Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет119/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   168

Сары  жұрт.  Əбден  ескірген,  шөбі 

желініп  біткен  жұрт.  Ала  жаздай  ел 

жайлаған жайлаудың с а р ы  ж ұ р т ы 



н  а  алсындап  қайта  шыққан  көк  балау-

са  беткейлері  көзге  алыстан  шалынады 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 8). 

Сары жұрт тартты. Сарғайды, сүрең-

сізденді. Айнала с а р ы  ж ұ р т  т а р т ы п,

оқта-текте құйын қуалаған қаңбақ көшеді 

(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 125). 

Сары кезік. м е д. Сүзек ауруының со-

зылмалы түрі. С а р ы  к е з і к – ұзақ ауру 

(Ана тілі, 28. 06. 1990, 5). 



Сары  сүйек  жегжат.  Ежелден  құда-

жегжаттығы бар. – Ежелден с а р ы  с ү 

й е к  ж е г ж а т ы м ы з. Өздері де қақ-

соқпен жұмысы жоқ, құдай деген адамдар 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 15). 

САРЫАҒАШТЫ  с  ы  н.  Сарыағаш 

өскен,  сарыағашы  мол  (Т.Жақыпбайұлы, 

Асан ата, 26). 



САРЫАЛА: Сарыала қамшы. Сабы 

сары  жезбен  əрлеп,  сəндеп  жасалған 

қамшы.  Ал  ерлер  қамшысының  сабына 

темірден  бауыр  салып,  қайыспен  не-

месе  жезбен  орап  сақиналайды.  Мұн-

дай қамшыны «с а р ы а л а  қ а м ш ы» 

деп  атайды  (Шаңырақ, 34). Ұсақ  қол-

өнерді  күнделікті  тұрмыстық  қажетіне 



497

Байынқол Қалиев

кəсіп еткен қазақтар атжүргіштің, с а р ы 



а л а қ а м ш ы н ы ң сабын тобылғыдан 

əшекейлеп  жасаған  (Қаз.  əдеб., 26. 08. 

1988, 3). 

САРЫАТАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Мамыр-

маусым  айларында  тіршілік  ететін 

қоңыз  түрі.  Бəбісек  ғалымдардың 

есептеуінше,  бір  күнде  қырыққа  жуық 

көкқасқа шегіртке, елу шақты с а р ы а т а н,

бес зауза қоңызын жейді екен (Ана тілі, 18. 

04. 2013, 5). 

САРЫАЯҚ:  Сарыаяқ  болды.  Өсті, 

үлкейді,  əлденді.  Мезгіл  күзге  айналып, 

қоянның көжегі с а р ы а я қ б о л а бастаған 

уақытта үш жас ителгіні аңға алып шыға 

бастадық (Ə.Көшімов, Жас аңшы, 74). 



САРЫБАЛАҚТАН...  Елдің  бас 

көтерер ер-азаматы пішен шауып, шошаққа 

салынған пішенді қора басына тасып, бір 

жағынан с а р ы б а л а қ т а н ы п пісіп 

қалған егін орағына қамданып, қызыл та-

нау болып жатқан қауырт шақ (С.Омаров, 

Қызыл арай, 123). 

САРЫБАУЫР  з  а  т.  з  о  о  л.  Сарлан 

кейде осылай да аталады. С а р ы б а у ы р

–  зиянсыз  бауырымен  жорғалаушы,  бау-

бақшалардағы  зиянкестерді  жеп  пайда 

келтіреді (Қазақст. жануар., 103). 



СА Р Ы Б Ө Р Т П Е . . .   Же м н і ң   о с ы 

мөлшердегі  суға  шайылған  түрін  «с  а  р 



ы  б  ө  р  т  п  е»  деп  атаған.  Бұл  қайырып 

отырған  жəне  бар  күйінде  аңға  салынып 

жүрген құстарға берілетін жемнің бір түрі 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 48). 



САРЫЖАСЫН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Садақ 

оғының бір түрі. «Сол» деп бас изегенінше 

əлгі  жас  батыр  иығындағы  қос  жауырын 

садағын  қолына  алып,  адырнасына  с  а  р 

ы ж а с ы н д ы тірей бастады (С.Сматаев, 

Елім-ай, 25). 



САРЫЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. х а л қ. 

Есекқырған. Əкесі айтқан с а р ы ж ұ л д ы 

з д ы бетке алып, Сапаш суыт жүріп келеді 

(Ж.Кəрменов,  Ғашық., 25). Есекқырған 

немесе  Асқақ  жұлдыздың  (Юпитердің) 

түсі  сары  болғандықтан  оны  халық  кей-

де С а р ы ж ұ л д ы з деп те атай береді 

(С.Сəрсенова, Астрономия терм., 73). 



САРЫКӨБЕ с ы н. Сарғыш тартқан, 

сарғайған. Жаз өтіп, с а р ы к ө б е күз келді. 

Көшеде  сусыған  сары  жапырақ  көбейіп, 

жаңбыр  жауып  құйды  кеп  (Жалын, 1974, 

№2, 71). 



САРЫЛЫҚ... Ғайшаның с а р ы л ы ғ ы 

мен көзінің үлкендігі ғана əкесіне тартқан 

(С.Алдабергенов, Жаңару, 157). 

САРЫМСАҚТАЙ  с  ы  н.  Сарымсақ 

сияқты,  аппақ,  жұп-жұмыр.  Келіншек 

– жас жауқазын, с а р ы м с а қ т а й, Қыз-

дар  да  пісіп  отыр  қауыншақтай,  Ақ  та-

мақ,  алма  бетті  арулар  жүр  Қыдыртқан 

бақалшылар  сабыншақтай  (І.Жансүгіров, 

Шығ., 500). 



САРЫНСУ з а т. к ə с і б. Егіннің (бидай-

дың) үшінші суарылуы. С а р ы н с у ы бидай-

дың  сағақ  тарта  бастағаннан  кейін  мой-

ынсуынан кейін беріледі (Қазақ тілі., 165). 

САРЫСУ__2'>САРЫСУ__1'>САРЫСУ

1

 з а т. в е т. Түйенің сарғыш 

сұйықтыққа  толып  кететін  жұқпалы 

жəне  созылмалы  ауруы.  Қазіргі  уақытта 

жоғарыда  айтылған  аурулардың  басым 

көпшілігі,  мəселен,  мəлік,  күл,  топалаң,

с а р ы с у, қатпа, кебенек т.б. кездеспейді 

деуге  болады  (Х.Арғынбаев,  Қаз.  этноге-

нез., 160). 

САРЫСУ

2

 з а т. с ө й л. Садыра. С а р 

ы с у іркілген ат қораның іші тұншығардай 

қапас,  тымырсық  еді  (С.Мұратбеков,  Дос 

ізде., 261). 

САРЫСУ



Сарыс  етістігінің  қимыл 

атауы. 

САРЫПІСІРІК  з  а  т.  б  о  т.  Шөл-

шөлейтті,  тастақты  жерде  өсетін 

өсімдік. Тибеттің көп жерінде с а р ы п і с 

і р і к өседі, бұл сарлыққа жұғымды шөп 

(Халифа Алтай, Алтайдан., 49). 



САРЫШАЯНША  ү  с  т.  Сарышаян 

тəрізді. Сұм неменің бұл с а р ы ш а я н 

ш а шағып алған сөзіне шамданып қалды 

(Ə.Байбол, Теміржол., 180). 



САС з а т. в е т. Мал сырқатының бір 

түрі. Жұқпалы емес. Сиректеу кездеседі. 

Көбіне  ат-көлікте  болатын  кінəрат 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 82). 



САСКЕҢІРДЕК: Саскеңірдек болды. 

Тамақты  мөлшерден  артық  ішкендік-

тен кекірігі азды д.м. Аса тойғызып жібер-

се, с а с к е ң і р д е к  б о л а д ы, тым ашықтыр-

са, азып кетеді (Қаз. əдеб., 09. 04. 1982, 14). 

САСҚАЛАҚСАРЫ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Бүркіттің тегі нашар бір түрі. Бұл – түк 

алмайтын,  тышқаннан  басқа  ауқаты  жоқ, 

«с а с қ а л а қ с а р ы» деген тексіз бүркіт 

(Ш.Айманов, Қыран тур., 50). 



САСПАСТЫҚ з а т. Асықпайтындық, 

саспайтындық. Дүние өртеніп бара жатса 

498

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

да парық қылмайтын с а с п а с т ы ғ ы тек 

соңғы жылдарда шілдің қиындай пышырап 

бопсалана бастаған (О.Бөкеев, Үркер, 114). 



САСЫҒЫТ з а т. к ө н е. Ұрланған зат-

тан  түскен  пайда.  Ұры  ұсталса,  ұстаған 

адам оның жейде-дамбалынан басқасының 

бəрін  тартып  алады.  Ұрланған  заттан 

түскен пайда с а с ы ғ ы т деп аталынады 

(ҚазССР ҒА Хабарлары, 1975, №1, 36). 

САСЫҚ:  Сасық  жын.  э  т  н.  Зияны 

тиетін, ауруға ұшырататын жын. Бақсы: 

-  Əлмерек  батырдың  қамшысын  алып 

келіңдер. Мына баланы с а с ы қ  ж ы н 

иектеп, буып алыпты, - деді (Қ.Тоғысбаев, 

Бабадан., 35). – Тиіспеңдер, - деді қариялар

- мына кісі үлкен бақсы. Мұсабектің с а с 



ы қ  ж ы н ы бар деуші еді, бəлкім соны 

байқаған шығар (Бұл да, 101). 



САСЫМА з а т. с ө й л. Сасықтабан. 

Сиыр,  қой,  ешкі  сияқты  аша  тұяқты 

малдардың  тұяғының  арасы  қабынып, 

іріңдеп, ісіп ақсайтын ауруын с а с ы м а

(айырма)  дейді.  Ісік  тұяқтың  арасынан 

басталып, оның көбесіне тарайды. С а с ы 



м а малды сазды, ылғалды жерге жаюдан 

болады (Жетісу, 22. 11. 1963, 4). 



САТҚАҚТА  е  т.  Сиыр  малының  əр 

жерге  бір  тышуы;  садыралау. – Басқа 

жер таппағандай нақ осы жерге, нақ бүгін 



с а т қ а қ т а п кеткенін қарашы, қарасан 

келгірдің (Н.Ораз, Сиқырлы., 177). 



САТҚАҚТАУ  Сатқақта  етістігінің 

қимыл атауы. 

САТТАР з а т. м у з. Ұйғыр халқының 

сым ішекті саз аспабы. Сауыққойлардың 

ішінен арық қара кісі шығып, бір қолына 

ұйғырдың тəмбір, екінші қолына с а т т а р

аталатын  сым  ішекті  аспаптарын  ұстап, 

Нартуғанның қасына келді (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 162). Бөгелмей  с  а  т  т  а  р  ы  н 

қолына ұстады да, садақтай иілген кəман-

ысқышты  сым  ішектердің  үстінде  билете 

бастады (Бұл да, 165). 

САТТЫҚ... С а т т ы қ т а арнайы «Ан-

тимоль» атты қаракүйеге қарсы қолданылар 

зат болады (Мəдениет жəне тұрмыс, 1973, 

№11, 24). 



САТЫ з а т. с ө й л. Арбаның шанағы, 

шарбағы.  Тұс-тұстан  бүйірлеп,  əп-сəтте-

ақ  екі  доңғалақты  жеңіл  арбадағы  шөп 

жеңілейіп, с а т ы с ы көрініп шыға келді 

(С.Досымов,  Жаңғырық, 36). Арба  с  а  т 



ы  с  ы  н  ы  ң  белдеуіне  сүйенген  Ербұлан 

осы  түрлі  əуенді  ұзақ  сарыла  тыңдады 

(М.Қуанышбаев, Тайталас, 65). 

САТЫАҒАШ  з  а  т.  Үйдің,  қораның 

төбесіне  шығатын  құрал;  саты.  Итті 

с  а  т  ы  а  ғ  а  ш  қ  а  бағыттап  еді,  ол  екі 

қарғып  қораның  төбесіне  бір-ақ  шықты 

(Э.Төреханов, Таудан түс., 27). – Шығатын 

с  а  т  ы  а  ғ  а  ш  т  ы  айтам. – Жоға. 

Сатыағаш емес, кəдімгі кірпіштен я ағаштан 

текпішектеніп жасалған баспалдақтар (Таң 

нұры, 55). 



САТЫЛЫМ з а т. Сату ісі; сатылған 

нəрсе.  «Эйр  Астана»  əуекомпаниясы  с  а 

т ы л ы м тарифтері бойынша ішкі жəне 

халықаралық бағыттардағы əдебиеттердің 

сатылым  басталғандығын  жариялайды 

(Жас Алаш, 21. 04. 2009). 



САТЫРАП  з  а  т.  э  к  с  п  р.  Патша 

офицері,  солдаты;  жалдабы  д.м.  Бағана 

патша  с  а  т  ы  р  а  б  ы  н  а  қарсы  қандай 

əрекет  көрсетті  бұл?  Түк  істей  алмады 

(А.Сатаев, Бəрі де., 236). Патша с а т ы р а п



т а р ы мен жергілікті бай-феодалдардың 

қысымшылығына  қарамастан  озық  орыс 

мəдениеті өзбек əдебиетінің жаңа мазмұнда, 

тың  бағытта  дамуына  ХІХ  ғасырдың  аяқ 

шенінде-ақ өзінің игі əсерін тигізе бастады 

(Қ.Нұрмаханов, Дос лебуі, 73). 



САУ  е  т.  а  у  ы  с.  Біреудің  байлығын 

пайдалану, қызығын көру. Ана Темірбайдың 

баласы  албанды  с  а  у  ы  п,  осы  жаздың 

өзінде қоралы қой жиып алып отырған жоқ 

па? (М.Əуезов, Қилы заман, 41). 



САУАЛДАС  Сауалда  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс  (Ж.Молдағалиев, 

Алғ.  қоңырау, 52). Əке  жүрген  жолды 

басып,  əке  көзін  көрген  елмен  с  а  у  а  л

д  а  с  ы  п  қайтсам  болды  (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 35). 



САУАЛДАСУ  Сауалдас  етістігінің 

қимыл атауы. 

САУАЛ-СҰРАҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Алдын 

ала  даярлап,  қағазға  жазылып  қойылған 

сұрақтарға  жауап  қайтарылатын 

ісқағазы; анкета (Бекітіл. термин., 71). 

САУАЛШЫ  с  ы  н.  Сауал  қоюшы, 

сұраушы  (адам).  Нысанбай  сүтке  қуы-

рылған  құмшекерді  қырт-қырт  шайнап 

отыр. Екі көзі с а у а л ш ы д а (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 250). С а у а л ш ы д а сасуға ай-

налды (Бұл да). 

САУАН з а т. Халық (ұлт) аты. Онда 

көп: ноғай, қазақ, сарт пен с а у а н, Қайтқан 



499

Байынқол Қалиев

жоқ бұ жалғаннан біздің тауан. Қадамжай 

Ғалыхида бір зират, Шайхы Жалал, Мағзұм 

мен  ахун  Хауан  (Мəшһүр  Жүсіп,  Шығ., 

257).  Қайтпай  жүр  бұл  жалғаннан  біздің 

тауан,  Бастан  боп:  ноғай,  қазақ,  сарт  пен



с а у а н. Ол жақта болады екен тақтырауан 

(Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 10, 77). 



САУАПКЕР з а т. Біреуге сауап жасау-

шы, сауабын тигізуші. 

САУАП К Е Р Ш І Л І К   з   а   т.   С ау -

ап  жасаушылық,  сауабын  тигізушілік. 

Біріншісі – қайыр-садақа;  аз  берсең  де 

көпке саналады. Екіншісі – с а у а п к е р ш 

і л і к іс, аз істесең артығымен есептеледі 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 450). 



САУАПТЫҚ  з  а  т.  Сауап  боларлық, 

шапағаттық.  Мен  сорлыны  көре  кет. 

Əр кез сауап іздесең, С а у а п т ы қ қ а 

қозымды Бір қайырып бере кет (Алпамыс 

батыр, 301). 



САУАР:  Сауар  көбейсін!  Мал  сауып 

жатқандара айтылатын тілек. 

САУҒА:  Сауға  сұраушы.  Сауға 

сұраған  адам.  Мұндай  кезде  айтыстағы 

келіншектер с а у ғ а  с ұ р а у ш ы л а р ғ а

жақтасады  (Қ.Толыбаев,  Бабадан., 158). 

Осыдан кейін барып с а у ғ а  с ұ р а у ш ы ғ а

кезек тиеді (Бұл да., 158). 

САУДА:  Сауда  нүктесі.  Сауда  жа-

сайтын  орын.  «Оңтүстік»  əлеуметтік 

кəсіпкерлік  корпорациясы  қаланың 

ішіндегі с а у д а  н ү к т е л е р і н д е 

азық-түлік  бағасын  тұрақтандыру  күн 

тəртібінен түспейтін болды (Егем. Қазақст., 

30.12.2008). 



САУДАГЕРШЕ  ү  с  т.  Саудагер 

тəрізді,  саудагер  сияқты.  Бұл  сорлының 

қолындағысын алмасыңа қоймай жата кеп 

жабысу, иненің көзінен өтетін с а у д а г е р 

ш е көлгірсу – табиғатына жат (Қ.Жиенбай, 

Даңқ., 9). 



САУЖАЙ з а т. к ө н е. т а р и х. Сауат-

сыздықты жою курсы. Кəрі демейді, жас 

демейді,  елді  тасқаяқтай  қағыстырып

«С а у ж а й ғ а» қатыстырып жүргені (Лен. 

жас, 22. 08. 1974, 4). 



САУМАЛА е т. Бір нəрсені төмен қарай 

сипай тарту. Ұзын күміс сақалын с а у м а 

л а д ы (М.Етекбаев, Жомарт жаз, 12). 

САУМАЛАН  Саумала  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Кейде  құр 

айылдың екі басына тоға бекітіледі де, атқа 

тартылғанда екі тоға арасы қайыс таспамен 

с а у м а л а н а д ы (Ж.Бабалықұлы: Ер 

қанаты, 267). 



САУМАЛАНУ  Саумалан  етістігінің 

қимыл атауы. 

САУРАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Арқасында 

қара  жолағы  бар,  ақсары  түсті  жылқы 

(ат).  Азия  скифтері  құйрығына  дейін 

созылған  қара  жолағы  бар  ақсары  түсті 

жүйрік  аттарды  с  а  у  р  а  н  деп  атайтын 

болған. Аңыз бойынша, саурандар жабайы 

арғымақтардан туса керек жəне де өздері 

өрен жүйрік, шыдамды да сезімтал болса 

керек (Ə.Əлімжанов, Махамбет., 189). 

САУСАҚ: Саусақ санау. э т н. Бүлді-

ршінге  саусақтарын  санатып  үйрету 

ойыны.  Бас  бармақ,  Бала  үйрек,  Ортан 

терек,  Шылдыр  шүмек,  Кішкене  бөбек... 

деген «с а у с а қ  с а н а у» ойын-тақпағы-

ның  балаға  сөз,  сан  үйретудегі  білім 

берерлік мəні зор болған (Қаз. календары, 

26.10.1982). 



САУЫҚТАС  з  а  т.  Сауықты  бірге 

өткізген адам. – Жақсы келдіңіз! С а у ы қ 

т а с болыңыз, - деді (Ə.Кекілбаев, Елең-

алаң, 273). 



САУЫҚТЫРҒЫШ  з  а  т.  Мас  адам-

дардың  мастығын  жазатын  орын.  Егер 

бір студент с а у ы қ т ы р ғ ы ш орнына 

түсіп қалса – секретарь жауапты (Лен. жас, 

16. 05. 1972, 2). – Уа, кімсің? – Шофермын. 

– Қайдан келесің? – С а у ы қ т ы р ғ ы ш

т а н (Қаз. əдеб., 15. 11. 1985, 16). 

САУЫҚТЫРУ:  Сауықтыру  орны. 

Жұрт емделетін жəне демалатын орын; 

санатория. Бұлар емделіп жатқан с а у ы қ 

т ы р у  о р н ы н ы ң жанынан күндіз-түні 

күркіреп  тентек  өзен  ағып  жататын-ды 

(Н.Ораз, Сиқырлы., 33). 

САУЫҚХАНА з а т. Ойын-сауық, той-

думан өткізетін орын. Мен бұлардың ор-

нында болсам, осы қызметті пайдаланып, 

сауда орындарын, мейрамхана, с а у ы қ х а н а

ашып алар едім (Қ.Əбілқайыр, Ұмыт., 69). 



САУЫН... 2. а  у  ы  с.  Тіршілік  көзі, 

көнкөрісі.  Төртеуінің  онан  кейінгі  с  а  у 

ы  н  ы  заготзерноның  құмығы  мен  өкі-

мет  беретін  карточкасы  еді  (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 248). 

САУЫНЖАЙ  з  а  т.  Сиыр  сауатын 

арнайы  орын.  Ұзынша  қора  ішінде 

шарбақтан  жасалған,  жіңішке  өткелек 

жолға ұқсас с а у ы н ж а й бар (Қаз. əдеб., 

05. 09. 1986, 11). 



500

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

САУЫРЛАН  Сауырла  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс  (К.Сегізбаев, 

Жылдың ең қысқа., 126). 



САУЫРЛАС е т. 1. Бір-бірінің сауыры-

нан тістесу. 2. а у ы с. Айтысу, тартысу, 

ұрысу. Əр жерде əр мырзамен тамырласат. 

Əр  жерде  əр  сұлуға  бауыр  басат.  Деген-

ге  «мұның  қалай?»  азу  басат,  Тістесет, 

қағаздасат, с а у ы р л а с а т (І.Жансүгіров, 

Құлагер, 163). 

САУЫРЛАСУ  Сауырлас  етістігінің 

қимыл атауы. 

САУЫСҚАНША ү с т. Сауысқан құсап, 

сауысқан тəрізді. Қыз баланың с а у ы с қ 

а н ш а секеңдеуіне, көбелекше елпеңдей 

ербеңдеуіне  жол  жоқ  (Қ.Толыбаев,  Баба-

дан., 112). 

САФЬЯН  з  а  т.  Қымбат  былғарының 

бір түрі. Ол кебісін тастап, қызыл с а ф ь 

я н мəсімен төрге шығып, төрт қабат шəйі 

көрпенің  үстіне  отырды  (І.Есенберлин., 

258). 

САХА...  Соңғы  жылдарда  қазақ  жəне 

с а х а (якут) жазушыларының өзара бай-

ланысы күшейіп келеді (Қаз. əдеб., 02. 07. 

1976, 3). 

САХАБАЛЫҚ з а т. Сахаба болғандық, 

сахабаның  істегенін  істегендік.  Бұлар – 

талай-талай планеталарға бірге барып, с а 



х а б а л ы қ құрып көп жүрген адамдар еді 

(А.Мархабаев, Ғарыштағы., 100). 



САХНА: Сахна найзағайы. п е р и ф р. 

Құрманбек Жандарбеков д.м. Болмыс бітімі 

бөлекше жаратылған «с а х н а  н а й з а ғ а 



й ы» - Қ.Жандарбековтің есімі қазақ өнері 

тарихында  айрықша  аталады  (Жас  алаш, 

20. 01. 2005, 3). 

САЯБЫРСЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  са-

ябырсу,  баяулау,  бəсеңдеу.  Алайда  соңғы 

кезде  ол  жақта  дүрбелеңнің  көбеюіне 

байланысты  керуендер  жүруі  с  а  я  б  ы  р 

с ы ң қ ы р а п қалған-ды (Ж.Бейсенбаев, 

Жасын-тағдыр, 135). 



САЯҢ  з  а  т.  Кішірек  сай;  сайлау, 

сайырақ жер. Көлденең жатқан бір с а я 

ң д а кеудесіне дейін ғана қылтиған адам 

көрінді (Ғ.Мүсірепов, Шығ. жин., 1, 128). 

Жүз қадамдай жүрген соң жыра бітіп, шөбі, 

шілігі бар с а я ң ғ а айналды (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 253).

САЯСАТШЫСЫМАҚ з а т. Нағыз са-

ятшы емес, саясатшылдау. Опасыздардың 

жəреукесін бітім деп ұққан с а я с а т ш ы 



с ы м а қ т а р д ы ң өздерінің де түбі шикі 

көрінеді  де  тұрады  (Ə.Кекілбаев,  Елең-

алаң, 198). 

САЯТКЕРЛІК... С а я т к е р л і к клу-

бын ашса құба-құп (Қаз. əдеб., 03. 07. 1987, 

11).  Қарт  құсбегі 60 жыл  бойы  аң  аулап,

с а я т к е р л і к жасағаны жайлы қызықты 

əңгіме айтты (Лен. жас, 16. 06. 1976, ). 



САЯТҚҰМАР  з  а  т.  Саятқа  шығып, 

аң аулауға жаны құмар адам. С а я т қ ұ 

м а р, ылғи сергек жүретін мінезіне орам-

ды  ұтқыр,  сөзшеңдігі  жарасып  тұрады 

(Ж.Кəрменов, Ақылбайдың əні, 5). Бір топ 

шəкірттерді қияндағы қыстауға бастап кел-

ген с а я т қ ұ м а р ұстаз Мардан Қанаев 

ата  кəсібінің  өткен  тарихынан  шежіре 

шертіп,  отбасы  ду-ду  əңгімеге  бөккен 

(Т.Қаупынбаев, Тау тұлғасы, 101). 



СƏБИСІН  е  т.  Сəби  деп  білу,  сəби 

көру.  «Қолда  өскен  атанның  тайлақ  аты 

қалмайды»  демекші,  ұғым-түсінігінің 

аясын жақсы білсе де, с ə б и с і н е т і н 

реттері жиі (М.Сқақбаев, Ұят тур., 192). 



СƏБИСІНУ Сəбисін етістігінің қимыл 

атауы. 

СƏБІЗ... 2. Сəбіз  өсімдігінің  жеуге 

жарамды  сарғыш  қызыл  түсті  тамыр 

жемісі.  Олар  қазірдің  өзінде-ақ  алмадан, 

құлпынайдан,  таңқурайдан,  қарақаттан, 

қызылшадан,  с  ə  б  і  з  д  е  н  жасалған 

шырындарға  қанық  болып  алған  (Жетісу, 

06. 08. 1968, 4). 

СƏДЕП  з  а  т.  Теңіз  түбінен  алына-

тын  асыл  тастардың  бір  түрі.  Теңіздің 

тереңінде  с  ə  д  е  п  пен  дүр,  Тілімді  ал, 

қанағат қыл, əдеппен жүр. Ғылым – дана, 

өмірде қор болмайсың, Жаманмен жолдас 

болма, жақсымен жүр (Жеті ғасыр., 2, 181). 

Бір таңсық нəрсе – с ə д е п п е н қапталған 

алмас пышақ (Қаз. əдеб., 02. 04. 1982, 11). 

СƏДЕТТЕН  Сəдетте  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Патша Құдайдың 

өзі қол-аяғын жіпсіз байлап, алдына əкеп 

жығып бергеніне ішінен тəубе қып насат-

тана түсті. Насаттанған сайын с ə д е т т е 



н е түсті (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 114). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет