Казахский национальный


ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ Р. НҰРҒАЛИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ



Pdf көрінісі
бет25/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52

 
ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ Р. НҰРҒАЛИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ 
 
 
ХХ  ғасырдың  басында  дамыған  қазақ 
əдебиеті  толысып,  озық  ұлттық  əдебиеттердің 
жанрлық  салаларына  жол  тартып,  əлемдік 
əдебиетке тəн құбылыс – «Қайта өрлеу дəуірін»  
басынан  өткізді.  Елді елең еткізер жаңалықтар 
бірінен  соң  бірі  халықтың  рухани  азығына 
айнала  бастады.  Солардың  қатарында  роман 
жанрымен  бірге  сөз  өнерінің  іргелі  саласы 
болып  табылатын  қазақ  драматургиясының 
туып,  қалыптасуы  осының  куəсі  еді.  Алғаш 
қазақ  жастары  арасында  əдеби-сауық  кеші 
болып  бастау  алған    бастама  соңынан    ұлттық 
деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуы- 
на ұласты. Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, 
М.  Дулатов,  М.  Əуезов,  Қ.  Кемеңгеров,  
С.  Сейфуллин,  Б.  Майлин,  І.  Жансүгіров,  
Ж.  Шаниндер  бастаған  ұлт  зиялылары  үлкен 
үлес  қосты. 1915 Көлбай  Төгісовтің  «Надандық 
құрбаны»  драмасы  жеке  кітап  болып  басылып 
шықты. 1916-1917 жылдары  Ж.  Аймауытовтың 
тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар»,  
«Қанафия-Шəрбану»  жазылды. 1917 жылы 
жайлаудағы  Əйгерімнің  қонысында  «Еңлік-
Кебектің»  тұңғыш  қойылымы  көрсетілді.  Міне, 
осылай  басталған  қазақ  драматургиясының 
қадамы  қарыштай  дамып,  бүгінде  əлемдік 
деңгейдегі  үздік  шығармаларды  тудырып,  биік 
тұғырдан  көрінуде.  Жоғарыда  айтқанымыздай  
 
 
қазақ  əдебиеттану  ғылымында  поэзия,  эпика- 
лық  проза,  оның  ішінде  ерекше  роман  түбе- 
гейлі  зерттелді.  Ал  драматургия  жайында  
Ə.  Тəжібаевтың  «Қазақ  драматургиясының 
очеркі»,  Р.  Рүстембекованың  «Қазақ  совет  ко- 
медиясы»,  М.  Дүйсеновтың  «Қазақ  драматур- 
гиясының  жанр,  стиль  мəселесі»,  Е.  Жақыпов- 
тың  «Дастаннан  драмаға»,  Н.  Ғабдуллиннің  
«Ғ.  Мүсірепов – драматург»  сияқты  еңбектері 
дүниеге  келді.  Ғ.  Тоғжанов,  І.  Жансүгіров,  
Н.  Львов,  Қ.  Қуандықов,  Б.  Құндақбаев  
О.  Қайдалова,  У.  Садықова,  А.  Тоқпанов  
Л. Богатенкова,  Ə. Сығаев, Қ. Уəлиев   сияқты 
театр  сыншыларының    еңбектерінде  айтылған  
құнды  пікірлерден  бастау  алған  сыншылық 
үрдіс  қазіргі  сыншылар  еңбектерінде  өз  жал- 
ғасын  табуда.  Əлем  драматургиясы  мыңдаған 
жылдарды  артқа  тастап,  сан  ғасырлар  бойында 
қалыптасу  жолынан  өтті.  Ал  қазақ  дра- 
матургиясының  тарихы  бір  ғасырға  да  тол- 
майды.  Кешегі  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 
қоғамымыздың  əлеуметтік-экономикалық,  та- 
рихи-мəдени  дамуы  халқымыздың  мыңдаған 
жылдық  дəстүрлі  фольклоры  мен  бай  əде- 
биетінен,  жаһан  мəдениетінің  орыс  мəдениеті 
арқылы жеткен озық дəстүрлерінен бастау алып, 
қазақтың  жаңа  сапалы  өнері – драматургия  мен 
театрды  дүниеге  əкелді.  Осының  арқасында 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
165
тұтас, жүйелі, жан-жақты əдеби-мəдени процесс 
бастау  алды.  ХХ  ғасырда  қазақ  драматургиясы 
жалпы  драмаға  тəн  қасиеттер  мен  сапаларға 
жанрлық  құрылымдар  мен  пішіндерге  ие  бола 
отырып  қазақ  əдебиетімен,  мəдениетімен  бірге  
өсіп,  жетіліп  отырды.  Əдебиеттің  айрықша  бір 
түрі – драматургияның  негізгі  нысаны  театр, 
сондықтан  театрға  арналып  жазылады.  Дра- 
матургия – танымдық,  тəрбиелік  мəні  зор, 
идеялық-эстетикалық  əсері  күшті  өнер.  Мұнда 
тағдырлар  тоғысуы  мен  характерлер  қақтығы- 
сын, сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше 
көркемдік  құрал – диалогтар  мен  монологтар 
арқылы  болмыстың  сан  алуан  шындықтарын 
ашады,  өмір  құбылыстарына  баға  береді,  билік 
айтады.  Жанр  мəселесі  өнертану  мен  əдебиет- 
тануда  өзекті  болғандықтан,  ерекше  көңіл 
бөлініп,  көптеген  зерттеулер  мен  еңбектер 
дүниеге  келді.  Əлемдегі  барлық  халықтардың 
мəдениеті  мен  əдебиетінде  де  жанр  мен  оның 
түрлері  мəні  бар  құбылыстардың  қатарына 
жатқызылып,  кең  орын  алады.  Типологиялық 
тұрғыдан  жанр  табиғаты  ұқсас,  сарындас.  Олар 
бір  жерде  ішкі  жағдайлардың  əсерінен  дүниеге 
келсе,  екінші  ортада  тарихи-мəдени  алыс-беріс 
кезінде тууы да мүмкін. Бұл мəселенің бетін ашу 
мақсатында  эстетикада  əртүрлі  мектептер,  
бағыттар  болғанын  білеміз.  Мысалы,  Аристотель 
«Поэзия  өнері  туралы»  шығармасында  драма- 
лық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтика- 
лық  өнер»,  Дидро  «Драмалық  поэзия  туралы» 
еңбегі,  Гегель  «Шығармалар  жинағы»,  Белин- 
скийдің  көптеген  сыни  еңбектерінде  жанр 
мəселесі  қозғалған.  Буржуазиялық  оқымыс- 
тылардың  бір  тобы  жанрларға  психологиялық, 
екінші  тобы  грамматикалық  категориялар 
арқылы  түсінік  жасамақ  болады.  Ал  кеңес 
ғылымы  бұларға  қарама-қарсы,  объективті 
критерий ұсынады – жанрды қоғамдық, мəдени-
əдеби  жалпы  дамумен  сабақтас  қарап,  нақты 
əлеуметтік-тарихи,  эстетикалық-көркемдік  ас- 
пектіде  анықтама  береді.  Жанр  тудыратын 
элементтер  деп  сюжет  түзілісі,  композиция, 
поэтика,  бір  сөзбен  айтқанда,  шығарма  идеясы 
мен  мазмұнын  ашатын  көркемдік  құралдарды 
айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық əсер 
беретін формаларды да  қосқан дұрыс: трагедия, 
комедия,  драма.  Даму  үдерісінде  жанрлар  бір-
біріне  өзара  ықпал  етеді,  бірін-бірі  байытады. 
Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі. 
«Жанр  əрқашан  өзі,  əрі  өзі  емес,  əрқашан  көне, 
əрі  жаңа,  жанр  əдебиет  дамуының  əрбір  жаңа 
кезеңінде,  əрбір  жаңа  шығарма  тұсында  қайта 
туындап  жасарады...  Жанр  бүгінгі  күннің 
тынысымен  өмір  сүреді,  бірақ  əрқашан  өз 
өткенін  ерекше  қасиет  ретінде  өз  бойында 
сақтайды.  Жанр – əдеби  даму  үдерісіндегі 
шығармашылық  тұжырым  түрінде  қалады», – 
деп  жазды  М.  Бахтин [1]. ХХ  ғасырдың 60 
жылдары  жалындаған  жас  ғалым  Р.  Нұрғали 
өзінің  жаңашыл  ғылыми  зерттеушілік  бағыты- 
мен  əдебиеттану  ғылымына  келіп  қосылды. 
Ғалым  қазақ  драматургиясындағы  трагедия,  ко- 
медия,  драма  жанрларының  ұлттық  ерекше- 
ліктерін,  дүниежүзілік  əдеби  дамуға  қосылатын 
белгілерін  көп  жылдар  бойы  аса  бір  ұқыпты- 
лықпен  тексерді.  Оның  айғағы  ретінде  «Тра- 
гедия  табиғаты» [2],  «Талант  тағдыры» [3],  
«Күретамыр» [4],  «Өнер алды – қызыл тіл» [5], 
«Өнердің  эстетикалық  нысанасы» [6], «Драма 
поэтикасы»  атты  монографияларын  айта  ала- 
мыз[7].                                      
Əдебиет  əлемі  жөнінде  өрелі  ой,  орнықты 
пікір  айтып,  қазақ  əдебиетінің  ғылым  мен 
сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалидың  
«Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» 
атты  монографиясы  қазақ  драматургиясының 
табиғатын,  жанрлық  жүйесін  жан-жақты  сара- 
лап  зерттеген  бірегей  еңбек  деп  айтуымызға 
болады [8]. Р.  Нұрғали  қазақ  драма  жанр- 
ларының – өзіндік  ерекшеліктерін,  поэтикасын 
айқындаудың,  олардың  əдеби  дамудағы  орны 
мен  маңызын  ашудың  өрістеу  үрдісін  тиянақ- 
таудың,  жанрлық  құрылымдардың  өзгерістерін, 
сонымен  қатар  олардың  өзара  байланысы  мен 
баюын  көрсетудің  уақыты  келгенін  айта  келіп, 
өз  зерттеуінің  негізгі  нысанасы  етіп  алуға  бел 
байлайды. Ғалым бұл зерттеуінің ХХ ғасырдағы 
қазақ  əдебиеттану  ғылымындағы  əдеби  көркем 
процесс    диалектикасына  енуге,  ұлттық  жəне 
интернационалдық  дəстүрлердің  арақатынасын 
көрсетуге,  белгілі  кезеңдердегі  əдеби  даму 
заңдылықтарын ашуға мүмкіндік туғызатынына, 
сондай-ақ қазақ драматургиясының дамуындағы 
қалыптасқан  дəстүрлер  мен  тұрақты  байланыс- 
тарды  анықтауға,  олқылықтар  мен  кемшілік- 
терді  көрсетуге,  болашағын  барлап  болжауға 
жағдай  жасайтынына  кəміл  сенеді.  Əдебиет 
жанрлары жөнінде  тұжырым жасаған академик  
Д.С.  Лихачев  «Жанрлар  түрлі  өзгермелі 
факторлардың  əсерімен  қалыптасып,  сан  алуан 
қасиеттерге  ие  болғандықтан,  əдебиет  тарихы 
алдында  ерекше  міндеттер  туады:  жанрларды 
ғана  емес,  жанрлық  саралауды  тудыратын 
принциптерді  зерттеу  керек,  жеке  жанрларды, 
олардың  тарихын  ғана  емес,  əр  дəуірдегі  жанр- 
лар жүйесін зерттеу керек» – дейді [9]. 
Ғалым  академиктің  осы  талаптарын  ескере 
отырып  нақты  шығармаларды  талдап,  жанр- 
лардың  оның  ішінде  барлық  жүйелердің,  даму 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
166
үдерісіне  зейін  қояды.  Р.  Нұрғали  драматургия 
жанрларын  жай  қағида,  қатаң  тұжырым  етіп 
қана  алмай,  олардың  қоғамдық  мəдени  дамуы 
мен  сабақтастығына  мəн  беріп,  көркемдік-
эстетикалық  тұрғыдан  баға  береді.  Өзі  көтеріп 
отырған  күрделі  теориялық  мəселенің  негізгі 
түйінін  ашуға  тырысады.  Р.  Нұрғалидың  бұл 
еңбегі  ұзақ  уақыттар  бойы  сарқыла  зерттеу 
нəтижесінде  дүниеге  келді.  Осы  салада  жүргіз- 
ген  ізденістері  мен  көптеген  құнды  ғылыми 
топшылаулар  өз  жемісін  берді.  Монографияда 
қазақ  пьесалары  жанрлық  тұрғыдан  жіктеліп, 
белгілі бір ретпен қарастырылады. Қазақ қалам- 
герлерінің  алпыстан  аса  пьесалары  ғылыми 
тұрғыдан зерттеліп, олардың идеялық-көркемдік 
қасиеттері,  жанрлық-стильдік  сипаттары  ашы- 
лып талданады. Ғалым драмалық шығармаларды 
бұрынғы  зерттеуші  ғалымдар  сияқты  трагедия, 
комедия,  драмаға  бөліп,  əр  жанрдағы  шығар- 
маларды  ішкі  сипаттарына  қарай  бірнеше 
бөліктерге  бөледі.  Монография  «Трагедиялық 
тартыс жəне трагедиялық характер» деген тақы- 
рыппен  ашылады.  Ғалым  қазақ  əдебиетта- 
нуында  алғаш  рет  драманың  негізгі  түрлерінің 
бірі  трагедияға  жан-жақты  жанрлық  тұрғыдан 
сипаттама  береді: «Драматургия  жанрларының 
ішінде  өмірге  айрықша  жақын  түрі – трагедия, 
өйткені  бұл  формада  тіршіліктің  сан  алуан 
қайшылықтары,  ғаламат  тартыстар,  құштарлық- 
тар  мен  сезімдер  шайқасы,  ойлар  мен  идеялар 
қақтығысы  ерекше  зор  пафоспен,  əрі  реалистік 
тереңдікпен  бейнеленеді.  Классикалық  əдебиет- 
тегі  трагедияларда  дара  тұлғаның  əлеуметтік-
қоғамдық  қайшылықтармен  кереғар  қайшы 
келуі,  бітіспес  күреске  түсуі  көрсетілген. 
Трагедия  қаһармандары  сұм  заманның  қатігез 
əдеттерімен  шайқаста  опат  болады;  олардың 
алдарына  тас  қамалдай  неше  түрлі  кедергілер, 
асу бермес тосқауылдар тұрады;  трагедия асқақ 
рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. 
Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс 
құшағында;  ол  өз  ішіне  терең  бойлайды;  қамы- 
рықты,  қайғылы  азапты  хал  кешеді;  ке- 
дергі,  қарсылықтармен  қаймықпай  күреседі» [8, 
12- б.]. 
Трагедия  категориясына    қатысты  көптеген 
ғылыми  зерттеулер  жазылып,  көптеген  зерделі 
пікірлер  айтылды.  А.В.  Луначарский  дүние- 
жүзілік  драматургия  тарихына  сүйене  отырып, 
трагедияны  символдық  жəне  реалистік  деп  екі 
салаға  бөліп  қарайды.  Бірінші  қатарға  Гетенің 
«Фаустын»  қосса,  екінші  қатарға  Шекспирдің 
«Гамлетін»  жатқызады.  Трагедияны  оқыған 
немесе  сахнадан  көрген  адам  орасан  зор 
тебіреніске  түсіп,  сан  алуан  сезім  толқынына 
бөленеді,  қапалы  ой  құшағына  енеді.  Бұл  идея- 
лық-эстетикалық  əсер  ету  ерекшелігін  Аристо- 
тель – жан  ашу,  қорқыныш  һəм  қуаныш 
сəттерінің  шарпысуынан  туған  ерекше  күй  деп 
атайды.  
Ғалым  трагедияның  тағы  бір  маңызды 
сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор 
адасуларға  ұшырайтынын  жатқызады. «Бұл 
əлеуметтік  жағдайлар  мен  қоғамдық  қарым-
қатынастар  тудыратын,  кейіпкердің  өз  еркінен 
тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсаты- 
на жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр 
мен  жазмыш  бұйрығы  тағылеттес  ерекше  жағ- 
даяттардан шығады».  
Сонымен  ғалым  трагедияға  жан-жақты 
жанрлық  тұрғыда  сипаттама  жасай  отырып: 
«Сөйтіп,  трагедия – драматургияның  қаһарлы 
тартыстар  мен  адасулар  шайқасы  қат-қабат 
өмірдің  обьективті  қайшылықтарын  терең 
образдар  арқылы  ашып,  зор  айқастар,  үлкен 
күрестерді  бастан  өткеріп,  шындыққа  жету 
жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-
шері,  мұң-ызасы  эмоциялық-эстетикалық  ғала- 
мат  əсерсен  оқырманға  (көрерменге  берілетін, 
болмыстың  қаны  сорғалаған  сұрапыл  шындық- 
тарын  айқара  ашып,  қопара  бейнелейтін  іргелі 
жанры.  Əрине,  қалыпты  өмірдің  өзіндік  тілек, 
талап,  шарттары  мен  тарихи,  трагедиялық 
тұлғаның мақсаты арасындағы күрес, конфликт, 
тартыс  атаулының  əр  қоғамда,  əр  дəуірде,  əр 
əлеуметтік,  ұлттық  ортада  сан  алуан  форма, 
көрінісін  тудыруы – объективті  заңдылық. 
Трагедиялық  тартыстар  мен  адасулар  таби- 
ғатын, эстетикалық-эмоциялық əсер ерекшелігін 
сюжеттік  материал,  көркемдік-композициялық 
құралдар  жүйесін,  тақырыптық  идеялық  ны- 
сананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мына- 
дай  салаларға  бөлуге  болады:  а)  эпикалық  тра- 
гедия;  ə)  тарихи  трагедия;  б)  адамгершілік-
тұрмыстық  трагедия», – деп  бірнеше  бөлікке 
бөледі [8, 14 б].  Бұл  жүйелеуден  ғалымның 
драмалық шығармаларды жан-жақты терең зерт- 
теп,  жанрдың  ішкі  жақтарына  көп  үңілгеніне 
көзіңіз  жетеді.  Бұл  зерделеу  монографияның 
жаңалығы деп айтуымызға да болады.  
Ғалым  қазақ  əдебиетіндегі  классикалық 
үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап 
беретін  ұлттық  құндылығымыз - «Еңлік-Кебек» 
трагедиясын  алғаш  рет  жоғары  бағалап,  əдеби-
эстетикалық  талдау  жасады.  Бұл  шығарма- 
ның  эпикалық  трагедияның  барлық  талабына  
сəйкес  келетінін  дəлелдеді.  Алды  мен  ғалым  
М.  Əуезовтің  шығармашылық  зертханасына 
тоқталып,  жазушының  Шекспир  шығармашы- 
лығынан аударған туындыларына тоқталады.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
167
Р. Нұрғали монографияда ғалымдар арасын- 
да  бірінші  болып  зерттеудің  жаңа  ұстанымын 
қолданды.  Бұл  дүниежүзілік  əдебиеттанудағы 
қолданылып  жүрген  жаңа  типологиялық  əдіс 
еді.  Ғалым  зерттеуге  нысаны  етіп  отырған 
шығармаларын  өздеріне  тəн  сипаттары  мен 
ерекшіліктерін,  ұқсастықтарын  бір-бірімен  са- 
лыстырады.  Ұлттық  əдебиеттің  өзіне  тəн 
ерекшіліктерін  ескеріп  отырады.  Мұны  да  бұл 
еңбектің құндылығына жатқызуға болады. 
«Еңлік-Кебектің»  осы  уақытқа  дейінгі  бел- 
гілі  бірнеше  нұсқаларын  бір-бірімен  салыс- 
тырып,  сабақтастырып,  оның  қойылу  тарихын, 
сахнадағы  қойылымдарын  тізе  отырып,  ғалым 
əрбір  кейіпкерге,  оның  тіліне,  мінезіне,  іс 
қимылына,  көркем  шығармадағы  тартыс,  мінез- 
дің  өзгеруі  мен  əдеби  кейіп-  кердің  өмірде 
болған,  болмағанына,  шығарма  шындығы  мен 
оның жасалуына, сомдалуына жіті көңіл бөледі. 
Көркем мəтінді жақсы білетін ғалым шығармаға 
əдеби-эстетикалық  талдау  жасайды.  Эпикалық 
трагедияның  жанрлық  сипатына  сараптама 
жасай  отырып,  оны  əлемдік  драматургияның 
жетістіктерімен  салыстырып  отырады.  Зерттеу- 
ге  əлемдік  салыстырмалы-тарихи-типологиялық 
əдістің  барлық  мүмкіншіліктерін  пайдаланады. 
Бұдан  Р.  Нұрғалидың  зерделі  білімін,  жан-
жақтылығын  байқай аламыз.  
Ғалым  «Еңлік – Кебек»  аңызының    екі 
əңгіме, екі поэма түрінде жеткен төрт нұсқасын 
салыстырып,  мынадай  байламдар  жасайды. 
«Ұсақ  ауытқуларды  айтпағанда,  барлық  нұсқа- 
дағы  оқиға,  оның  баяндау  реті,  аяқталуы,  аты 
аталатын  адамдар,  негізінен  бірдей.  Адам 
бейнелерін  кескіндеу  де  ұқсас.  Кебек  батыр. 
Еңлік – асқан  махаббат  иесі,  Кеңгірбай    опасыз 
болып  көрінеді.  Шыңғыстау,  Орда,  Хан, 
Доңғалаң,  Ащысу  барлық  нұсқада  айтылады. 
Нысан Абыздың бал ашқан сөзі, Еңлік портреті, 
бүркіт  салу  суреті  сөзбе-сөз дəл  келіп отырады. 
Бірталай  тіркестер,  жеке  детальдар,  жаулар 
үстерінен  түскендегі  қашу  сəті,  Кебек  мойнына 
арқан тасталуы, Еңліктің үш тілегі, жөргекте зар 
қағып  қалған  бала  өзгеріссіз  қайталанады. 
Барлық  нұсқа  Еңлік  пен  Кебектің  өлімімен 
тынады.  Кеңгірбайдың  екі  жүзділігі,  тобықты, 
найман  рулары  арасындағы  кикілжіңнің  бас 
себебі тағдырдың бұйрығында, жазмыш күшінде 
деген идея барлық нұсқада бар» Мұхтар Əуезов 
жазған пьесаның сюжеті халық аңызының оның 
ішінде  əңгіме,  поэма  түріндегі  нұсқаларынан 
бастау  алады [8, 15- б.].  Тобықты – найман 
арасындағы  оқиға  тұнып  тұрған  драма  мате- 
риалы  екенін  ұққан  жазушы  көрегендігін  айта 
келіп: «Ру  арасындағы  жаңа  шайқасқа  Кебек-
Еңлік  ісі  сылтау.  Дабырайып,  өсіп,  шегіне  жете 
сыздаған  алтыбақан  алауыздық  бұлтының 
түйісуіне  кездейсоқ    бір  оқиға,  титтей  себептің 
өзі  жарап  жатыр  еді.  Пьеса  көркемдігімен  бірге 
ғалым  пьесада  орын  алған  олқылықтарын  да 
көрсетеді. Пьесаның алғашқы  екі  нұсқасындағы 
басты  олқылық  дүниетаным  саяздығына  тіре- 
леді.  Автор  екі  жас  трагедиясының  ең  негізгі 
себебін  алауыздықта,  билердің  қатігездігінде 
деген ойға мегзейді.    
Ғалым əртүрлі елдер əдебиетінде кездесетін 
бір туындыға қайта-қайта оралып, əлденеше рет 
өңдеу  дəстүрінің  де  М.  Əуезов  шығармашы- 
лығына  тəн  екенін  айта  отырып,  жазушы  өзінің 
тырнақалды  шығармасы  «Еңлік-Кебекке»  қа- 
ламы шыңдалып, үлкен жазушылық мəдениетке 
ие  болған  кезеңде 1943 жылы  бір, 1956 жылы 
екінші  рет  оралып,  пьесаға  мол  өзгерістер 
енгізіп,  қайтадан  өңдеп  шыққанына  тоқталады. 
Пьесаның  алғашқы  нұсқасындағы  сюжеттік 
желінің  қалдырылып,  тек  трагедияның  негізгі 
идеясын  ашуға,  конфликтінің  өрбіп,  асқынуына  
еш қатысы жоқ эпизодты алып тастағанын  айта 
отырып, «трагедиялық  қақтығыстың  жойқын  
көрініс  беруі  үшін  ұсақ  бұрылыстарды,  жай 
кикілжіңдерді қысқартып тастау қажет болды» –  
дейді. [8,24-б.] Сонымен қатар драматургтың аса 
үлкен  шығармашылық  табыстарын  да  көзден 
таса қылмайды. 1943 жылы жазылған нұсқа мен 
1956  жылғы  жазылған  нұсқаның  басты 
айырмашылықтарын  айта келіп, қазіргі театрда 
қойылып  жүрген  нұсқаға  тоқталып,  алғашқы 
нұсқа  мен  осы  нұсқаның  арасындағы  түбірлі 
мазмұндық,  идеялық  айырмашылықтарды,  көп- 
теген  стильдік  өзгешеліктерді  салыстыру  ар- 
қылы  көрсетеді. «Сөйтіп,  Мұхтар  Əуезовтің 
əуел  баста  халықтың  аңыз  негізінде  туған 
«Еңлік-Кебек»  трагедиясы  талант  құдіретімен 
əлденеше  рет  редакцияланып,  жаңғыртылып, 
байытылуы  арқасында  образдарды  кесек-кесек, 
тартысты шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрай- 
лы  классикалық  туындыға  айналды» – деп 
жоғары баға береді [8,35б.]. 
_______________
 
1. Бахтин  М.  Достоевский  поэтикасының  пробле- 
малары. – Москва: Советский писатель, 1972, 178-179 б. 
2. Нұрғали Р. Трагедия табиғаты. – Алматы: Жазушы, 
1968. 251 б.   
3. Нұрғали  Р.  Талант  тағдыры. – Алматы:  Жазушы, 
1969. 125б 
4.  Нұрғали    Р.  Күретамыр.  Қазақ  драматургисының 
поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 1979. 235 б. 
5. Нұрғали  Р.  Өнер  алды –  қызыл  тіл. – Алматы: 
Мектеп,1974.152б. 
6. Нұрғали  Р.  Өнердің  эстетикалық  нысанасы. – Ал- 
маты. Мектеп, 1979, 192 б. 
7. Нұрғали Р. Драма поэтикасы. Алматы: 1982. 241б. 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
168
8. Нұрғали Р. Айдын. Қазақ драматургиясының жанр- 
лық жүйесі. – Алматы, 1985. 435б. 
9. Лихачев  О.С.  Театр  жəне  драматургия  туралы. – 
Москва, 1958. 1-2 т. 
 
 
 
 
 
 
* * * 
В  статье  рассматриваются  исследовательские  работы 
по казахской драматургии Р. Нургали    
 
 
 
 
 
 
Р. С. Жақсылықбаева 
 
ҚАЗАҚ ƏДЕБІНІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 
 
 
Қазақ  этикасы – қазақ  халқының  ұлттық 
əдеп  жүйесін  моральды,  адамгершілікті  зерт- 
тейтін  философиялық  пəн.  Қазақ  топырағында 
əдептануды  арнаулы  ілім  ретінде  қарастырған 
ғұлама-философ,  əмбебап  ғалым – Əбу  Насыр 
əл-Фараби.  Əл-Фарабидің  əлеуметтік-этикалық 
көзқарастары  «Бақыт  жолын  сілтеу», «Азамат- 
тық  саясат», «Мемлекеттік  қайраткерлердің  на- 
қыл  сөздері», «Бақытқа  жету  жолында»  деген 
зерттеулерінде ерекше назар аударылған [1]. 
 Қазақ  этикасының  ежелгі  бастау  қайнар 
көздері  үш  мың  жылдай  Еуразияның  Ұлы 
даласында  өркендеген  скиф-сақ,  ғұн,  үйсін, 
қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мəдениеті- 
нен нəр алады. 
Іргелі  жазба  мəдениет  арқасында  тəрбие 
алып есейген бүгінгі ұрпақ ұлттық мəдениет пен 
дүниетаным,  салт  пен  дəстүр  секілді  мыңдаған 
жылдар  бойы  қалыптасып,  өркен  жайған  ұғым- 
дардың  негізінде  ауызекі  дəстүрдің  жатқан- 
дығын  ескере  бермеуі  де  мүмкін.  Көшпенділер 
өркениетінде жатқа айту, немесе ауызекі дəстүрі 
мұрағат,  кітапхана,  мектеп,  барлық  ақпарат 
құралдар  міндетін  өз  мойнына  алып,  бұрынғы 
өмір  салты  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  бүгінгі 
жазба дəстүрі біржола салтанат құрғанға дейінгі 
кезеңде  аса  үткен  міндет  атқарып  келді. 
Сондықтан  да  халық  барлық  өнер  атаулыдан 
ауызекі  айту  дəстүрін  жоғары  қойып, «Өнер 
алды – қызыл тіл» деді.  
Ал  осы  ұлттық  мəдениеттің  іргетасын 
құрған  ауызекі  дəстүрдің  халық  арасындағы 
ірілі-кішілі  сөз  өнері  жампоздарынсыз  өркен 
жайып, дамуы тіптен мүмкін еместігі де даусыз 
шындық.  Орта  ғасырлар,  одан  да  ерте  кезең- 
дердегі  рухани  мəдениеттің  жиынтық  көрінісі, 
тұтас  тарихи  дəуірлерді  қамтып,  бүгінде  бүтін 
бір  мəдениеттердің  іргетасына  айналған  «Ма- 
хабхарата», «Манас», «Калевала», «Қыз Жібек», 
«Қобыланды»  сияқты  эпикалық  мұралардың 
кейінгі  замандарға  жетуі  де  солардың  ұлы  аза- 
маттық еңбегі екендігі даусыз. Халық даналығы  
 
 
бір  күндік  өткінші  нəрсе  мен  мəңгілік  қасиет- 
терді  ажырата  білуді  парасаттылықтың  алғы- 
шартына жатқызады. 
Қазақ ауыз əдебиетінің көптеген жанрлары- 
ның  ішінде,  соның  ішінде,  батырлар  жыры  мен 
ғашықтық  жырларда  шынайы  махаббат,  адам 
жан дүниесінің пəктігі, тазалығы, адамгершілігі, 
ізгілігі  жəне  бас  бостандығын  аңсаған  жастар, 
ескі  əдет-ғұрып,  салттан  туған  теңсіздік,  қайғы-
қасірет,  күйініш  суреттеледі.  Əсіресе,  адам 
бойындағы  біреу  үшін  өзін  құрбандыққа  қия 
білу,  жақынға  достық  көмек,  кеңпейілділік, 
ақылдылық  жəне  əділділік  сияқты  қасиеттер 
ерекше  жырланады.  Мəселен, «Ер  Қосай» 
жырында  алты  жасында  əкесінен  қалған  Қосай 
қырық  баламен  асық  ойнап  жүргенде,  аттылы 
жүз адам келеді. Сонда Қосайдың айтқаны:  
«Аққа мойным бұрайын, 
Сендерді көзім көрген соң, 
Сұрамай нағып тұрайын? 
Біреуің маған келмесең, 
Елдігіңді ұрайын! 
Екеу емес, үшеу емес, 
Кіндіктен тудым жалғыз тақ, 
Мырзаларға келуім ақ, 
Аруақ маған жар болса, 
Ұялып жүрме, ей, бейбақ!»
 - дейді [2, 17 б]. 
«Қарадөң  батыр  жəне  оның  ұрпақтары» 
жырында  да  Қарадөң  он  бес  жасқа  келгенде 
Тоқсан баулы ноғайлының ханы жиналған топқа 
келіп былай деген екен:  
«Қарадөңдей жас бала, 
Дұшпанменен қас бала, 
Сегіз жасқа келгенде 
Алысар жауын көздеді, 
Өз қатарын іздеді. 
Жаманға жүдə ермеді, 
Жаманның бетін көрмеді, 
Жақсылар сөз сөйлесе,  
Отырып сөз тыңдады. 
Жаманның ісін қылмады, 
Жасы үлкенді сыйлады...»,
 - дейді  [2, 74-75 бб]. 
Тарихи  кезеңдердің  жаңа  дəуірі  туғанымен 
ешқашан  құнын  жоймайтын  моральдық-эти- 
калық  категорияларға:  ар,  ұят,  намыс,  абырой, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
169
ұждан,  абырой,  борыш,  парыз,  борыш  т.б. 
жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, 
арыңды сақта, ар-ұят керек əр уақытта», «Жігіт- 
тің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят 
кімде  болса,  иман  сонда», «Əдептілік,  ар-ұят – 
адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір 
кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мəтелдері 
дəлел  бола  алады.  Қазақ  халқы  ар-ожданды, 
абыройды  қатты  қастерлеген,  оны  адамгер- 
шіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға 
бата  бергенде  «Абыройлы  бол!», «А,  құдай 
абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отыр- 
ған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды 
қорғайтын  құралы.  Намыс – адамның  қадір-
қасиетіне байланысты өте нəзік, өткір, күшті лап 
етпе  сезім.  Ол  адамды  жаман  əрекеттерден  сақ- 
тайтын таза ұлы қасиет. 
«Болат-Жанат»  дастанында  неше  түрлі 
қиыншылық,  бөгеттер,  оларды  жеңудегі  оның 
шыдамдылығын,  өмірге  деген  құштарлығы,  
жақсылыққа  деген  сенімі,  ақылдылығы,  тап- 
қырлығы,  қулығы  таңғалдырып  отырады.  Болат 
пен  Жанаттың  əкесі  Мақалбай  саудагер  жол 
жүрер  алдында  ұл-қызына  мынадай  өсиет 
айтады: 
«Ұлы-қызым – шырыным, 
Тілінен шықпа піріңнің. 
Жасыңнан əдеп үйренсең, 
Əркімнен озар ілімің...»,
 - дейді [3, 19 б]. 
Халқымыз  «жақсы»  деген  ұғымды  адамгер- 
шілікке балайды. Өйткені, ел адамгершілігі мол 
адамды «жақсы адам» деген.  
«Құлқаныс – Зеберше»  дастанында  Құлқа- 
нысқа  сырттай  ғашық  болып,  қапа  болған  Қа- 
ныстың айтқаны мынау екен: 
«Жаманға ұйқы – жолдас, тамақ – тамыр, 
Көріп ем бір көргеннен сізді тəуір. 
Сəулетінің сыпай 
ының түзде көр деп, 
Шынымен болғаның ба бір оңбағыр! 
Ақиқат шыққанынша бір терең сыр, 
Арбамен асықпаған қоян алар, 
Құдайдың мың бір аты, бірі – сабыр. 
Жаманға ұйқы жолдас басқадан да, 
Ақылы өз басынан аспағанға. 
Ойланбай қылған істің түбі ойран, 
Сары алтын сабыр түбі саспағанға...», -
 дейді [3, 87-
88 бб]. 
Қазақтың ұлан-байтақ жері қай кезде де, қай 
кезеңде  де  ел  мұңын,  ел  жырын  жырлаған 
дарабоз  ақындарға  кенде  болмаған.  Сондай  аса 
дарынды, маржан сөздің майын ағызған жырау- 
лардың бірі – Қабан ақын. 
Қабан жыраудың: 
Дүниеде ешбір қатер жуымайды, 
Əркім ие боп жүрсе өз аузына. 
Басына бəле адамның тілден болар, 
Сол тілден ұрынады сөз дауына... 
Ауызбірлік жоқ жерде 
Қиянатты қият бар. 
Ұяттың иман қабы дер, 
Имандыда ұят бар,
 - деген өлең жолдары бар [4, 
11-12 бб]. 
Ислам  дəуірі  əдебиеті  мен  қазақ  ақын-
жыраулары  поэзиясы  арасындағы  көркемдік 
дəстүр  жалғастығын  сөз  еткенде,  мықтап  еске- 
ретін  бір  жəйт  бар.  Кез  келген  халық  əде- 
биетіндегі  дəстүр  жалғастығы  сол  қоғамдағы 
тарихи  жалғастықтың  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады.  Ал  тарихи  жалғастық  дегеніміздің 
өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені 
белгілі.  Өнер  біткеннің  бəріне  жаратылысынан 
бейім  адамның  болуы  шындыққа  сыймайтыны 
сияқты,  қайырымдылықтың,  этикалық  жəне 
интеллектуалдық  бəріне  жаратылысынан  толық 
бейім  адамның  болуы  шындыққа  сыймайды,  ол 
мүмкін емес.  
Қазақ  этикасының  қалыптасуына  Қорқыт 
ата  үлкен  үлес  қосты.  Оның  үлгі-өнеге,  өсиет-
нақыл  сөздері  қазақтармен  қатар  барша  түрік 
халықтарында  кең  таралған.  Қорқыт  жырлары– 
имандылық  пен  ізеттілік,  адамгершілік  пен 
парасаттылыққа меңзейді [5].  
Қазақ  халқының  моральдық-этикалық  тəр- 
биесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тəн 
мəн-мазмұны,  ерекшеліктері  бар.  Біздің  пайым- 
дауымызша,  моральдық-этикалық  дəстүрлер 
дегеніміз – моральдық  сана  тəжірибесіне  енді- 
рілген,  адамгершілік  қатынас  мазмұнында  көрі- 
ніс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. 
Кезінде  сенімді  серігі  болған  Қойгелді 
батырды  Төле  би  мұны  бір  сынайыншы  деп: 
«Қойгелдім, адам қайтсе адам болады?», - дейді. 
Сонда  өзін  сынап  отырғанын  сезген  Қойгелді 
мүдірмейді: «Меніңше,  Төке,  дүниеге  жоқтан 
бар  болып  келген  соң  адам  баласы  тəрбиемен 
адам  болады.  Тəртіпті,  тəрбиелі  бала  жаман- 
шылықтан  аулақ  жүреді.  Ал  тəрбиесіз  бала 
тəртіпсіздікке,  жаман  іске  үйір  келеді,  соған 
бейімделеді.  Бала  тəрбиенің  жоқтығынан  бұзы- 
лады», - дейді [6, 10 б]. 
 –Ұятты  қалай  түсінесің?-  деген  сауалға 
Қойгелді батыр: «Меніңше ұят дегеніміз – сенім, 
тəрбие», - деп жауап берген екен. [6, 12 б]. 
Адам  баласының  қоғамда  бағалануы,  дə- 
ріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгерші- 
лік  қасиеттеріне  байланысты.  Ол  егер  айна- 
ласындағыларға  қайырымды  да  адал  болып, 
бүкіл қарым-қатынастарын адамдық тұрғысынан 
реттейтін  болса,  нағыз  адамгершілігі  мол  жан 
болып  шыға  келеді  де,  қоғамдағы  сыйлы 
бағасын да, орнын да иемденеді. 
Ұлы  жазушы  Мұхтар  Əуезовтің  «Абай 
жолы»  романында  халықтық  əдеп,  шынайы 
шындық  мəселелері  кеңінен  орын  алған.  Мəсе- 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
170
лен,  Қарашоқыға  жазықсыз  жаламен  Қодар  мен 
Қамқаны  өлтіруге  алып  келгенде,  ашынған 
Қодар  зор  дауыспен  барынша: –Ақ-қарамды 
тексермедің  бе,  өңшең  қан  жұтқан,  қара  бет?!- 
деп,  қанталаған  көзімен  Құнанбайға  бұрылып, 
атып жіберердей қарағанын білеміз [7, 36 б]. 
«Баласы  атқа  қонып,  жүруге  ыңғайланып, 
тізесін  қымтай  бергенде  Ұлжан  өзінің  үлкен  ақ 
саусақтарын  жирен  аттың  жалына  салды.  Бір 
нəрсе  айтатын  сияқты.  Абай  осыны  аңғарып, 
анасының  жүзіне  қарағанда,  Ұлжан  бұған  біраз 
көз салып тұрып:  
–  Балам,  үлкендер  бірде  тату,  бірде  араз 
бола  беретін. «Күндестің  күлі  күндес»  дегенді 
сен  білмей-ақ  қой.  Бөжекеңді  көрген  жерде 
сəлеміңді  түзу  бер.  Бір  кезде  жақсы  жақының 
еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Əкең 
дұшпан  десе,  сен  əділ  бол!  Жамандыққа  кім 
табылмайды  дейсің,  жан  ашырдан  айырылма!»- 
деді  [7, 96 б]. 
«Абай  тоқтаған  қалпында  бойын  тез  жиып, 
аттылардың  алдында  жұмысы  бар  кісідей 
көлденендеп  кеп, тосып  тұрды. Аттылар мұның 
қозғалысын  оқыс  көрді  ме,  немесе  таныды  ма, 
аттарын  баяу  бастыра  бастап  еді,  жақындап, 
тұстас келді. 
Сол    уақытта  Абай  үлкен  ықылас  білдіріп, 
айрықша  тағзыммен  төсін  басып,  қатты  дауыс- 
тап: 
–  Ассалаумағалайкүм! – деп сəлем берді. 
Абай  көптен  бері  ешкімге  бүйтіп  сəлем 
беріп көрген жоқ. Қарқаралыға  
келгелі  Бөжейдің  көрінгені  осы.  Шешесінің 
жүрердегі  сөз  есіне  түсті  ме,  болмаса  қазіргі 
көңіл  күйіне  сай  келді  ме?..  Қалайша  бүйтіп 
əдеп  шығарғанын  Абайдың  өзі  де  байқамай 
қалған-ды. 
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан 
сыпайылыққа  Бөжей  оң  назарын  салды  білем... 
атының басын тежей беріп:  
Уағалайкүмəссəлəм,  балам!.. – деп  тоқырай 
қалды. [7, 112 б]. 
– Ендеше сізбен қалай араздасқанын мен өз 
əкемнен  ғана  біліп  қойсам,  мына  Əділбек  пен 
Асылбек  ағам  сізден  ғана  ұғынып  қойса  не 
болады?  Анық  шынға  жете  алмай,  сыңар  жақ 
кетеміз  ғой.  Бірден  адасамыз.  Екіншіден,  бала 
мен бала, мына біздер, сырттан қырбай, сырттан 
шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің əкем бұл 
кісілерге  айтып  отырса  таразының  басы  тең 
баспас па еді? 
Сүйіндік  те,  үй  іші  де  Абайдың  мына 
дəлелдерін дұрыс көрді. [7, 143 б]. 
Адамға  қойылатын  басты  талап – асыл  да 
ізгі  адамгершілік  қасиеттерді  бойына  сіңірген, 
ұлағатты  азамат  болып  шығу.  Өйткені  адам – 
өзінің  адамгершілігімен,  қайырымдылығымен, 
адалдығымен  жəне  əділеттігімен  ардақты. 
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. 
Қазақ  тілінде  əдептілік,  сыпайылық,  ізет- 
тілік  деген  сөздердің  түп  мағынасы  бір.  Ол – 
адамгершілік.  Яғни  ата-ананы  құрметтеу,  үл- 
кенді  сыйлау,  шыншыл  жəне  əділетті  болу, 
сондай-ақ  адамның  көпшілік  алдында  өзін-өзі 
ұстай білуі. 
Адамгершілік  адамзат  қоғамының  даму 
тарихы  арқылы  қалыптасып,  əрбір  дəуірдің 
өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, əлі де 
жетіліп келеді. 
Сүйінбай  ақын  өлеңдерінде  де  дүние  қуған 
пендешілікі, кісіліктің парқын малмен өлшейтін 
бейшаралық,  кедей  сорлының  жалғыздықтан 
көрген  жаутаңкөздігі,  мақтанның  көбігінен  өз 
суретін  көруге  құштар  даңкеуде,  жер  дауын, 
жесір  дауын  қоздырып,  арасынан  пара  алып,  ел 
көзіне  көсемсіп  көрінетін  екі  жүзді  билер  мен 
зорлықшыл  бектер  қатар  сыналады.  Мəселен, 
«Əділеттік орнаса...» атты өлеңінде: 
Жау басынар халықты, 
Басқарушы оңбаса. 
Малша айдап адамды,  
Орынсыз күштеп зорласа. 
Ауға түскен балықтай, 
Шыға алмассың бұлқынып, 
Əділетшің болмаса. 
Күннің көзін жасырар, 
Аспанды бұлт торласа, 
Елдің бағы ашылар, 
Əділеттік орнаса...  [8, 33 б]. 
«Сөз  асылы  сөзде  болады»,
 - деп  нақыл  сөз 
қалдырған  Сүйінбай  ақын  «Жақсы  менен  жа- 
манның айырмасы» атты өлеңінде: 
Жақсының сөзін əркім пайдаланар, 
Миуалы алма-өріктің ағашындай. 
Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр, 
Жүрер  жолдан  тал  түсте адасып-ай!
 – дейді [8, 43 
б].  Бұдан  жақсылық  пен  жамандық  адамның  іс-
əрекеті  арқылы  өлшенетіндігін,  бұл  іс-əрекет- 
терден  моральдық  қасиеттер  туындайтындығын 
аңғаруымызға  болады.  Демек,  моральдық  қа- 
сиеттерге  ие  болған  адам  адамгершіліктің  не 
екенін жақсы түсінеді. 
Адамгершілік  халықтың  əдет-ғұрыптары- 
мен, дағдылы дəстүрлерімен тығыз байланысты. 
Ол жеке адамға сыртқы  дүние сияқгы болса да, 
сайып  келгенде  онымен  бірдей  қоян-қолтық 
қосыла  кетеді.  Ал  мораль  болса  адамның  ішкі 
сенімділігі,  рухани  куəландырылуы.  Адамға 
қойылатын  басты  талап – асыл  да  ізгі  адам- 
гершілік  қасиеттерді  бойына  сіңірген,  ұлағатты 
азамат  болып  шығу.  Өйткені,  адам – өзінің 
адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалды- 
ғымен жəне əділеттігімен ардақты. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
171
1. Əл–Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – Ал- 
маты: Ғылым, 1975. – 251 б. 
2. Ақсауыт. Батырлық дастандар. 2-том. Құрастырған: 
Нұрмағамбетова О. –Алматы: Жазушы, 1977. 17 б. 
3.  Қазақ  халық  əдебиеті.  Дастандар.  Т. 1. Жауапты 
шығарушы: Алпысбаев Т. –Алматы: Жазушы, 1990. 19 б. 
4. Қабан жырау. Алтын қазық. –Алматы: МГП Берен, 
1993. 11-12 бб. 
5.  Даналардан  шыққан  сөз:  нақылдар  жинағы / Құ- 
растырған Ұ. Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. – 162 б.        
6.  Төле  би  мен  Қойгелді  батыр. –Алматы:  Қазақстан, 
Мерей. 1992. 10 б. 
7. Əуезов М. Абай жолы. –Алматы: Жазушы, 2003. 36 б. 
 
 
 
 
 
 
8.  Аронұлы  С.  Ақиық.  Толғаулар,  сын-сықақтар,  ай- 
тыстар. –Алматы: Жазушы, 1976. 33 б. 
* * * 
Автор  рассматривает  художественное  творчество 
казахских  мастеров  слова  как  источник  мудрости,  основу 
для  выработки  нравственных  ориентиров,  этических  норм 
для современной казахской публицистики.   
* * * 
Article is devoted research of literary works of the 
Kazakh masters of the Word. The author considers art  
creativity as a wisdom source, a basis for development of moral 
reference points, ethical standards for modern Kazakh 
publicism. 
 
 
 
 
 
Ф. Жапарқұлова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет