Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Трансформаторлардың орамдарын қосу сұлбалары



бет11/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
5.3 Трансформаторлардың орамдарын қосу сұлбалары
ТР орамдары келесі қосылыстарда болады: жұлдызша Y, жұлдызша бейтараптамасы шығарылған Y-0 және үшбұрыш ∆. Біріншілік және екіншілік орамалардағы Э.Қ.К. фаза арасындағы (Е1 және Е2) ығысуды шартты белгіде қосылу топтары ретінде көрсету қабылданған.
Үш фазалы трансформаторларда орама қосылудың әртүрін қолданамыз, қосылудың он екі түрін енгізуге болады, орамалардың жұлдызша-жұлдызша қосылу сұлбаларында, кез-келген жұп топтарды (2,4,6,10,0) алуға болады ал жұлдызша – үшбұрыш сұлбасында немесе үшбұрыш – жұлдызша кез-келген тақ топтарды (1,3,5,7,9,11) алуға болады. Топтар, орамалар қосылу сұлбасының белгілерінің оң жағынан көрсетіледі.
5.4 Трансформаторлардың жүктелу қабілеттілігі
Трансформаторлардың жүктелу қабілеттілігі – бұл рұқсатты жүктелу мен асқын жүктелу жиынтықтары. Трансформатор асқын жүктелумен тәуліктің сағатында істей алады, егер тәуліктің келесі сағатында оның жүктемесі номиналдыдан төмен болса.
Әртүрлі режімдерді бағалау өлшемі (критериясы) трансформатор оқшауламасының тозуы болып табылады. Жүктелмеген кезде оқшаулама тозуы аз болады, ал асқын жүктелу уақытында оқшаулама тозуы жылдамдатылады.
Трансформатордың рұқсатты жүйелі (систематикалық) асқын жүктелуі өзінің номиналды қуатынан жоғары болуы, тәулік ішінде жүктеменің бір қалыпты еместігінен болады.
Максималды рұқсатты жүйелі жүктелуі келесі шарттарда анықталады.
Ораманың жоғары температурасы +140оС, жоғары қабаттағы майдың жоғары температурасы +95о және максималды жүктеме кезінде тозуы, трансформатордың тұрақты номиналды жүктемесіндегі жұмысы сияқты болса, ең қатты қызған нүктенің температурасы +98оС артпауы керек.
Апатты асқын жүктелу параллельді қосылған трансформатордың қатардан шыққан кезінде рұқсат етіледі. Рұқсатты апатты асқын жүктелу орамалардың шекті рұқсатты температураларымен (140оС кернеуі 110 кВ жоғары трансформаторлар үшін және 160оС қалған трансформаторлар үшін) және жоғары қабаттағы май температурасымен (115оС) анықталады.
Рұқсатты апатты асқын жүктелу мәні ГОСТ бойынша бастапқы жүктеме коэффициентіне К1 , апатты асқын жүктелу пайда болғаннан салқындату ортасының температурасынан θωохл және жүктеме ұзақтығына тәуелді анықталады .
6 дәріс. Электр қондырғылардағы қысқа тұйықталулар
Дәрістің мазмұны:
- үш фазалық қысқа тұйықталу. Процестің сипаттамалары. 
Дәрістің мақсаты:
- үш фазалық қысқа тұйықталу процесінің сипаттамаларын меңгерту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет