Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет18/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   168

ƏКТЕЛГЕНДІК  з  а  т.  Əкпен  ағарт-

қандық,  əк  жағылғандық.  Үйінің  сырты 

ə к т е л г е н д і к т е н көзге аппақ болып 

көрінеді (Ұ. Доспанбетов, Шығ., 4, 14). 



ƏКТІП  з  а  т.  с  ө  й  л.  Актив.  Үйге 

жергілікті ə к т і п т е р д і шақырып, жеке 

күшімен  күтіп  алмай  ма? (О.Сəрсенбай, 

Шеңбер, 32). 



ƏКІМГЕР з а т. с ө й л. Ел басқарушы 

адам, əкімші.

ƏКІМТАҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Əкім  оты-

ратын  орындық.  Əмірді  орындамайды 

екенсің, ə к і м т а ғ ы ң д ы босат (Айқап, 

27.07.2008).

ƏКІМШІЛІК: Əкімшілік жаза. з а ң.

Құқық  бұзушылар  үшін  қолданылатын 

мемл екеттік  мəжбүрл еу  шарасы; 

құқық  бұзушы  адамды  құқықтары  мен 

бостандықтарынан айыру немесе шектеу 

ісі (Терминол. анықт., 10, 52). 

ƏКІРЕҢДІК  з  а  т.  Əкірең-əкірең 

еткендік, қоқыраңдағандық. Өзінің ə к і р е ң-

д і г і м е н Сағалбай басқа старшиндар-

дың  бəрінен  асып  түсті  (Ш.  Өтепов., 

Таушелек., 87). 

ƏЛ:  Əлі  жетпеген  ақыретшіл.  Күші 

келмегендіктен  құдайдың  құдіретінен 

үміттенді д.м. Ақбидай, ə л і  ж е т п е г е н

а қ ы р е т ш і л дегендей, «кім айтса да 

алланың  қаһары  жаусын»  деп  қарғанды

(Е. Рахимов, Тентек., 58). 

Əлінен  асты.  Шектен  шығып  кетті, 

еркінсіді.  Жақыннан  бергі  жағдайдан 

қарағанда оқушылар өте ə л д е р і н е н  а с ы п,

шеңберден  шығып  барады  (Т.  Əлқанұлы, 

Тірліктен., 116). 



ƏЛДЕҚАНДАЙ: Əлдеқандай қылды. 

Басына  көтерді,  қолпаштады,  бөркін 

қоқырайтты. Өмірінде топ бастап, тоқпақ 

76

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жілік  ұстап  көрмеген  Тоқтамысты  енді 

«Тоқа, Тоқа!» деп ə л д е қ а н д а й  қ ы л а д ы.

Тоқтамыс  соған  семіреді  (О.  Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 86). 

ƏЛДЕМЕНДІ с ы н. ж е р г. Əлді, күш-

ті, қауқарлы. Басын көтеріп қарамаса да, 

ортадағы кісінің шеткі екеуден əлдеқайда 



ə л д е м е н д і, ірі екенін аяғындағы ұрты 

ақ жемденген жайын ауыз етіктің репетіне 

қарап біліп отыр (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 236). 

ƏЛЕКЕДЕЙ с ы н. Əлеке сияқты, əлеке 

тəрізді.  «Жетектеп  ə  л  е  к  е  д  е  й  көжек 

кірді.,  Серке  сан,  бота  тірсек  өжет  керді. 

Шаужайла аяңдатып бір жас жігіт, Тізгінін 

қатты қымтып тежеп көрді (С. Сейфуллин, 

Лен жас, 22.11.1972, 4). 

ƏЛЕКЕЙ-КҮЛЕКЕЙЛЕ  е  т.  ж  е  р  г. 

Əлем-жəлемдеу,  əшекейлеу.  Көшпенді-

лер не ұстап, не тұтса да ə л е к е й-к ү л е-



 к е й л е п бағады екен, - деп таңдай қағады 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 476). 



ƏЛЕКЕЙ-КҮЛЕКЕЙЛЕУ  Əлекей-

күлекейле  етістігінің  қимыл  атауы. 

«Қалмақтардан  гөрі  мыналар  (қазақтар) 

үйлерін ə л е к е й- к ү л е к е й л е у г е 

көбірек мəн береді екен-ау», - деп қойды 

ішінен Тевкелев (Ə. Кекілбаев, Үркер, 324). 

ƏЛЕКТЕНДІР  Əлектен  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  –  Сөйтпейсің  бе, 

атамды таңертеңнен ə л е к т е н д і р д і ң, 

қайтеді өзі! – деп Шолпан қабағын түйді 

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 5). 



ƏЛЕКТЕНДІРУ  Əлектендір  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ƏЛЕЛЕЙ з а т. с ө й л. Жақсылар мен 

жамандар д.м. Ə л е л е й болмай ел болмас, 

Бəлелей болмай бел болмас. Шағала келмей 

жаз  болмас,  Шаңқан  болмай  боз  болмас 

(Шешендік сөздер, 95). 



ƏЛЕМ-ТАПЫРАҚТАН  е  т.  Алай-

түлей  болу,  астан-кестені  шығу.  Бурыл 

байтал  құлағын  қайшылаған  жағына  қа-

рап еді, көкжиек ə л е м-т а п ы р а қ т а-

н ы п кетіпті (Ə. Кекілбаев, Үркер, 9). «Қинал-

маңыз! Кетіңіз!» деген жан дауысын сыртқа 

шығара алмай, түрі ə л е м-т а п ы р а қ т а 

н а аласұрды (Ж. Қорғасбек, Жынды., 132).

Ə Л Е М - ТАП Ы РА Қ ТА Н У   Ə л ем -

тапырақтан етістігінің қимыл атауы. 

ƏЛЕТ:  Түн  əлетінде.  Түн  мезгілінде, 

түн  кезінде.  Осыдан  кейін  арам  қатқан 

жемтікті  тауып  жеген  бір-екі  үлкен 

жыртқыш аң жылқыларға күн сайын т ү н

ə л е т і н д е шабуыл жасайтынды шыға-

рады (Ə. Көшімов, Жас аңшы, 92). 



ƏЛЕУЕТТІРЕК  с  ы  н.  Күштірек, 

əлдірек,  қуаттырақ.  Кейбір  жылда-

ры  –  Күннің  əрекет-қимылы  күшейген 

ж а ғ д а й д а   од а н   ке л е т і н   эл е кт р о н -

дар  ағыны  ə  л  е  у  е  т  т  і  р  е  к  болады 

(Х. Əбішев, Аспан сыры, 81). 

ƏЛЖАМ з а т. к ө н е. Атом. Оның атом, 

молекула,  элемент,  зат  алмасу  жайында 

тамаша  білетінін  аңғардым.  Бірақ  мұның 

барлығын ол өзінше атап, өзінше сөйлейді. 

Мəселен,  атом  Лұхман  Хакімнің  тілінше 

Ə л ж а м, молекула – нəкіс, зат алмасу – 

махбұрласу (Т. Сұлтанбеков, Лұхман Хакім, 

51). Бірақ адамның нəкістен тұратын ағзасы 



ə л ж а м д а р д ы ң кездейсоқ ыдырауынан 

ескіре береді екен (Бұл да). 



ƏЛЖЕМДІ с ы н. ж е р г. Əлді, күшті. 

Бағыныштыларына  қарағанда  ə  л  ж  е  м 



д  і  емес  пе,  бастықтың  екі  нұқығанынан 

қалмай екеуі бірінің артынан бірі төменге 

қалпақтай ұшты (К. Ахметбеков, Қасірет, 

1, 161). 



ƏКРИ о д. Қап, əттегене-ай д.м. 

ƏЛЛƏЗИ с ы н. ж е р г. Бос, болбыр, 

ынжық. Одан да əнжубас, ə л л ə з и м і н 

десеңші ( Қаз. əдеб., 03. 12.1976, 4). 



ƏЛПЕҢДЕУ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Əлжуаз. 

Өмірі қолына күрек ұстап көрмеген ə л п е ң 



д е у бала еді (О. Сəрсенбаев, Шеңбер, 294). 

ƏЛІБҰЛЫҚ з а т. ж е р г. Баршылық, 

жеткіліктілік, игі мұрат, жақсы тұрмыс; 

əдібұлдық.  Өле-өлгенше  шиеттей  бала-

шағаны ə л і б ұ л ы қ қ а жеткізем, қатарынан 

кем қылмаймын деп тырбынды (С. Оспа-

нов,  Бақытты., 20). Алайда  өзін,  сосын 

бала-шағасын ə л і б ұ л ы қ қ а жеткізген 

құм ішіндегі мынау бейкүнə ауылға қиянат, 

тіпті опасыздық жасағандай біртүрлі жаман 

сезінді (С. Оспанов, Сопы., 8).



ƏЛІМ з а т. Мал ауруларының бірі, өте 

қауіпті індет. Мал ауруларынан топалаң, 

желім, сарып, ақбас, ə л і м, мəлік, қарасан, 

кебенек  секілді  індеттерге  жан-жақты 

талдау жасалған (Білім жəне еңбек, 1986, 

1, 33). 

ƏЛІМ-БЕРІМ  с  ы  н.  Шамалы,  біраз, 

аздаған.  Ол  ендігі  бір  ə  л  і  м-б  е  р  і  м 

сəтте құла айғырын жетелеп ішке енді (Қ. 

Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 45). 

ƏЛІМҚАЙЫМ с ы н. ж е р г. Аласапы-

ран. Сол бір ала топалаң ə л і м қ а й ы м


77

Байынқол Қалиев

заманның  өзінде  патшаға  екі  рет  елшілік 

аттанды (Ə. Кекілбаев, Үркер, 281). 

ƏЛІП  з  а  т.  э  т  н.  Бал  ашатын 

құмалақтың 41-іншісі. Қазақ құмалақпен 

бал  ашады,  құмалақтың  саны 41 болады. 

Қазақтың  ұғымында  құмалақтың 40-ы 

емес, 41-іншісі ғана сөйлеп болжам айтады, 

оның аты - ə л і п. Сондықтан бал ашқан 

қазақ  əліптің  жау  жағына,  я  өз  жағына 

шығарын  бақылайды. «Əліптің  артын 

бағайық» дейтіні сол (С. Мұқанов, Мөлд. 

мах., 52). 

ƏЛІП:  Əліп  тартты.  Сызық  түсірді. 

Жамбыдай  тəн  үстіне  ə  л  і  п    т  а  р  т 



ы  п,  Мықынсыз  сұлу  суға  кетті  батып. 

Қанатымен қағынған аққуға ұқсап, Шомыл-

ды сумен ойнап шапылдатып (И. Байзақов, 

Таңд. шығ., 1, 45). 



ƏМИЯН:  Əмиян  ау.  Аудың  бір  түрі; 

қалталы ау. Біз ə м и я н  а у д ы ң ішінен 

дельфинді  көргенде  қайран  қалдық  (Лен. 

жас, 16.03.1973, 4). 

ƏМИЯТ з а т. к ө н е. Сенім білдірілген 

адам;  елші.  Біздің  əулет  ежелден  Мəскеу 

патшаларына  ə  м  и  я  т  саналады  (М. 

Мағауин, Аласапыран, 2, 236). Ə м и я т 

міндеті – үлкен ұлым Ахметшеге жүктелді 

(Бұл да, 237). 

ƏМПЕЙ: Əмпей болды. Жолдас болды, 

жақындасты. – Міне, сөзім, міне, антым, - 

деген Арман. – Бұдан былай арақпен ə м п 



е й  б о л с а м бетіме түкір (І. Есенберлин, 

Алтын., 466). 



ƏМІРЕТІМ з а т. к ө н е. Əмір меншігі, 

əмірлік. Осындай үш қасиеті бірдей келген 

мына Шолпан-Мəлік ə м і р е т і м н і ң 

көркі болуға ылайықты екен. Жоқ, бұны бар 

жорығыма өзіммен бірге алып жүрейін (І. 

Есенберлин, Шығ. жин., 9, 363). 

ƏН: Əн падишасы. п е р и ф р. Роза 

Бағланова  д.  м.  Мына  кеште  ə  н    п  а  д  и 

ш а с ы Роза апаның ғашық жүрегі өзіне 

кең сарайдағы үш мың жүректі тегіс іңкəр 

еткені хақ (Қ. Олжай, Қанат байла, 133). 

ƏНБАЯН  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Əн  айтылып 

жатқанда  көрсетілетін  бейне  (клип).

Ə н б а я н түсірдіңіз бе? - Енді дайында-

лып жүрмін. Жақында көріп қаларсыздар 

(Жас Алаш, 28.08.07). 



ƏНДЕМЕ з а т. к ө н е. Садақ оғының 

ең мықты (берік), басы жалпақ түрі. Ал 

ұшыр, Қаутұн мерген араласпай, Садақпен 



ə н д е м е с і н тартад саспай. Доптай болып 

домалап түсті талай, Дəл алғанын ұшырад 

жаза  баспай  (И.  Байзақов,  Таңд.  шығ., 1, 

120). 


ƏНДІ  с  ы  н.  Əн  айтылатын,  көңілді. 

«Ə н д і өмір – сəнді өмір» деп білген қазақ 

халқы  əн-күй,  өлең-жырды  өнер  санап, 

ұрпақтарын  жастайынан  соған  баулыған 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 35). 



ƏНДІГЕР з а т. ж е р г. Мініс ат. Жыл 

сайын аяулы ə н д і г е р л е р і н жетектетті 

(Қ. Мұқажанұлы, Ортеке, 53). 

ƏНДІК с ы н. Əнге тəн, əнге қатысты. 

Римский-Корсаковтың  операсындағы 

Снегурочканың  ариеттасы  күй  сазының 

ə н д і к сипатымен көзге түседі (Музыка 

жанры, 6). 



ƏНЖЕЙЛІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Мардым-

ды,  жарытымды.  Атым  да  онша  күйлі 

емес, қолымда ə н ж е й л і пұлым да жоқ, 

жиілете  қонақтап,  Түңлік  өзеніне  жеттім 

(Ғ. Нұрпейісов, Аңшы сыры, 9). 



ƏНЖУБАС с ы н. ж е р г. Маубас. Одан 

да ə н ж у б а с, əллəзимін десеңші (Қаз. 

əдеб., 03.12.1976, 4). 

ƏНЖІМ з а т. ж е р г. Күш, қуат, əл, 

шама.  Бүркіттің  қыраны  тасбақаның 

ірісін тасиды. Жаманының іріге ə н ж і м і 

келмейді (Жалын, 1974, 5, 78). 

ƏНЖІМСІЗ  с  ы  н.  Əлсіз,  қуатсыз. 

Ə  н  ж  і  м  с  і  з  бүркіт  кек  ала  білмейді 

(Т.Əлімқұлов: Жалын, 1974, 5, 78). 



ƏҢГЕЛЕКШЕ ү с т. Əңгелек тəрізді, 

əңгелек  сияқты.  Қызғынды  қызулы  ерді 

қызықтырды, Қызарып ерге піскен ə ң г е л 



е к ш е (Айтыс, 2. 496). 

ƏҢГҮДІКТІК з а т. Əумесерлік, есерлік. 

Жұрттың аузында жүретін молданың ə ң г 



ү д і к т і г і тап қазір мына шаруаға кесе-

көлденең тұрғанына Ұлан налыңқырап та 

еді (Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 262). 

ƏҢГҮРТ з а т. с ө й л. Əңгүдік. Қаптап 

кетті өлкемізді əңгүдіктер - ə ң г ү р т т е р,

Тілін,  рухын  сүймегеннің  барлығы  да 

мəңгүрттер  (М.  Шаханов.  Ана  тілі, 2008, 

19.06.10). 

Ə Ң Г І М Е :   Ə ң г і м е   қ а ш ы р д ы 

[қашырысты].  ж  е  р  г.  Əңгіме  айтты, 

əңгімеге тартты. Үнсіздік ауырлап бара 

жатқасын, сен ə ң г і м е  қ а ш ы р ы п: - Бұл 

жаққа суық ерте түскен бе, қалай? – дедің 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 31). Тоқмырза 

дастарқанның жиегіне жайғасып ə ң г і м е

қ а ш ы р д ы (М. Қаназов, Арна, 19). Екеуі оны-


78

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

мұны ə ң г і м е  қ а ш ы р ы с ы п əлі мег-

зеуді  жұқартқаннан  кейін  дəмге  кіріскен-

ді (Бұл да, 45). 



ƏҢГІМЕҚОЙЛАУ  с  ы  н.  Əңгіме-

құмарлау,  əңгіме  айтқыштау. – Тұтқын-

дардың ішінде болыстар бар ма? – деп сұ-

рады Текей, əлгі екі күзетшінің ə ң г і м е қ о 

й л а у біреуінен (Х. Рахимов, Сеңгір., 171). 

ƏҢГІМЕҚҰМАРЛАУ  с  ы  н.  Əңгіме 

айтқанды,  тыңдағанды  ұнататын, 

əңгімешіл. 

ƏҢГІМЕҚҰМАРЛЫҚ  з  а  т.  Əңгіме 

айтуды,  тыңдауды  ұнататын,  əңгімені 

жақсы көретін. ≈ Оның басты ерекшелігі  

ə ң г і м е қ ұ м а р л ы ғ ы. 

ƏҢГІМЕЛЕСТІР  Əңгімелес  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. – Сен онда 

кете бер, МəрзияƏ ң г і м е л е с т і р м е д і

ғой (Т. Дəуренбеков, Сүмбіле, 57). 

ƏҢГІМЕЛЕСТІРУ  Əңгімелестір 

етістігінің қимыл атауы. 

ƏҢГІМЕЛЕУШІ  з  а  т.  Əңгіме  етіп, 

айтушы  (адам).  Оның  қасқырдың  қара 

жалын, қамыс құлағын, алты қарыс азуын 



ə ң г і м е л е у ш і л е р д і ң аузының суы 

құрыды (Жалын, 1974, 5, 83). 



ƏҢГІМЕШІЛДЕУ  с  ы  н.  Əңгімені 

көбірек  айтатын  (адам).  –  Кейінгі  кезде 

сіз өте-мөте ə ң г і м е ш і л д е у, өте-мөте 

жандайшап, сөзуар, тілбезер боп барасыз 

(М. Мəжитов, Аманғали, 28). 



ƏҢГІРЕДЕЙ с ы н. Үлкен, дəу. ≈ Ə ң -

г і р е д е й болып, мынау қайтеді. 

ƏҢДІГЕН з а т. к ө н е. Садақ оғының 

бір түрі. Автордың бұрын аз қолданылып 

немесе  тіпті  қолданылмай  келген  бұлғақ, 

түзем, күрен, таскесе, тізоқ, кезоқ, ə ң д і г е н,

томароқ,  доғалоқ...  деген  сөздері  тарихи 

романның көркемдік əрін ашып тұр (Қаз. 

əдеб., 02.04.1982, 7). 



ƏҢІРШЕК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Салпын-

шақты  сырға.  Белдік  пен  ə  ң  і  р  ш  е  к,

шолпы-сылдырмақтары  қозғалып  кет-

се, əдемі əуез туғызады (Т. Жармағамбетов, 

Сентябрь., 47). 



Ə П Е Й - Т Ə П Е Й :   Ə п е й - т ə п е й і н 

шығарды.  с  ө  й  л.  Əптер-тəптерін 

шығарды, берекесін кетірді. Дау жоқ жер-

де дау туғызып, іліп-шалып, өздері білген 

шала-пұла  методикасын  алдыма  тартып

ə  п  е  й-т  ə  п  е  й  і  м  д  і    ш  ы  ғ  а  р  д  ы 

(С.Сейтхазин, Хадиша, 100). 



ƏПЕНДЕ з а т. с ө й л. Əпенді. 

ƏПЕНДЕЛІК з а т. с ө й л. Əпенділік. 

Ал ондай адамға ə п е н д е л і к те жара-

сатынын білмеуші ме ең (Ұ. Доспанбетов, 

Ел есінде, 74). 



ƏПЕРУШІ з а т. Бір нəрсені алып бе-

руші адам. Қырықтықшы қойды ə п е р у ш і-

д е н немесе елжіреден өзі алып, сол жақ бүйі-

рінен  жатқызады  (Қаз.  ауыл.  шаруаш., 

1962, 7, 56). 

ƏПКЕЙ з а т. «Əкпе сөзінің құрметпен 

аталуы.  Бір-екі  штрихтың  арқасында 

шүйкедей ғана əбігершіл кемпір Платониха 



ə к п е й де қайта тіріліп келгендей болды 

(Қаз. əдеб., 24.05.1972, 3). 



ƏПКЕЛІК з а т. Əпке болғандық. Əлде 

он жеті жыл бойы бір маған əкпе бола беру 

əбден жалықтырып, ə п к е л і к т е н таза-

тақыр құтылғысы бар ма? (М. Қабанбаев, 

Жиһанкез, 39). 

ƏПСАНАЛЫҚ  с  ы  н.  Əпсанаға  тəн, 

əпсана боларлық. Көнедегі жазбалар біздің 

зерттеуімізде ə п с а н а л ы қ оқиға жемісін 

айқындауда  қосқабат  өріледі  (Білім  жəне 

еңбек, 1985, 2, 24). 



ƏПСЕЛЕҢ з а т. ж е р г. Əуре-сарсаң, 

сергелдең, əбігер. Енді мына ə п с е л е ң өзін 

еріксіз сүйреп бара жатқанын жан-тəнімен 

сезінген (К. Жүністегі, Едіге, 12). 

ƏПТАРИҚАТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Автори-

тет.  Арақ  ұсынушының  ə  п  т  а  р  и  қ  а 

т ы көп яки аз бергеніне ғана қатысты (О. 

Сəрсенбай, Шеңбер, 153). 



ƏПШЕРІ:  Əпшері  қашты.  ж  е  р  г. 

Əпшісі қуырылды, берекесі қашты. – Ей, 

Алла-ай! – деген үн шығып кетті. Тіптен 



ə  п  ш  е  р  і    қ  а  ш  ы  п  кеткен  байғұстың 

(С.Елубай, Ақ боз., 114). Балшыққа түсіп 

кірпіш  құйып,  түрмеде  жатып  екі  күннің 

ішінде ə п ш е р і  қ а ш ы п, жадап-жүдеп 

қалды (Бұл да, 164). 

ƏПІРЕЙІС   Əпірей  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Жез мұрт орыстар 

жер астынан шыға келгендей сау ете түскен 

қалың жасақты көргенде ə п і р е й і с і п 

қалды (Ə. Кекілбаев, Үркер, 467). 



ƏПІРЕЙІСУ  Əпірейіс  етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏПІРЕЮ  Əпірей  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ƏПІ-ШƏПІ: Əпі-шəпісі шықты [əпі-

шəпі  болды].  ж  е  р  г.  Берекесі  қашты, 

əбігерленді. Бұл өз қылығынан өзі қысылып, 

абыржып, ə п і-ш ə п і с і  ш ы ғ ы п, ішке 



79

Байынқол Қалиев

қайтып  келсе,  Бəкизат  сыртқа  шыққалы 

есікке  беттеп  келеді  екен  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 74). - Əй,  қайдасың?  Бол!  Бол!

- деп, өзі де жүк арасынан көрпе-жастық 

алып,  ə  п  і-  ш  ə  п  і    б  о  п  жатқаны  (Бұл

да, 102). 

ƏРЕБЕК  з  а  т.  к  ө  н  е.  Сəндік  үшін 

адам  мұрнына  салатын  шығыр.  Мен 

«Қыздардың мұрнына салатын ə р е б е г і н» 

бұрын естімеген емес едім (Б.Нұржекеев: 

Қаз. əдеб., 29.01.1993, 6). 



ƏРЕГІДІК ү с т. с ө й л. Арагідік. Рас, 

ə р е г і д і к бір кездегі кіршіксіз сəби көңіл 

шырылдап,  бой  көрсетеді  (Т.  Əбдікұлы, 

Парасат., 62).

ƏРЕДІК:  Əредік  кесте...  Біз  кесте-

нің шым кесте жəне ə р е д і к  к е с т е 

деген екі түрі бар (Қаз. этнография., 1, 581).

ƏРЕЛІК з а т. Билік, үстемдік. – Тұреке, 

енді  «ойында  ə  р  е  л  і  к,  тойда  төрелік 

жоқ» деп, қара бешпентті, қара мұрт жігіт 

бұртиды (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 143). 



ƏРЕМ з а т. Бір нəрсеге су кіріп кетпес 

үшін  оның  айналасынан  қазылған  арық 

(ор). Траншеяға су тимеуі үшін оның ай-

наласынан  су  ағызып  жіберетін  жыралар 

(ə р е м) қазған жөн (Қазақст. ауыл шаруаш. 

1957, 8, 47). Жаңбыр жəне қар суын ағы-

зып  жіберу  үшін  траншеяларды  айнал-

дыра ə р е м д е р қазылады (Бұл да, 1988, 

7, 66).

ƏРЕНДІК з а т. ж е р г. Шанақ. Мұғалім 

екеуміз арбаның ə р е н д і г і м е н бірдей 

ғып  шөп  салып  аламыз  (А.  Жұмаділдин, 

Сең бұзыл., 90). 



ƏРЖЫЛДЫҚ з а т. ж а ң а. Жылына бір 

рет шығып тұратын басылым (журнал) 

(Соц. Қаз., 14.02.1980). 



ƏРҚИЛЫЛЫҚ з а т. Əртүрлілік, ұқсас 

еместік. ≈ Өмірде кездесетін ə р қ и л ы л 

ы қ адамды шынықтырады.

ƏРТАРАПТАН  е  т.  Əр  жақты  болу, 

түрлі-түрлі болу. ≈ Мұндай істің ə р т а р 

а п т а н ғ а н ы дұрыс. 

ƏРТІН з а т. к ө н е. Меруерттің үлкені 

мен  тазасын  көне  түркі  тілінде  осылай 

атайды (Түбі бір түркі тілі, 27). 

ƏРІСІ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Арғысы.  Сосын 

да болар бергісі аудан, ə р і с і облыстан 

келген өкілдер соқпай өтпейді (Қаз. əдеб., 

26.06.1974, 4). 



ƏСЕЛ  з  а  т.  Ара  балынан  (əселден) 

жасалған сусын. Қырдың тортасына ұқсас 

ə с е л дейтін шұбалаңқы сусыны жəне бар 

(Туған жер., 33). 



ƏСЕМСОТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  «К-700» 

тракторы  осылай  да  аталынады.  Ел 

арасындағы,  əлгі  «қасымсейіт», «ə  с  е  м 



с о т» деп ат қойып, мақтап жүрген К-700» 

тракторының  өзі  қардың  қалыңдығынан 

қия баса алмай жатқанын көзіміз көріп жүр 

(Лен. жас, 16.03.1971, 4). 



ƏСЕРСІЗДЕУ  с  ы  н.  Əсері  аздау, 

тартымсыздау.  Əйтеуір  ə  с  е  р  с  і  з  д 

е  у,  əлсіздеу  жазылған  өлеңді  оқыған 

жұртшылық жүректен шықпаған екен деп 

жатады (Қаз. əдеб., 12.06.1972, 4). 

ƏСИЕ  з  а  т.  м  и  н  е  р.  Изумруд.  Ал 

«изумрудтың» қазақша аты аталмаған. «Из-

умрудты» шығыс елдерінде (араб, парсы) 

«ə с и е» дейді. Қазақта «ə с и е» деген сөз 

кездеседі  (көбінесе  қыз  аттары) (Жалын, 

1974, 1, 126). 



ƏСИЯЛЫ с ы н. Əсия өсімдігі өскен, 

əсиясы бар. Тау бөктерлері мен адырлардың 

сайларында өсетін жұпар иісті, алуан түрлі 



ə  с  и  я  л  ы – сегіз  сай  сарала  шалғын  өз 

алдына (Қазыл ту, 12.07.1958, 2). 



ƏСКЕРБАСЫЛЫҚ  з  а  т.  Əскербасы 

болушылық, əскербасы болғандық. Ə с к е р-

б  а  с  ыл  ы  қ  т  а  н  Əбілқайырдың  аулақ-

тауы  сөйтіп  əуелі  қазақтың  жалпы-

ұлттық ұранынан аздырды (Қ.Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 260). Байрақ – ежелгі ə с к е р 



б а с ы л ы қ дəреже белгісі. Ə с к е р б а с 

ы л ы қ дəрежеге ие болған адамға байрақ 

пен қоса өзге де əскери белгілер (дыбыл, 

ту) тапсырылған (ҚҰЭ, 67). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет