Мектепте өзін-өзі ұстау ережелері. ЖРВИ (тұмау) дертінің алдын алу және болдырмау (жадынама)
Қыркүйек
3
Қоғамдық орындардағы тәртіп. ЖРВИ (тұмау) өзіңізді қалай сақтайсың (жадынама)
Қыркүйек
4
Үйде жалғыз қалғанда «Сен және компьютер». Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жыл бойы
5
Электр қауіпсіздігі
Жыл бойы
6
Абайла, мұз!
Желтоқсан, ақпан
7
Абайла,шатырдағы қар сүңгі
Наурыз
8
Жаңа жылдық шырша кезіндегі қауіпсіздік.Абайла отшашу.Қысқы демалыстағы қауіпсіздік
Желтоқсан
9
Өрт қауіпсіздігі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері (жыл бойы)
Жыл бойы
10
Терроризмге қарсы қауіпсіздік.
Қазан,сәуір
11
Қыс мезгіліндегі су қоймаларында жүру ережелері
Желтоқсан
12
Көшедегі келеңсіз жағдаяттар және бөгде адамдардан сақтанудың алдын алу шаралары. Көктемгі
демалыстағы қауіпсіздік және өзін-өзі ұстау ережелері. Көктемгі демалыс кезіндегі су қоймаларында жүру ережесі.
Қазан, наурыз
13
Судағы және су қоймаларына жақын жердегі қауіпсіздік
Көшеге шыққаныңда жүргіншілерге кедергі жасамау үшін алдымен солға, сонан соң оңға қарап ал.
Мектепке барарда көшеден өтетін жері сирек кездесетін қозғалыс бағытын таңдап ал.
Қала көшелерінен өткенде мұқият бол. Асықпа. Тек жаяужолмен немесе жолдың жиегімен жүр.
Көшеден өту аз болса - қауіп те аз.
Жаяужолдың оң жағымен асықпай жүр.
Жолдың шетінен алыс жиегімен жүр.
Көшенің немесе жолдың жүретін бөлігіне шықпа.
Қақпалар қасынан өткенде, әсіресе, мұқият бол: қақпадан автомобиль шығуы мүмкін.
Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан байқап өт: жолаушылар кенет есік ашып қалып сені соғуы мүмкін. 10.Көшеден тек жаяу жүргінші жолымен өт.
Көшеден өтерде сол жағыңа қарап ал. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса –жүр. Жолдың ортасына жеткенде, тоқта. Егер көлік қозғалысы басталса, «қауіпсіздік аялдамасында» күт. Енді оң жағыңа қара. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса, көшеден өтуіңді аяқта.
Жаяу жүргінші жолы жоқ көшеде жаяужолдың бір бұрышынан келесі жаяужолдың бұрышына дейін өткен дұрыс: бұл қауіпсіздеу болады.
Егер көшеде қозғалыс үлкен болса, басқа ересектерден немесе полиция қызметкерінен көшеден өткізуін сұра. 14.Көлікті отыру алаңында немесе жаяужол бойындағы аялдама белгісі бар жерде күт.
15.Автобус, троллейбус, трамвайға отырар алдында тәртіп сақта. Басқа жолаушыларға кедергі жасама. 16.Автобус, троллейбус, трамвайға артқы есік арқылы кір.
17.Шығарда тек алдыңғы есіктен шық. Алға қарай ілгерілеп шығуға алдын ала даярлан. 18.Көлікке кіріп, шығарда асықпа және итерме.
Трамвайдың алдынан айналып өт. Автобус пен троллейбустың артынан өт. Автобус пен трамвайдан түскенде жаяужолмен жаяу жүргінші жолына дейін жетіп барып, көшенің екінші бетіне өту керек.
Көшеден өткенде, бағдаршамның дабылына назар аудар: қызыл – ТОҚТА - барлығы тоқтау керек; сары – НАЗАР АУДАР
– келесі дабылды күт; жасыл – ЖҮРІҢІЗ – көшеден өтуге болады.
Көліктің ішінде қозғалып жүрме, үстағыштардан ұстап тұр, терезеден басыңды шығарып қарама, қолыңды шығарма, қажетінсіз апаттық батырманы баспа.
Жолда не оның жанында ойын ойнама. Велосипедпен, роликті конькимен және т.б. жүрме. 23.Көшеде жақын келген көліктің алдынан жүгіріп өтпе.
24.Жақын өтіп бара жатқан көлікке жармасып тіркеспе.
Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.
Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.
Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.
Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.
Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.
Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.
Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.
Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.
Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір- бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.
Асханадаболғандаоқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.