Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет28/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113

Навыки 

Критерии успеха 

Учащийся достиг цели обучения, если 

Математическая грамотность 

Находит  значение  начальной  скорости  из 

сравнения 

с 

общим 


видом 

уравнения 

равнопеременного движения  

По  уравнению  пройденного  пути  от  времени 

строит  график  зависимости  скорости  от 

времени 


Оценка 

Обосновывает вид равнопеременного движения 

по  знаку  члена,  содержащегося  в  уравнении 

равнопеременного движения общего вида  

Критическое мышление 

Объясняет  связь  между  проекцией  ускорения 

тела и углом наклона графика скорости  

Анализ 


Анализирует  уже  имеющиеся  графики  и 

выражает функциональную зависимость между 

величинами: s от t,v от t

Затем учитель составляет задания для формативного оценивания. Задания должны быть 

подобраны таким образом, чтобы полностью соответствовали цели обучения. 

Таблица №2 Формативное оценивание по теме «Прямолинейное равнопеременное движение. 

Решение графических задач. Кинематические уравнения» 

Предмет: Физика 

Класс 9 

ФИО ученика:  

Раздел: 9.1A – Кинематика 

Тема 


урока: 

Формативное 

оценивание 

по 


теме 

«Прямолинейное 

равнопеременное движение. Решение графических задач. Кинематические уравнения» 

Цели обучения:  

1.

находить скорость из графика зависимости пути от времени;



2.

определять  ускорение  по  наклону  графика  зависимости  скорости  от

времени; 

3.

уметь анализировать зависимости в виде y=kx+b (V = V



0

 + at).

Навыки 


Критерии успеха 

Достиг


Стреми

тся 


Комментари

й учителя 

Учащийся  достиг  цели  обучения, 

если 


Математическая 

грамотность 

Находит  значение  начальной 

скорости  из  сравнения  с  общим 

видом 

уравнения 



равнопеременного движения 

Оценка 


Обосновывает 

вид 


равнопеременного  движения  по 

232


Р

еко


ме

нда


ци

и 

по



оце

нив


ани

ю и 


соо

тве


тст

вующие  им  критерии  успеха,  оказывают  существенную  помощь  при  подготовке  и 

планировании  урока,  направляют  действия  учителя  по  оцениванию,  помогают  подобрать 

качественный  материал  для  формативного  оценивания,  экономят  время  учителя,  особенно, 

молодых специалистов. 

Задания для формативного оценивания [3]: 

1. Какой была начальная скорость поезда, если через 40 с, двигаясь с ускорением 0,06 м/с

2

,



он достиг скорости 3м/с?

2. Какой вид движения описывают формулы:

а) х=2-4t

б) х=12-5t-2t



2

в) х=4+0,5t



2

3. По  заданным  на  рисунке  графикам  сравните  проекции  ускорения  тел. (К  заданию



отдельно прилагаются графики равнопеременного движения трех тел).

4. Прямолинейное  движение  тела  описывается  формулой  S= 18t+ 3t



2

.  Постройте  график



v(t).

5. По графику зависимости v(t), представленному на рисунке, определить: 1) проекцию на

ось  х  и  модуль  перемещения  тела  за  время 0-4с; 2) проекцию  на  ось  х  и  модуль

перемещения тела за время 4с-8с; 3) проекцию на ось х и модуль перемещения тела за

время 0-8с. (К  заданию  отдельно  прилагается  график  скорости  равнопеременного

движения тела).



Использованная литература 

1. Инструктивно-методическое  письмо  об  организации  образовательного  процесса  в

Назарбаев интеллектуальных школах в 2014-2015 учебном году.

2. Методические  рекомендации  для  учителя  по  критериальному  оцениванию.

Критериальное оценивание учебных достижений учащихся. Предмет «Физика».Класс 9.

2014-2015 учебный год.

3. Кирик Л.А., Генденштейн Л.Э., Гельфгат И.М. Задачи по физике для профильной школы

с примерами решений. 10-11 классы. Под ред. В.А.Орлова. – М.: ИЛЕКСА, 2010. - 416 с.

знаку  члена,  содержащегося  в 

уравнении 

равнопеременного 

движения общего вида 

Критическое 

мышление 

Объясняет 

связь 


между 

проекцией  ускорения  тела  и 

углом наклона графика скорости 

Математическая 

грамотность 

По  уравнению  пройденного  пути 

от 

времени 


строит 

график 


зависимости скорости от времени 

 

 



 

Анализ 


Анализирует  уже  имеющиеся 

графики  зависимости  v  от t и 

выражает 

функциональную 

зависимость между величинами: s 

от t. 


233

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КƏСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕН  МЕКТЕПІШІЛІК 

АТА-АНАЛАР ҚОРҒАНШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС 

ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТІҢ ДАМУЫНА ҮЗДІКСІЗ ЫҚПАЛ ЕТУ 

ЖОЛДАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ 

Ауғанбаева З. Н. 

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі  

жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

      Мақалада мұғалімдер, оқушылар жəне ата-аналар арасында бірлескен кəсіби қауымдастық 

құру  мəселесі қаралған 

Аннотация 

      В статье рассматривается  вопрос о создании  совместного профессионального  сообщества  

среди учителей, школьников и родителей  

Abstract 

      The creation of a professional community among teachers, students and parents is considered in 

this article. 

       Қай  мемлекет  болмасын  оның  əлемдік  рейтингідегі  деңгейі    сол  елдің  білім  беру 

дəрежесімен  өлшенеді.  Бəсекеге  қабілетті  Ұлыбритания,  Жапония,  Финляндия,  Сингапур, 

Корея  секілді дамыған елдер өздерінің білім беру жүйесіне  реформа жасап, қазіргі таңда сол 

тың өзгерістің жемісін көріп отыр.  

       Біздер,  ұстаздар  қауымы  үшін,  ХХІ  ғасыр  Қазақстандық  білім  беру  жүйесіндегі 

реформалау саясатының жүзеге асырылуымен маңызды болып саналады. Осыған байланысты 

еліміздің оқу жүйесіне көптеген тың өзгерістер енуде. Өзгерістердің барлығы еліміздегі білім 

жүйесінің əлемдік стандартқа сай болуына бағытталған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  Кембридж  университетінің  Білім  беру 

факультетімен бірлесіп əзірлеген деңгейлік бағдарлама  бастаманы оңтайлы шешудің басты 

əрі дəлеледенген бағыты болып табылады. Жоғарыда аталып өткен  өзгерістер ұғымына енетін 

қағидалардың бірі соңғы жылдарда заман сұранысын қанағаттандыру жолында ерекше даму 

қарқынымен көзге түсіп үлгерген жəне жетістіктерге жету бағытында таптырмас құрал болып 

қалыптаса  бастаған  кəсіби  қоғамдастыққа  келіп  саяды.  Ақпараттық  жүйе  дамыған  заманда  

білім  беру  жүйесіне  қатысты  қоғамдастықтардың  мектепте  болып  жатқан  өзгерістерді 

дамытуда əрі оған қолдау жасауда маңызы  зор болып саналады.

 

Келесі кезекте сөзім құрғақ 



болмас үшін ойыма дəлел бола алатын бірнеше мəселелерді ортаға салсам деймін.

 

       Кəсіби  қауымдастық  ұғымы  ұстаздар  қауымының  бірлесіп  жұмыс  жасау  əрекеттерінің 



жиынтығымен  өлшенеді.  Шынайы  көзқарасқа,  сенімділікке,  ынтымақтастыққа  негізделген 

қауымдастықтың ғұмыра да ұзақ, жемісі де өнімді болмақ. Осы бағытта біз, Петропавл қаласы 

бойынша қазіргі таңда деңгейлік курста оқып жүрген тыңдаушылар, ең алдымен, өз арамызда 

«Сенім» кəсіби қоғамдастығын құрдық. Мақсатымыз: мектепаралық кəсіби қауымдастықты 

дамыту  барысында  тəжірибе  алмасу  арқылы  мектептерімізде  болып  жатқан  өзгерістермен 

234


бөлісу, нəтижесінде өз мектебіміздің даму бағытына оң ықпал ету, тиісті өзгерістер енгізуге 

дайын болу. Ол үшін төмендегідей міндеттерді айқындадық: 

-қауымдастықтың арнайы жоспарын құру; 

-тəжірибе барысында аптасына бір рет əр мектепте кездесіп отыру; 

-тəжірибеден кейін əр тоқсанда бір рет мақсатты түрде, қосымша қажетіне қарай жоспардан 

тыс кездесіп отыру; 

-білім  беру  барысында  кездескен  проблемаларды  нақтылау,  талдау,  бір  шешімге  келу,  əр 

мектептің осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыс түрлерімен салыстыру, қорытынды жасау 

арқылы өз сауалыңның жауабын алу жəне сол жауапты мектебіңде дамытуды қолға алу; 

-білім  беру  саласында  зерттеу  жүргізу  əдіснамасын  білу,  меңгеру  жəне  əріптестерімізді 

мектептің кəсіби қауымдастығы аясында зерттеу жүргізу əдістеріне үйрету, сонымен қатар:  

-Қазақстанда  (халықаралық  деңгейде)  құрылған  қауымдастықтар  туралы  хабардар  болу, 

олардың  жұмыс  барысымен  танысу,  қажетіне  қарай  байланысқа  түсу  мүмкіндіктерін 

қарастыру.  

        Кəсіби  қауымдастық  бойынша  ұстанған  негізгі  ұстанымымыз:  Конфуций  сөзімен 

айтқанда  «Маған  айтып  берсең - ұмытып  қаламын,  көрсетсең - есімде  сақтаймын,  өзіме 

жасатсаң - үйренемін» 

       Біз  курстың  екінші  тəжірибе  кезеңінің  алғашқы  үш  аптасы  бойынша  жоғарыда  аталған 

міндеттердің денін жүзеге асыра бастадық.   

        Екіншіден, осы бағытта мектепішілік кəсіби қоғамдастық құруға себепкер болдым. Оған 

қоғамдастықтан шет жүрген, бірақ  қоғамдастық үшін маңызды бола алатын жəне одан пайда 

ала  алатын  мұғалімдерді  ықпалдастыруға  тырыстым.  МДЖ  (мектептің  даму  жоспары) 

басылымдылықтарынан  туындаған  мəселені  жүзеге  асыру  барысында  қоғамдастық 

шеңберінде ҰМЖ (ұзақ мерзімді жоспар) аясында ОМЖ (орта мерзімді жоспарлау) арқылы 

ТСТ (тізбекті сабақтар топтамасын) сауатты түрде жүзеге асыру жұмысын алға қою – басты 

міндеттеріміздің  бірі  болды.  Үш  аптаның  жұмысын  қорытындылайтын  болсақ,  мектептегі 

əріптестерімде  желілік  қауымдастық  дегеніміз  не,  мақсат-міндеттері  қандай,  жүргізілетін   

жұмыс   түрлері,  маңыздылығы жөнінде   алғашқы тəжірибе   қалыптасты. Олар қоғамдастық 

аясында  белсенді  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруды  меңгерді.  Сонымен  қатар,  қауымдастық 

əрекеттерінің  негізгі  аспектілерін,  принциптерін,  функцияларын  жеке  дара  жіктеп  көрсете 

алатын деңгейге жетті.   

       Тəжірибенің бастапқы үш аптасында біз жоспар бойынша қалалық деңгейде үш  кездесу 

өткіздік. Кездесулер барысында  біз ОМЖ-ның  ортақ үлгісін қалыптастырдық, мінсіз сабақ 

жоспарының ортақ үлгісін жасадық, мектептердегі деңгейлік курстан өткен əріптестерімізбен 

танысып, дөңгелек үстел барысында көкейімізде жүрген көптеген мəселелердің басын аштық. 

       Осы кездесулерден  ұққаным, қауымдастық құру, қауымдастыққа кіру – жалпы əдістеме 

бойынша  болсын,  нақты  оқыту  мəселелері  бойынша  болсын,  көкейіңде  жүрген  сан  алуан 

сауалдарды  шешуде  таптырмас  құрал  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  мектеп  қызметін 

жетілдіруге үлес қосу үшін басқа мектептердің көшбасшы командаларымен бірлесіп жұмыс 

жасап, мектептің кəсіби қоғаммдастығында жаңа тəжірибе қалыптастыруда, оларды дамыту 

жолдарын бағдарлауда атқаратын ролі зор.  

       Біз үшін кəсіби қоғамдастық қызметінен күтілетін нəтижелер

-мектептің даму жоспары аясында кəсіби дəрежеде оқытудың  жаңа тəсілдері қалыптасады; 

- мұғалімдер əдіснаманың жаңа мүмкіндіктерін меңгереді; 

- мектепаралық өзара тəжірибе алмасу үрдісі қалыптасады; 

- мектептің оқыту мен оқу тəжірибесіне өзгеріс енеді; 

- кəсіби қауымдастықтың мүмкіндіктері артады. 

235


         Қауымдастық  құру  арқылы  барлық  мəселе  шешілді  деп  кесіп  айту  қиын.  Алда  талай 

қиындықтар  кездесері  анық.  Біз  қазір  меңгеру  деңгейіндеміз.  Алған  бағытымыз  дұрыс,  ең 

бастысы,  арамызда  сенімділік  бар.  Себебі, «Тиімді  кəсіби  қоғамдастықтың  ең  басты 

ерекшелігі сенімділік болып табылады»[1,57–б]. Сонымен қатар, біздің барлық əрекеттеріміз 

ынтымаққа негізделген.  

         Мектеп жүйесінде бірлесе қызмет жасау барысында мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы 

жетістікке жету жолын толық қанағаттандыра алмайды. Үш бұрыштың бітпей тұрған үшінші 

бос  орнын  басатын  тұлға,  ол    -  ата-аналар.  Мектеп  жағдайында  коллаборативті  орта 

қалыптастыру үшін мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы ажырамас бірліктің болғаны абзал. 

Біздерде  бастапқы  екі  ұғымды  біріктіруде  ілгері  жылжу  болғанмен,  көп  жағдайда,  үшінші 

ұғым  бұл  үрдістен  сырт  қалатыны  жалған  емес.  Ата-аналар  мектептің  оқу  жүйесіне  етене 

араласа  қоймайтынын  көбіне  қызмет  бабымен  байланыстырады.  Бірақ  жылдам  өзгеретін 

қазіргі заманда  ата-аналардың мектептегі ролі артып отыр. Олар қазір білім беру ұйымының 

оқу-тəрбие ісіне белсенді қатысушылардың бірі. Сөйтіп, ата-аналар мектептің жай-күйін біліп, 

балаларының  қаншалықты  сауатты  білім  алып  жатқанына  сырттай  емес,  тікелей  бақылау 

жасай алатын болды. Мен қызмет жасайтын М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық 

колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің 2012-2017 жылдарға арналған  

даму жоспарына сəйкес жəне əр оқу жылына жасалатын оқу-тəрбие жоспары бойынша жүзеге 

асырылатын көп мəселелердің шешімін табуда ата-аналар қорғаншылық кеңесінің  ықпалын 

атап өткен жөн. Лицейде мектептің даму жоспарын құрудағы негізгі мақсаттан туындайтын 

міндеттердің  бірі: «Оқушылардың,  мектеп-лицей  əкімшілігінің,  педагогикалық  ұжымның, 

педагогикалық-психологиялық  қызметтің,  ата-аналар  қорғаншылық  кеңесінің,  оқушылар 

бірлестігінің  оқу  жетістіктері  үрдісіндегі  кіріктірілген  əрекеттеріне  деген  орнықты  жəне 

сенімді уəжін дамыту»  деп көрсетілсе, ата-аналар үшін үшін күтілетін нəтижеде: «мектеп-

лицей  əкімшілігі  əрекеті,  ата-аналар  комитеті  жəне  қорғаншылық  кеңесінің  кіріктірілген 

қызметі аясында білім үрдісін басқару ісіне белсенді қатысу» [2, 3-б], - деп атап көрсетілген. 

Мен лицейіміздегі қорғаншылық кеңесінің жұмысын ерекше атап өткім келеді . Себебі, орта 

жəне  жоғарғы  буын  ата-аналарынан  (бастауыш  буын  оқытылмайды)  құрылған  бұл  ұйым 

мектептің білім жүйесіне, қоғамдық жұмысына етене араласады. Бізде мұғалім, оқушы, ата-

ана  арасында  бірлескен  іс-шаралар  өтіп  тұрады.  Аталмыш  шаралар  барысында  мектептің 

өзекті  мəселелерін  шешуге  жол  ашылады.  Нəтижесі  де  жаман  емес  секілді.  Біздің  мектепті 

бітірген  түлектердің  ұлттық  бірыңғай  тестілеудегі  нəтижелері  үнемі  жоғары 

болады.Оқушылардың дені грантқа түседі.  

        Ал қазіргі оқытудың жаңа тəсілдері жүйеге ене бастаған кезеңде бұл біржақты құбылыс 

болып  саналады.  Оқушылардың  грамматикалық  сауаттылықтарымен  қатар,  ой  айту,  пікір 

бөлісу, қоғамдық ортада өзін еркін ұстап, белсенділік деңгейін таныта білуі жағынан алғанда 

ақсап  жатқан  тұстар  жоқ  емес,  бар.  Соңғы  жылдарда  қазақ  балаларының  өз  ана  тілінде 

ойларын еркін, жатық түрде жеткізе алмауы сынға алынып жатқанын білеміз. Сұхбат берерде, 

кездесулерде, жалпы қоғамдық ортада оқушылардың шешіліп сөйлей алмауының негізгі ұшы 

біздерге келіп тіреледі. Бұл əсіресе, этномəдени кеңістікте өмір сүріп жатқан біздің өңірдің 

балалары үшін шешуші жауапты талап ететін мəселе болып отыр. Біз даярлаған жеке тұлға 

бəсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, ойы еркін, сөзі жатық болуы қажет.  

       Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  мектеп  ұжымы  мен    ата-аналар  қорғаншылық  кеңесінің 

алдында жаңа мақсат, міндеттер туындап отыр. Мектебімізде осы бастамалардың жаңа бастау 

алуын жоспарлау күн тəртібіне шығып отыр. 

       Өзім сабақ беретін қазақ тілі мен əдебиеті пəні - бұл мəселені сырт айналмайтын пəн. Сол 

себепті  курс материалдарын меңгерудің бірінші кезеңінен бастап-ақ  өзім жетекшілік ететін 

236


7А сыныбын жəне параллель 7Ə сыныбын алып, осы екі сыныптың негізінде ата-аналармен 

бірлескен жұмыс түрлерін қолға алуды жоспарладым. Осы мақсатта арнайы жоспар құрылды, 

аталған жоспардың үлгісін ұсынуды жөн көрдім.  

       Мақсаты:  Мұғалім,  оқушы,  ата-анадан  тұратын  қауымдастық  құру  арқылы  бірлескен 

шаралар ұйымдастыру барысында оқушылардың қоғамдық өмірге ерте əрекеттенуіне жағдай 

жасау.  


       Міндеттері:  

- арнайы жоспар құру; 

-ата-аналардан арнайы зерттеу жүргізу үшін рұқсатнама алу; 

- мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу; 

- мақсаттан туындайтын бірнеше жоспарлы шаралар ұйымдастыру; 

- іс-шаралар барысында туындаған мəселелерді шешу мақсатында коучингтер өткізу;  

- əр тоқсан бойынша қорытынды мониторинг жасап отыру; 

- екі сыныптың арасында салыстырмалы қорытынды жасап отыру;

- қажетіне қарай желілік қоғамдастыққа шығып отыру;  

- əр отырыстан соң кері байланыс жасап отыру 



       Табыс критерийлері: 

мұғалім үшін: 

іс тəжірибесіне өзгеріс енгізе алады;  

-    өзі де өзгереді; 

-    7 модульді сабаққа ықпалдастыра алады; 

-    оқушыларды сабаққа бейімдеу арқылы қызығушылықтарын оята алады; 

-    оқушылардың біліміне ықпал ете алады; 

-    өзіне деген сенімі артады; 

-сынып жетекшісі ретінде тəрбие бағыттарын ықпалдастыра алады 

оқушы үшін:  

- сабаққа, тəрбие сағаттарына деген қызығушылығы артады; 

- ашылады, өзіне деген сенімділік пайда болады; 

- бəсекелестік қабілеті артады; 

- мұғалімдермен қарым-қатынасы нығаяды: 

- ойын дəлеледеп айтуға машықтанады; 

- сөздік қоры байиды 

-  креативті  ойлау  қабілеттері  дамиды,  дивергентті,  конвергентті  ойлау  дағдылары 

қалыптасады 

ата-аналар үшін: 

мектеппен қарым-қатынасы нығаяды; 

мектеп алдындағы міндетін тереңнен түсінеді; 

- оқушылардың мектептегі тыныс-тіршілігінен хабардар болады; 

- баласының даму мүмкіндіктерін үздіксіз бақылауға алады 

№  Іс-шара мазмұны 

Формасы 

Мерзімі 

Күтілетін нəтиже 

1 «Келемін ғой өсіп мен..» 

дөңгелек 

үстел 


қараша,      

І апта 


оқушы оқу жылы бойынша өзіне 

қойылатын  мақсат,  міндеттерді 

түсінеді 

Зерттеу.Зерделеу. 



Зияткерлік. 

кəсіби 


кездесулер 

айына бір 

рет оқу 

жылы 


бойы 

сыныптарда 

жүргізілген 

зерттеу 


сабақтары, 

сынып 


сағаттары,  тəрбие  жұмыстары, 

интеллектуалды 

шаралар 

237


нəтижесінде 

оқушылардың 

сындарлы  ойлау  қабілеттері 

артады 


3 «Не? Қашан? Қалай? 

 Кім үшін?»  

коучинг 

қажетіне 

қарай оқу 

жылы 


бойы 

іс-шара  барысында  туындаған 

мəселелер  шешіледі,  оларды 

болдыртпау жолдары жасалады 

Желілік байланыс 



қауымдастық 

қажетіне 

қарай оқу 

жылы 


бойы 

мұғалімдер,  оқушылар,  ата-

аналар 

арасында 



желілік 

байланыс  орнығады,  ата-аналар 

электронды 

пошта 


арқылы 

үздіксіз тапсырма алып тұрады 

Əңгіме жүргізудің 



сократтық əдісі 

кейбір ата-

аналармен 

бетпе-бет 

жүздесу 

қажетіне 

қарай оқу 

жылы 


бойы 

туындаған  түсініксіз  проблема 

жойылады,  ата-ананың  мектеп 

өмірі  жайлы  ой  айту  дағдысы 

дамиды 

6 «Мен жəне менің 



шəкіртім, ата-анасы: 

баршамыз қалай 

өзгердік? 

мониторинг, 

диаграмма, 

рефлексия 

лық күнделік 

оқу 


жылы 

соңында 


 салыстырмалы 

сараптама 

қорытындысы 

бойынша 


қалыптасқан  өзгерістің  деңгейі 

анықталады 

 

    Жүргізілген  жұмыстың  нəтижесі  оқу  жылының  соңында  анықталады.  Жоспардың 



қаншалықты  нəтижелі  болғанын  оқушылардан, 

ата-аналардан,  мұғалімдерден  алынған 

сауалнамалар  негізінде  жəне  оқушылардың  жыл  бойы  жүргізген  рефлексивті  күнделіктерінен,  

мониторингтер  мен  диаграммалық  сараптамалардан  анықтаймыз.  Жоспарлы  түрде  атқарылған 

шаралардың барлығы түпкі нəтижесінде мектептің даму жүйесіне оң ықпалын тигізуі тиіс. 

 

Əдебиеттер тізімі 

1. «Мұғалімге  арналған  нұсқаулық».  Бірінші  (ілгері)  деңгей.  Екінші  басылым. «Назарбаев

Зияткерлік мектептері( ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 

2. М.Жұмабаев  атындағы  Петропавл  гуманитарлық  колледжінің  жанындағы  жалпы  білім

беретін  мектеп-лицейінің  саясатқа  сəйкес 2012-2017 жылдарға  арналған    кешенді  даму 

бағдарламасы. №19 бұйрық, 01.09.2012 

238


ҚОҒАМДЫҚ  ПƏНДЕРДІ  ОҚЫТУДА  ҮШӨЛШЕМДІ  ƏДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ 

Аушахманова Б. Т. 

Павлодар облысы білім беру басқармасының  

Білім беруді жəне тəрбиелеуді дамыту жөніндегі инновациялық орталығы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа

 

Қоғамдық  пəндерді  оқытуда    үш  өлшемді  əдістемелік  жүйе  технологиясы  алғашқы 

танымдық қызметті репродуктивтіден шығармашылық деңгейге дейін ынталандыра отырып, 

оқушының субъектілік ролін барынша кеңейтеді. Осы педагогикалық технология мұғалімді 

кəсіптік дамытудың тиімді құралы болып табылады 

Аннотация 

Использование  технологии  трехмерной  методической  системы  в  изучении 

общественных  дисциплин  значительно  расширяет  субъективную  роль  ученика,  стимулируя 

совершение  восходящей  познавательной  деятельности  от  репродуктивного  до  творческого 

уровня.  Данная  педагогическая  технология  является  эффективным  инструментарием 

профессионального развития учителя. 



Abstract 

The using of three-dimensional methodical system  technology in studying the social sciences 

significantly expands the subjective role of the student, encouraging the commission of an ascending 

cognitive activity from reproductive to a creative level. This educational technology is an effective 

toolkit for professional development of teachers. 

Еліміздің білім беру жүйесін модернизациялауды ауқымды үдерісі білім беру үдерісіне 

тұлғалық-қызметтік оқытуды жүзеге асыру арқылы сапалы нəтижеге қол жеткізуге кепілдік 

беретін тиімді əдістемелік құралдарды енгізуді болжайды. 

Көп жылдық зерттеу жұмыстарының бірі оқытудың үш бөлімді əдістемелік жүйесінің 

білім беру технологиясы (бұдан əрі ОҮБƏЖБТекендігін көрсетті.  

Мақсаттар  деңгейінің  меңгеру,  мотив,  белсенділік,  ептіліктер  мен  білім  сапасы 

деңнейімен өзара байланысы (сурет) осы технологияның квинтэссенциясы болып табылады, 

оны  оқыту  үдерісін  жобалау  барысында  əсер  етуші  бағдар  болуға  қабілетті  логикалық-

құрылымдық  үлгі  түрінде  берілген.  Компоненттнрі  өзара  көлденеңінен  жəне  тігінен 

байланысты өзара байланыстар кестесін біз əдістемелік матрица деп аталды. 

Əдістемелік матрицаның əрбір бағанының даму үдерісі мен иерархиялық ерекшелігіне 

қарай  оқыту  траекториясының  векторы  жоғарыға  ұмтылуы  керек.  Яғни,  оқыту  үдерісі 

оқушылар  біртіндеп  «даму  баспалдағы»  бойынша  жоғарыға  көтерілгендей  етіп 

ұйымдастырылуы  керек,  осының  нəтижесінде  меңгерудің  барынша  жоғары  деңгейіне  қол 

жеткізуі  керек.  Қарастырылып  отырған  технологиядағы  оқу  материалының  мазмұнын  ең 

алдымен оқушылардың өзіндік дамытушы танымдық қызметтерін жүзеге асыру үшін əртүрлі 

деңгейлі тапсырмалар түрінде қалыптасады. 

239


ОҮБƏЖБТ логикалық-құрылымдық үлгісі

 

Мақсаттар 



таксономи

ясы 


мотиві 

Белсенділігі 

Шеберлікт

ері 


Білім сапасы 

Меңгеру 


деңгейлері 

Жалпылан


дыру жəне 

жүйелеу, 

бағалай 

(рефлексия

Танымдық 



қызметке 

деген 


сұраныс 

Белсенділіктің 

шығармашылық 

деңгейі 


Шығарма-

шыл 


Тереңдігі

, əс


ер

 етуі


 

Саналық


, оперативті

лік


икем


діклік

, ж


үйелі

лік


 

Жүйелілік

тө

зімділік



Шығармашыл

 

Қолданыл



уы 

Тұрақты 


қызығушы-

лық 


Белсенділіктің 

эвристикалық 

деңгейі 

Жекелей-


ізденуші-

лік 


Эвристик

алық


 

Түсіну 


Ситуативтік 

қызығушы-

лық 

Белсенділіктің 



интерпретацияла

ушы деңгейі 

Өзгертіл-

ген 


жағдайда-

ғы 


репродукт

ивтілер 


Алгоритмика

лық


  

Білім  


Индифферент

тілік 


Белсенділіктің 

қалпына 


келтіруші 

деңгейі 


Стандарт-

ты 


жағдайда-

ғы 


репродукт

ивтілер 


Дұрыс

, толық


 

Оқушылық


  

Əртүрлі деңгейлі тапсырмалар мыналардың негізінде дайындалады 

-

  Оқыту мақсатының таксономиясының сипатамасы 



-

  Сəйкес деңгейдегі білімнің негізі сапаларын өзіндік сипаттау 

-

  Меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар (В.П. Беспалько) 



Мұғалім  осы  талаптарға  сүйене  отырып,  меңгерудің  əрбір  деңгейіне  тапсырмалар 

дайындайды.  Тапсырмалардың  салыстырмалы  əдістемелік  тиімділіг  əрбір  нақты 

мұғалімнің  шығармашылық  əлеуетіне  байланысты.  Мысалы:  білім,  білік  дағдыларын 

тексеруде  өлшеуіш  негізінде  тест  жəне  сұрақтарға  жауап  беру  тапсырмалар 

қарастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет