Жоспар: Кіріспе



бет1/10
Дата16.05.2022
өлшемі41,45 Kb.
#34660
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Мәнжазба


Тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қазақ дәстүрлері мен ырымдары. Олардың танымдық-тәрбиелік мүмкіндіктері.

Орындаған: Баймухаммедов А.О

Тексерген: Капина Э.А

Топ: АЗТ 101

Ақтөбе 2020

Жоспар:


  1. Кіріспе........................................................................3

  2. Талдау........................................................................4

  3. Қорытынды..............................................................7

  4. Пайдаланған әдебиеттер........................................8

1. Кіріспе.

Жазушы Мұхтар Әуезовтің бар ғұмыры ғасырлар қойнауынан жеткен қара сөз бен

Өлең сөздің құпия қатпарларын зерттеп, ерекше ықыласпен қабылдап, оның өз ұлтының этносына сұлу да сырлы, терең көрінетін жұмбақ қасиетіне нұр қосып, құнарлы тілдің тұқымын егіп, жемісін сан ұрпаққа мәдени мұра етіп қалдырумен өтті. Қаламгердің көркемсөзді сүюін сол сөздерді өз туындыларында дөп басып пайдалану шеберлігінен байқауға болады.

Ұлы суреткер алғашқы туындыларының өзімен-ақ бүкіл тіршілігі сөз бағып, сөз өсірумен келе жатқан дала тұрғындарының дара менталитетін, салт-дәстүрін дәл аңдап, айтар ойына алтын айдар тағуды машық қылды.

Дәстүр – мәдениеттілік белгісі. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Сонымен қатар бұл уақыт сынына төзген, өркениетке бет бұрған халықтың барынша жүйеленіп қалыптасқан өзіне тән өмір сүру формасы.

Салт-дәстүр уақыт талабына сай кешегінің негізінде дамып, жаңарып отырады. Әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сол халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі іспеттес болатыны белгілі.

Қазақтың тұлғалы ғалымы Қаныш Сәтбаев «Абай жолы» – қазақ өмірінің жарты ғасырлық энциклопедиясы» деп дәл анықтама берген. Әуезов Абай өмірін шығармаға өзек ете отырып, сол тұстағы халықтың өмірін, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, дәстүрін терең қамтып зор шыншылдықпен көз алдымызға әкелді. Үш жыл оқып елге келе жатқан 12–13 жастағы баланың 60 жасқа жуықтағанға дейінгі өмірін оқып отырып, Абаймен бірге ғұмыр кешкендей әсерде боласыз. Мұхтар Әуезовтей қазақ халқының салт-дәстүрін жетік әрі терең білетін автор болмаса керек деп ойлаймын. Адамның

туғаннан бастап ана өмірге кеткенге дейінгі өмірінде кездесетін торқалы той мен топырақты өлімде көрінетін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығын кездестіруге болады. Ол жазушының «Еңлік-Кебек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу», «Қыр суреттері» сынды шағармаларында біршама көрініс тапса, «Абай жолында» жан-жақты қамтылады. Абайдың Ділдәмен үйленуі, Әйгеріммен үйленуі, Айдар мен Ажардың тағдыры бейнеленетін сюжеттердің барлығы біздің ұлтқа ғана тән салт-дәстүрлердің әдемі жиынтығы іспеттес. Құда түсу, қыз көру,

қыз ұзату, ұрын бару кезінде жасалатын кәделер, құйрық-бауыр жеу, неке қияр барлығы да «Абай жолында» кең қамтылған әдет-ғұрыптар. Өлім жөнелтуге байланысты қазаны естірту, жоқтау, дауыс салу, қаралы ту тігу, қаралы атты күзеу, көшкенде қаралы аттың ер тоқымына қайтыс болған кісінің киімін жауып қойып оны бос жетекке алу, ас беруде қаралы атпен көрісу, қаралы туды жығу, көші-қонға қатысты салттар ерулік, қарулық, жұрт майлау, қымызмұрындық сынды ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптардың жиынтығы біртұтас суреттелген бір туынды болса, осы «Абай жолы» деп айтуға болады. Салт-дәстүрден өзге аңшылық, саятшылыққа қатысты қанжыға майлау, олжаны біреудің қанжығасына байлау, олжа салу сынды кәделер «Абай жолында» қанық бояумен боялғандай көрінеді.




2. Талқылау.

Мұхтар Әуезовтің қай шығармасының тілін алсақ та қазақ халқының мәдениетіне тән,этномәдени шеңбері ауқымды, ұлттық нақышқа бай. Сондықтан бүгінгі таңда туған жекелеген байсалды еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болып отыр. Қазақ халқының ежелгі дәстүрлері, ертеден келе жатқан белгілі адамдарға ас беру, бір жыл өткенше өліктің артын күту, азалы отбасының үй тігіп, ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, жоқтау айтып, көрісу дәстүрі «Абай жолындағы» Бөжей өлімінде кеңінен бейнеленген. Тоқтала кетсек;

Байдалы сүйекті орналастырып болысымен, сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ

белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті. Жаназасынан шығарғанға шейін өлік осында болмақ. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі кісі өлсе ақ болатынын айтып келді де, «Бөжейдің орта жасты кісінің туы – бір жағы ақ, бір жағы қызыл болуы керек» дегенді айтқан (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 37 б.).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет