«Индивидуалды және топтық психотерапия» қысқаша курсының лекциялары 1 Лекция. Психотерапия психологиялық көмектің формасы ретінде Психотерапия — — «психикаға және психика арқылы емдік әсер ету жүйесі— адам организміне»



бет1/9
Дата26.04.2023
өлшемі47,81 Kb.
#86999
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Индивидуалды және топтық психотерапия» қысқаша курсының лекциялары


1 Лекция. Психотерапия психологиялық көмектің формасы ретінде

Психотерапия —


— «психикаға және психика арқылы емдік әсер ету жүйесі— адам организміне»;
— «денсаулықты сақтау және қамтамасыз ету мақсатында адам психикасына спецификалық тиімді әсер ету формасы»;
— «тәрбиелеу және емдеуді біріктіретін аурулар тобының немесе аурудың психикасына емдік әсер процесі».
Анықтама ретінде, көпшілік дәрежеде психологиялық ыңғайларды белгілейтін және тұлғааралық өзара әрекеттесу, психологиялық құралдар, психологиялық мәселелер мен конфликтер, қатынстар, бағдарлар, эмоциялар, мінез-құлық сияқты ұғымдардан тұртын төмендегілерді көрсетуге болады:
психотерапия —
— «тұлғааралық өзара әрекеттің ерекше түрі, бұл жағдайда пациенттерге оларда психологиялық сипаттағы мәселелер мен қиындықтарды шешуде психология құралдарыменен кәсіби психологиялық көмек көрсетеді»;
— «интеллектуалды, әлеуметткі немесе эмоциялық негативті болып табылатын қатынастар мен мінез-құлықтарын модификациялауда адамға көмектесу мақсатымен вербалды әдістемелер мен тұлғааралық өзара қарым-қатынастарды пайдаланатын құралдар»;
— «ұзақ уақыт арасында біреуі адамдардың өзара қарым-қатынасын түзетуге маманданған екі немесе одан да көп арасындағы тұлғааралық өзара әрекеттесуі»;
— «кез келген бсқа техникадан өзгешелігі адамды өзінің ішкі конфликтерімен және қайшылықтарымен бетпе-бет қоятын жоспарланатын, адамның қатынастарын, сезімдері мен іс-әрекетіндегі өзгерістер мен тнымдық процесс техикасының арасындағы ортасы болып табылатын персонализацияланған техника».
Психотерапевтикалық араласу, немесе психотерапевтикалық интервенция – бұл белгілі бір мақсаттарымен және осы мақсаттарға сәйкес келетін әсер ету құралдарын таңдаумен, яғни, әдістерді таңдаумен сипатталатын психотерапевтикалық әсер етудің түрі (типі, қалыпы). Психотерапиядағы негізгі үш бағытқа сәйкес келетін психотерапиялық араласудың үш негізгі типі бөлініп алынады: психоаналитикалық, іс-әрекеттік және тәжірибелік (гуманистік), бұлардың әрқайсысы жеке өзінің саулық пен ауру, терапевтикалық мақсаттарымен, араласу жазықтығымен және сәйкес келетін тәсілдері мен құралдарымен сипатталады.
Психотерапия тарихында екі үлкен (негізгі) кезеңді бөліп алуға болады. Біріншісі, ғылымға дейінгі кезең мыңжылдықтарды қамтиды және екінші кезең – бар болғаны екі жүз жылдық, XIX-XX ғасырлар – психотерапияның ғылыми кезеңі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет