Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет147/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   168

ТІЛМАРЛАН  е  т.  Тіл  мен  жағына 

сүйену, шешенсу. – Босқа т і л м а р л а н 

а с ы ң, Мұратбек (С.Сматаев, Бұлақ, 87).

ТІЛМАРЛАНУ Тілмарлан етістігінің 

қимыл атауы.

ТІЛСАҚ с ы н. Тілжанды, тілге шебер. 

Зер сала қарап отырсақ, т і л с а қ халқы-

мыз  бұрын-соңды  «тағы»  деген  сөзді 

мысыққа  əкеп  телімеген  екен  (Қаз.  əдеб., 

01.08.1986, 10).

ТІЛШЕ з а т. Айылбастың бір жағына 

бекітіліп,  тартпаның  екінші  ұшындағы 

тесіктердің біріне кіріп, тұратын ұзынша 

жұмыр  темір.  Айылдың  екінші  жағы 

айылбасқа//айылтоғаға еніп, ондағы т і л 



ш е арқылы бекиді (Қаз. этнография., 1, 99).

ТІЛШЕЛІ  с  ы  н.  Тілшесі  бар,  тілше 

өткізілген.  Айыл,  белдік  сияқты  т.б. 

бұйымдардың бір ұшында т і л ш е л і ме-

талл тоға болады (Қаз. этнография., 1, 99)

ТІЛШЕҢ  с  ы  н.  Тілге  шебер,  ділмар. 

Діндар – діншіл  деген  мағынада,  ділмар 

–  т  і  л  ш  е  ң  деген  мағынадағы  сөздер 

(А.Байтұрсынов, Шығ., 263).



ТІН з а т. б и о л. Қабықтың ең астыңғы 

– үшінші қабаты. Тоздың астына т і н ор-

наласады (Биология, 110).



ТІНЕ з а т. в е т. Түйеде болатын ауру. 

–  Осы  түйе  түлігі  бізге  құт  болмайды, 

-  деді  төмен  тұқшиып. - Бұл  жарықтық 

біте  дертіне,  т  і  н  е  ауруына  ұшырады 

ма, əлде Арал тартылғалы соның кепиеті 

ұрды ма – жылдан-жылға сұйылып кеміп, 

басы майдалап құруға қалыпты (Қаз. əдеб., 

30.09.1983, 9).



ТІНТКІ  Тінткілеп  қалған,  тіміскі. 

Телмие қарап тұрған бұның т і н т к і на-

зарын  шалып  қалғандай  кіжіне  тістеніп, 


614

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шықшытын ойнатқан (Ə.Кекілбаев, Елең-

алаң, 187).

ТІНТУІР  з  а  т.  Қолмен  қозғап, 

компьютерді іске қосатын тетік. Т і н т 

у і р м е н жұмыс істегенде қолды түгелдей 

созбай,  т  і  н  т  у  і  р  д  і  қозғалту  үшін 

жеткілікті бос орын болуы тиіс (Ана тілі, 

28.02.2013, 10).



ТІНТІНЕКТЕ е т. с ө й л. Жан-жағына 

ұрлана көз тастау, тіміскелену. Басынан 

бағы тайған біреу тасада тығылып тұрған 

сияқтанып, т і н т і н е к т е п жан-жағына 

көз тастап еді (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 357).



ТІНТІНЕКТЕУ  Тінтінекте  етістігі-

нің қимыл атауы.

ТІНІКЕ  з  а  т.  Қорытып  темірден 

жасалған бұйымдардың сыртына жағып, 

оған сəндік əрі беріктік беретін жылтыр 

шыны зат; эмаль. Сəлден соң т і н і к е 

с  і  ұшып,  əр  жері  тем-тем  боп  қарайған 

темір табақтағы тұзды суға əлгі бір шөкім 

ұнды салып, жұдырықтай ғана қамыр иледі 

(Д.Исабеков, Тіршілік, 123). Сүтті қалайы 

ыдысқа  пісірсеңіз  тездетіп  шыны  немесе 

т і н і к е ыдысқа қотарып алыңыз (Қаз. 

мұғалімі, 03.07.1993, 6). 



Тініке  жүргізу.  Күміс  бұйым  бетіне 

арнаулы  ерітіндімен  түрлі-түсті  өрнек 

жүргізу; тінікелеу. Т і н і к е  ж ү р г і з 

у  үшін  ерітілген  қоймалжың  затты  күміс 

бұйымның  бетіндегі  бізбен  безеп  ойыл-

ған  іздерге  құйып,  суығаннан  кейін  егеу-

мен  егеп  жөндейді  (Қаз.  этнография.,

2, 608).

ТІНІКЕЛЕУ  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Тініке 

(лажы)  жүргізу,  эмальдау.  Қалдаяқ  ұста 

қазақ қолөнерінің ою, т і н і к е л е у, қа-

ралау, безеу, сірке салу, дəнекерлеу, ұлама-

лау  т.б.  əдістерін  жетік  меңгерген  ісмер 

болған (А.Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 11). 

ТІРƏКТІР з а т. с ө й л. Трактор. Əкем 

колхоздың т і р ə к т і р і н айдайтын (Лен. 

жас, 10.04.1981).

ТІРƏКТІРШІ з а т. Тірəктір жүргізетін 

адам; тракторшы. –Кел, одан да т і р ə к 

т  і  р  ш  і  болып,  совхозда  жұмыс  істейік 

(Ғ.Сыланов, Домбыра күйі, 75).



ТІРГІЗ е т. «Тірілт» д.м. Өлі аруақты

т і р г і з д і ң, Тірі аруақты күлгіздің, Асыл 

ханның ұрпағы Екендігіңді білгіздің (Бай-

далы би: Қаз. əдеб., 04.05.1993, 13).

ТІРГІЗУ  Тіргіз  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТІРЕЛІП  ү  с  т.  Көп  болып,  сықасып, 

иін  тіресіп.  Қыс  бойы  астық  қап-қап  бо-

лып тошалада т і р е л і п тұрушы еді ғой 

(Ə.Нұршайықов, Махаб. жырлары, 278).

ТІРИКЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Трико.  Сосын 

жаман көзімен жиіркене қарап тұрып, ауы 

тізесіне түсіп, бауы салбыраған т і р и к е

шалбарды  бұтына  киді  (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 148).

ТІРКЕЛГІ з а т. с ө й л. Тіркелім. Əрі-

беріден  соң,  келесі  тексергенімде  т  і  р 



к  е  л  г  і  ң  (прописка)  болмаса,  үй  иесіне 

де, саған да айып саламын деп қорқытты 

(К.Ахметбеков, Қыранқия, 122).

ТІРКЕМЕЛІ...  Таңға  жуық  көлшіктің 

жағасына қос т і р к е м е л і «Бензовоз» 

мінбелеп  келіп,  жұлдызқұрттай  иретіле 

тоқтады  (Ж.Қорғасбек,  Үлпілдек, 4). Сол 

жылдары ауылға т і р к е м е л і тырмалар 

келді (Қаз. пионер, 29.11.1972, 4).



ТІРКЕМЕСІЗ  с  ы  н.  Тіркемесі  жоқ, 

тіркеме тіркелмеген. Жиенімнің түк таси-

тын, тіркемелі, т і р к е м е с і з, үлкенді-

кішілі көп машинаның ортасында отырып 

қалай қуанатынын елестеттім (М.Мағауин, 

Таңд. шығ., 1, 189).

ТІРКЕСТАНЫМ  з  а  т.  л  и  н  г  в.  Тіл 

білімінің  сөз  тіркестерін  зерттейтін 

саласы  (синтаксис).  Соған  қарамастан 

оқулықта «фонетика» дегенді – дыбыста-

ным,  морфология – тұлғатаным,  синтак-

сис – т і р к е с т а н ы м, фразеология – 

түйдектаным, лексикология – сөзтаным деп 

қазақшалағанды  жөн  көрдім  (Б.Қалиұлы, 

Қаз. терминтанымы., 134).

ТІРКЕСІМДІЛІК  з  а  т.  Сөздердің 

тіркесе алу қабілеті (мүмкіндігі). Сөздердің 

т  і  р  к  е  с  і  м  д  і  л  і  г  і  немесе  тіркесу 

мүмкіндігі  мен  қабілеттілігі – тіркес 

құрамына  енетін  сөздердің  семантика-

сына  негізделген  грамматикалық  қасиет 

(С.Исаев, Қаз. əдеб. тіл., 139).

ТІРКЕУ...  Жасау:  кілем,  текемет, 

сандық, көрпе-жастық, төсек-орындар, ал 



т і р к е у: қыз көшіне тіркеліп қосылатын 

аяқты ірі қара (түйе, жылқы) мал (Қазақ, 

01.01.2010, 9).

ТІРМІЗІК... Жадағай жазғыштар қашан 

да «жанкешті», т і р м і з і к келеді (Қаз. 

əдеб., 28.02.1986, 2).

ТІРМІЗІКТІК  з  а  т.  Жанкештілік, 

өлермендік,  тесік  өкпелік.  Осы  əйелдің 

шыдамдылығы,  тауқыметпен  арпалысып, 



615

Байынқол Қалиев

жанталасқан т і р м і з і к т і г і Едігені 

таңғалдырды  (Ш.Айтматов,  Боранды  бе-

кет, 110).



ТІРСЕК:  Тірсек  жүн.  Қойдың  тірсе-

гіне шыққан жүн. Қойдың дене мүшесіне 

қарай  жүн:  бас  жүн,  бауыр  жүн,  мойын 

жүн, пұшпақ жүн, т і р с е к  ж ү н болып 

бөлінеді (Ж.Қоқанова, Түк жəне тері., 11).



ТІРШІЛІК: Тіршілік тамыры. п е р и 

ф р а з. Жень-шень. Жалпы ол (мумие) өзі 

«т і р ш і л і к  т а м ы р ы» атанған жень-

шень сияқты адамның жалпы организміне 

де  күші  əсер  етеді  (Орталық  Қазақст., 

04.09.1969, 2).



ТІРІ з а т. Қыран құсты торға түсіру 

үшін оның астына байланған құс, қоян т.б. 

Торды құру үшін торға т і р і байлайды.



Т і р і г е құзғын, сауысқан, қарға жарайды 

(Ана тілі, 11.03.1993, 4).



ТІРІЛЕТУ...  Арада  екі-үш  күн  өткен 

соң,  далбайға  түскен  бүркітті  т  і  р  і  л 



е  т  у  г  е  болады.  Құсты  т  і  р  і  л  е  т  у 

үшін тірі түлкіні қолға түсіріп, тістей ал-

майтындай  етіп  аузын  тұмылдырықтап, 

аяғын  шідерлеп,  қашырып  қыранға  ал-

дыру  керек  (Ж.Сатылғанов, «Қауырсын» 

клубы, 94).



ТІРІЛЕУ с ы н. Жақсы піспеген, жақсы 

жарылмаған; қаттылау. Палаудың күріші 

т і р і л е у болды ма, Бəсірбек Төлеңгітұлы 

жөнді  ұйықтай  алмады  (М.Байғұт,  Бұла 

бұлақ, 20).

ТІРІЛТІС Тірілт етістігінен жасалған 

ортақ етіс. – Оқу бітіріп оралсам, Ақтоғай 

тоғайын  қайта  т  і  р  і  л  т  і  с  е  р  едім 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 18).

ТІРІЛТІСУ Тірілтіс етістігінің қимыл 

атауы.

ТІС:  Тістің  мөрі.  Тістің  үстіндегі 

бедері, ирек-ирек жері.

Тісін ағартты. п о э т. Аузын батырды, 

тісін көрсетті. Сыйласа медетке қараған 

он шақты үй сыйлар. Онда да былайғы жұрт 

бөрінің бөлтірігі деп, т і с і н  а ғ а р т п а 

с ы н а кім кепіл (Е.Рахимов, Тентек., 23).

Тісін  тұтты.  Тісін  ұстап  қалды, 

қармады. Т і с і ң д і  т ұ т ы п, көмекейіңе 

тұғырланып əрең жұтылатын құм қауындар 

өседі (Б.Шаханов, Қаратау., 47).

ТІСЕ  е  т.  Диірмен  тасына  қыр  (тіс) 

салу, шеку. Білмегенімді диірмен т і с е п 

жатқан  атамның  қасына  келіп  сұраймын 

(Ə.Бөриев, Алматы əңгім., 80).

ТІСЕЛ  Тісе  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. Ең шеткі екі тіс т і с е л м е й

сүт  тіс  күйінде  қалады  (Ж.Бабалықұлы: 

Ана тілі, 09.04.1998, 16).

ТІСЖУҒЫШ з а т. Тіс жуатын шөтке. 

Құсайын  сүлгісін  иығына  асып  тастап, 

қалбырдан əтір сабынын, т і с ж у ғ ы ш ы н

шығарды (К.Ахметбеков, Егіз қала, 156).



ТІСКЕБАСАР...  2.  Арақ  ішкеннен  ке-

йін  ауызға  салып,  арақтың  ащысын  ба-

сар дəм. – Т і с к е б а с а р ы ң жоқ па? 

(М.Сқақбаев, Қырық қыз, 120). Т і с к е б а 



с а р ы келіссе, бұл арақ дегенің сіңе береді 

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 2, 223).



ТІСҚАҚТЫЛЫҚ з а т. Əккілік, қулық, 

ысылғандық. Шегебай баласы Ахметбекті 

өзіне тартқан айлалы, есепқор, т і с қ а қ т 



ы л ы ғ ы үшін ұнатып, мақтан тұтады (Қаз. 

əдеб., 18.07.1981, 4).



ТІСТЕМЕЛІК з а т. с ө й л. Тіскебасар. 

Дүкен жаққа соғып, үш жартылық арақ, т і 



с т е м е л і к азын-аулақ бірдемелер алды 

(М.Сқақбаев, Ұят тур., 285).



ТІСТІ  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Көксерке 

тұқымдас  балық;  тістібалық.  Бұл  не 

де  болса  т  і  с  т  і  д  е  н  келген  бəле, 

сүмірейген тұмсығы жаман еді шіркіннің 

(Т.Жұмаханов,  Өткел, 174). Бұлар  аулап 

жатқан балықтардың негізгі дені алабұға, 

шортан,  т  і  с  т  і.  Аты  балық  демесе, 

тұқымы азған (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 203). 

Ақбалық пен сазан, доңмаңдай мен т і с



т  і  н  і  ң  дəмін  бір  татқан  адамның  бұл 

өлкеге  қашан  да  аңсары  ауып  тұрады 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 95).

ТІСТІБАҚА  з  а  т.  Бақаның  секіріп 

түскен жеріне жабыса кететін қасиетіне 

қарай қойылған атау.

ТІСТІБАҚАША: Тістібақаша жарма-

сты. Жабыса кетті, айрылмады.

ТІСТІБАҚАЛАН е т. Тырысу, тырмы-

су; барын салу. Əйтеуір əбүйір болып, əжесі 

байғұс т і с т і б а қ а л а н ы п, қысып-

қымтырып  жүріп  қойдың  бір  жамбасын 

сақтаған екен (Ж.Аймауытов, Шығ., 36).



ТІСТІБАҚАЛАНУ  Тістібақалан 

етістігінің қимыл атауы.

ТІСТІБАЛЫҚ  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Тісі 

өткір балық түрі. Ол көлде тыран, сазан, 

т і с т і б а л ы қ (судак), ақбалық (жерех) 

бар. Қаяз жоқ (А.Сатаев, Бəрі де., 394).



ТІСШҰҚУЫШ  з  а  т.  Тіс  шұқитын 

істік,  тісшұқығыш.  Бəкіге  қос  серіппе 

616

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

орнатып, кежегесінің біріне күмістен т і с 



ш ұ қ у ы ш, екіншісіне іскек бекітеді (Қаз. 

əдеб., 22.06.1984, 13).



ТІСШҰҚЫҒЫШ з а т. Тістің арасына 

кіріп кеткен етті алып тастау үшін ар-

найы əзірленген жіңішке ағаш.

ТІТІР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Тітіркеніс.  Сау-

сақтары  жанаса  бере,  екеуінің  де  өне 

бойынан т і т і р жүгіріп, жасын ұрған-

дай  естанды  күй  кешті  (О.Бөкеев,  Өз 

отыңды., 86).

ТІТІРЕНІСТІ  с  ы  н.  Тітіренісі  бар, 

тітіркенген.  Үрей  əлде  ызаның  т  і  т  і 

р  е  н  і  с  т  і  түршігісі  тұнған  көздерімен 

Жарылқасовқа  əнтек  жалт  қараған  Иса-

лы  мына  қатыгез  шешімге  тойтарыс  бе-

рер  нендей  сөзді  тауып  айтарға  білмеді 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 26).

ТІТІРКЕНІС  з  а  т.  Тітір  пайда 

болғандық, тітіренгендік.

ТІТІРКЕНУСІЗ  с  ы  н.  Тітіркенбей-

ақ,  қорықпай-ақ.  Өз  ошағының  есігін  ол 

ештеме ойламай-ақ, шіміркенусіз, т і т і 



р к е н у с і з келіп ашты (С.Шаймерденов, 

Өмір нұры, 404).



ТЮЛЕНЬШЕ  ү  с  т.  Тюлень  сияқты, 

тюлень тəрізді. Бірақ олар балық сияқты 

аузын ашып туламай, кəдімгі т ю л е н ь д е 



р ш е домалап қашып берді (Т.Сұлтанбеков, 

Лұхман Хакім, 63). 



У

УАЗ  з  а  т.  Кабинасы  брезентпен 

қапталған  жеңіл  машина;  уазик.  Сары 

кісі ұмтылып барып «У а з д ы ң» артын 

ашып,  кішкентай  қара  қозыны  суырып 

алды (М.Мəжитов, Аманғали, 252). Айдау 

қара жолмен жүйткіген «У а з д ы» көзім 

шалды (Бұл да, 253).



УАЗ: Уаз кешті [кешісті]. Мəз болды, 

сүйсінді. Қолбала түлегінің əр қимылына 

сүйсіне  ілесіп,  у  а  з    к  е  ш  і  п  өзгеше 

бір  рақат  жағдайда  болатын  (Лен.  жас, 

05.12.1970, 4). Тар лашықта бас қосқан 4 

шал сол сұлулықтан у а з  к е ш і с і п əлі тұр 

(А.Сейдімбеков, Тауға біткен, 139).



УАЗИК  з  а  т.  Жолсызбен  жүруге 

қолайлы,  қорабы  брезентпен  қапталған 

жеңіл машина; уаз. «У а з и к» ажылдап 

келіп,  ойқастай  бұрылды  да,  шиқ  етіп 

сонадай  жерге  тоқтай  қалды  (Ə.Асқаров, 

Таңд., 360).



УАҚЫТТЫҚ  з  а  т.  Уақытқа  тəн 

қасиет, уақытқа тəн ерекшелік. Cоңыма 

бір  түсіп  алдың,  түс,  мейлі!  Қараң – 

қара,  ағыңды – ақ  деп  түстеймін.  Сен – 

уақытсың: у а қ ы т т ы ғ ы ң д ы істейсің. 

Мен – адаммын,  адамдығымды  істеймін! 

(Қ.Мырзалиев: Қаз. əдеб., 06.04.1973, 2).



УАҚЫТШАЛЫҚ  з  а  т.  Белгілі  бір 

уақытқа дейіндік, қысқа мерзімдік. Ақын 

фəни мен бақидың, у а қ ы т ш а л ы қ пен 

мəңгіліктің,  сынақ  пен  жауаптың  бəрін 

бір басынан өткізген жандай (Р.Отарбаев, 

Біздің ауыл., 183).

УАНЫС  Уан  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс.  Алтынды  тауып  алып 

қуанысты,  Тасыды  көңілдері  жұбанысты. 

Бөліп алсақ дүние малы ғой, - деп, Жалғанға 

тойынғандай у а н ы с т ы (А.Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 28).

УАНЫСУ  Уаныс  етістігінің  қимыл 

атауы.

УАСЛА  з  а  т.  а  р.  Араб  əріптерінің 

үстіне қойылатын белгілердің бірі. Оспан 

дəуірінен  сақталған  Құранның  əріптері 

үстінде һамза, ташдид, сукун, мадда, у а с 

л а; қысқа дауыстылар: фатха, кесра, дамма 

белгілері жоқ (Қаз. əдеб., 25.08.1989, 14). 



УАТ  з  а  т.  ж  е  р  г. 1. Арық  (жап) 

жағасына  үйілген  топырақ.  Қыз  нəн 

кетпенді у а т қ а кірш еткізді де, кісілерден 

сытылып шыға берді (Т.Əлімқұлов, Сырлы 

наз, 154). 2. Арық жағасына өскен көк шөп. 

– У а т қ а байлап мінетін торы төбелім 

бар, - деді Ақын (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 

46). – У а т қ а байлап жүрген бағланым 

бар еді. Сізге бұйырды (Бұл да, 53). Өзен 

жағасында жайқалған қалың жүгеріні па-

налап, аттарын у а т қ а оттатты (Жұлдыз, 

1970, №12, 71).

УАҺАБИСТ  з  а  т.  д  і  н  и.  Діни 

ағымдардың  бір  түрінің  өкілі.  Дініміз 

бар.  Біреу  емес,  бірнешеу.  Мен – иеһова 

куəгерімін. Балам – у а һ а б и с т. Əйелім 

–  кришнаит.  Қызым – буддист  (Қарақат 

тер., 131). Балам у а һ а б и с т болғанымен 

мұсылман ғой (Қ.Əбілқайыр, Текес., 124).



617

Байынқол Қалиев

УƏДЕ-СЕРТ з а т. Біреуге берілген уəде 

жəне серт. Ата-ананың ұрпағы алдындағы 

қарыз-парыздарының  бірі – отбасына 

адал, əділ болу, у ə д е-с е р т т е н таймау 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 21). 



УƏЗІР  з  а  т.  Шахмат  ойынындағы 

барлық бағытқа жүре алатын, ең күшті 

фигура;  ферзь.  Ақ  жағы  комбинациялық 

əдіспен бірден ең күшті у ə з і р тасын құр-

бандыққа шалмай, алдымен атын «жегізуге» 

ұсынады (Ана тілі, 31.01.2013, 12).



УƏЗІРСІЗ с ы н. Уəзірі жоқ; уəзірі бол-

майтын. Хан у ə з і р с і з болмайды. Ақыл-

кеңесшілер бүкіл ұлы жүздің жəне қырғыз, 

қарақалпақ, құраманың белгілі суырылған 

шешен билері (Ж.Ахмади, Айтұмар, 467).



УƏЙІС: Уəйіс ата. Түйе атасы, пірі; 

ойсылқара. Қазықұрт хикаясында түйе ата-

сы – У ə й і с  а т а, жылқы пірі – Қамбар 

ата... (Ел  аузынан, 245). Түйе  атасы  –

У ə й і с  а т а, сиыр атасы – Зеңгі бабаны 

білетіндер құс атасын қапелімде еске түсіре 

алмайды (Бұл да).

УƏКІЛ: Уəкіл қажы. Біреудің сеніміне 

ие  болып,  соның  орнына  қажыға  барған 

адам. Егер дəулеті жететін мұсылман ауру 

болуынан  Меккеге  аттана  алмаса,  өзінің 

орнына  у  ə  к  і  л    қ  а  ж  ы  аттандыратын 

(Қ.Олжай, Қанат байла., 64).



УƏКІС з а т. Етік (аяқ киім) майлайтын 

май; крем. – Айтпақшы Зылиқа, у ə к і с пен 

шөтке қайда, аяқ киімімді майлап алайын 

(А.Мекебаев, Алапат, 137).

УƏЛАЯТТЫҚ  с  ы  н.  Уəлаятқа  тəн, 

уəлаятқа  қатысты.  Көп  қаламгердің 

алысқа  шырқап  шыға  алмай,  ауылдық, 

аудандық, у ə л а я т т ы қ, өлкелік көлемде 

ғана  қалып  қоятындығының  негізгі  бір 

себебі  осы  (ҚазССРҒА  Хабарлары, 1975, 

№3, 10).


УƏЛИ  з  а  т.  Шығыс  Түркістан 

аймағындағы əкімшілік бөліктің бастығы; 

əкім. Азаттықтан кейін, 1945 ж. Оспан Ал-

тай аймағының у ə л и і болып сайланғанда 

Қалибек  Тарбағатай  аймағындағы  Сауан 

ауданының  əкімі  болды  (Қалибек  Хакім., 

56).  Мен  Тарбағатай  аймағы  у  ə  л  и  і

н  і  ң  (біздіңше  облыс  əкімі  дəрежесінде) 

шақыруымен  туған  жеріме  барып  қайт-

тым  (Қ.Жұмаділов:  Егем.  Қазақст., 

01.02.2003, 4).



УƏЛИЛІК  з  а  т.  Уəли  қызметін 

атқарушылық,  уəли  болғандық.  Хами-

тов  жақында  у  ə  л  и  л  і  к  т  е  н  түскен 

(Қ.Жұмаділов,  Соңғы  көш, 298). Келісім 

бойынша  Алтай  аймағының  у  ə  л  и  л  і  г 



і  н  е  Бұқат,  орынбасарлыққа  Жанымхан 

тағайындалды (Халифа Алтай, Алтайдан., 

84). Сонымен бірге Іленің у ə л и л і г і н е 

Тұрдыақынбай тағайындалғанын хабарлай-

ды (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 142).

УЖАПЫРАҚ  з  а  т.  б  о  т.  Жанаргүл 

өсімдігінің  бір  түрі;  көктем  жанаргүлі

У ж а п ы р а қ т ы ң өткен жылғы сояу-

ынан  басқа  тебіндеген  көк  те  көрінбейді 

(Қ.Ысқақов, Қараорман, 95).

УЖАПЫРАҚТЫ  с  ы  н.  Ужапырақ 

өскен,  ужапырағы  бар.  Бірінен  соң  бірі 

бұлаңытып  мінгесіп – ұшқасқан  у  ж 



а  п  ы  р  а  қ  т  ы  төбені  басып,  буырыл-

ды  шоқырақтатып  келемін  (О.Бөкеев, 

Үркер, 53).

УКОЛДА  е  т.  к  і  р  м  е.  с  ө  й  л.  Тері 

астына  укол  (іші  қуыс  ине)  арқылы  дəрі 

жіберу, укол салу. Ауру-сырқау қойларды 

у к о л д а п, қорада жүрген кезінде соңынан 

Əсет  келіп,  екеуін  директордың  шақыр-

тып  жатқанын  айтты  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 50).



УКРАИНША  ү  с  т.  Украин  тілінде.

У к р а и н ш а сөйлегенде Запорож бойынан 

келген хохолды жаңылдырады (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 203). Біз əр взводтың өлеңші, 

əншілерін  жинап,  қазақша,  орысша, 

қырғызша, өзбекше, у к р а и н ш а, тəжікше 

əн салып, өлең-жырлар, тақпақтар айттық 

(Қаз. əдеб., 11.04.1975, 2).

У Қ О Р Ғ АС Ы Н . . .   2 .   У қ о р ғ а с ы н 

өсімдігінің  улы  тамыры.  Баспақ  болған 

қойдың  екі  танауына  қара  тікен  тұздың 

ертіндісін немесе у қ о р ғ а с ы н деп ата-

латын шөпті қайнатып, соның суын құйса, 

кеңсіріктегі  құрт  əлсіреп,  мал  пысқырған 

кезде  мұрнынан  атып  түседі  екен  (Сар-

жайлау, 269).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет