«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
«ЖАҢА БІЛІМ
ЖАҢА ҒАСЫР» 
№ 1
45minut.kz Республикалық ұстаздарға
 арналған басылым редакциясы жинақтаған 
 шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
             
Алматы - 2014
1

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бастау сөз
   
      Заман   алға   жылжыған   сайын   уақыт   талабы     күшейіп,   білім   кәусарымен
ауызданған ұрпақтар   талапты да, ойшыл, дарынды тұлға болып қалыптасуы
үшін,   ұстаздар   қауымының   алдына       жаңа   технология   үрдістерді   қолдана
отырып,   үздіксіз   ізденіспен   оқушылардың   білімін,   таным-талғамын,   ой-өрісі
мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттейтін ұлы мақсат қояды. 
Елбасының   Қазақстан   халқына   жолдауында   «Білім   беру   реформасы-
Қазақстанның   бәсекеге   қабілеттілігін   қамтамасыз   етуге,   экономикалық   және
қоғамдық жаңару   қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін
құруды» міндеттеген болатын. Жүрегі  мейірімді, жаны жігерлі, қоғамның саяси
және мәдени шараларына  белсене ат салыса  жүріп, елімізде    парасатты  жас
тұлғаның қалыптасуына  аянбай тер төккен ұстаздар қауымының үлесі ерекше. 
«Ұстаз – шәкірттің ізінде, қылыштың жүзінде жүреді», - деп сыпыра шежіреші
Әлиасқар   Байғұтов   атамыз   текке   айтпаған.     Қызығынан   қиындығы   мол   осы
мамандық иелерінің   жаһандану кезеңіндегі инновациялық дамудың жолдары
мен әлемдік   білім беру тәсілдерін жетік меңгеріп, оны жас ұрпақтың санасы
жеткізетін   жаңашыл   ұстаздардың   еңбектерінен   құрастырылған     бұл   жинақ
маңызы да құнды   оқулыққа айналары ақиқат.        
                                                            
  Темірхан Әбдіков
                             Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,
                             Қазақстан Журналистер Одағының, Халықаралық  
                             Жазушылар  Одағының мүшесі 
2

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бастауыш мектеп оқушыларының білім, білік дағдыларын дамытудағы
психологиялық ерекшеліктерін жүйелі қалыптастырудың маңызы
Тегі, аты-жөні: Скендирова Лиза
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№ 201 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
 «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін
 өзі жақсы білуі керек.» А. Байтұрсынов
    Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамытуда  еліміздің келешегін айқындайтын
нәрсе – білім» деген. Ел келешегі жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор.
Бүгінгі   таңда   бастауыш   мектептегі   білім   беруді   жаңашылдандырудың   ақпараттық-
коммуникациялық   технологияларды   пайдалану   арқылы   көрініс   табатын   оң   алғы   шарттары
қалыптасып келеді. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер жасалды. Соның нәтижесінде тұтас
педагогикалық үрдістер өзгертіліп,білім берудің тиімді деп танылған жаңа техналогиялары дүниеге
келуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа технологиялардың саны да,
сапасы да өсіп келуде.
     Менің оқыту педагогикалық-псхологиялық  бағыттағы негізгі ой-тұжырымдамаларым мынадай:
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық   кәсіптік, адамгершілік және көптеген
адами   қабілеттің   қалыптасуына   игі   әсерін   тигізеді.   Өзін-өзі   дамытып,   оқу-тәрбие   үрдісін   тиімді
ұйымдастыруына   көмектеседі.Кез   келген   оқыту   техналогиясы   мұғалімнен   терең   теориялық-
психологиялық,   педагогикалық,   әдіскерлік   білімді,үлкен   педагогикалық   шеберлікті,   шәкірттердің
жан-дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуге талап етеді.
Оқыту   барысында   жаңа   технологиялық     әдістерді       пайдалану     шәкірттердің     ойлана   білу
қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын                                       
жақсартады,   ой-өрісін   кеңейтеді,   есте   сақтау   қабілеттерін   өсіреді.   Сол   үшін   мен   жаңа
технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде баланың жас ерекшелігін ескере отырып өз шеберлігіме
қарай   таңдап   алып   жүрмін.   Балаларды   сүйетін,   өз   пәнін   жетік   меңгерген,   психология,     терең
меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған оқушының бейнесі мынадай болуы тиіс:
Ұлы педагог М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе
білетін   адам   шығару   деген   сөз.   Тұрмыста   түйінді   мәселелерді   тез   шеше   білетін,   адалдық   жолға
құрбан бола алатын, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел адам
етіп   шығару.   «Баланы   мұндай   адам   қыла   алу   үшін   тәрбиенің   бар   күшін,   бар   білімін   жұмсап,
жалықпай, шаршамай үйрете білу керек» деген болатын. 
Менің   ұстанымым:   Оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, озық педагогикалық   технологияны
пайдаланып,   оқушының   шығармашылығын     дамытып,өз   бетінше   білім   алуға   қабілетті,   өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, заман талабына сай, жан-жақты қалыптастыру. 
Бастауыш мектеп сабақтарында ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет
етуіне     сабақта   жайлы   да,   жағымды   психологиялық   жағдай   орналасуына   мүмкіндік   жасайды.
Көбінесе ол топпен жұмыс жасалғанда айқын көрінеді. Оқушы жұмысқа ықыласпен кіріседі, белгілі
бір жүйеден шықпай қатып қалған  оқу тәсілі өзгереді,  өздеріне деген сенімі нығаяды, бірлесе жұмыс
істеу арқасында ынтымақ-бірлікті, әдептілік қасиеттері қалыптасады, ойларын ашық айтуға үйренеді.
Оның   өз   тәжірибемде   тиімділігі   мынадай   болды:   Мысалы,   4   сыныпта   ана   тілі   пәнінен   «Қайран
Қарасазым-ай!»   тақырыбындағы   өткен   сабағымда   топтық   жұмыс   өткіздім.   Осы   сабақта   берілген
тапсырмаларды орындау барысында,сұрақтарға жауап беру арқылы   өлеңнің авторының суреттеген
табиғатын  құрастырып шығатынымыз айтылып өтті. Менің байқағаным, бұл жерде уақытты үнемдей
білдім.      Жаңа сабақты  өткен сабақпен байланыстыруда өлең жолдары оқылып, өлеңнің мағынасы
ашылды.   Сонымен   қатар   жаңа   сабақ     оқушыларға   түсіндірілді.   Яғни,   оқушылардың   білім,   білік
дағдысын   тексеру   мақсатында   топ   бойынша   «Көңілді   балық   аулау»   сайысын   өткіздім.   Мәтінге
байланысты түрлі жұмыстар жүргізілді. Оның бойында сөйлеу мәдениеті мен өзгенің ойын тыңдай
білу   дағдысы   қалыптасады.   «Болашаққа   болжам»   сайысында   әр   топ   «Егер   мен   ақын
болсам»тақырыбы бойынша өлең шумағын құрастырды. 
Осы сабағымда, оқыту жүйесінде ақпараттық және интерактивті технологияларды қолдана отырып,
3

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
төмендегі нәтижелерге қол жеткіздім:
1)Ақпараттық  технология мүмкүндіктерін  қоланып, өз бетімен жұмыс жасай алады.
2)Игерген сабақты шығармашылықпен талдайды, өз ойын еркін жеткізе алады.   
3) шығармашылық жұмыстарға белсене  араласып,  жеке қабілеттерін көрсете алады. 
Интерактивті әдіс қолданғанда мұғалім кейбір ережелерді есте сақтау керек деп ойлаймын:
1)сынып оқушыларының сабаққа деген белсенділіктерін арттырып, танымға жұмылдыру
2)оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау, яғни оқушыларды үнемі, мадақтап, марапаттап
отыру.
3)сынып бөлмесі талапқа сай болуы қажет
4)әр оқушы өз ой-пікірін, көзқарасын  дәлелдеп беруге мүмкіндік жасау
5)оқушылар арасында топпен жұмыс жасауды бірізділікке қою
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа тәрбиелеу үшін қиын кезең екеніне қарамастан
балалардың бойына жауапкершілік сезімін сіңіру керек.Оларды шығармашылыққа бағыттап, бастаған
ісін   аяғына   дейін   жеткізуге   дағдыландыру   қажет.   Бастауыш   сынып   баласының   бойындағы
шығармашылық қабілетті анықтау үшін мұғалім өз әрекетін жан-жақты дамыту керек.  Яғни,
  -біріншіден, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің жетілдіруі;
  -екіншіден,оқытудың озық технологияларын меңгеруі;
  -үшіншіден,құрал-жабдықтар мен ақпараттық-технологияларды қолдауда өзгерістер енгізуі;
  -төртіншіден,оқушыларға жеткізілетін оқу материалдарының мазмұаны мен түр- сипатын өзгерте
білуі.Мысалы,берілген сөйлем үлгілері боынша сөйлемдер құрастырып қана қоймай, басқа сөйлемдер
құастыру, тапсырманы күрделендіру, жазуларды графикалық сызба түрінде жазу.
Шығармашылыққа   бағыттау  кезінде   көңіл-күйге  түрткі   болатындай жағдайды туғызу керек.  Ол
психологиялық   әсер   шығамашылық   процесс   кезінде   оқушыны   шығармашылыққа
құлшындандырады.Оқушының   жетістігін   мадақтап,   көтермелеп,   мұғалім   тарапынан   құптаушылық
көзқарасның болуы баланың еркін билеп, сенімін ұялатады.Мұғалім оқушының шығармашылығын
тежейтін   үрей,   қорқыныш   сезімінің,   өзіне   риза   болмаушылық   сезімінің,жалқаулықтың   алдын   алу
керек.   Ойы   жүйрік,ақылы   жетік,   бәсекеге   қабілетті,   өзгелерге   бейім   жеке   тұлғаны   тек   қана   жаңа
тұрпатты педагог қалыптастыра алады.  
     Сөз соңында айтарым, білім беру жұмысын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру мұғалімнен
ойлылықты, парасаттылықты, білімділікті, шығармашылықты талап етеді.
     
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп,  2000 ақпан,  №2   
2. Қазақстан мұғалімі,  2010 қараша
3. Қазақстан мұғалімі (журнал),  2010жыл, №5
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды
шығармашылыққа баулу жолдары
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері 
 Күміс Иманғалиева
Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   сабақтарында   бала   бойында   жалпы   білім   дағдысы   мен   білігін
қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың
маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін,
дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой-
пікірлері   арқылы   астасып   жатуы   керек.   Міне,   сонда   ғана   шығармашылық   процеске   бастайтын
шығармашылық   көңіл   күй   туады.   Сабақта   балаларға   ауыр   болады   деп   кейбір   теориялық   –
практикалық міндеттерден бас тартуға болмайды.
Сөз   өнерінің   негізінде   оқушының   дербес   шығармашылық   қабілетін,   ұшқыр,   шешен   сөйлеу
шеберлігін   дамыту   үшін   әдеби   білім   мазмұны   көркемдік   сипатқа   құрылып,   оқушы   біліктілігін
арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін
4

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
білім   мазмұны   мектептің   барлық   сатыларында   нақты   көрініс   тауып,   оқушылардың   білімдік
құзыреттілікті   меңгеруін   қадағалайды.   Құзыреттілік   ұғымы   –   оқушының   белгілі   бір   кешенді   іс-
әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.
Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   сабақтарында   оқушыларға   шығарма-тапсырмалар   беру   арқылы
шығармашылық   пен   іскерлікке,   ізденімпаздық   пен   байқампаздыққа   бағыттауға   болады.   Сабақта
оқушыларға құрылысы, тілі, оқиғасы өте қарапайым тапсырмалар желісін ұсынуға болады. Оқушыға
шағын әңгіме желісін беріп, әрі қарай әңгіме желісіне өзгеріс енгізуді, әңгімеге басқа көзқарас қосуды
тапсыру   қажет.   Сонда   оқушылар   ойлана   отырып,   әңгімені   әрі   қарай   жалғастырады.   Әркім   өз
шеберлігіне қарай жұмыс жасауға үйренеді.
Оқушыны іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы,
білімі мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін
мәтін   бойынша   жоспар   құру   әдетін   қолдануға   болады.   Нәтижесінде   оқушы   мәтін   бөлімдеріне
қысқаша   тұжырымдама   жасап,   әрбір   оқиғаға   ат   қойып,   өзіндік   іздену   мен   білім   дағдысын   берік
қалыптастырады.Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық шығармаларды прозаға
айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді.
Сонымен қатар оқушылар шығармашылығын арттыруға төмендегідей жұмыстарды жүргізуге 
болады:
1. Жай жоспар жасаудан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға
2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен формаға
3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан 2-3 қосымша оқулықтардан ізденуге
4. Лекция жоспарын жасауға конспект, тезис, реферат жасауға
5. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруден баяндама, диспутқа дейін 
 Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарының ішінде шығарма басты орын алады.Шығарма 
жазу оқушылардың шындыққа нақты қатысын қалыптастырады, нағыз шығармашылықтың дамуына 
үлкен әсер етеді. Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің 
таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында 
бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. 
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға
икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың 
көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша 
түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің 
түпкі нәтижесі.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні
сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі
болса   да   өте   күрделі   ой   еңбегі,   шығармашылық   іс.   Оқушының   ақыл   -   ой   қабілетін   дамытып,
белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі
ақыл - ой еңбегін «шығармашылық»  деп атауға болады.
 Шығармашылық жұмысқа бейімдеу үшін 
алдымен оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет сабағының кіріспе және қорытынды кезінде 
оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған жөн.
1. Баланы жұмбақ, ребус шешуге үйрету керек
2. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жасырын беруге болады.
3. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту қажет.
4. Кейіпкер туралы ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге 
үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады. 
 Сонымен қатар  баланы мазмұндама жазуға үйрету керек.
- Кей бала тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға түсіре алады.
- Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір 
жерлерін  шалағайлау жазуы мүмкін.
- Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай 
алмайды.
- Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та 
5

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала. Енді сіздің жұмысыңыз 
екі түрлі бағыт алады.
1) жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу;
2) жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу;
Мазмұнын білген бала өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме жазған бала шығарма жаза алады деген
сөз. Шығарма жаза білген бала, барлық шығармашылық түрлерімен айналыса алады. Қазақ тілі мен 
әдебиеті сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде 
қолдана алуына жағдай жасаудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызды зор.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
      Қызылорда облысы, Жалағаш кенті
Дүйсенова Алтын №201 орта мектептің 
математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:  §19 Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
БІЛУ:   Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктің шығу жолымен танысып,негізгі тригорометриялық 
тепе-теңдікті білу.  
ТҮСІНУ:Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып есеп шығару жолын түсінеді. 
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Бір тригонометриялық функцияның берілген мәні бойынша қалған 
тригонометриялық функциялардың мәнін есептеуге қолдана алады.
Ұйымдастыру   кезеңі (1-2минут)
-Оқушыларды   жасырылған  қағазда  жазылған сөздерді  таңдау арқылы 3  топқа  бөлу;
 -топта  рольдерге бөліну ;
-топ  ережесін  құру
-топ жетекшісіне  бағалау парақшасын тарату.
Үй тапсырмасын  сұрау:
Жеке  жұмыс                 Блиц турнир
Сұрақтарға  тез жауап  алу. Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды. Топ 
жетекші  сұрақтың  қайталанбауына 
назар аударады.
I- ТОП.  Сәйкестік тест
1. sin²х+ cos²x                                a)1-sin²x
 2. 1+tg²x                                                          б)    sinx/cosx
 3. cos²x                                                            в)1 – cos² x      
 4.tgx                                                                  г)1
 5.Ctg x                                                              д) cosx\sinx      
 6.Sin²x                                                              e)sin² x-1
 7.-cos²x                                                            ж)1\cos² x
II- ТОП.  Сәйкестік тест. 
1) -sin²x  
                              а) 
2) tgx   ctgx 
    б) 1/ctg 
3) 1+ctg²x
   
    в)  x
4) Cosx
     г) 
5) Sinx
     д)  1 
6)Tgx
e) cos x-1
7) ctgx
ж) 
                 III – ТОП.  Математикалық толықтыру диктанты
Тиісті сөздерді жазыңыз. 
1.В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы ά бұрышының......... деп аталады.
2.В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы ά бұрышының  .........  деп аталады.
3. В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы ά бұрышының........ деп аталады.
4. В нүктесінің абциссасының ординатаға қатынасы ά бұрышының ........деп аталады.
ПОСТЕР ЖАСАУ (10МИНУТ)
6

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
І-ТОПҚА: Тригонометриялық тепе-теңдік
ІІ-ТОПҚА: Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
ІІІ-ТОПҚА: Тригонометриялық функциялардың бұрышын анықта.
ТОПТЫҚ  ЖҰМЫС: ПОСТЕР  ҚОРҒАУ  (5-МИНУТ)
Екі  жұлдыз -  ұнайтын екі  нәрсе (жұмыс бойынша)
Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін  ұсыныстар
Оқулықпен жұмыс
299есеп
А) sin =              соs = -  = = 
300 есеп
Б) sin= -          180
0
 <  < 270
0    
    соs = =  = 
В) ctg = ·  = 
301 есеп
Cos = -         90
0
 <  < 180
0
   
A) sin =  = =  = 
Б) tg =  =  ·  = 
302 есеп
Cos
2
 + tg
2
 + sin
2
 = 1+tg
2
 = 
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА 
§19 № 306 есеп
 
Бағалау 
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мұқанбетқалиева Айбарша, 
БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы, 
С. Есетов атындағы ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 3.
Пәні: қазақ тілі.
 Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. 
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауыш туралы түсініктерін 
кеңейту. Оның бастауышпен байланысын, сөйлемдегі атқаратын қызметін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
1.
Баяндауыш деп аталатын сөйлемнің негізгі мүшесі туралы түсінік алады.
2.
Сұрақ қойып, сөйлем ішінен баяндауышты ажырата алады.
Не арқылы бағаланады ?
2.
Семантикалық карта стратегиясы арқылы бастауыш пен баяндауышқа жататын сөздерді 
ажырата алуы;
3.
Венн диаграммасы арқылы бастауыш пен баяндауыштың жеке ерекшеліктері мен 
айырмашылығын ажырата алуы;
Барысы:
3.
Қызығушылықты ояту.
«Семантикалық карта» стратегиясы.
Сөздер 
бастауыш
баяндауыш
1
Сабақ 
2
Бие 
3
Себеледі
4
Қуансын 
5
Ауыл 
6
Суарды 
7
Құстар 
8
Оралды 
9
Аяжан
10
Шығар  
4.
Мағынаны тану.
7

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1.
Бастауыш пен баяндауыштың ережесін айтады. Мысал келтіреді, сұрақ қояды. 
2.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығулар орындайды. 
4.
жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз. Баяндауыштарды тауып, сұрақ қой. Олардың астын екі сызықпен сыз. 
Жалқау бала.
Сабаққа мойын бұрмайды.
Кітаппен кеңес құрмайды.
Мектепке ерте бармайды.
Ұйқысынан тұрмайды.
5.
жаттығу.
Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемдердегі баяндауышты тауып сұрақ қой.  Олар қай 
сөз табынан жасалып тұр ?
Ұшақ биікке көтерілді. Пойыз жылдам жүріп келе жатыр. Кеме су бетінде жүзіп келеді. 
(сұрағы- не істеді ? не істеп келе жатыр ? Жасалуы: етістік сөз табынан)
6.
жаттығу. 
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі бола алады ?
Болат ерте тұрады. Төсегін өзі жинайды. Болат- өте ұқыпты бала. Ол киімдерін кешке даярлап 
қояды. Болат сабақты жақсы оқиды. Бос уақытында ата- анасына көмектеседі. 
(Бұл сөздер баяндауыш болады) 
5-жаттығу.
Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты ғана теріп жаз.
Мысалы: Бие құлындады. Құлыншақ басады. Ол жүрді. Енесі тұр. Құлыншақ жақындады. Ол емді. 
3.
Ой толғаныс. 
1. «Венн диаграммасы» стратегиясы.
2. Электронды оқулықпен жұмыс.  
3. «Сөз қуаласпақ» ойыны.
1- қатар бастауышқа жататын сөздер айтады. 2- қатар сол бастауышқа баяндауыш табады. 
4.
Бағалау. 
5.  Үйге тапсырма.
6.
Ережені қайталау.
7.
4- жаттығу. 73- бет. Жаңылтпашты жатқа жазу. Баяндауыштардың астын сызу.
«Семантикалық карта» стратегиясы.
Сөздер 
бастауыш
баяндауыш
1
Сабақ 
2
Бие 
3
Себеледі
4
Қуансын 
5
Ауыл 
6
Суарды 
7
Құстар 
8
Оралды 
9
Аяжан
10
Шығар  
«Семантикалық карта» стратегиясы.
Сөздер 
бастауыш
баяндауыш
1
Сабақ 
2
Бие 
3
Себеледі
4
Қуансын 
5
Ауыл 
8

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
6
Суарды 
7
Құстар 
8
Оралды 
9
Аяжан
10
Шығар  
«Семантикалық карта» стратегиясы.
Сөздер 
бастауыш
баяндауыш
1
Сабақ 
2
Бие 
3
Себеледі
4
Қуансын 
5
Ауыл 
6
Суарды 
7
Құстар 
8
Оралды 
9
Аяжан
10
Шығар  
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет