Жалпы патофизиология


Гликолиз (грек. glycos - тәтті + lysis -бөлшектену) - глюкозаның оттегiсіз  сүт қышқылына дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi.  Гликонеогенез



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Гликолиз (грек. glycos - тәтті + lysis -бөлшектену) - глюкозаның оттегiсіз 
сүт қышқылына дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi. 
Гликонеогенез (грек. glycos - тәтті + neos - жаңа + genesis – туындау) - 
глюкозаның, гликогеннiң сүт қышқылынан, нәруыздардан немесе майлардан 
түзiлу процесi. 
Кори циклы- сүт қышқылынан глюкозаның синтезделуі. 
Рэндл циклы - «глюкозаны үнемдеуші» үшін тіндерде глюкозаның орнына 
май қышқылдарының тотығуы есебінен іске асатын цикл.
Гликогеноздар- түрлі ағзалар мен тіндерде гликогеннің артық жиналуымен 
сипатталатын тұқым қуатын аурулар тобы.
Панкреалық (абсолютті) инсулиндiк жеткiлiксiздiк- инсулиннiң 
биосинтезі мен бөлiнуінің бұзылуынан дамыған инсулин жеткiлiксiздi. 
Панкреалық емес (салыстырмалы) инсулиндiк жеткiлiксiздiк
Лангенгарс аралшықтарындағы бета жасушалардың инсулинді түзуі және бөлуі 
қалыпты жағдайда, инсулиннің катаболизмiн тездететiн немесе әсерiн тежейтiн 
факторлардың пайда болуымен байланысты дамыған инсулин жеткiлiксiздiгі. 
Синальбумин – бұлшықет тіндеріне инсулиннiң антагонистi. Оның 
мөлшерiнiң жоғарлауы панкреалық емес инсулин жеткiлiксiздiгiне әкелуі мүмкін. 


Гиперлактацедемия - қанда сүт қышқылының мөлшерiнiң жоғарлауы 
(қалыпты деңгейі - 0,62-1,33 ммоль/л). 
Аралшықты қантты диабет- асқынбайтын инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен 
сипатталатын қантты диабеттiң патогенездік түрi (гипергликемия мен 
глюкозурия бауыр семiруiмен және кетозбен асқынбайды). 
Тотальді қантты диабет - инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен қатар липокаиннiң 
тапшылығымен жүретiн диабеттiң патогенездік түрi (асқынулар бауырдағы майлы 
инфильтрация және кетоз түрiнде кездеседi). 
Диабеттік микроангиопатия - ұсақ қан тамырларының (капиллярлардың, 
артериолалардың, 
венулалардың) 
жайылымды 
(жалпы) 
дегенеративтi 
зақымдалуы. Ретинопатия, невропатия жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет