Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет13/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Сот және жазалау жүйесі. Бейбарыс мемлекетінің тұрғындары арасында әділеттілік орнатып, таластарды әділ шешуге тырысты. Сондықтан, сұлтан Бейбарыс өз заманының дәстүрі бойынша, бас қолбасшы ғана емес, абсолюттік биліктің иесі ретінде әділет ісінде де соңғы сөз сұлтанда болатын. Ол мәселелерді жеке өзі қарап, сот ісін жүргізу үшін әділет үйін орнатады. Ол әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері осы әділет үйінде отырып, өзінің қол астындағыларды қабылдап, олардың шағымдарын қарайтын болған. Мәжіліске мемлекеттің жоғары діни инстанция өкілдері – төрт қазы, қаржы және әкімшілік қызметкерлері және Диуанның басшысы қатысатын.

1265 жылы Бейбарыс ислам мемлекетінің сот жүйесіне революциялық өзгеріс енгізіп, сот ісін бір қазы қарайтын жүйені өзгертеді де ислам дінің төрт негізгі мәзһабының әрқайсысын бір қазыдан сайлайды. Оңшыл көзқарастағы кейбір тарихшылар Бейбарыстың осы қадамын әлі күнге дейін кешірмей отыр.

Әл-Мақризи мәмлүктер түрмесін “мұсылман адамға болмайтын орын. Оның себебі тар жерге көп адам отырғызылады, олар не дәрет ала алмайды, не намаз оқи алмайды” – деп суреттейді.

Мәмлүк мемлекеттік жазалау жүйесі кейбір қылмыскерлерді Ніл өзеніне батырып өлтіру жазасын да қолданған. Бұдан басқа ел алдында масқаралау жазасы да қолданылған. Ауыр қылмыс жасағандарды “сығу” тәсілімен жазалау қолданылған. Екі тақтайдың арасына қылмыскердің басы немесе басқа дене мүшелерін салып арқандармен тартып қысатын. Бұл әдіс көбінесе адамға қылмысын мойындату үшін қолданылған. “Шегелеу” деп аталған тәсіл өзінің аяусыздығымен ерекшеленеді. Тақтай үстіне дене мүшелерін үлкен шегелермен қағып, кей кездерде түйеге тиеп қала көшелерімен алып жүретін болған. Соңында қылмыскерді қылышпен белінен ұрып денесін екіге бөліп тастайтын әдіс қолданылған. Бұл жаза “ортадан бөлу” деп аталған. Тарихшылар мәмлүк дәуірінде жазалы адамға дүре соғу кең тараған жазалау әдісі болған деп көрсетеді.

Алайда, басқа жазалардың қасында бұл дүре соғу жеңіл жаза болатын. Жерге қағылған қазықтың үстіне отырғызу, біраз уақыттан соң бойлай кіруі үшін денесін төмен тарту, тірідей көму, отқа қыздырылған ыдысты қылмыскердің басына кигізу, мүшелерін кесіп тастау, көзіне шоқ басу, қолын отқа қақтау кеңінен қолданылған. Алайда, бұл жаза түрлері көбіне мемлекеттік қылмыстар, бүлік, қастандық жасағандарға және ауыр қылмысты мойындату үшін қолданылған.

Мәмлүк сұлтандары дәуірінде әмірлер мен мәмлүктерге арналған арнайы абақтылар, ұры-қары, қарақшыға, әйелдерге арналған абақтылар болған. Сұлтан Бейбарыс жылына бірнеше рет жыл басында, ораза және қажылық айларында мемлекетінің абақтыларын аралап, қамаудағылармен кездесіп, не үшін жазаға тартылғандарын сұрап біліп, әрдайым топтап бостандық беріп отырған.



Түркі поштасы. Бейбарыс “түркі тайпасы” деген атпен енген құрлық поштасын Мысыр мен Шамда жолға қойған билеуші. Оған ұқыпты жұмыс істеп тұрған, поштаны құру үшін қыруар қаржы жұмсаған. “Ақпарат кімде болса, сол әлемді билейді” – дегендей Бейбарыс Каирға келіп түйісетін өрмекшінің торындай пошта жүйесі оған иеліктерінің ең алыс нүктелерінде не болып жатқанын, жау әрекеттерін алдын-ала білуге мүмкіндік берген. Мысалы, Дамаскідегі хатшысына “Қолыңнан келсе әр кеш мені хабарсыз жатқызба, таңертең хабарсыз тұрғызба” деген. Пошта ісімен Диуан айналысқан. Бейбарыс құрлық поштасымен шектелмей әуе поштасы-кептер поштасын да кеңінен пайдаланған. Кептер арқылы неғұрлым маңызды және төтенше хабарлар жолданатын, кептер арқылы келіп түскен хабар түннің қай уақытында болса да сұлтанға жеткізілетін. Пошта ісі жалпы алғанда реформатор Бейбарыстың жүзеге асырған істерінің бір бөлігі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет