Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9388
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Л.Т. ДЖУМАЛИЕВА, 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар 
және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы, Қазақстан Республикасы
 
Білім мен ғылымның өсіп­өркендеуі қай мемлекеттің болса да өркениеттілік деңгейінің басты өлше­
мі  болып  табылады.  Ғылымды  дамытып,  жалпы  мәдениетті  қалыптастыруда,  өндіріс  пен  өнеркәсіпті 
жетілдіріп, жаңа технологияларды игеруде білімнің орны ерекше. Еліміздегі жоғары білім берудің әлем­
дік білім кеңістігімен ықпалдасуы қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды факторы болып 
табылады.  Жаһандану кезеңіндегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени сұранысына 
сай жоғары кәсіби білімді маман дайындау жоғары білім берудің сапасын арттыру бағытындағы білім 
беру ұйымдарының қызметін тиімді үйлестіру секілді бірқатар міндеттерді айқындайды. Еліміздің бола­
шағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен 
тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар 
кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру өркениетті қоғамның міндеті болып табылады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама ла ры 
жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингі лер­
де гі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру 
үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансап­
тық  өсуі,  оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Сондай­
ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән 
берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындар  лы 
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі 
мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары 
анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялы 
қауымның  деңгейіне  байланысты.  Әлемдік  практикада  өткен  ғасырдың  40­жылдарында  қолданысқа 
ене бастаған «үздіксіз білім беру» термині ересек адамдарға білім беру жүйесі ретінде қарастырылды. 
Дәстүрлі өмірлік білім беру идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр. 
Жеделдете оқыту жүйесі педагогикалық жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі бір деңгейдегі 
20-0124

154
еркіндік дәрежесін жүзеге асырады, яғни сол мезетте қажет болатын белгілі бір іс­әрекетке бағыттай ­
ды [1,5 б].
Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан­жақты жалпы мәдени дамуы, тұл­
ғаның  бос  уақытын  дұрыс  ұйымдастыру,  әлеуметтік  тұрақтылық  және  әлеуметтік  даму  және  тағы 
басқа  да  функцияларды  жүзеге  асырумен  тікелей  байланысты.  Үздіксіз  білім  беру  мазмұнын  жа­
ңарту қоғамды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Қоғамда білім беру­
ді ақпараттандырудың негізгі бағыттары – бұл білім берудің сапасын арттыру, қоғам мүшесінің ой­
өрісінің  даму  деңгейін  көтеру.  Білім  беру  саласында  электрондық  байланыс  жүйелерінде  ақпарат 
ал масу  интернет,  электрондық  пошта,  телеконференция,  видео­конференция,  телекоммуникациялық 
жүйе арқылы іске асырылады. Ғалымдардың пайымдауынша, келешекте Қазақстанда білім беру жүйе­
сін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау дамытумен ұштасады. Олар мынадай:
– білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау;
– ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісін жоғары деңгейге жеткізу;
– жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас әлемдік ақпарат­
тық кеңістікте интеграциялау. 
Бүгінгі  таңда  ақпараттық  технологияны  кең  көлемде  оқыту  мен  педагогикалық  жұмысты  ұйым­
дастыру қызметінде барлық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Компьютерлік технологиялар ды 
пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижесін тексеруге көбірек 
уақыт бөлуге көмектеседі. Екіншіден, обьективті түрде қадағалай отырып, студенттердің алған білімін 
бағалауды  жүзеге  асырады.  Үшіншіден,  бақылау  технологиясына  ғылыми  элементтер  енгізіп,  оны 
кеңінен  пайдалануға  болатындай  етіп,  білім  мекемелерінен  алатын  білім  мен  дағдылау  деңгейлерін 
нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға болады. Бүгінгі білім жүйесінде ақпараттық 
технологияларды қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құралдарына 
қол  жеткізгені,  оқытушы  мен  студент  байланысының  жетілгені  белгілі.  Оқытуда  жаңа  технология­
ны  пайдалану,  студенттің  таным  белсенділігін  арттыру  эстетикалық  талғамдарын  қалыптастырып, 
елдікке,  адамгершілікке  тәрбиелейді.  Сонымен  қатар,  электрондық  оқулықтардың  мультимедиялық 
мүмкіндіктері студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтасын арттырып, соған байла­
нысты білім сапасын да арттырады [2,3].
Сонымен қатар, дистанциялық (қашықтықтан оқыту) білім беру жүйесі университеттердің ғылыми 
және  білім  беру  мүмкіндіктерін  үлкен  аудитория  үшін  толық  қолдануға  жиналған  тәжірибесін 
ақпаратттық  оқыту  технологияларын  жүзеге  асыру  мен  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Дистанциялық 
оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің білім формасы болып табылады. Ол әр түрлі оқушылар категория­
сына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды. Инновациялық мектептер дәстүрлі жаңа міндеттерді 
қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дәлелдейді және де бала тұлғасының мәдени, адамгершілік 
дамуының кепілі болатындығын көрсетеді [3,13].
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгеру  мұғалімнің  интеллек­
туалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қа­
лыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін­өзі  дамытып,  оқу,  тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  кө­
мектеседі деп көрсетеді. Педагогикалық технологиялар теория негізінде құрылады: оқыту әдістемесі 
дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің ұстанымын содан іздеп табады. Білім саласындағы педагог 
ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педогогикалық әрекетті әлеуметтік тәжіри­
бе мен мәдениетті ұрпақтан­ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық техноло­
гияны педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік береді. Атап айтсақ, оқыту құралының, әдіс­тәсілі­
нің жиынын жаңаландыру, жетілдіру процесін және алдын­ала жобаланған оқу­тәрбие үрдісі бірізді 
жүзеге асыратын жүйе деп түсінуге болады. 
Педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің жаңа моделі білім беру қызметін ұйымдастыруға деген 
құзыреттілік тұрғыдағы жаңаша көзқарас, оның мақсаты – білім берудің әр субьектісін инновациялық­
шығармашылық үрдіспен қамту. Нәтижесі: педагог – стратегиялық ойлау иесі, педагогиканың жаңалық 

155
үрдістерін  қабылдай  алатын,  оны  шығармашылықпен  іске  асыратын,  өзінің  үздіксіз  білімін  үнемі 
жетілдірумен  шұғылданатын  іскер  тұлға.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  жаңғыр­
ту стратегиялық басты бағыттарының бірінде сапалы білім беруді іске асыра алатын жауапты тұлға 
шығармашылық құзыретті педагог екені ақиқат.
Ресейлік ғалым В.А. Кузнецова жоғары оқу орындарында көп деңгейлі педагогикалық білім беру дің 
мүмкін болатын бес түрлі нұсқасын ұсынған еді. Бірінші нұсқасында бакалавриат сатысында қосым­
ша  білім  беру  деңгейінде  үш  деңгейлі  білім  беру  жүйесін  ұсынады.  Мұнда  бакалавриаттың  екінші 
жылынан кейін түрлі себептермен білім алуын тоқтатқысы келген 3­4 айдан 1 жылға дейінгі уақытта 
қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары ұсынылады. Ал екінші нұсқасында бакалавриат қосымша 
білім беру деңгейіне бөлінбейді. Онда мамандыққа сәйкес жалпы ғылыми білім беріліп, педагогикалық 
мамандық бойынша тек бағыт беріледі. Білім берудің үшінші нұсқасында жалпы ғылыми бағыттағы 
академиялық  білім  мен  кәсіби  педагогикалық  білім  біріктіріліп,  бакалавриат  деңгейінде  базалық 
мектептің  мұғалімін  даярлау  үшін  жүзеге  асырылады.  Бітірушіге  бакалавр  акакдемиялық  дәрежесі­
не  қосымша  базалық  мектептің  мұғалімі  біліктілігімен  диплом  беріледі.  Төртінші  нұсқада  бакалав­
риат деңгейінде академиялық білім берумен қатар толық орта мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығы да 
жүзеге асады. Білім берудің бесінші нұсқасында бакалавриаттың бірінші деңгейін екі жыл мерзімде, 
бітіргеннен  кейін  студент  аталуы  мен  мазмұны  жағынан  ғылым  бағыты  бойынша  арнайы  іріктеліп 
алынған оқу пәндерін игерумен қатар, екі жылдық кәсіби­педагогикалық білім алуға барады [4, 14]. 
Кәсіби білім беру деңгейлерінің арасындағы өзара байланыстар жүйесінде қайсыбір болмасын бі лім 
беру деңгейінің стандарты даярланатын мамандардың кәсіби біліктіліктерімен мамандарды даярлау дың 
құрамы анықталады. Көп деңгейлі үздіксіз білім берудің заманауи жүйесін одан әрі дамыту және білім 
беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздерін жасау барлық деңгейдегі кәсіптік білімнің сапасын 
арттырады. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім 
беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі ғылым мен тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. 
Осы орайда, білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының 
тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға 
ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. 
Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару көптеген компоненттерді біріктіретін күрделі ке­
шенді  ерекше  құбылыс.  Ол  дамушы  нысандардың  (немесе  субъектілердің)  әр  түрлі  кезеңдері  мен 
олардың сапалығы арасындағы өзара байланысты жүзеге асыруға және оларды біртұтастыққа бірік­
тіруге жағдай туғызады, үздіксіз педагогикалық білім беру сияқты күрделі ұйымдасқан жүйенің нә­
тижелі  дамуына  жағдай  жасайды.  Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  сабақтастықпен 
басқару кәсіпке дейінгі даярлық, көп деңгейлібазалық кәсіби білім беру, кәсіби біліктілікті жетілдіру 
кезеңдерінің арасындағы диалектикалық байланыстарды жүзеге асырады.Үздіксіз білім беру жүйесінде 
мұғалімдер  даярлауды  сабақтастықпен  басқарудың  құрылымдық  және  қызметтік  компоненттерінің 
өзара әрекеттестігін зерттеу бірқатар жетекші үдерістерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  көтеру  кезеңінде  маманның  практикалық  және  кәсіби  шығар­
машылық  қызметі  жетілдіріледі,  жеке  өзіндік­шығармашылық  қабілеті  қалыптасады,  маманның  кә­
сіби  қызметін  талдау  мен  бағалау  жүзеге  асырылады,  авторлық  педагогикалық  жүйе  қалыптасады, 
мұғалімнің жеке басына тән педагогикалық шеберлігі мен мәдени деңгейі жетіліп, үздіксіз білім алып, 
дамуына ынта­ықыласы артады. 
Әдебиеттер:
1. Преподавание в сети Интернет. – М., 2003.
2. Дәрмағанбетұлы Ш. Білім берудің сапасы: проблемалары және оларды шешудің жолдары // Сыр 
мектебі. – 2006. – 5 қыркүйек. 
3.  Тастанов  Ә.Ж.,  Тастанова  А.Ж.  Қазіргі  жаңа  педагогикалық  технологиялар  //  Педагогика 
мәселелері. – 2012. – № 2.

156
4.  Кузнецова  В.А.  Теория  и  практика  многоуровневого  университетского  образования:  Автореф. 
дис... докт. пед. наук. – М., 1996. – 47 с.
Резюме
В статье рассматриваются методы обучения и применения новых технологий в учебном процессе. 
Представлены формы использования развивающего обучения, специфика их адаптации в учебном про­
цессе.
Summary
This article reviews teaching methods and use of new technologies in the learning process.It also reviews a 
forms of developmental education, features of their adaptation into the learning process.
ӘОЖ 93/99 (574) (075)
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРДА
Б.Б. ЕҢСЕПОВ
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Н.Т. ҚАЙНАЗАРОВ, 
Қызылорда «Өркениет» медициналық колледжі, 
Қазақстан Республикасы
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел не істеп, 
не қойғандығын біл мейді, келешекте басына қандай күн туатыны-
на көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тари-
хын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы боп тұрады. 
А. Байтұрсынов, 
«Қазақ» газетінен»
Қазіргі  таңда  тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  зерттеу  мен  оқыту  көкейтесті  мәселелердің  бірі. 
Осы  орай да  Қазақстан  тарихы  туралы  жазылған  іргелі  зерттеу  еңбектер  мен  оқулықтарда  бірқатар 
мәселердің  басы  ашылғаны  анық.  Дегенмен  еліміз  егемендік  алғалы  бері  мемлекетіміздегі  біршама 
түбегейлі өзгерістер мен оқиғаларды бұхара халыққа таныту жағы кемшін. Бұның бірнеше себептері 
де бар, біріншіден, кешегі кеңестік дәуірде Дүние жүзі мен КСРО тарихы арнайы оқытылып, Қазақ­
стан тарихы сол Кеңес Одағы тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Сол жарыққа шық­
қан  оқулықтарда  қазақ  тарихы  жайлы  көптеген  жайттар  бұрмаланып,  негізгі  мәселелер  партиялық 
ұстанымдармен, тар таптық шеңберде жазылды. Екіншіден, Ресейдің өзінде бұрыннан оқулық жазумен 
арнайы жеке бір институттар айналысады. Ал біздің елімізде тарихты зерттейтін санаулы ғана ғылыми 
зерттеу институтар бар. Оның өзінде аталған ғылыми зерттеу институтарының зерттеу нысаны көбіне 
отан тарихының іргелі мәселелері болып табылады.
Осыған  қарамастан  қазіргі  кезде  Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдарындағы  тарихы  біршама 
оқулықтарда көрініс табуда. Осындай оқулықтардың қатарына орта мектептің 9­сыныбына арналған 
Б.Ғ. Аяған мен М.Ж. Шәймерденова шығарған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атты оқулықты 
айтуға болады. Осы оқулықтың төртінші бөлімі тәуелсіз Қазақстан тарихына арналып, онда тәуелсіз 
мемлекетіміз  Қазақстан  Республикасы  қалыптасуының  қиын  да  сындарлы  жолдары  жалпы  адамзат 
тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Атап айтқанда, КСРО­ның ыдырауының себебі мен 

157
салдары, оның республикамыздың саяси өміріне әсері айқындалып, еліміздің егемендігін жариялауы­
мен бірге Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы дамуы жан­жақты ашып көрсетілген. 
Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы, экономикадағы түбегейлі өзгерістер. Қайта құру 
мен  тәуелсіздік  жылдарындағы  мәдени  құрылыс,  білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  және  Қазақстан 
Республикасының  халықаралық  қатынастардағы  орны  мен  рөлі  көптеген  деректі  құжаттар  арқылы 
айшықталып, оқушыларға түсінікті тілде жеткізілген [1]. 
 Мектеп оқулықтарында оқушыларға көмекші құрал ретінде Б.Ғ. Аяғанның құрастыруымен шыққан 
жалпы білім беретін мектептің 9­сыныбына арналған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» хрестома­
тиясында тәуелсіз Қазақстан тарихы жайлы документтер жинағын молынан көрсетеді [2].
Орта мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда тәуелсіз еліміздің тарихы сомдалған. Олардың 
қатарына  М.Қ.  Қозыбаев,  К.  Нұрпейіс,  Қ.  Жүкешевтің  9­сыныпқа  арналған  Қазақстан  тарихы, 
Т.С.  Садықов,  Р.Р.  Қайырбекова,  С.В.  Тимченколардың  11­сынып  оқушыларына  бейімдеп  жазылған 
Дүние жүзі тарихы оқулықтарын айтуға болады.
М.Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Қ. Жүкешевтің 9­сыныпқа арналған Қазақстан тарихында 1986 жылғы 
Желтоқсан оқиғасының себебі мен тарихи маңызы, Қайта құру кезіндегі демократия мен жариялы лық, 
Кеңес  Одағының  ыдырауы  мен  ТМД­ның  құрылуы  тарихи  тұрғыдан  жүйеленіп  берілген.  Сонымен 
қоса кітаптың бесінші тарауында еліміздің конституциясының қабылдануы мен экономикалық даму­
дағы нарықтық қатынастардың орнығуы және ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның даму белестеріне 
талдау жасаған [3]. 
Т.С.  Садықов,  Р.Р.  Қайырбекова,  С.В.  Тимченколар  шығарған  11­сынып  оқушыларына  арналған 
Дүние  жүзі  тарихы  оқулығының  «Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы  және  Тәуелсіз  Мем­
лекеттер  Достастығы»  атты  төртінші  тарауында  КСРО­ның  ыдырауының  себеп­салдарын  және 
ТМД органдарын құру үдерісін екі кезеңге бөліп, біріншісі 1991 жылғы желтоқсан мен 1993 жылғы 
қаңтар  аралығын  қамтып,  осы  кездегі  достастықтың  саяси  үйлестіруші  органдары  құрылып,  олар 
ТМД жарғысына тіркелгенін, екінші кезең 1993 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейінгі халықаралық 
жағдайдағы ықпалымен және мемлекетаралық қатынастардың өзгеруі себепті ТМД­ның басқару шы 
құрылымының өзгерістеріне талдау жасайды [4]. Яғни осы тарауда Қазақстанның ТМД елдерімен өза­
ра байланыста жетекші орында келе жатқанын, әсіресе ТМД­дағы аймақтық экономикалық құрылым­
дар – Ресей, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің біріккен Еуразия лық 
экономикалық қауымдастық құрылуы мен оның маңызына тоқталады. 
Мектеп  оулықтарымен  қатар  бүгінгі  күні  оқушылар,  студентер  және  жалпы  оқырман  қауымға 
арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  көптеп  кездеседі.  Міне,  сондай  оқулықтардың  қатарына 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институ­
ты ұжымы шығарған «Қазіргі Қазақстан тарихы» атты оқулықтың маңызы зор. Себебі бұл оқулық­
та  Қазақстан  тарихының  көне  замандардан  бүгінге  дейінгі  өзекті  мәселелері  қамтылып,  тәуелсіз 
мемлекетіміздің  саяси  дамуы,  мемлекеттік  стратегияның  маңызды  тұстары,  қоғамның  қазіргі  даму 
ерекшеліктері және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелік тұрғыдан қарастырыл ған. 
Сондай­ақ ол оқытудың көрнекті құралдарымен, суреттер мен кестелермен жабдықталған [5].
Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған келесі оқулықтар мен оқу құралдарының қата­
рында А. Күзенбайұлы, Е. Әбіл, Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, С. Сабырұлы еңбектері ерекше.
Мәселен, А. Күзенбайұлы мен Е. Әбіл шығарған «История Казахстана» [6]деп аталатын оқулықта 
Қазақстанның  ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихын  жаңаша  көзқараспен  жазады.  Соның 
ішінде  Қайта  құру  жылдарындағы  республикамыздың  әлеуметтік,  саяси  өмірі  мен  тәуелсіздік  жыл­
дарындағы мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік­экономикалық және ұлттық демографиялық үдерісін та­
рихи тұрғыдан баяндайды. 
Ал Г.В. Кан мен Н.У. Шаяхметов шығарған жоғарғы оқу орындарында арналған «Қазақстан тари­
хы» атты оқулықтың оныншы бөлімінде тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері мен қазіргі Қазақстанның 
дамуының негізгі бағыттары сараланады [7].

158
Барлық  аталған  оқулықтардың  мазмұны  толыққанды  ашылып,  еліміздің  тәуелсіздік  кезеңіндегі 
аса маңызды даталар, оқиғалар, құжаттар жүйелі түрде берілген. Бүгінгі жаңа елорданың құрылысы 
игілікті  өзгерістің  белгісіне  айналғанын,  Астанада  қысқа  мерзім  ішінде  дамыған  инфрақұрылымды 
заманауи әсем мегаполис бой көтергенін, мемлекеттік сыртқы саясатта да айтарлықтай табысқа қол 
жеткізілгенін, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толық құқықты мүшесі болғанын, мемлекеттің 
алғаш қалыптасу барысында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қыруар 
рөл атқарғанын, жаңадан ірге көтерген ел милиондаған қазақстандықтардың ерен еңбегі мен қайрат­
қажыры арқасында табысқа қол жеткізілгенін айқындаған. 
Қазіргі оқу үдерісінде Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы бойынша Тәуелсіз Қазақстан тарихы 
жалпылама  оқытылып,  тәуелсіздік  кезеңіндегі  мемлекет  тарихы,  төл  Конституциямыздың  қабылда­
нуы, әлеуметтік жағдайымыз, Қазақстанның саяси дамуы, мәдениеті, ғылымы, экономикадағы түбе гей­
лі өзгерістер, тағы басқа мәселелер Қазақстан тарихы бөлігінің құрамдас бөлігі бола отырып, өзіндік 
жеке қарастыруға өзекті әрі сұранып тұрған тақырыптар. Аталған тарихи оқиғалардың тәуелсізді гі  міз­
ді қалыптастырудағы үлесін болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Егемен Қазақстанның жүріп өткен 
жолдары төңірегінде берілген материалдардың алдымен танымдық жағын ескеруіміз қажет. Тәуелсіз 
Қазақстан тарихының негізгі тараулары тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдарын сипаттаудан бас­
талуы тиіс. Оқулықта өткен оқиғаларға тұжырымдамалық бағытта және неғұрлым объективті тұрғыдан 
баға берілуі керек. Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқып үйрену барысында бүгінгі күні игіліктер – еліміз­
дің қол жеткізген экономикалық, ғылыми­ағартушылық, мәдени жетістіктерін дәріптеу де өз орнын ала­
ды. Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерінен халықтың санасын, ойын, рухын көтеретін мәліметтер­
ді баса көрсетуіміз қажет. Тарих – тәрбие құралы, ол – идеология. Яғни мемлекетшілдік сана­сезімді 
қалыптастырудың ең төте жолы – тарих оқулығы. Тәуелсіз Қазақстан тарихының негізгі міндеттерінің 
бірі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болуы қажет, сонымен бірге, тарихтағы жалғастық ұлттық 
құндылықтарды ұрпақ санасына жеткізуде, түсіндіруде – басты құрал. Әлемдік тарихпен байланыс­
тыратын  болсақ,  ақпараттық  технологияның  дамыған  заманында  Жапония,  Корея,  Қытай  елдерінде 
қоғамның кез­келген саласы дәстүрге негізделгенін байқауға болады. Қоғам дамуының мүмкіндіктері 
дәстүрге негізделсе, жаһандану заманында халықтың өз болмысын сақтап қалуы мүмкін болары сөзсіз. 
Бұдан келіп туындайтын мәселе, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінгі күнге дейін саяси оқиғалар 
атап айтатын болсақ, Егемендік туралы декларация, Президенттік сайлаулар, тәуелсіздіктің танылуы, 
Қазақстан  Республикасының  рәміздері,  БҰҰ­ға  мүшелік,  Қарулы  күштерімізді  құру,  экономикалық 
ынтымақ ұйымдарына мүшелік, дипломатиялық қарым­қатынас, халықаралық жағдай, тағы басқалар 
жарқын  оқиғалар  ретінде  сарапталуы  тиіс.  Демек,  қазіргі  жаһандық  үдерістердің  бой  алған  кезінде 
әлемдік дамыған державалы елдердің әр түрлі мақсаттағы экспансциясы (экономикалық, діни, мәде­
ни, т.б.) қауіп төндіруі мүмкін. Белгілі ғалым Х.М. Әбжановтың тұжырымды пікірінде: «Егер кешегі 
отарлау мен тоталитаризм бір мемлекеттің ғана күшімен жүзеге асса, жаһанданудың артында әлемдік 
әлденеше алпауыт мемлекеттер тұрғанын бір сәтте қаперден шығармау керек. Ендеше тарихты зерттеу 
өткен­кеткенді судай сапырып, құрғақ, желбауыз әңгіме емес. Ол – бүгінгі өзекжарды міндеттерді оң 
шешу үшін ауадай қажет шарттылық әрі заңдылық. Тарих – қауіпсіздік пен болашақтың кілтін ұстаушы 
құдірет [8].
Қорыта  келгенде,  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  аталған  ұстанымдар  бойынша  негіздеуіміз  бүгінгі 
қоғамда  ұлттық  тарихи  сананы,  идеологияны  қалыптастыруға  бірден­бір  себепші  болары  анық. 
Тарихтың рухани құндылық бастауы ретінде рөлі артады. Тарих, ол – қоғам тарихы, мемлекет тари­
хы, халық тарихы, ондағы адамдардың тарихы ұлттық құндылықтарды ұлықтау негізінде іске аспақ.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жазуда ақпарат беру әдісімен қатар танымдық мәселелер де жетекшілік 
етуі аса маңызды. Танымдық ол, алдымен, білімді санада нығыздайды, әрі өздігімен ойлауға жетелейді.

159
Әдебиеттер:
1. Аяған Б.Ғ., Шәймерденова М.Ж. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 9­сынып. – Алматы: Атамұ­
ра, 2005.
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 9­сынып. Хрестоматия. – Алматы: Атамұра, 2005.
3. Қозыбаев М.Қ., Нұрпейіс К., Жүкешев Қ. Қазақстан тарихы. 9­сынып. – Алматы: Мектеп, 2009. – 
239 б.
4. Садықов Т.С., Қайырбекова Р.Р., Тимченко С.В. Дүние жүзі тарихы. 11 сынып. – Алматы: Мектеп, 
2007. – 255 б.
5. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010.– 429 б. 
6. Кузембайулы А., Абил Е. История Казахстана: Учебник для вузов. – СПб.: Солда, 2004. – 419 с.
7. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. – Алматы: Кітап, 2007. – 263 б.
8. Әбжанов Х.М. Ұлт тарихы. Оны зерттеудің өзекті ұстанымдары қандай болу керек? // Егемен 
Қазақстан. – 2006.
Резюме
В  статье  рассматриваются  фун даментальные  проблемы  исследования  и  преподавания  истории 
Казахстана  в  школах  и  высших  учебных  заведениях  Казахстана.  Отмечается  особый  вклад  ка зах­
станских ученых­исто ри ков в подготовку и издание объективных исследований по отечественной ис­
тории. Автор среди учеб ников выделяет учебник по истории для девятого класса, выпущенный под 
редакцией  Б.Г.  Аягана  и  М.Ж.  Шай мерденова,  который  отвечает  современным  требованиям  исто­
рической науки. Анализируется состоя ние подготовки монографии по истории Казахстана. Отме чены 
труды и исследования таких авторов, как М.К. Козыбаев, К. Нурпейсов, К. Жукешов, Р. Ка йырбеков, 
С.В. Тимченко. В подготовке учебников для студентов вузов в эти годы плодотворно работали А. Ку­
зембайулы, Е. Абиль, Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, С. Сабырулы, в учебниках которых история Казахстана 
представлена с древ нейших времен до наших дней. Особняком выделяются также труды Х.М. Абжанова, 
которые всегда носили концептуальный характер.
Summary
The  relevance  of  studying  and  teaching  the  history  of  Kazakhstan  of  the  age  of  Independence  doesn’t 
raise any doubts. In the article – «Independent Kazakhstan in history textbooks», the fundamental issues of 
studying and teaching the history of Kazakhstan at schools and higher educations are reviewed. Distinctive 
contribution of Kazakhstani historians in conducting and publishing of impartial researches on domestic 
history are noted. Among history textbooks, author distinguishes a ninth­grade textbook on history, published 
under editorial supervision of B.G.Ayagan and N.Zh.Shaimerdenov, which meets all modern requirements of 
modern history science. Status of the study on history of Kazakhstan in development is analyzed; such authors 
as A.Kuzembayuly, E.Abil, G.V.Kan, N.U.Shayakhmetov, S.Sabyruly worked on studies and textbooks for 
higher education students, where history of Kazakhstan is described from ancient times till present. Works of 
H.M.Abzhanov, which always possessed conceptual features, stand out among others. 
 

160
ӘОЖ : 574 : 54 : 375.5 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет