Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.46 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2014 №2 (23)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

оқушыларды 

шығармашылыққа

ынталандырады,  балалар  мұғалім  соңынан

қалмайды).

2.  Достық  ықылас  негізінде  құрылған

педагогикалық  қарым-қатынас  (мұғалім

оқушының  ересек  жолдасы  ретінде  қарым-

қатынаста  болады,  татулық,  достық  қатынас

орнайды).

3.  Дистанциялық  қарым-қатынас  (түрлі

әлеуметтік рөль атқаруына байланысты оқушы

мен  мұғалім  арасында  нақты  дистанция

сақталады,  мұғалімнің  жетекші  рөлі  орын

алады).

4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату



(мұғалімнің  өктемдігі  басым  болады,  балалар

үнемі мұғалімнің ұрсуынан үйреніп жүреді).

5.  Балалар мен жұмыс істеген кезде әзіл-

қалжынға  негізделген  қарым-қатынас

(балаларға  ұнау  үшін  жас  мұғалімдер

қалжындасып  сөйлеуді  ұстанады,  бірақ  бұл

дұрыс нәтижеге жеткізбейді).

6.  Мұғалім  шәкірттер  алдында  өзінің

артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-

қатынас  (мұғалім  тек  өзінің  беделімен  ғана

айналысады,  үнемі  өзінің  балалардан  жоғары

екенін дәлелдеуге тырысады).

Әр  жас  мұғалім  өзінің  дербес

ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне

байланысты педагогикалық қарым-қатынастың

өзіндік  стилін  қалыптастырады.  Қарым-

қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін

ең  алдымен  жас  маман  өзінің  психологиялық

ерекшеліктерін,  құндылық  бағдарын,  ішкі

қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы

зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті

зерттеуге 

арналған 

диагностикалық

әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық –

психологиялық әдебиеттерде өте көп.

Педагогың  тәрбиеленушілермен  қарым-

қатынас жүйесі туралы А.С.Макаренко: мұғалім

бір жағынан аға жолдар және нұсқаушы болуы

тиіс,  ал  басқа  жағынан  бірлескен  қызметтің

қатысушысы  болуы  керектігін  айтады.

Педагогтың  ұжыммен  қарым-қатынасында

белгілі  бір  бояу  ретінде  достықты

қалыптастыруы өте қажет [5; 246.].

Педагогта  қажетті  қарым-қатынас

тәсілдерінің  болмауы,  қарым-қатынас

технологиясын  білмеуі нақты бір рөл ойнайды.

Педагогта  кәсіби  қарым-қатынас  дағдысының

болмауы мұғалімнің жеке шығармашылығының

және  оның  тиімділігінің  төмендеуіне  әкеліп

соктыруы  мүмкін.  Көптеген  зерттеулер  мен

эксперименттер  нәтижесінде  педаготар  мен

психологтар  мұғалімге  коммуникативтік

қабілетті  дамыту  үшін  келесі  құралдарды

қолдануды кеңес етеді:

-Мектеп – қоғамның бөлшегі, педагогтың

балаға  қарым-қатынасы    қоғамдық

талаптардың көрінісі. Осыны ұғыну керек.

-  Мұғалім  педагогикалық  позициясын

ашық  жариялауға  міндетті  емес.  Бала  үшін

педагогтың  сөзі  мен  іс-қимылы  тек  міндетті

орындау ретінде ғана емес, оның жеке сенімін

ояту ретінде ұғынылуы керек.

-Педагогтың 

шыншылдығы-

тәрбиеленушімен  байланыс  жасаудың  берік

кепілі.

-  Жеке  тұлғаны  адекваттық  бағалау.



Өзінді  тану,  өзінді  басқару  әрбір  мұғалімнің

үнемі  жұмысы  болуы  керек.  Негізгі  назар

аударатын нәрсе өзінің эмоциялық жағдайын

басқару  біліктілігін  талап  ету:  тәрбие

процесінде ызалы дауыс көтеру, айқай т.б.

-Педагогикалық  мақсатты  түрдегі

қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы өзара

сыйластыққа құрылады. Әрбір оқушыны тұлға

ретінде  сыйлау,  құрдастары  алдында  өзіне

сенуіне  жағдай  жасау,  тұлғаның  жағымды

жақтарын дамытуға қолдау көрсету қажет.

-  Педагогқа  баланың  өз  күшін,  кең

эрудициясын  көрсетуге  қамқорлық  жасау

керек.


-  Қырағылықты  дамыту,  эмоциялық

жағдайларды түсіну, жағдаяттарға қорытынды

шығаруда шығармашылық жол табу, оқушылар,

ұжымдастар, ата-аналар алдында білімділікпен

шешім қабылдау қажет.

-  Мұғалімнің  сөйлеу  қызметінің  азаюы

есебінен оқушының сөйлеу қызметінің артуы

-Мұғалімнің қарым-қатынас шеберлігінің

маңызды көрсеткіші.

- Жетістігі маңызды емес оқушы алдында

да  мақтау  айтуға  жомарт  болған  дұрыс.

Басқалар  алдында  мақтау  керек,  ал  оңашада

ескертуге болады. Бұл үшін мұғалімнің сөйлеу


95

2014 №2 (23)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

шеберлігі дұрыс болуы керек. Егер сіздің дауыс

ырғағыңыз  қойылмаған  болса,  көзқарасыңыз,

қимылыңыз дұрыс болуы тиіс.

-Педагогикалық 

мақсатта 

өз

оқушыларының  а  та-аналарын  одақтас  етуге



болады.

-Екі жақтан да әңгіме мазмұны қызықты

болғаны дұрыс [6; 249б].

Осылайша  педагогикалық  атмосфера

стильге  байланысты  орнығады,  барлық

педагогикалық  процеске  қатыстыларға

эмоцияналды  игілікті  тілей  отырып,  біз  егер

педагог жоғарыда келтірілген кеңестерге көңіл

аударса,  онда  қарым-қатынас  процесіндегі

көптеген қиыншылықтар мен проблемалардан

айығуға болады деп ойлаймыз.

Қорытындылай  келе,    педагогикалық

қарым-қатынас 

ұтымды 


болу 

үшін


педагогикалық  ұжым    мүшелері  мен

окушылардың 

қадірлейтін 

заттарын,

идеялдарын,  қажеттіліктерін  ескеріп  отыру

қажет,  яғни  осының  бәрі  басшы  және

оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсетін

педагогтың ішкі көкейінен маңызды орын алуға

тиіс.  Тек  сонда  әрбір  субъектімен  жеке

жұмысын  жүргізуге  тиімді  амал-тәсілдерді

қолдана алады.

          Әдебиет

1.

Маслова Н.Ф. Стиль руководства учителя,



как  способ  социально-психологического

воздействия.-Л.: ЛГУ, 1973.

2.

Смирнова Е.О. Влияние и формыобщения



со взрослыми на эфекктивность общения.-М.:

Просвещение, 1981

3.

Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы.-



А.: Мектеп, 1976

4.

Формановская  Н.И.  Речевой  этикет



икультура общения.-М.: Высшая школа, 1989

5.

Тоқсанбаева  Н.Қ.  Оқыту  процесінде



қарым-қатынас  стилдерін  пайдаланудың

психологиялық  маңыздылығы  //.Қазақстан

жоғары мектебі.  2012, №2. -59-62 бет

6.

Құсаметова  Г.К.,  Тастемірова  А.С



Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі.

//  ҚазҰУ  хабаршысы,  Психология  және

социология сериясы. 2011,  № 1. 60-63 бет.

7.

Мұқашқызы 



С. 

Қарым-қатынас

психологиясы пәнін жүргізудің бағдарламалық

және әдістемелік мәселелері  //Сынып жетекшісі

2004, № 1. 3-5 бет.

8.

Тоқсанбаева Н.Қ., Жұбаназарова Н.С. Бала



танымдық  іс-әрекетін  дамытудағы  қарым-

қатынастың  рөлі  //ҚазҰУ  хабаршысы,

Психология  және  социология  сериясы.  2010,

№2. 29-35 бет.



Резюме

В  данной  статье  рассматривается  анализ  формирования  собственного  стиля

педагогического общения на основе личностных особенностей, возможностей и  способностей

учителя.

Resume

In this article is considered the analysis of forming its own pedagogical style of communication

based on own personal features, capacities and abilities ofteacher.

96

«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.

Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:

8 (7222) 35 48 52;

Е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

Компьютерде беттеген: Канапиянова А.

Корректоры: Жарылғасынұлы М.

Беттеуге тапсырылған күні - 16.06.2014 ж. Басуға қол қойылған күні - 23.06.2014 ж.

Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

баспаханасында басылды



Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет