байланысты  екенін  психологтар  байқады  және  де  кейбір  ма-

засыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы маза-

сыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі 

осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол 

қызметіне  көңіл  аудармай  кетеді.  Немесе  нақты  жағдайдағы  жеттістікке  жетуге  түгелімен  беріліп 

кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларды ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қуаныш 

күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.

Мазасыз  балалар  үшін  оқу  жылдарының  қаншалықты  ауыр  өтетінін,  ата  –  аналар  да,  мұғалім 

де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық 

қалыптасу  уақыты,  өмірлік  жолды  таңдау,  әлеуметтік  нормалар  мен  ережелерді  иемдену,  бойға 

сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз – өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» 

болып қалыптасады. Мамандық таңдау бұл адам үшін өзін сәтсіздікке ұшырауға сақтану бағытына 

негізделген, құрдастары және мұғалімдермен қатынас жасау – қуаныш емес, ауыртпашылық..., және 

де мазасыздық бойын алып тұрған оқушының интеллектуалдық дамуы, оның ойлау бірегейлінімен, 

құмарлығымен, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сәйкес келмейді, өйткені шығармашыл 

адам – ол ерікті және тәуелділікке бел буатын адам. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді 

ұсынуға  қорықпайды,  өз  жолымен  жүргісі  келеді,  көпшіліктің  мақұлдағанына  қарсы  келеді. 

Ал  мазасызданғыш  адамдар  –  кешеннен  қабылданған,  ескірген,  бірақ  көптеп  тексерілген  өмір 

нұсқаларының құлы.

Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз – ақ, көптеген 

балаларда  жоғары  үрейді  тудыратын  белгілі  бір  аймақтар,  ақиқат  объекттер  болады.  бала  өзінің 

күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, же-

келеген  құрылымды  да  бұза  бастайды.  Сондықтан  жоғарылаған  мазасызданудың  пайда  болуы 

себептерін  білу,  бастауыш  сынып  жастағы  балалардың  адекватты  құлығының  қалыптасуы  және 

мазасызданудың  төмендеуіне  септігін  тигізетін,  корекциялық  –  дамытушылық  жұмысты  жасап 

шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.


348

Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, 

бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын 

білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді. 

Сонымен, А. М. Прихожан: «Мазасыздану – бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, 

сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» – дейді.

Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты 

қасиеті ретінде де айырып көрсетеді.

Р.  С.  Немовтың  анықтамасы  бойынша:  «Мазасыздану  –  әлеуметтік  құрылымдағы  жағдайда 

қорқыныш  пен  үрейді  сезіну,  жоғарғы  алаңдаушылық  күйіне  әкелетін  адамның  тұрақты  немесе 

ситуативті көрініс табатын қасиеті». [1]

А. В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану – үрейдің реакциясының туындауының 

төменгі сатысын сипаттайтын индивидтің қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің 

негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауру-

ларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген 

топ  мүшелерінде  жекелік  сәтсіздіктің  субъективті  көрінісінің  бұзылуы».  Мазасызданудың  қазіргі 

зерттеулері  жеке  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  болып  табылатын,  жекелік  мазасыздану  және  нақты 

сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған 

және  де  жеке  тұлға  және  оны  қоршаған  ортаның  өзара  әрекеті  ретіндегі  мазасыздану  анализінің 

әдістерін өңдеуге. [2]

Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану – бұл кез – 

келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін 

көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше 

көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара 

когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану 

туралы айтылған. 

Мазасыздану – жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу 

сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байла-

нысты. [3]

Ереже бойынша өзіне сенімді сүйікті құрдастарымен болғысы келетін және оқудағы проблема-

ларды өз бетінше шешуге тырысатын белсенді балаларда мектепке бару алдындағы қорқынышты 

сезбейді.  Басқа  жағдай,  егер  бала  анасына  тым  жақын  болып  құрдастарымен  қатынаста  керекті 

тәрбиені мектепке дейін жинап үлгермесе бұл балалар «ата-анасының үмітін ақтай алмаймын ба?» 

деп қорқып мектепке бейімделмейді, мұғалім алдында қорқады. 

Мектепке  барғанда  ол  қателік,  ақымақтық  жасау,  ұятқа  қалу,  күлкіге  қалу  сияқты  қорқыныш 

сұрақтары  туады.  Сұраққа  үрейшіл  балалар  жауап  беруге  қорқады,  әсіресе  тақта  алдында.  Тақта 

олар үшін – өзіндік, жазалайтын орын. Бұл эмоционалды сезімтал, әлсіреген, жиі ауыратын, «кім 

күшті» екені анықталып қойған сыныптарға жаңадан ауысқан балаларда көп болады.

Үрейленудің үдемелі қарқындылығы бірінші сыныптан екінші он бірінші сыныпқа дейін екі есеге 

өседі. Бастауыш сыныпта үреуленуді баға жағы тексеру: тақтаға шығып айту, сынақ, көпшілік алдын-

да сөйлеу туғызады.

Көбіне бала қысымын жеңілдететін жанұясы болып табылады. Отбасында бала жеке тұлға ретінде 

нақтыланады, өз уайымдарымен бөлісетін шеңбер табады, бір нәрсені бөлуді жөн көрмесе бөліспей 

қоя салады. Осы эмоционалдық фундаментті бере алмаған  отбасы қиыншылықтар  алдында және 

әлемнің қайшылықтары алдында баланы қорғансыз қалдырады. Сонда ол жан сүйеніші мен басқа 

ересектер арасында іздей бастайды. 

«Жанұя мектептің бірлігі» қағидасына қаншалықты абай болу қажеттігі осыдан түсінікті болып 

отыр. Жақсы мұғалімнің өзі де баланың жекелік ерекшелігін ескермей, қателесуі мүмкін осы кез-

де жанұя мен мектеп бір-бірінің әрекетін қайталамай жай ғана толықтырып отыруы қажет. Көбіне 

біріккен мектеп пен жанұя былай көрінеді, ата –аналар жақсы бала деп – жақсы оқитын үйдегілермен 

тату тұратын, үйге мақтау қағаздарын тағы басқа әкелетін үлгерімді бала деп таниды. Ал мұнда от-

басы мен мектеп бірігіп балаға қарсы шығады. 

Жиі  жақсы  мұғалімді  үрей  бойын  алған  балалар  болмайды,  ол  мектепке  дейін  қалыптасса  да 

қорқыныш сезімі күшін жояды. Олар өзінің мақсаты деп балаға өзіне деген сенімділігін қайтару деп 

біледі.

Бірақ  көп  балалар  басқа  мектепке  шартта  жағдайда  оқиды.  Мектептік  шақты  олардың  ескі 



отбасының қалыптасқан мәселелеріне қосымша тағы да жаңа одан да қиын проблемалар қосылады. 

[4]


Оқушының  эмоционалды  проблемасына  жауапкершіліктің  бәрін  мектепке  жаба  салу  бұл 

әдепсіз болар еді. Мектепке бара жатқанда оқушы мәселесін үйде қалдырып, ал үйге бара жатқанда 

оқытушы талаптары мен конфликттерді гардиробында қалдырып ұмыта алмайды. Одан қалса өз 


349

«менін» қалыптастыруда бала бал ара сияқты өзі туралы ақпаратты отбасынан, мектептен, есік ал-

дынан, секциядан жинайды. Үйдегі жылы қатынас мектептегі қақтығыстың орнын толтырады. Және, 

керісінше тәрбиедегі кемшіліктер мықты мұғалім мен жақсы қатынастағы сыныптастары мен бітуі 

мүмкін. 

Оқушы үшін түрлі жылдарда әртүрлі адамдардың қарым – қатынасы маңызды. Бастауыш мектеп 

жасындағылар әсіресе бірінші сыныпта бірінші кезекте мұғалімге өте жақсы ұнауға тырысады. Егер 

де мұғалім нашар баға қоятын болса, онда кіші мектеп оқушы пікірі: «ол мені жақсы көрмейді» деп 

ойлайды.

Бәрінен бұрын құрдастарымен араласуда тәжірибесі аз балаларда әсерлі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының жоғарылуының тағы бір маңызды себебі – 

олардың физиологиялық және интеллектуалдық дамуының жеткілікті деңгейде болмауы. Мектепке 

қадам басу кезі жастың дағдарысымен сәйкес келеді, одан әр бала түрлі кез бен әртүрлі үйренулерді 

алып  шығады.  Біреу  белсенді  де  тез  түсінетін,  басқасы  жай  қозғалатын,  үшіншісі  ақымақ  және 

ашуланшақ.  Уақыт  өте  келе,  балалар  өздеріне  деген  сенімділікті  жоғалтып  алмаса,  олардың 

қабілеттері біршама бірдей деңгейге жетеді. 

Кім  үлгермесе  тығырыққа  тіреледі.  Ал  кім  «өте  жақсыға»  оқыса,  онда  кездесетін  бірінші 

сәтсіздіктен құлайтын жұлдыз ауруына шалдығуы мүмкін. 

Басқа жағдайларда, осы жоғырғы талаптар балаға сіңіп, оның жеке өзінің талаптарына айнала-

ды. Бірақ оның санасында қайшылықта комплекс«істей алмасамшы?» және де «міндеттімін» деген 

қайшылықты комплекс пайда болады. 

Осыдан  «оқу  бәрінен  жоғары»  принцип  бойынша  тәрбиеленген  бала  «4»  алғанда  қорқыныш 

жаулайды. «Мен – өте жақсы оқимын» бейнесі оның өзіндік сипаты болған соң, ата – анасының 3,4 

қорқынышты баға емес сөзі оған көмектеспейді.

Баланы  оның  жетістіктері  бойынша  бағалау  (мектепте,  секцияларда)  –  оны  ішкі  конфликтке 

ұшырату деген сөз. Өйткені, қашан да болмасын баланың жанында одан да көп жетістікке жеткен 

адам табылады. 

Мазасызданудан босану мүмкін, егер ересектер түсінсе: 

•  кез-келген бала ол жақсы оқитын, белсенді немесе жай қимылдаса да – жақсы көрінушілік 

пен құрметке лайық;

•  адамның құндылығы бағасы, оның марапаттаулары, басқа да сәттілік белгісіндегі шарттары 

емес, оның өзінде, яғни адамгершілік қасиеттерінде.

Әлде де балаларының ашық түрде қадірін түсіріп ұратын отбасылар кездеседі. Мұндай жағдайдар 

көбінесе  маскүнемдер  үйінде  болады.  Мұндай  ситуациялар  қорқынышты,  бірақ  мазасыз  бала-

лар  мұндай  отбасыдан  шықпайды.  Осы  жанұядағы  бала  ашуланшақ  немесе  эмоционалды  түрде 

ересектердің жанынан алшақтап, достық пен эмоционалды жақындықты сырттан іздейді. Егер тапса, 

оның жақсы дамуына барлық жағдай бар. [5]

Мазасыздану  басым  болып  алаңдаушылық  күймен  қоса  қозғалыс  қозуы  көрінеді.  Яғни,  адам 

өзін кез-келген және керек емес жұмыспен де шұғылдануға тырысады. Қиын басқарылатын сөздер 

ағымы  (логария)  түрінде  көрінетін,  күтуге  шыдамы  жоқ  сипат  тән  және  көп  сөзділік  түсінудегі 

артық байымдылық, жалғыздық қорқынышын жоятын нәзіктік сезімі, жұмысбастылықты көрсететін 

үздіксіз қоңырау шалулар, жаңа терістеліп тәуелділікке бел буу жойылады, барлық жаңалық белгісіз 

болып қабылданған соң, құлық кертартпа (консервативный) сипатқа ие болады. Бұл қатынас одан да 

көп үрейленуді туғызады. 

Осыған орай мазасыздану холерикті, ал қорқыныш – флегматик темпераментті байқатады. Ұзақ 

жасалған үрейлену аффекті және қорқыныш шынында да темпераменттің болып тұрған типтерін 

күшейтуге қабілетті.

Үрейленудің  қорқыныштан  айырмашылығы  ол  тек  кері  сезімнен  емес,  көңілді  толқудан  да 

туындайды. 

Әлемдік статистика бойынша, кәдімгі «мазасыздану нормасы» – 15%, Қазақстанда 60-75%.

Мак – Рейнольдо үрейленуді өлшейтін 88 процедураны қарастыра келіп, үрейленудің аралығы 

бір  немесе  үштен  аса  жұп  топтарын  анықтады:  кескін,  бейне  (черта)  күйі  ретінде  мазасыздану, 

мазасыздануға үйір болу, жалпы және спецификалық мазасыздану. 

Жекелік  кескін  ретіндегі  мазасыздану  күйі  барлығында  бірдей  болмайды.  «Мазасыз  адам»  – 

күнделікті  шешімдер  мен  өзіне  сенімді  емес,  әр  уақытта  сәтсіздікті  күтетін,  эмоционалды  аума-

лы,  сенбейтін  адам.  Жекелік  кескін  мазасыздануы  невроздың  дамуына  себеп  болуы  мүмкін.  Бірақ 

ол  құрлуы  үшін  одан  үрейлену  күйін  жеңетін  адекватты  емес  көп  сәтсіз  тәсілдерді  өткізуі  керек. 

Профилактика  осындай  балалар  үшін  сенімсіздікті,  толқуларды,  эмоционалды  тұрақсыздықты 

жеңуге болатын тиімді тәсілдерді табу қажет. 

Мектеп ең бірінші болып бала алдында әлеуметтік – қоғамдық өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен 

қатар өзіне бала тәрбиесіндегі басты ролдерді алады. Осылайша мектеп баланың жеке тұлға болуына 


350

белгілі бір фактор болады. Оның көптеген негізгі қасиеті және жекелік сапасы өмірінің осы кезеңінде 

қалыптасып, олар қалай салынғанынан байланысты оның алдағы дамуы көбіне тәуелдік әлеуметтік 

қатынастардың ауысуы бала үшін маңызды қиындық екені белгілі. 

Мектеп  баланы  мазасызданудан  айырып  қорқыныш  тұтқынынан  шығара  алады.  Мұғалім, 

мектептегі оқиғаларды бағыттаушы мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу ке-

рек.  Өйткені,  оның  қолында  көптеген  құрал:  марапаттау  ғана  емес,  «емдейтін  де»  баға,  қоғамдық 

ұжым өмірі, сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар.

Мазасызданудың жиі себептері балаға деген жоғары талап, тәрбиелеудің догматикалық жүйесі, 

баланың  белсенділігін,  қызығушылықтарын,  икемділігі  мен  қабілеттілігін  ескермеу.  Кең  тараған 

тәрбиелеу  жүйесі  –  «сен  өте  жақсы  болу  міндеттісің».  Ұят  сезімі  балаға  келгенде  өзіне  тым  қатал 

болу, ал тану процесін емес, міне осындай үлгерімді балаларда үрей көріністері байқалады. Болады, 

кейбір ата – аналар балаларына өнерде, спортта олардың мүмкіндіктері жетпейтін үлкен жоғары 

жетістікке жетуге бағдар береді (ал бұл шартқа сәйкестелу мүмкін емес). Осы сияқты балаға бейта-

нысты (бірақ ата – анасы жоғары бағалайтын) жабыстырады. Мысалы туризм. Бұл жаттығулардың 

бәрі де жақсы, таңдауды бірақ, бала өзі жасауы қажет. Оқушыға қызық емес жұмысты қинап берген-

нен, ол сәтсіздікке ұшырайды. 

Баланың адалдық, тіл алу, тиянақтылық сапаларын шынықтыруды тырысуда мұғалім баланың 

күйін одан әрі қиындатады. Жауапкершілікті көп артады, сөзсіз жұмысқа адал қарауы қажет, бірақ 

оқушы  жұмысы  (оқу)  –  ерекше  онда  нәтижеден  гөрі  процесс  маңызды.  Егер  жұмысшы,  мысалға 

өндірістегі қандай болмасын бөлшек үшін яғни, нәтижесі үшін еңбектенсе, онда бала есепті шығару 

үшін оқымайды: ол есеп баяғыда шығарылып жауабы оқулық соңында енгізілген. Оқудың мәні даму 

процесінде нәтижеге бағытталуда алатын бағада. Бала онымен қатынас жасаушылар үлгеріміне бай-

ланысты екенін сезінеді. Сөйтіп баға, оқушы үшін ата-ана мен сенімінен шығу құралы болады. 

Мазасыздану деңгейі ұл бала мен қыз балада әртүрлі. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп 

жасындағы балаларда қыздарға қарағанда мазасыздануы көп болып келеді. 9-11 жаста ұл және қыз 

балада мазасыздану бірдей болып 12 жастан ары қарай ұл балаларда қиын бұзылыстар кездескенімен 

жалпы үрей деңгейі қыздарда өсіп, ұл балада азаяды. 

Балалар мен қыздар мынамен ерекшеленеді, олар үрейді қандай ситуациямен байланыстырады, 

оны қалай түсіндіреді, неден сескенеді. Адам жасын физикалық деңгейі ғана емес, оның қоршаған 

әлемге  байланысты  мінездемесі,  уайымдау  ерекшелігі  де  бейімделеді.  Мектептік  кез  –  адамның 

маңызды өмірлік сатысы, ол кезде оның психологиялық бейнесі уайым –қайғы сипаты өзгереді. 

Бұл  жастағы  қорқыныш  дегеніміз  «ондай  болмау»  яғни  нақтыласақ,  «ондай  болмау»  ол 

үлгермеу, оны емес және олай емес істеу, жазаға тартылу. Бұл қорқыныштың барлығы әлеуметтікке 

белсенділіктің  жоғарылауын  жауапкершілік  міндеттілік  нығаюын  білдіреді.  Балалар  селк  етеді, 

жүздерінен қорқыныш байқалып, өзін-өзі басқаруды ойлауға, сөйлеуге қабілеттілікті жоғалтады. [6]

Профилактикада  және  балалардың  мазасыздануын  жеңуде,  ол  үшін  маңызды  ситуацияларда 

қажетті құралдармен, әрекет тәсілдерімен қаруландыру балада елеулі рөл ойнайды. 

Балалардың  мазасыздану  көрінісін  қарастыру  үшін  «Тейлордың  мазасыздану  деңгейін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет