І. Кіріспе І. Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы


Модернизациялаудағы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беру жүйесі



бет8/10
Дата25.01.2023
өлшемі369 Kb.
#62962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.3. Модернизациялаудағы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беру жүйесі.


Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің ректоры, техника
ғылымдарының докторы,
профессор, академик.

Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мақсат білім беру сапасын еуропалық деңгейге көтеру. Жаңа заманның талаптарына сай жоғары оқу жүйелерін реформалау керек. XXI ғасыр білімінің, ақпараттың, жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Әрбір студент жоғары оқу орнының қабырғасынан ұлтжандылық, отансүйгіштік, тағы да басқа адами қасиеттерді боойына сіңіріп, заман талабына сай жұмыс істей білудің әдістемесін игеріп шығуы қажет. Сонықтан да, заманауи университеттердің қоғамдағы ролі дәстүрлі міндеттерден анағұрлым маңыздырақ.


Қазіргі заманғы жоғары оқу орнына қойылған халықаралық талаптар әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттердің нгізгі даму бағдарламаларында көрсетілген. әлемдік жаңа ақпараттық технологияны дамыту үрдісінде қосылу, университеттің оқытушы профессорлар құрамының білім беру сапасын көтеру және бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау жолында қазақстандық жоғары оқу орындары технологиялық, әдістемелік, теориялық, тәжірбиелік сипаттағы жаңашылдықтырды енгізіп жатыр.[64;20б.]
Кредиттік жүйе немесе батыстық білім кеңістігіне кірігу әлемнің түрлі мекмлекеттеріндегі көшбасшы жоғары оқу орындарымен ынтықмақтаса отырып ақпарат алмасуды және біріккен ғылыми жобаларды көбейтуді меңзейді. Қазақстандық оқу орындары 2010 жылы жалпыеуропалық білім кеңістігін құру мақсатында Болон процесі шеңберінде үйлестірушілік қызмет атқара алатындығын дәлелдейді.
Жуырда Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің дамуы бойынша әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – да Халықаралық форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Жансейіт Түймебаев, Университеттерінің Ұлы Хартиясының Бас хатшысы – Бастьян Бауман, жоғары және жоғары оқу орындарын кейінгі білім департаменті, 90 жоғары оқу орындарының басшылары және оқытушылары. Бастьян Бауман Қазақстанның Болон процесінің барлық ережелерін орындау үрдісін де еркін айтты.
Университеттердің Ұлы Хартиясының Қазақстанның бастаған барлық істерге қолдау көрсететіні туралы айтылды. Еуропа Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде алатын маңызды орнын түсінетіндігі баяндалды. Академик Б. Жұмағұлов әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – да Болон процесінің басты принциптерін енгізудегі тәжірибесімен бөлісті; қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде ҚазҰУ алғашқы болып 2003 жылы Университеттің Ұлы Хартиясына қосылғанын атап өтті; ҚазҰУ - дың пост кеңестікте үшсатылы жоғары білім беру жүйесін жүзеге асырып отырған тұңғыш университет екенін айтты. Бүгінде университетте 183 мамандық бойынша маман даялауға. ҚазҰУ - дағы ИНТРАНЕТ жүйесі енгізілуінің өзі білім саласындағы ірі жаңалық болды. Ректордың айтқанындай, даму стратегиясының негізгі шараларын сатылап жүзеге асыру Университетке Болон процесінң көптеген принциптерін енгізуге, әлемнің әртүрлі университеттерімен әріптестік қарым – қатынастар орнату жолында жол ашатын шынайы реформалар жасауға мүмкіндік берді.
Қазақстанда Болон процесіне қосылу қажеттілігі. Біріншіден, Қазақстанда білім беру жүйесі Совет үкіметі тұсында қаланған, еуропалық түбірі бар; отандық жүйе үшін тарихи тұрғыда үлгі – прототип қызметін атқарған сол бір жүйені өзгерту қисынды болып көрінеді. Екіншіден, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылы Қазақстан Республикасының үкіметіне «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілген. Қазақстан 2010 жылы беделді еуропалық ұйым ОБСЕ –ге төрағалық етеді, еуроодақпен тауар айналымын жақсартады және сыртқы экономикалық байланыс жасайды; осы байланыстар, ең алдымен, жоғары білімі бар адамдармен жүзеге асырылады: егер олардың білімдері сәйкес болса, байланыс орнатып, ұстап тұру оңай болады.
Қазақстанда Болон процесінің қағидаларын жүзеге асырудың алғышарттарына келсек, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» заңына сәйкес және 2004 ж. ҚР президентінің жарлығымен қол қойған ҚР білімін дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстанда үш сатылы дайындық жүйесі қаралған. Бірінші саты – бакалавриат (нормативті оқу мерзімі 4 жыл), екінші – магистратура (оқу мерзімі 1-2 жыл). Бұл жүйе Ph.D докторларын және жоғары мектеппен ғылым үшін докторлар дайындауды жоспарлауда.
Жоғары оқу орнындағы кредиттік технология бастапқыда экперимент түрінде бөлек бағдарламалар бойынша енгізілсе, ал қазір 2008 – 2009 оқу жылынан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында академиялық кредит жүйесі бойынша оқыту жүреді.
Болон процесінің дамуында академиялық мобильділікті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Академиялық мобильділік – бұл студенттер ЖОО оқытушылары, әкімшілік – басқарушы тұлғалар үшін тәжірибе алмасу, ЖОО – да әлдебір себеппен ала алмаған мүмкіндіктерді басқа ЖОО алу, ұлттық тұйықтықты игеру және жалпыеуропалық перспективаларды алу мақсатында бір ЖОО – дан екіншісіне «ауысу» мүмкіндігі. Болон декларациясының ұсынымдары бойынша студентке семестрді мүмкіндігінше басқа ЖОО – да, шетелде өткізген жөн. Академиялық жұмылығыштықтың жоғары деңгейі дамыған инфрақұрылымды және қаржыландыру көздерінің қолжетімділігінің (гранттар) көздейді, бұл, өкінішке орай, әркез орындала бермейді.
Шын мәнінде, сөз еуропалық білімнің бәсекеге қабілеттілігі, тартымдылығы мен жаһандану үдерісінің әсерін қонымды түрде шектеу туралы болып отыр. Бір жағынан, жаһандану процесінің объективті сипаты бар; әлем елдері экономикалық, саяси және басқа көптеген мәселелерде сөзсіз өзара тәуелді болып шығады. Тек оқшаулану ғана бұған альтернатива бола алады, ал ол тарих көрсеткенде, ешқашан және еш жерде оң нәтижелер берген емес. Екінші жағынан, жаһанданудың қара дүрсін түсіндірілуі бұл ұғымды көбіне америкаландыру дегенмен ауыстырады. Осы соңғысында, әлем біріздендірілген бір «глобалды ауылға» айналады деп есептеледі. Дегенмен, мәдениетте кез келген біріздендіру қауіпті: ол сөзсіз тоқырауға алып келеді, өйткені нақ саналуандылық, түрлі жүйелердің өзара әрекеті оң дамудың көзі болмақ. Әр мәдениетте өзінің, тек соған тән ғана міндеті, жалпы адамзаттық қазына қосар өз үлесі бар, ал жаһандану екпінімен тіпті бір ғана мәдениетті жою – бұл әлемдік ауқымдағы қасірет. Соған сәйкес Еуропаның өз мәдениетінің барлық өзгелермен ұқсастығын сақтап, салыстырып көруге барлық негізі бар.
Нәтижеде, Батыстық білім беру кеңістігіне келешекте қабылданатын Қазақ елінің білім беру, білім алу және ғылым жүйелері, азаматтары бұл оң, көреген әрі тиімді бетбұрыстардан тек ұтары хақ.[29;]
Осыдан бір жыл бұрын, 2005 жылы 3 – 4 ақпанда, «әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау» деген тақырыпта университет профессор – оқытушыларының хххv ғылыми - әдістемелік конференциясы өтті.Онда университеттте әлмдік еңбек рыногында бәсеке қабілетті мамндар дайындаудың өзекті мәселелері талқыланып, ғылыми және практикалық маңызы бар ұсыныстар қабылданған болатын. Содан бергі бір жыл бойында профессор – оқытушылар ұжымы бәсекеге қабілетті мамандар ісін жаңарта отырып, университтетің білім беру қызметін тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын отандық және әлемдік стандарттар деңгейінде қанағаттандыруға көңіл бөлді. Университеттің 2005-2007 жылдарға арналған даму статегиясына сай жасалған жылдық іс-шаралар жоспарында көрініс тапқан міндетті орындау барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейігі білім беру қызметінің барлық сатылары мен бағыттарында елеулі жетістіктерге қол жетті. Сонымен қатар шешімін күтіп тұрған жаңа міндеттер де аз емес. Бұл ретте университет ректорының осы жылғы 28 қыркүйекте Ғылыми кеңесте жасаған баяндамасынан туындайтын міндеттерді іс жүзіне асыру көзделеді.
Университетте жоғары білім беру қызметін жаңартудың басым бағыттарының бірі әрі маңызды міндеті сапа менеджмнті процесін жетілдіру болып табылады. Осы ретте жоғары білім беру процестерін жүзеге асырудың шарттары мен нәтижелерінің, білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын меңгеруүшін жасалған жағдайлардың жай күйін, өзгерістер серпінін әлемдік тәжірибемен салыстырмалы сипаттағы іріктелген индикаторлар иен көрсеткіштердің негізінде жүйелі түрде бақылау, талдау, бағалау және болжау аса маңызды екені анық. Онсыз білім беру ісін жедел жаңартужа ойдағы межеге жету қиын.
Университетте білім беру маниторингінің деректері университеттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің көрсеткіштерін түгел қамти отырып, барлық білім беру бағдарламалары бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға, сөйтіп университеттің білім беру қызметін тұтынушылар мен пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатына қызмет етуге тиіс. Әзірге біз айтып отырған ақпараттық кеңістік толықтырылуда. Онда қазіргі шақта жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары, міндетті оқу пәндерінің типтік оқу бағдарламалары, мамандық тізбесі, бақылау-өлшеу құралдары, оқу процесіне қатысты технологиялар, сапа менеджменті жүйесі және басқа материалдар бар. Алдағы уақытта бұл кеңістікте университеттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметі саласындағы барлық ақпараттық ресурстар жинақталатын болады. Бірінші кезекте, әрине, мамандыққа, мамандықтың оқужоспарларындағы пәндерге, сондай-ақ оларды оқыту ісін жүзеге асыратын факультетке, кафедраға, профессор – оқытушыларға қатысты ақпараттар орналастырылады. Мұның өзі, бір жағынан, университетте жоғары білім беру ісін жаңартудың елеулі тетігі қызметін атқаратын болса, екінші жағынан, әлемдік еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маман кадрларын дайындауға қажетті жағдайдың айтарлықтай жаңаруына алып келмек. Сондықтан да әр профессор-оқытушының осы ақпараттық кеңістікте өз пәнінің мазмұнын жетілдіруіне, өз пәнін жаңа материалдармен, жаңартылған оқу бағдарламасымн , лекциялар курсымен, оқу-әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, анықтамалықтармен, оқулықпен толық қамтамасыз етуі тұтынушылардың өткір сұраныстарынан туып отырған аса өзекті, көкейкесті міндеттердің қатарына жатады.
Универсиеттің білім беру қызметі саласындағы ақпараттық ресурстар кеңістігінде телекоммуникациялық технология кеңінен қолданыс табуына үлкен мән беріледі. Профессор-оқытушылар жасаған телеоқулықтар, телелекциялар, бейнеоқу құралдары аз емес. Қазіргі шақта университеттің жоғары білім беру бағдарламалары пәндрінің 30% жуығы электрондық, бейнемагниттік тасымалдаушылардағы оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген. Бұл, әрине, аз көрсеткіш емес. Алайда алда атқарылар істер бұдан әлдеқайда көп. Жекелеген мамандықтар бойынша екінші жоғары білім беру қызметін қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асыру, оқытудың кредиттік жүйесін пайдалану механизмін жетілдіру міндеті бұл бағыттағы жұмыстарды толығымен және жедел жаңартуды талап етеді. Университеттің профессор-оқытушыларының көрнекті лекцияларына, семинарларына, лабораториялық сабақтарына ашық сипат беру, сөйтіп оларды бір оқу тобының немесе факультет студенттерінің ғана емес, барша тұтынушылардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыратын игілікке айналдыруға қажетті жағдай жасаудың маңызы да жоғары екені даусыз. Бұл бағытта әзірге университеттің бас ғимаратындағы үлкен төрт оқу залындағы дәрістерді ішкі желі арқылы ректораттың мәжіліс залында тыңдап, көру тәжірибесі сынақтан өтуде. Алдағы уақытта профессор-оқытушылардың мұндай дәрістрін университеттің кез келген оқу ғимаратына, сондай-ақ ретордың, проректорлардың, декандардың жұмыс бөлмелеріне жеткізуге мүикіншілік туады. әлемдегі белгілі телекомпаниялардың бірқатары белгілі білім бағдарламаларының оқу пәндері бойынша оқулық, оқу құралы ретінде бейнефильмдер, кинофильмдер жасаумен кәсіби деңгейде айналысатыны сіздерге белгілі болуы керек. Қазақстанда мұндай бағытта маманданған телекомпания да, телебағдарлама да, телеканал да әзірге жоқ. Әйтсе де сіздердің назарларыңызды университеттің оқу телестудиясын ашуға қажетті жағдай пісіп-жетіліп келе жатқанына аудару артық болмас деп ойлаймын. Жоғары білім беру бағытында университеттің өз телеканалының жұмыс жасауына қол жеткізудің жағдайын ойласудың да жөні бар.
Университеттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жедел жаңартуда ғылыми кітапхана жұмысынажаңа серпін беру қажеттігі даусыз. Ғылыми кітапхананың кітап қорларын жасақтау мен өңдеу және басқа процестерін толық автоматтандыру, бір жүйеге түсу және оны білім алушылардың, профессор-оқытушылардың пайдалануына беру – жуық мерзімдік іргелі міндеттердің бірі. Бұл бағдарламаның өндіріске енгізілуі алдағы оқу жылының басында жүзеге асатын болады.
Аталған міндеттердің шегінде оқытудың кредиттік жүйесін пайдалану үрдістерін жедел жаңартудың зәрулігі біздің бәріміздің де көңілімізді алаңдатып отырғаны анық. Білім алушылардың таңдауына ұсынылатын пәндерді теориялық оқу бағдарламасын игеруге бөлінетін кредит мөлшерінің 40% емес көлемде оқытуды жүзеге асыруға және ол пәндерді таңдауда студенттердің еркіндігін қамтамасыз етуге, олардың өз жеке оқу жоспарларын өз таңдаулары негізінде жасап, бекітуге ұсынуына, соның нәтижесінде өздерінің білім алу траекториясын әрбір декан, әрбір кафедра меңгерушісі, әрбір профессор – оқытушы мүдделі болуға міндетті.оқу жоспарында білім алушылардың таңдауына ұсынылған пәндер шын мәнінде солардың таңдауы бойынша жеке оқу жоспарына енгізілуі және оқытылуы шарт. Сонымен қатар білім алушылардың пән оқытушыларын таңдаудағы еркіндігіне де шек қойылмауы тиісті. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыруда факультеттердің академиялық еркіндігіне де ырық берілмек. Бұл орайда білім алушылардың оқудағы жетістіктерін есепке алумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, академиялық рейтингісіне есеп жасайтын құрылымдық бөлім жұмысын, тиісті оқу пәнін игеруге көмек беруші тұлға(тьютор) мен тиісті мамандық бойынша білім беру бағдарламасын игеруге ықпал ететін академиялық тәләмгер-оқытушы (эдвайзер) қызметтерін тиімді ету мәселелерін көп болып пайымдауымыз қажет.
Профессор-оқытушылардың шығармашылық ізденістеріне, кәсіби біліктілігінің деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын міндеттердің бірі – аудиториялық және аудиториядан тыс оқу түрлерін, оларды өткізу мен ұйымдастырудың құралдары мен әдәстерін жаңарту болып табылады. Кредиттік оқу жүйесі бұл салада мүлде жаңа әдістерді қолдануды, оқытудың жеке тұлғаның өмірлік мұраттары мен сұраныстарына бағытталуын талап етеді. Мұның өзі көңілге профессор-оқытушылардың өз пәндерінің мазмұны мен оқыту технологиясын ұдайы жақсарту жолындағы ізденістердің нәтижелілігіне, тиімділігіне бастайды деген сенім ұялатады.[6;8-10б.]
Өткен жылдың мамыр айында болған Ғылыми кеңесте оқу орны басшысы ұсынған 2009-2011 жылдарға арналған университеттің жаңа даму статегиясы қабылданды. Ол үш басты бағыттан тұрады. Оның біріншісі – менеджменттің бірлық деңгейлерін түбегейлі жетілдіру, екіншісі – мамандарды халықаралық талаптарға сай даярлау, үшіншісі – ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жетілдіру. Әл – Фараби университеті аталған стратегиясын біртіндеп жүзеге асыра бастады. өткен жылы әлемдік тәжірибеде орныққан ИНТРАНЕТ компьютерлік-коммуникацияляқ желісіне негізделген оқытудың кредиттік жүйесін сөз жүзінде емес, іс үстінде дәйектеп шықты.
Шетелдік оқу орындарына сүйене бермей, олардағы озық оқытушыларды өзімізде қалыптастыру ниетімен профессорларымыз әлемдегі жетекші жоғарғы оқу орындарынан машықтанудан өтуде. әсіресе, студенттердің өзін-өзі басқаруы ерекше назарда. Бұл университеттің Ұлы хартиясының негізгі талаптарының бірі болып табылады. Әл–Фараби университетінде білім алып жатқан 18 мың студент, магистрант пен доктарант бар десек, соның 700-ден астамы шетелдік талапкерлер. Бұлар болашақта мықты маман болумен қатар, ұлттың элитасы болады деген сенімдемін.
Университет жанында 20-дан аса ғылыми-зерттеу институты халықаралық зерттеу және әдістемелік орталықтары, технопарк жұмыс істейді. Ғылыми инфрақұрылымға қосымша университетте жуырда университетте Елбасы бастамасымен Отанымызда құрылатын 15 ұлттық зертхананың бірі – нанозерхана ашылды. [29;3б.]
Еліміздің жоғары білім беру жүйесі Болон процесіне қосылуына орай Жоғары оқу орындарында бірқатар өзгрістер бой көрсетуде. Бұған, ең алдымен, құрылымдық, мазмұндық өзгерістер жатады. Осындай жаңашыл өзгерістер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де алғашқылардың бірі болып қолға алынды. Қазіргі кезде Болон процесінің стандарттары зерттеліп, олар білім беру жүйесіне қарқынды енгізілуде. Оқу процесіне енгізіліп, іске асырылып жатқан осындай жаңа құбылыстардың тиімсіз, артық-кем тұстарын саралаудан алдын Болон процесінің мән-мазмұнын жете түсініп алған онынды деп санаймын. Сонымен, Болон процесі дегеніміз, Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды мақсат етіп, Итальяның Болонья қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білім министрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол қойылған қаланың атауына ие болғпн.
Жалпы Еуропа елдерінің білім беру жүйесін ортақтастыру мен үйлестіру ісі 1970 жылдардан бастау алады. Сол кездің өзінде Еуропа Одағы Министрлер кеңесі Ьілім саласы бойынша бірінші ынтымақтастық бағдарламасы туралы қарар қабылдаған еді. Болон процесінің алдындағы тағы бір басқыш ретінде Университеттердіңің Ұлы Хартиясын (болонья, 1988) және Сорбон декларациясын (Париж,1998)атауға болады. Ал 1999 жылы ортақ мақсатқа жетуді көздеп, арнайы декларацияға Еуропаның 29 мемлекеті қол қойды. Болон процесі қазіргі кезде 40-тан астам мемлекетті біріктіріп отыр.
Процесс 2010 жылы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуді көздеуде:

  • Жоғары білімнің Еуропа аймақтық ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл азаматтардың осы елдер арасында ешбір кедергісіз жұмысқа орналасуына мүкіндік береді;

  • Еуропаның интллектуалдық, мәдени, әлеуиеттік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру және нығайту; әлемде еуропалық жоғары мектептің беделін арттыру;

  • Еуропалық жоғары оқу орындарының студенттерді, қаржыны және ықпалын арттыру жолында басқа білім беру жүйелерімен салыстырғанда бәсекегк қабілілеттілігін күшейту; ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігіне, жоғары білімнің сапасына қол жеткізу;

  • Университеттердің еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы орталық рөлін күшейту, бұл ретте университеттер еуропалық санының ордасы әрі жолғастырушысы ртінде қаралды.

Басқа елдер Болон процесіне ерікті түрде қатыса алады. Декларацияға қол қою арқылы олар өздері орындауы тиіс міндеттемелер алады. Бұл міндеттемелердің бірқатары мынадай мерзімдермен шектелген:

  • 2005 жылдан бастап Болон процесіне қатысушы елдердің жоғары оқу орнын бітіруші барлық түлктеріне бакалавр және магистр дипломдарына бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша беру;

  • 2010 жылға дейін Болон процесінің нгізгі талаптарына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін реформалау.

Енді Болон процесінің негізгі өлшемдеріне келейік. Олар мыналарды қамтиды:

  • жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

  • ЕСТS академиялық кредиттері;

  • ЖОО студенттерінің, оқушылары мен басқарушыларының академиялық икемділігі (ортақ білім кеңістігі бойынша еркін жүріп тұруы);

  • Дипломға еуропалық қосымша беру;

  • Жоғары білім сапасын қадағалау;

  • Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Болон процесінің ұсынбалы өлшеміе мыналар жататды;

  • ортақ еуропалық бағалау;

  • студенттердің белсенді түрде қатысуы;

  • тұрмысы нашар студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;

  • өмір бойы білім беру.

Болон процесінің фактуативтік өлшемдеріне төмендегілер жатады:

  • білім мазмұны дайындық бағыттары бойынша үйлестіру;

  • студенттердің өз таңдаулары бойынша іріктеп алған курстар арқылы оқыту,

  • могдульдік жүйе;

  • қашықтан оқыту, электрондық курстар;

  • студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.

Міне, Болон процесінің негізгі өлшемдері осылар. Сонымен бірге бұл процесс жоғары оқу орындарының автономдылығын қуаттайды.
Сонымен Болон процесінің негізгі мақсаты ортақ білім кеңістігін құру арқылы Еуропа елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне өз серіктес жоғары жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген ең үздік тәжірибелерді, озвқ ғылыми жаңалықтарды, дарынды студенттер мен білікті мамандарды тартып алу. Бұл студенттердің, оқытушылардың, басқарушы қызметкерлердің осы кеңістік аясында еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беру арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде біртұтас Еуропа әлемдік «білім нарығында» тартымдылыққа, басымдыққа ие болады.
Өз құрамына енген елдердің жоғары білім жүйесін «үйлестірулі» қамтамасызету үшін олар барынша «ашық» болуы тиіс. Бұл мақсатқа бір типті білім беру жүйелерін (бакалавриат, магистратура), қайта санауға жол ашатын бірдей білім кредиттері жүйесін енгізу, алынатын біліктіліктің белгілінген бірдей нысандарын енгізу, академиялық біліктілікті ортақ түрде тану жүйелерін тарату арқылы қол жеткізіледі.
Осы жерде мынадай сауал туындайды. Еуропа елдерінің Болон “процесі негізінде білім реформаларын жүргізуі қандай қажеттіліктен туып отыр? Бұл сұраққа Болон процесінің жоғарыда келтірілген негізгі өлшемдерінін біршама жауап алуға болады деп ойлаймыз. Бұған қосымша мынаны айтуға болады.
Қазіргі кезде Еуропа құрлығындағы елдер өздерін біртұтас сезініп, бірігуге мықтап ден қойды. Ал жоғары білім беру саласы қоғамды қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Сондықтан да білім жүйесінің әрқилылығы мен әртектілігі Еуропаның бірігуіне кедергі келтіреді.
Біртұтас Еуропа еңбек күшінің, тауарлар капиталдың еркін қозғалуына мүдделі. Бұл үшін жоғары оқу орындары беретін біліктіліктердің осы кеңістікте бірдейлігіне қол жеткізуі керек. Мұнсыз біліктілігі жоғары мамандардың жүріп-тұруы қиын болады.
Сонымен бірге жоғары білім беру саласы бизнес әлемінде табыстылығы жоғары кәсіп түрінің бірі болып табылады. Қазіргі кезде бұл салада АҚШ басым позицияға ие. Осы саладағы бәсекелестікте Еуропа өз білім кеңістігін біріктіріп және өзге қатысушы елдердің үздік қасиеттерін пайдалана отырып, мол табысқа жетуді көздейді.
Қазақстанда Болон процесіне қосылу мәселесі 2003 жылдан басталады. Қазақстан Республикасының сол кездегі Білім және ғылым министрі Ж.Күлекеевтің 2003 жылғы 8 қазандағы №661 бұйрығымн Болон порцесінің аспектілерін оқып-үйрену жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобына Қазақстандық кәсіптік жоғары білім жүйесінің еуропалық білім кеңістігіне енуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Еуропа кеңесінің, ЮНЕСКО-ның жұмыс топтарымен, өзге де құрылымдарымен және басқа ұйымдармен байланыстарды қамтамасыз ету жүктеледі. Жұмыс тобының құрамына Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақтанның іргелі жоғары оқу орындарының ректорлары кірді.
Жұмыс тобының атқарған іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Болон процесіне кіру туралы декларацияға қол қойды. Бұл Қазақстанның бұдан былайғы жерде әлемдегі білім беру кеңістігінен оқшауланбай, Болон процесіне қатысушылардың қабылдайтын шешімдеріне өз ықпалдарын жасауға мүмкіндік алатынын білдіреді.
Қазіргі уақытта Болон процксіне 45 ел қатысады. Оның ішінде ТМД мелекеттері бар. Бұл жүйе Еуропа Одағына шын мәнінде қажетті, онсыз ЕО әлемдік экономика мен саясатта басты ойыншылары – АҚШ пен Қытайға қарағанда бәсекеге төтеп бере алмайтын ұйым болып қалады. ТМД мемлекеттеріне де аталған процес қажет. Кеңес одағы кезіндегі жалпы білім беру, соның ішінде жоғары білім беру жүйесі өте жоғары дамыған болатын. «Бакалавр-магистр» деңгейлері сияқты ол кезде училищелер мен техникумдар бар еді. Осындай арнайы оқу орындырын аяқтағандар белгілі бір мамандық иесі болып шығатын. Кеңес Одағының бідім беру жүйесі ең мықты жүйе болып саналатын. Оны бүкіл әлем мойындаған еді. Бірақ КСРО тарағаннан кейін әрбір тәуелсіз мемлекет жолымен кетті. Бұл құбылыс жоғары білім беру жүйесіне, жалпы білім саласына әсерін тигізді.
Тәуелсіз Қазақстан үшін Болон процесіне қатысу қажеттілік деп санаймыз. Қазіргі уақытта Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің инновациялық дамуы Болон процесінің жалпы бағыттарына сай жүргізілуде. Мемлекеттік өркениетті дамыған ел болу үшін жастарға лайықты білім беріп, олардың болашағын ойлауымыз керек.[5;53-54б.]
Қазақстанның бұл процеске қатысуы қандай қажеттіліктен туды деген мәселеге келсек, мынадай жәйттерді атаған орынды. Біріншіден, Қазақстанның білім жүйесі Ресейлік білім жүйесінің бір бөлшегі ретінде қалыптасқан. Ал Ресейдегі Петр бірінші негізін салған негізін қалаған білім жүйесінің бастауы еуропалық білім жүйесінін тамырланатыны белгілі. Ресей болса 2003 жылы Болон процесіне қосылды. Сондықтан да Қазақстанның бұл процестн тыс қалуы белгілі деңгейде оқшаулануға ұшыратуы мүмкін.
Екіншіден, Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасы жақсы. Сыртқы экономикалық байланыстары да дұрыс жолға қойылған. Бұл байланыстардың негізінен жоғары білімді адамдар арқылы жүретіні белгілі. Сондықтан да аталмыш жүйенің сырын жақсы білетін мамандардың қарым-қатынас жасауы жеңіл болады.
Үшіншіден, жаһандану кезінде қиын әрі бұл қажет те емес. Оның әсері тимей қоймайды. Осы себепті керісінші, аталған процеске қатысып, оның қабылданатын ортақ шешімдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал ету тетіктерін ойластырған орынды.
Төртіншіден, Еуропа елдерінің елдерінің ғылыми-техника саласында, білім беру жүйесінде көптеген артықшылықтарға ие екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Мұндай озық тәжірибеден үйренудің қажеттілгі мен тиімділігі қарсылық туғызбайды ғой деп ойлаймын.
Сонымен бірге Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан ғылыми зерттеулер жүргізу, оқыту бойыншы озық технологияларын, ғылыми және педагогикалық мектептердің, қалыптасқан дәстүрлерін Болон принциптерімен үйлестіре отырып жүргізуге болатынын атап айқан жөн.
Қазіргі кезде Болон процесінің барлық аспектілері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мүмкіндігінші іс-жүзіне асырылуда. Әрине, қазіргі нарықтық заманмен бірге жастардың, қоғамның алға қойған мақсат-мұраты өзгергенін есепке алсақ, бұл процестің бізг тиімді жерлері көп деп есептеуімізге болады. Жастарды біз әдебиет тарихын, көркем шығарманы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға үйретеміз. Ғылым мен білім сапасын арттыру үшін жастарды жан-жақты болуға дағдыландыру қажет. Бос уақыттарын басқа тілдерді үйренуге жұмсауы керек. Бұл процестің жастарды, оқытушыларды басқа елдерге жіберіп, білім, тәжірибе алмастыру аспектісі өте дұрыс ойластырылған деп есптймін. Сонда ғана әлем әдебиетінде болып жатқан өзгерістерге шынайы баға беріп, өз әдебиетімізді дамытып, әдеби үдеріске салмақты сараптама жасай аламыз. Қазіргі таңда университеттерде Болон процесі аспектілерінің сыртқы қалпы іске асырылып жатыр., тбір қалыпқа түскен соң барлық аспектілер іс жүзінде орындалады деген сенімдеміз. Данышпан Абай айтқандай, Болон процесіне қосылудағы мақсатымыз – оның «пайдасына ортақ зарарынан қашық» болуға ұмтылу болса игі деп білеміз.[5;151-153б.]
Соңғы жылдардағы ғылым мен тхниканың қарқынды дамуы қанша жерден шекара бекітіп, шектеулер қойса да халықтар арсындағы қатынастарға, әлемдік маңызға ие болып отырған ғаламдану процесіне тосқауыл бола алар емес. Ал әр алуан салада байланысқа түсіп отырған әлем елдерінің өзіндік ерекшеліктері олардың белгілі бір мақсатта бірлесе әрекет етулеріне кедергі болып отырғандығы да рас. Снодықтан да Бүгінде Қазақстан жоғары мектептері жаппай әлемдік стандарттарға сай бакалавр-магистр үлгісінде оқытуға көшуде.
Біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де бірнеше жылдан бері әлемдік үлгідегі үш сатылы оқу жүйесімен оқытуға көшіп, оны орнықтыру үстінде. Бірақ дегенмен де барлық кредиттік оқу жүйесінің бастау алар негізі Америкалық оқу жүйесінен шығатын секілді. Яғни бірінші бакалавр 4 жыл, оның өзі жалғаспалы екі сатыдан тұрады; төменгі саты – 2 жыл, жоғарғы саты – 2 жыл; келесі жоғары кәсіби білімнің екінші сатысы магистратура үш жыл; оның бір жылдық үш семестрі кәсіби білім де одан кейінгі екі жылы ғылыми болып саналады.
Магистрлер дайындаудың өзі әр елде әр түрлі. Мәселен, АҚШ-та магистрлерді дайындау жоғары білім берудің бір бөлімі ретінде ғана қарастырылса, Германияда магистрлік тек қана қоғамтану ғылымдары бойынша берілетін академиялық дәрежі. Ал Жапонияда магистрлер аспирантурада дайындалады.[50].
Біздің елімізде 1994 жылдың 1-қыркүйегінде шыққан «Қазақстан Республикасындағы жоғарғы білім берудің көп сатылы жүйесі туралы көп сатылы ережеге» сәйкес магистратура жоғарғы білімнің тереңдетілген төртінші сатысы болып саналады. Көріп отырғанымыздай әр ел өзінің ыңғайына қарай халықаралық жоғары білім берудің талаптарына аздап та болса өзгерістер енгізетін сияқты.
Біздің униврситетте де кредиттік технологияның енгенін онша көп уақыт өте қойған жоқ. әрине, қашан болмаса жаңа нәрсені жалпы халықтың бірден қабылдай қоюы екіталай. Сондықтан да алғашында бір факультетті кредиттік жүйеге көшіріп тәжірибе жинақтап алып, келесі жылдары университеттегі барлық факультеттер осы жүйемен оқытылуда. Мұның бір ерекшелігі бұрынғы аста-төк сағаттардың көбі қысқарып, негізгі сабақтардың өзі шамамен 15 лекция, 15 семинар деңгейіне дейін ықшамдалды. Есесіне студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне баса назар аударылып, оқушының педагогикалық жүктемесіне СӨЖ бен ОСӨЖ сағаттары қосылды. Бұл студенттерге біршама жауапкершілік жүктеп, олардың өз бетімен жұмыс істеп, ізденуіне оңтайлы ықпал аткені рас [7;59-60б.].
Республикамызда көшбасшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Статегиялық даму» бағдарламасында мынадай жеті міндет айқындалған: Университетті басқарудың ұжымдық құрылымын жетілдіру; шетелдік тәжірибе мен мамандарды тиімді пайдалану; қорларды басқаруды жетілдіру; нормативті-құқұқты базаны жетілдіру; еңбекақыны жүйелі түрде көтеру; қадағалау жүйесін жетілдіру; университеттің халықаралық деңгейдегі танылуын қалыптастыру [24;16-17б.]. Мұнда құрылымдық көзқарас пен әлеуметтік бағдар айқын. Бәрін бірге қарастырсақ, білім беру жүйесінің нақты, қомақты, кешенді, перспективалы мәселелері екенін бірден қабылдайсыз. Олар мемлекеттік саясаттан туындағаны белгілі. Қоғам мен білім беру арасындағы байланыс ттіктері мен оны басқару құрылымының қызметі тез өзгеруде. Қозғалыс қарқынынан күтеріміз де, үмітіміз де мол.
Өйткені Ұлттық университеттің реформалық бетбұрысында оқу жүйесінің негізгі принциптері анықталды:

  • Білімнің сапасына деген жоғарғы талап нарықтық, демократиялық, гуманистік, ұлттық мәдениет тұрғысынан өрбуде.

  • Оқу сабақтастығына фундаментальды және қолтаңбалы деңгей, адамзаттық және ұлттық дәстүрлер баламалы түрде, қатар ықпал етуде.

  • Кәсіби мамандықты дайындаудың ұлттық моделі, ұлттық жоспары, ұлттық бағдары жасалуда. Осы бағыттарда біреудің ойы, біреудің іс-әрекеті озуда [5;239-240б.].

Биылғы оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық университетінде кредиттік технологияга байланысты интранет жүйесі бойынша жұмыс жүргізіле бастады.
Студенттердің көпшілігі семестрлік тапсырмаларды созып, орындамауы, селқостықтың салдарынан болатын үлгермеушілік кейбір студенттердің талпынбайтындығынан емтихан алдында айтарлықтай нұқсан келетін. Осындай немқұрайдылықтан шығудың жолы – барлық бақылау, тәжірбиелік немесе лабораториялық, тәжірбиені талқылау жұмыстарына, рефераттарына, үй тапсырмаларына қатаң тексеріс жүргізу болып табылады.
Қазіргі кезеңде, интранет жүйесінің артықшылығы студенттердің семестр соңына дейін селқос жүруіне мүмкіндік бермейді, себебі әрбір сабақ барысында берілген тапсырманы орындап бағаланып,алған нәтижелері электронды журналда қойылып отырғандықтан және әр аптаның қорытындысы өзгертімегндіктен, жүйелі бақылаулурдан кейін әрбір студент берілген тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарайды. Мысалы, «генетика» пәні бойынша осындай қадағалау студенттердің оқу үлгерімінің жоғарылауын көрсетті.
Әрбір жеке студенттің оқу барысын семестр бойы тексеріп отыру, білімін бағалау оқытушының негізгі мақсаты болып табылады. Студент және оның ата-анасы интранет жүйесі арқылы электронды журналдан оқу үлгрімінің нәтижесін бақылып көруіне болады. Сонымен қатар студент оқытушының және эдвайзердің әрбір пән бойынша керекті мәліметтерді алып және әртүрлі жаңалықтарды көруіне болады.
Интранет жүйесі арқылы студенттің оқу үлгерімі ғана бағаланып қоймайды және оқытушының да қаншалықты деңгейде жұмыс жүргізгендігі бақыланады. Студент өзіне керекті пәндер туралы мәләметтерді оқи отыра, таңдай алатындығы, келешегі туралы бүгіннен бастап бағдар жасайтындығы қуантады [5;394б.].
Кез-келген жаңа жүйенің жетістіктерімен қатар кейбір кемшіліктері де болады. Кездескен техникалық кемшіліктерді, факультетте және кафедрада офис регистроторлар бақылап отырады. Дегенмен, интрант жүйесінің оқытушы мен студен үшінде айтарлықтай жетістіктері өте көп, уақыт өте келе барлығы түсінуде және осы жүйені ары қарай дамыту керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауында [26] білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деген болатын.
Сондықтан заман талабына сай университеттердің мақсаты – білім беруің сапасын қамтамасыз етіп, оны еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сәйкестендіру болып табылады. өйткені білім беру қызметінің сапасын жоғарылату арқылы ғана жоғары дәрежедегі бәсекелестікке қол жеткізуге болады.
Жоғары оқу орнындағы білім беру қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік деңгейдгі стратегиялық мақсат және нарықтық қатынас жағдайында ЖОО-ның дамуы мен одан әрі жетілуін қаитамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады. Елбасы [27] «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе кәсіпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуімен айқындалатын болады.
Қазақстан Батыс елдернің өнім сапасын бақылап отыру жөніндегі жарты ғасырға жуық тәжірибесін ең қысқа мерзімде меңгеруге тиіс» деген болатын. Бүгінгі күні мемлекетте өндіріс басшылары, өндірушілер мен өнім жабдықтаушылары және қарапайым халық тарапынан халыққа қызмет көрсету мен өнім беру саласының сапасын жоғарылатуға деген қызығушылық байқалуда.
Дамыған шет елдер тәжірибесіне көз салсақ, олардың барлығында дерлік білім беру сапасын көтеруде, білім беру сапасының қоғам қажеттілігіне сәкестігі мен мамандарды дайындаудағы жүйелі қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру саласында күрделі мәселелердің бар екендігі байқалады. Көсбасшы ұйымдардың жетістіктері ISO 9001:2000 стандарттарының негізінде жасалған сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) арқылы жоғары сапаға бейімделуді өз стратегияларының негізгі мақсаты етіп алуының бірден-бір нәтижесі болып табылады, яғни халықаралық ISO 9001:2000 стандарттары қазіргі таңда білімнің сапасын көтеру мәселелерін жан-жақты шешетін негізгі фактордың бірі болып отыр.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету және жоғары білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де көптеген аумақты жұмыстар атқарылуда. Университетте білім беру бағдарламаларының көпсатылы (бакалавриат, магистратура, PhDдоктарантура) құрылымы ойдағыдай жұмыс істеуде. Білім беру процесіне кредиттік жүйе мен отандық халықаралық ISO 9001:2000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген. [6;]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет