Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер



бет14/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.


Ерітінділер – Solutiones
(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis)
Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі тазартылған су (Aqua purificata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.


Сыртқы тәнге арналған ерітінділер
Сыртқы тәнге арналған ерітінділерге шаюға, жууға арналған ерітінділер көз, құлақ, және мұрын тамшылары жатады. Тамшыларды 5-10 мл түрінде, ал басқа мақсатта қолданылатын ерітінділер 50-100 мл түрінде дайындайды.
Ерітінділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.
Сулы ерітінділерге рецепт жазуда Rp.: (Ал:) белгілеуінен соң дәрілік түрдің атауын ілік септігінің жекеше түрінде – Solutionis (ерітіндісінен), дәрілік заттың атауы (ілік септігінің жекеше түрінде, бас әріппен қысқартылусыз), ерітіндінің концентрациясы мен (сызықша арқылы) мөлшері (миллилитр немесе грамда) жазылады. Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) көрсетіледі.
Ерітіндінің концентрациясын қысқартылған жазылымда келесі әдістермен белгілеуге болады:
1.Пайыз бойынша (%);
2. Қатынасы бойынша (1:1500);
3. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,6-200мл);
4. Ерітінді құрамдарын жеке көрсету


Рецепт үлгісі
0,02% фурацилиннің (Furacilinum) сулы ерітіндісінің 500мл жазыңыз.
Жараны жуу үшін белгілеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет