Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет213/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   248
ЖАЛҚЫЛАУЛЫ-ЖАЛПЫЛАУ ƏДІСІ
Бір  жерде  жалпылау,  бір  жерде  жалқылау  əдісі  жүріп, 
ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау əдісі болып бірігеді.
Бұл əдістің өзі қолдану жүзіндегі басқалдақтарына қарай 
бірнеше түрге бөлінеді: 
1. «Шағын  сөзді»  деген  түрі.  Мұның  асылы  балаларға 
шағындап алған əр сөздің оқуы мен жазуын білдіру. Мұны 
əуелі қолданушылар Пөгел, Томас, Беме деген неміс оқыту-
шылары.  Сонан  басқалар  алып  түрліше  қолданады.  Бірақ 
бəрінінің негізі мынау болады: 
Əліп-би  кітабы  болмақ.  Ол  кітаптың  ішінде  біріншіден 
сүгіреттер  болмақ.  Екіншіден  сүгіреттегі  нəрселердің  атын 
көрсететін  баспа  да,  жазба  да  сөздер  болмақ.  Үшінші  сол 
сөздерге ұқсас басқа да сөздер болмақ. Төртінші үйретілген 
əріптерден жасалған сөздер, сөздерден жасалған сөйлемдер, 
1
 Тұтас сөз-сөйлем əдісінің негізі осы мақалада айтылған болса да, бұл 
күнде басқаша ұсталатын кездері де бар. Ахаңның жалқылаулы-жалпылау 
əдіс  дегені  осы  тұтас  сөз-сөйлем  əдісі.  Мұның  бүге-шігесі  келер  санда 
басылады. Басқарма. 


588
589
сөйлемдерден жасалған қысқа қысқа əңгімелер болмақ. Бе-
сінші түгел күйінде əліп-би іретімен жазылған əріптер бол-
мақ.  Бұл  соңғысы  үйреті  үшін  емес,  əріп  біткеннің  бəрі 
үйретіліп  болғандығын  көрсету  үшін  қойылады.  Осылай-
ша шығарған əліп-би кітаптары бірінен-бірі негізгі жағынан 
емес, – бірінші  шағындап  алған  сөзінің  сандары  жағынан, 
екінші сөздерінің түрлері жағынан, үшінші сөздерінің орна-
ласуы жағынан, төртінші оқуға алынған əңгімелер жағынан 
айырылады. 
Үйрету көшесі былай: 
1. Əліп кітабының бірінші бетінде тұрған сүгіретті оқытушы 
тақтайға  салады  да  сол  нəрсенің  жайынан  əңгіме  қозғайды. 
Əңгіме балаларды қозғайды. Балалар мен оқытушы əңгімелесе 
əңгімелесе барып, сол нəрсе турасындағы жұмбақтар, өлеңдер 
сияқты нəрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл əңгіменің 
пайдасы – алынған  нəрсені  балаларға  анық  танытып  білім 
береді. Сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді. 
2. Салынған сүгіретті балалар дəптерлеріне көшіреді. Бұл 
көшіру  балаларды  сүгірет  салуға  үйрету  емес,  салғандары 
ұқсасын-ұқсамасын əркім əлінше салса болғаны. Мұның пай-
дасы – сүгірет  салуға  балалар  əуес  болғандықтан  сүгірет 
салғандарына  мəз  болып  өздері  ырақаттанады.  Қарындаш 
ұстауға қолдары үйренеді. 
3.  Сүгіреттегі  нəрсенің  атын  көшіру.  Оқытушы  сөзді 
тұтас күйінде тақтайға жазады. Балалар дəптерлеріне көші-
реді. Дəптерлеріне көшіруден бұрын былай ету керек дейді: 
оқытушы  тақтайға  жазып  жатқанда,  балалар  қарап  бағып 
отырады.  Жазып  болған  соң  балалар  орнында  отырып, 
оқытушының  жазуын  еліктеп,  жазған  сияқты  болып  сұқ 
қолдарымен  тақтай  бетіндегі  жазу  бойымен  жүргізеді.  Со-
нан соң барып қарындаш пен дəптерлеріне жазады. 
4.  Сөздің  дыбыстарын  айыру.  Ол  үшін  оқытушы  тиісті 
сөзді алады да дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айта-
ды. Əсіресе кезінде үйретуге керек болып тұрған дыбысты 
айқындата айтады. 
5.  Сөзді  əріптен  бұтарлау.  Ол  үшін  оқытушы  əріп  ара-
ларын  ашығырақ  жазады.  Балалар  соның  ішінен  үйреніп 
жүрген əріпті танып алып бірнеше ірет жазады. Солай бір-
неше əріпті танығаннан кейін оқытушы енді əр əріпті жеке 
күйінде алып тақтайға жазып, бұл қай сөзде қандай орында 
тұр деп сұрайды. Балалар алып, кітабынан жазылған əріпті 
сөздің ішінен танып көрсетеді. 
6. Əріптерден сөз жасау. Балалар үш-төрт əріпті танитын 
болғаннан кейін солардаг құрап сөз жасайды. 
7.  Баспатану.  Ол  үшін  жазба  сөздің  астына  баспа  сөз 
құйылып екеуінің əрпі салыстырылады. 
Шағын  сөзді  алдыңғы  əдістерше  не  əріп  жаттатып,  не 
сөз жаттатып, балалардың басын қатырып жалықтыру жоқ. 
Жұмыстың бір үші оқытушы да бір үші балалар да болып, 
бұлардың басы білім құятын тең ыдыс есебінде болмай, не-
месе бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемей, екі жағы 
да зер салып істейтін болады. 
Мұнысы алдыңғы əдістерден артық бір жері болса, екінші 
бір  артық  жері – аз  сөзді  оқи  білумен  балалар  көп  сөзді 
оқып  кетуге  жарайды.  Сондай  артықтығы  болғандықтан 
бұл əдіс мəдениетті жұрттардың бəріне де жайылады. Жұрт 
өзінің  тілінің  емлесінің  жүйесіне  қарай,  түрліше  ыңғайлап 
қолданады. Сондықтан пəлен əдіс, түген əдіс деп түрлі атпен 
аталады.  Атына  қарамай,  затына  түптеп  қарағанда  бəрінің 
негізі бір болып шығады. – Орыстарда түрлі атпен аталған 
əліп-би кітабы үйрететін əдістер, татарлардан мəселен түрлі 
атпен аталған əліп-би кітабы үйрететін əдістер, біздің қазақта 
да əліп-би кітабымен үйрететін солардың бəрі де шағын сөз 
əдісінің негізінен құр емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет