Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн



бет1/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН
3.2. Инклюзивті білім берудің әмбебап дизайны


Әмбебап дизайн - бұл арнайы бейімдеуді немесе арнайы дизайндарды қажет етпестен барлық адамдар толықтай пайдалана алатын өнімдер мен объектілердің дизайны.


Әмбебап дизайнның негізгі принциптері 1990 жылдары Солтүстік Каролина университетінде (АҚШ) тұжырымдалған:
1. Қолданудағы теңдік. Дизайн әр түрлі физикалық қабілеттері бар адамдар қолдана алатындай етіп жасалуы керек.
2. Қолданудағы икемділік. Дизайн әр түрлі жеке мүмкіндіктер мен қабілеттерге сәйкес болуы керек.
3. Қарапайым және интуитивті тұрғыда түсінікті дизайн. Өнімді пайдалану жолы кез келген пайдаланушыға тәжірибеге, білімге, тілдік дағдыларына және сол сәттегі шоғырлану деңгейіне қарамастан түсінікті болуы керек.
4. Оңай қабылданатын ақпарат. Дизайн, қоршаған орта жағдайларына және пайдаланушының қабылдау ерекшеліктеріне қарамастан, пайдаланушыға қажетті ақпаратты тиімді жеткізуі керек.
5. Қатенің орын алу мүмкіндігі. Дизайн кездейсоқ немесе әдейі жасалмаған әрекеттердің қауіпті немесе теріс салдарын азайтуы керек.
6. Физикалық күш жұмсау. Тұтынушы аз күш жұмсай отырып, дизайнды мүмкіндігінше тиімді және ыңғайлы пайдалануы керек.
7. Пайдалану мүмкіндігі мен қажетті кеңістік пен өлшем. Кез келген пайдаланушының бойына, дене бітіміне немесе қозғалысына тәуелсіз өнімге оңай қол жеткізуі, қолдануы, қимыл-қозғалыс жасауы және пайдалануына қажет өлшем мен кеңістік қамтамасыз етілуі керек.


Оқытудың әмбебап дизайны (ОӘД) – ЮНИСЕФ-тің (United Nations International Children's Emergency Fund – UNICEF, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) білім берудегі адамның құқығына негізделген көзқарасын іс-әрекетке енгізу болып табылады.
2000 жылы ЮНИСЕФ «Білім беру сапасын анықтау» деп аталатын жұмыс құжатындағы сапаның бес аспектісін атап көрсетті.
Бұл аспектілер жоғары сапалы білім беру жүйелерінің функциялары мен көрсеткіштері туралы түсінік беруге арналған және мыналарды қамтиды:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет