Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы



бет1/12
Дата29.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#103742
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ

бет

1

Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы




2

Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың жалпы сипаттамасы




3

Кәсіпорындағы технохимиялық бақылау




4

Жеке тапсырма. Қаймақтың сапасын технохимиялық бақылау




4.1

Қаймақтың тағамдық өндірісі




4.2

Қаймақ өнімінің ассортименті




4.3

Қаймақта кездесетін ақау түрлері




4.4

Қаймақтың сапасын жақсарту жолдары




4.4.1

Қаймақтың сапасын сараптау




5

Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі




5.1

Техника қауіпсіздігі







ҚОРЫТЫНДЫ







ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





КІРІСПЕ


Мемлекет басшысы Қасым*-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауында агроөнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілгендігі,азық-түлік өнімдерінің тапшылығын болдырмау,оның сапасы мен бағасына қадағалау жұмыстары жасалатындығы,тамақ өнеркәсібін дамытуда кәсіпкерлерге көмек жасалатындығы,тамақ өніркәсібін дамытуда кәсіпкерлерге көмек жасалатындығы атап көрсетіледі.[1]
Қазақтың ұлттық тағамдары, тұтынушылар арасында жиі қолданатын дәстүрлі емес технологиялармен дайындалған өнімдер,тамақты күтіп баптау,сақтау тәсілдерін арнайы зерттеуді қажет етеді.Арнайы зерттелмегендіктен де қазіргі кезде ұлттық асханамызелеусіз жатыр,ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тамақты күтіп баптау дәстүрлі емес тәсілдері де ұмытылуға айналды.Тоңазытқышы жоқ заманның өзінде де жаздың күндері малдың сүтін ашытып алмай,одан сан түрлі тағамдар жасап,оны ұзақ уақыт сақтаудың жолдарын білген қазақ халқының кемеңгерлігін осыдан байқауға болады.
Қазақстандағы сүт өнеркәсібі-тамақ өнеркәсібінің ең маңызды салаларының бірі болып табылады.Қазақстанның стратегиялық тұрғыда тиімді территорияда орналасуы және оның табиғи ресурстарға байлығы,жерінің шұрайлылығы сүт өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай мүмкінтер береді.Қазақстанда қазіргі таңда жылына 5,3млн тонна шикі сүт өндірілуде.Сүт зауыттарының сұранысы 2,1 млн тонна сүтті құрайды.Елдегі 150-ден астам сүт өнімдерін өндеуші кәсіпорындар жалпы қуаттылығының 70%–ын ғана пайдаланып отыр.Сүттің 80%-ға жуығы,нақты айтсақ 4,1 млн тонна сүт жеке шаруа қожалықтарынан алынған өнім.Ал дүниежүзілік орташа көрсеткіш бойынша өндеуге жіберілетін сүт, жалпы сүт көлемінің 62-ғана болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш небәрі 27%- құрайды.
Сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігі елдің тәуелсіздігін қамтамассыз ете отырып, халықтың сапалы өнімдерді тұтынудың кепілі болады.Қазақстан Республикасында сүт және сүт өнімдері саласында қарқынды технологиялық және өнімді жақсарту жұмыстары жүзеге асып жатыр.Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор.Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатанын және шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу арқылы халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болатынын айтты.Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері өнеркәсібі дамып келеді.Оның бір жылдық орташа өсімі 4,95%-құрайды.Сүт өнеркәсібі жыл сайын өсіп отырғанымен, отандық сүт өнімдерін өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнімдеріне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты сүт өнімдері импортының үлесі қарқынды дамуда.Еліміздегі сүт өнімдері импортының көп юөлігі ірімшік, қойытылған сүт құрғақ сүт,сары май алады.Сүт өнеркәсібіндегі экспорт көлемінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер:құрғақ сүтті тұтыну көлемінің өсуі және отандық өнімдердің бағалық бәсекеге қабілетсіздігі болып табылады.Сүт және сүт өнімдері маңызды жағынан халықты тағаммен қамтамассыз етуде екінші орындалады.Қазақстанның сүт индустриясы өнімнің негізгі түрлерін өндіруден одақтық республикалар арасында алдыңғы орындарға ие.Сүт саласы өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі болып табылады.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,жалпы республикада сүт жергілікті дәрежеде өндірілгенмен, оның 1\3 ғана өңделуден өтеді.Мысалы,2020 өндірілген өнімнің 31,6%-ы өңдеуден өткен,бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмен.Сондықтан ішкі нарықта сүт өнімдерінің импорттық үлесі әдеттегідей жоғары деңгейде.Қазіргі таңда республикамызда сүт өндірісінің құрамында шамамен 186 сүт қабылдау және өңдеу мекемелері бар.Дегенмен қазіргі кезде де өндіріс қуатының жеткіліксіздігі байқалады,кейбір ескі құрылыстар жаңа техникамен озық технологияны пайдалануға жарамайды.Тоңазытқыштар жетпегендіктен қаймағын алмаған сүт пен майсыз өнімдердің маусымдық қорын дайындау мүмкін емес, себебі сақтау орын көлемі өте аз.
Қаймақ-сүт қышқылды өнім,кілегейді ұюту сүтті өнімнен жасалған ашытқыға лактотокты микроағзалар мен термофильді сүтқышқылды стрептококтарды қосып немесе қоспау арқылы дайындалатын өнім.Дайын өнім құрамында ашытқыдағы қоспалардың мөлшері 1г-да 10 КОЕ аспауы керек.
Қаймақ екі жүзден астам органикалық және минералды заттардан құралған биологиялық сұйықтық.Оның құрамындағы су 83%-тен 87%-ке дейін ауытқымалы болады.Ал қалған бөлігі нәруыздар,майлар,минералды заттар,көмірсулар,витаминдер және әртүрлі биологиялық белсенді заттарды құрайды.
Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып, салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақтың қалыңдығы үттің құнарлығына да байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болып келеді.
Қазақстандағы қаймақ алынатын барлық жануарлардың қаймақтары барлық компоненттері адам тағамының физиологиясында ерекше орын алады. Қаймақтың ең құнды компоненті ақуыз болып табылады. Ол тірі организмді ұлпа мен клетка құрылысының құрастыруда негізгі пластикалық материалы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет