Конференциясының ЕҢбектері


БАСТАУЫШ ОҚЫТУДА МАТЕМАТИКА МЕН ИНФОРМАТИКАНЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата06.03.2017
өлшемі5,18 Mb.
#8376
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67

БАСТАУЫШ ОҚЫТУДА МАТЕМАТИКА МЕН ИНФОРМАТИКАНЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ 

 

Идрисова Б., Мҧсабеков М. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме 

Интеграция математики и информатики в начальном обучении 

 

Summary 

Integration of mathematics and informatics in the initial lwei 

 

Интеграция  –  ҽртҥрлі  пҽндердегі  негізгі  принциптер  мен  заңдылықтарды  ҿзара  тығыз 



диалектикалық бірлікте қарастыруды кҿздейді. 

Сондай-ақ  мазмҧны  жағынан  бір-біріне  жақын  пҽндердің  (тіл  мен  ҽдебиет,  ҽдебиет  пен 

тарих,  математика  мен  информатика,  ҿнер  мен  еңбек,  этика  мен  эстетика  т.б.)  ҿзара  жҽне  жеке 

пҽннің  ішіндегі  материалдардың  арасындағы  байланыстарын  анықтап,  оқушылардың  білімін 

тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пҽндердің, сабақтардың ролі ерекше. 

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дҥниежҥзілік 

педагогикалық практикада бҧрын соңды болмаған қҧбылыс деуге болады. Ҽдетте, ғылыми пҽннің 

мектепке кейіннен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызды толық тҥсінуіне дейін кем дегенде 

бірнеше онжылдықтар ҿтеді – бҧл уақыт ішінде ғылыми аппараты тҧрақтанып, пҽннің методикасы 


88

 

мен жалпы ҽдістемелік тҽсілдері қалыптасады. Ал информатикалық пҽн есебінде мектепке енуінен 



бастап ҿте жылдам іске асып жатқаны белгілі. 

Қазіргі  ҿскелең  ҿмір  математика  мен  информатиканы  интеграциялап  оқыту  мектепке 

жылдам енуімен қатар ол пҽннен берілетін білім сапасын жетілдірудіде талап етеді. 

Есептеу техникасы қҧралдары жҽне бҧрыңғы ҥйреншікті тҽсілдерді пайдалану жолымен де 

оқушылар  біліміне  бақылауды  қатар  жҥргізу  оқу  процесіне  мынадай  ерекшеліктері  арқылы 

жҥргізіледі: 

 

оқушының негізгі білімдер мен дағдыларды бірінші деңгейде меңгеруі



 

компьютерлік  тексеру  бағдарламаларын  оқушылардың  алған  білімдердің  белгілі  бір 

бҿлігін  алдын  ала  тексеру  ҥшін  жҽне  балалардың  ойлау  қабілетін  материалды  игерудің  бірінші-

ҥшінші деңгейлерде пайдалану; 

 

оқушылардың  білімдері  мен  дағдыларының  қалыптасу  ҥдерісін  алдын  ала  тексеру 



нҽтижесі бойынша материалды игерудің екінші-тҿртінші деңгейлерін ағымдағы бақылаумен қатар 

жҥргізу; 

 

материалды 



игерудің 

тҿртінші 

деңгейінде 

қорытынды 

бақылау 

жҥргізу. 

Компьютерлендірілген  оқыту  жҥйесі  жайлы  айтқанда  информатика  мен  математиканы 

интеграцияландырып  оқытудың  екі  тҥрін,  яғни  типін  айрықша  бҿліп  қарау  керек.  Оның 

алғашқысы ҥшін оқушының компьютерді пайдалануы оқытудың барлық кезеңдерінде жҥргізіледі. 

Компьютерлік  бағдарламалардың  ҿзі  оқушыға  керекті  материалдарды  беріп  белгілі 

кезекпен  оның  орындайтын  тапсырмалары  анықтап,  дҧрыс  шығарылғанын  тексеріп  қажетті 

кҿмекті  де  беріп  отырады.  Мҧнда  оқыту  ісі  мҧғалімнің  қатысуынсыз  интерактивті  режимде 

жҥргізіледі,  мҧғалім  тек  бағдарламада  қарастырылған  жағдайлар  кездескенде  немесе  оқушының 

тапқан шешімі ерекше болған сҽттерде ғана жҧмысқа арласады. 

Екінші типте компьютер тек бақылау ҥшін қолданылады. Мҧнда компьютерлер мҧғалімге 

оқу  ҥдерісін  басқаруға  кҿмектеседі: оқушылардың  бақылау  жҧмыстарын орындау  нҽтижелерін  – 

жіберген  қателері  мен  оны  орындауға  жҧмсаған  уақыттарын  кҿрсетіп  отырады.  Осындай 

мҽліметтер  жинақталады  да,  компьютерлер  бір  есепті  ҽр  оқушының  қалай  шығарғанын 

салыстыруға мҥмкіндік береді немесе бір оқушының бірсыпыра уақыт кезеңінде кҿрсеткен білім 

деңгейін анықтайды. Ол жҽне де кейбір оқушыларға нақты бір материалдарды беру, бермеу жайлы 

ҧсыныстар  енгізуге  кҿмектеседі.  Ҽдетте  компьютерді  пайдалансақ  бҧл  тҽсілді  ҽрбір  оқушыны 

жеке компьютермен қамтамасыз ете алмаған кездерде қолданылады да, ол кҽдімгі оқу ҥдерісінде 

оқулықтарға, басқа қҧралдарға қосымша мҥмкіндік рҿлін атқарады. 

Сонымен математика мен информатиканы интерграциялап оқыту ҥрдісінде бҧрыңғы белгі 

тҽсілдерінің кҿптеген кемшіліктерін жоюға кҿмектеседі. 

Бастауыш  сыныпта  информатиканы  оқытуда  математика  элементтерін  қолдану 

ерекшеліктері мынадай: 

 

оқу  материалдарын  балаларға  беру  жолдарын  кеңейтеді.  Тҥрлі  тҥстерді,  графиканы, 



мультипликацияны,  дыбысты,  бейнелеу  техникасының  басқа  да  мҥмкіндіктерін  пайдалану 

оқытудың қызықты ҽрі нақты ортасын ҧйымдастыра алады; 

 

компьютер  балалардың  оқуға  деген  ынтасын  туғызады.  Қиындығы  ҽр  тҥрлі  есептерді 



беруді, оны шығаруды ақыл айтпай, кҿп сҿйлемей (кей мҧғалімдер бҧған кҿп уақыт кетіріп алады) 

жылдам реттеу мҥмкіндігі оқуға қызығушылығын арттырады; 

 

оқу  материалдарын  тек  қана  беріп  қана  қоймай,  жауаптарын  қабылдап  оны  талдап, 



балалардың талаптарын да есепке алуға мҥмкіндік болады; 

 

жҧмыс барысында оқушылар жіберген қателіктерді топтастырып, олармен тҧрақты кері 



байланыс  жасауға  болады.  Бҧрынғы  оқыту  тҥрінің  негізгі  кемшіліктерінің  бірі  мҧғалімнің  оқу 

процесінің  негізгі  бір  кезеңдерін  бақылауға  алу  қиындығы  еді.  Сыныппен  жҧмыс  істеу  кезінде 

педагогтың  ҽр  баланың  қалай  есеп  шығаратынын  бақылауы  қиын  болатын.  Ал  дер  кезінде 

байқалмаған  қателер  оқылып  отырған  тақырыпты  игеруді  басқа  жолға  салып,  кейіннен  оны 

қалыпқа келтіру қиын болады. 

Қазіргі  уақытта  компьютерді  математика  сабағында  тек қана  иллюстрация,  тестілеу  ҥшін 

ғана  қолдану  жеткілікті  емес.  Компьютер  оқу  ҥдерісінің  барлық  кезеңдерде  қолданылуы  қажет: 

жаңа тақырыпты тҥсіндіруде, бекітуде, қайталауда білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде. Мектеп 

оқушысының ҽсіресе, бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мҽдениетін дамыту кҿзқарасы 

тҧрғысынан  да  мҧғалім  кез-келген  пҽнді,  оның  ішінде  математика  пҽнін  информатика  заңдары 

негізінде  тҥсіндіру  мҥмкіндігін  тексеру  маңызды.  Сондықтан  мектепте  қазіргі  уақытта 


89

 

фундаменталдық  пҽндерді,  соның  ішінде  математиканы  да  оқытуды  компьютерлендіру  оқу 



ҥдерісін ҧйымдастырудың негізгі маңызды мҽселелерінің бірі болып табылады. 

Математика  мҧғалімі  компьютерге  оқу  ҥдерісіне  ҿзінің  электрондық  асситенті  ретінде 

сінуіне болады. Мҧнда тек қана қандай қызмет тҥрлерін компьютерге ал қайсысын мҧғалімге беру 

зерттеліп жатқан пҽндік облысқа жҽне ҽрбір жеке мҧғалімнің ҽдістемелік тҽсілдеріне байланысты. 

Сонымен  бастауыш  сыныптан  бастап  математика  мен  информатиканы  интеграциялап 

оқыту мҽселесін зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, бастауыш мектепті ақпараттандырудың 

міндеттерін шешуде ақпараттық жҽне коммуникациялық технологияларды қолданудың тҿмендегі 

бағыттарына сҥйену керек: 

 

оқу ҥдерісіне ақпараттық технологияларды қолдану; 



 

бастауыш  мектепте  информатиканы  оқыту  барысында  математиканың  кейбір 

элементтерін қолдану; 

 

кҽсіби-педагогикалық іс-ҽрекетті қамтамасыз ету; 



 

оқу-тҽрбие ҥдерісін басқару. 

Информатика  пҽнін  оқытудағы  ең  тиімді  вариант  –  бҧл  бастауыш  сынып  мҧғалімдерінің 

дҽстҥрлі пҽндерді оқыту ҥдерісінде оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруы. 

Бҧл  жағдайда  дидактикалық  тҧрғыдан  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың 

мҥмкіндіктерін бастауыш мектептің оқу-тҽрбие ҥдерісінде тиімді пайдалану оқушылардың пҽндік, 

коммуникативтік жҽне ҽлеуметтік компоненттерінің қалыптасуына толық жағдай жасайды. Бҧнда 

ескеретін мҽселе – бҧл бастауыш мектеп ҥшін тиімділігі зор педагогикалық-ҧйымдастырушылық 

шарттарды орындау қажеттігі. 

Олар: 


 

сабақ  кезінде  сынып  бҿлмесінде  жеке  жҽне  топтық  жҧмыс  ҧйымдастыру  ҥшін  бір 



компьютер ҧйымдастыру; 

 



ҧжымдық,  топтық  тҥрде  электрондық  оқу  материалдармен  жҧмыс  ҧйымдастыру  ҥшін 

проекциялық аппаратураны қолдану мҥмкіндіктерін туғызу. 

Бастауыш  мектепте  информатика  сабағында  математиканың  кейбір  элементтерін 

қолдануға  қатысты  теориялық-ҽдістемелік  материалдарды  талдау  тҿмендегі  мҽселелерді  шешу 

негізінде тиімді жҥзеге асу мҥмкіндігі бар екендігін кҿрсетіп отыр: 

 



бастауыш мектеп мҧғалімінің ҽдістемелік дайындығын жетілдіру; 

 



бастауыш мектеп оқушыларын оқуға электронды оқулықтарды қҧрастыру; 

 



дҽстҥрлі 

сабаққа 


ақпаратты-коммуникациялық 

технологияларды 

пайдалануға 

педагогикалық-психологиялық жҽне ҧйымдастырушылық бағытта жағдай жасау; 

Осындай  ерекшеліктерді  ескере  келе  бҥгінгі  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының 

тҥлегі  бастауыш  сынып  оқушыларына  пҽндік  жҽне  жалпы  оқу  білімдерін,  іскерліктерін, 

дағдыларын  мақтаумен  қатар,  олардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жеке  тҧлғасын 

дамытуға, 

пҽндік, 

ҽлеуметтік, 

коммуникативтік, 

компьютерлік 

жҽне 

ақпараттық 



мҽдениеттіліктерін  қалыптастыруға  жҽне  осы  мақсатта  қазіргі  ақпараттық  технологияларды 

пайдалана білуіне дайын болуы тиіс. 

 

Әдебитеттер 

1.

 



Т.Сабыров «Болашақ мҧғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы 1999 ж 

2.

 



Ж.  Шалабаева,  Бастауыш  сыныпта  пҽндерді  интеграциялаудыі  ерекшеліктері  «Бастауыш 

мектеп» журналы  №7-8, 2010 ж 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

90

 

ҼОЖ:37.013:373.3 



 

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАДАН 

ҤЛГЕРМЕУШІЛІГІН АЛДЫН АЛУ 

 

Мҧсабеков М., Ахатаева Ҧ. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме  

Работа неуспевающими учащимися на уроках математики начального класса  

 

Summary 

The Work weak puples at mathematics lessons in blu primary classes 

 

Бҥгінгі  Қазақстанға  қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шҧғыл  шешімдер  қабылдай  білетін 



шығармашыл азаматтар қажет. Олай болса сабақтарда білімдік мақсаттарды шешіп қана  қоймай, 

оқушылардың  жекелік  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытудың  жолдарын  қарастырған  жҿн. 

Оқушыларға ғылым негізін ҥйретіп, адамгершілікке тҽрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тҧлға  – 

мҧғалім. 

Мектеп  есігін  ашқан  жеткіншекті  мҽдениетті  қажырлы  жҽне  табанды  етіп 

қалыптастырады. Мҧғалім класс оқушыларын толық ҥлгерімі жолында кҥш жігерін салып еңбек 

еткенде ғана, бҧл міндеттерді орындай алады. Мҧғалім ҿзінің барлық білігі мен білімін бҥкіл оқу-

тҽрбие ісін дҧрыс ҧйымдастырып, тиімді жҥргізуге жҧмсайды. 

Оқушы ҥлгерімін қайткенде кҿтеруге болады? 

Оқушылардың сабақты ҥлгере алмауының себебі қандай? 

Ол себептерді анықтап, жоюға болама? 

Ҽрине,  болады  деп  ойлаймыз.  Оқу-тҽрбие  ісінің  мақсатқа  жеткізер  жолдарын  кҿрсету 

ҥшін, алдымен осынау кҿкейкесті сҧрақтарға жауап беріп алайық. 

Оқушының  сабақты  нашар  оқуының,  сабақты  ҥлгере  алмауының  басты  себебі  оқыту 

жҧмысының  сапасыз  болуында.  Педагогикалық  талаптар  мен  ҽрбір  пҽннің  оқыту  ҽдістемесін 

шебер  де  толық  қолданбаса,  оқу  жҧмысы  дҧрыс  ҧйымдастырылмайды.  Оқушылар  ҿтілген 

материалдарды  толық  тҥсінбейді,  ҥйге  берілген  тапсырманы  орындап  келе  алмайды,  не  шала 

орындайды.  Оқушының  қатардан  қалып  қоюы  ҽуелде  уақ-тҥйектен  басталуы  мҥмкін.  Мысалы: 

оқушы  сабақтың  дҧрыс  ҿткізілмеуі  себепті,  ҿтілген  материалдардың  біраз  жерін  не  бҽрін  тҥсіне 

алмай қалады, болмаса кҿмескі не теріс тҥсінеді. Кҿпшілік оқушының ҥйінде тҥсінбегенін сҧрап 

алатын кісісі болмайды. 

Осылардың  салдарынан  оқушы  материалды  меңгере  алмайды.    Жаңа  сабақ  ҿткен 

материалдарға  негізделіп  жҥргізілетіндіктен,  оны  да  шала  тҥсінеді.  Сонымен  біртіндеп  оқушы 

бағдарламаның бір бҿлігін шала тҥсінген немесе мҥлде тҥсінбегенін болып шығады. Осыдан келіп 

оқушының сабақты нашар оқуы, ҥлгермеушілігі келіп туады. 

Кейде  сабақ  ҽдістемелік  жағынан  дҧрыс  ҿткізіледі.  Бірақ  кейбір  оқушылар  сабаққа  ынта 

қоймай,  басқа  жҧмыспен  айналысып  /тҽртіпсіздік  жасап/  не алды  кҿңіл  бҿліп  отырады.  Мҧғалім 

мҧндай оқушыларды байқамай қалады да, олар ақырында сабақ ҥлгермеушілерге айналады. 

Сабақтың сапасыз ҿтуі – мҧғалім білімінің жеткіліксіз, тҽжірибесінің кем, ҽдістемені жете 

меңгермегендігінен  болады.  Дайындықсыз  сабақ  қашан  да  нашар  ҿтеді.  Бҧл  да  ҥлгермеушілікке 

апарады.  Сабақты  ҥлгермеудің  тағы  бір  себебі  –  мҧғалім  оқушының  білім  кҿлемін  жиі-жиі 

тексеріп,  есепке  алмағандықтан.  Оқушының  нақтылы  білімін  саралап  анықтамайды.  Ережелерді 

қҧрғақ  жаттауына  жол  береді.  Сабақ  ҥстінде  уақыт  жетпейді  сылтаумен  жаттығу  жҧмысын  кем 

жҥргізеді. Содан барып оқушылар білгенін, ҥйренгенін іс жҥзінде қолдануға қиналады. 

Енді оқушылардың сабақты ҥлгермеу себептерін біліп алғаннан кейін, негізгі мақсат – оны 

болдырмаудың жолдарын кҿрсетуге тырысайық. 

Мектепте  оқылатын  пҽндер  бойынша  ҥлгермеушіліктің  алдын  алу  –  жаппай  білім  беруді 

жҥзеге асыру жолдарының бірі. Жаппай білім беру жағдайында оқушылар пҽн бағдарламасында 

қарастырылған  білім,  іскерлік  жҽне  машықтарды  мектеп  қабырғасында  игеруге  міндетті. 

Дегенмен, математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жҥзінде қолданғанда, ҿздігінен 

қосымша  ҽдебиеттермен  жҧмыс  істегенде,  сондай-ақ  олардың  математикалық  іс-ҽрекеттерінде 

олқылықтар мен кемшіліктер бой кҿрсетеді. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі 



91

 

мен машықтарындағы кемшіліктер, соның нҽтижесінде ҥлгермеушілікке ҧрындыратын себептерді 



атап ҿтейік: 

1.

 



Оқушылардың білімінде олқылықтар болуы, ҧғымдарды, ҧғымдардың ерекше белгілері 

мен қасиеттерін жҽне т.б. тҧжырымдауға мҥмкіндік бермейді; 

2.

 

Есеп шығарғанда білім қолдану іскерлігінде олқылықтардың болуы; 



3.

 

Есептеу  сипатындағы  іскерлік  пен  машықтарда  схемаларды  қҧрғанда  графиктік 



жҧмыстарды орындағанда, қҧралдарды пайдаланғанда олқылықтардың болуы; 

4.

 



Оқушының  жҧмысқа  кірісуге  немесе  бастаған  жҧмысын  аяғына  дейін  жеткізуге 

мҥмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінінің, табандылығының жеткіліксіздігі. 

Ҥлгермеушіліктің  алдын  алу  бҥкіл  сыныптың  немесе  ҽрбір  оқушының  сабақтағы  жҽне 

ҥйдегі қызметін пҽрменді ҧйымдастыру арқылы жҥзеге асырылады. 

Ҥлгермеушіліктен  сақтандыру  ҥшін  мҧғалім  жалпы  математикалық  білімді  меңгергенде 

кездесетін қателерді болдырмау шараларын іздестіреді жҽне оқушылардың ҿздігінен орындайтын 

жҧмыстарының  тиімді  тҽсілдерін  жолға  қояды.  Сонымен,  ҥлгермеушіліктің  алдын  алу  шарты 

бағдарламалық материалды ҽрбір оқушының жҥйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бҧл оқу 

материалының бір-бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуы арқылы қарастырылады. 

Ҥлгермеушілікпен  кҥресудің  маңызды  бір  кезеңі  –  ҽрбір  оқушыны  ҿздігінен  жҧмыс 

істеу  тҽсілдерімен  қаруландыру.  Мҽселен,  оқушы  қате  жіберсе,  ҿздігінен  ол  материалды  қайта 

қарап,  қатесін  тҥзетуге  қиналуы  мҥмкін.  Бҧл  жағдайда  мҧғалім  оқулықтағы  қажетті  материалды 

зер  сала  қарауға  баулып,  кеңестер  беруге  тиіс.  Кейбір  кезеңдерде  мҧғалім  ол  материалды 

тҥсіндіріп,  екі-ҥш  жаттығуды  тақтада  кҿрсетуі  керек.  Оқушы  ҿздігінен  жҧмыс  істей    алатынына 

кҿз жеткізгеннен кейін ғана жаттығулар орындатуға кіріскен жҿн. 

Озат  мҧғалімдердің  тҽжірибесінде  жаттығуларды  орындауда  басшылыққа  нҧсқау  – 

топшамалар жиі қолданылады. 

Ҥйге  берілген  тапсырмалар  бойынша  уақтылы  кеңес-консультациялар  беру  оқушыларды 

кездейсоқ  қателерден  сақтандырып,  олардың  оқуға  оқушыларды  ҥлгермеушіліктен  сақтандыру 

ҥшін мҧғалім олардың білімін есепке алып, арнайы дҽптерге жазып отыруы тиіс.

 

Ол жазбаларда мыналар атап кҿрсетілуі міндетті: 



1.

 

жеке тақырыптар бойынша кездесетін олқылықтар; 



2.

 

олқылықтарды жою шаралары: 



а) жеке тапсырмалар жҽне оларды орындау мерзімі; 

б) консультация – кеңеске қатысу; 

3. оқушы қызметінің нҽтижесі: 

а) оқу материалын игеру сапасы

б) орындалмаған тапсырмалар. 

Мҧнда ескеретін бір жай, оқушылардың біліміне қойылатын бағаны 

дҽптерге жазбай, тек олардың оқу қызметіндегі онды ҿзгерістерді белгілеп отырған дҧрыс. 

Ҥлгермеушіліктің алдын алу ісін алға бастыру ҽрекетінде оқушылардың жасқаншақтауына 

жол бермеу; дҧрыс жауап бергенде мадақтау, ҥлгерімі тҿмен оқушыға уақытында жалықпай кҿмек 

кҿрсету, оларға сыпайы болу сияқты психологиялық факторларды ескеруді ҧмытпаған жҿн. 

Ҥлгермеушілікті  болдырмаймыз  десек,  жоғарыдағы  шараларды  кҥнделікті  іске  асыру 

міндет.  Сабақты  қызықты,  ҧғымды  етіп  ҿткізсек  педагогикалық,  дидактикалық  ҽдістерді  тиімді 

пайдалансақ, бҧл міндеттің ҥдесіне шығарымыз сҿзсіз. 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Т.Қ.Оспанов.  Ш.Х.Қҧрманалина.  С.Х.Қҧрманалина.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы 



оқыту ҽдістемесі. Астана, 2003. 284-287 б. 

2.

 



Бастауыш мектеп. №10-11, 2007. 

3.

 



Қазақстан мектебі. №7-8, 2007. 66-67 б. 

4.

 



Бастауыш мектеп. №6, 2008. 34-36 б. 

 

 



 

 

 



 

 


92

 

ҼОЖ 373.3.016 



 

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ 

 

Мҧсабеков М.О., Утегенова М.М.  

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме 

Эстетическое воспитание учащихся начальных класов на уроках математики 

 

Summary 

Aesthetic education of primary schoolchildren at the lessons of mathematics. 

 

Бҥгінгі  кҥннің  ең  ҿзекті  мҽселелерінің  бірі-жас    ҧрпақты  тҽрбиелеу  мен  білім  берудің 

жаңаша  сапалық  деңгейін  кҿтеру.  Ол  ҥшін  ең  алдымен  адам  баласына  тҽн,  ҿмірге  аса  қажетті 

қасиеттердің  негізі  отбасы  мен  мектептегі  ҥзіліссіз  тҽрбиеден  бастау  алу  арқылы  қаланатынына 

баса  назар аударғаны жҿн.  Бастауыш  сынып  балаларын жан-жақты  қалыптастырудың  негізгі бір 

саласы-эстетикалық  тҽрбие  беру  екенін  жақсы  білеміз.  Мектеп  ҧжымы  ҿте  кҥрделі  жҽне  жан-

жақты  қамтылатын  тҽрбие  тҥрі  –эстетикалық,  экономикалық  тҽрбие  міндеттерін  оның  тҿменгі 

сатыларынан бастап жылдық жоспарға енгізген. Оны жҥзеге асыру мақсатында ашық сабақтарға, 

тҥрлі  тҽрбие  жҧмыстарына,  сынып  іші  мен  сыртын  безендіру  ісіне,    балалардың  жеке  бас 

гигиенасына ерекше кҿңіл бҿлінеді. Кез-келген тҽрбие ҥрдісінде ҽдемілікті байқауға мҽн беріліп, 

балалардың  эстетикалық  талғамын  дамыту  жҧмыстары  да  назардан  тыс  қалған  жоқ.  Сынып 

жоғарылаған  сайын  сауаттылықтың  басқа  қырлары  кҿрінеді.  Соның  бірі-  «математикалық 

сауаттылық».  Бастауыш  сыныптарда  оқушыларды  сандық  ҿрнектермен  арифметикалық 

амалдарды орындаумен шектелсе, алгебра, геометрия, тригонометрия ҽлеміне енген сайын басқа 

жаңа талаптар қойылады. 

Бастауыш  сыныпта  жоғарылаған  сайын  талап  та  кҥшейеді.  Оқушылар  геометрия 

ҧғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады, кейін жаңа жазулар да арнайы заңдылықтар сақтау 

қажет. Тҥзу сызық жоғарыдан тҿмен, солдан оңға қарай сызылады. 

Мҧғалім  оқушыны  математика  пҽнінің  қыр-сырын  ҥйрету  ҥшін  оған  математикалық 

сауаттылықты  сақтау  жҿнінде  кҥнделікті  қатаң  талаптар  қойып,  орындалуына  мҧқият  зер  салу 

керек.  Сонда  оқушы  математикалық  ҿрнектерді  оқуда,  жазуда  жҽне  сызбаларды  сызуда 

сауаттылық кҿрсетіп, тҽртіпке бейімделеді де, есептерді де алгоритм немесе логика бойынша тез, 

ҽрі сауатты шеше алады, сабаққа да ынтасы арта тҥседі. 

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындай отырған ҽлеуметтік сҧранысқа орай анықталған 

мақсаттар мен міндеттер бастауыш жҽне орта буынның математикалық білімінің жаңа мазмҧнын 

жасаудың,  онымен  ҥйлесімді  оқытудың  ҽдіс-тҽсілдерін,  қҧрал-жабдықтарын  жҽне  ҧйымдастыру 

тҥріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттігін кҿрсетеді. Осыған орай бҥгінгі кҥн 

талабына  сай  даярланған,  кҿзі  ашық,  білім  дҽрежесі  жоғары,  жан-жақты  дамыған  адамды 

қалыптастыру  ҥшін  жалпы  білім  беру  қажеттігі  туындап  отыр.  Бҥгінгі  кҥні  математиканың 

қолданылмайтын  жері  жоқ.  Сондықтан  ҽр  оқушыны  математикалық  сауаттылықтың  жоғары 

деңгейіне жеткізу міндеті тҧр. 

Бастауыш сынып балаларының математика іс-ҽрекеті эстетикалық тҽрбиенің қҧралы болып 

саналатындықтан, математика пҽн мҧғалімінің басшылығымен « 5-ке кҿбейту жҽне бҿлу кестесі» 

деген тақырыптағы  сабақ  ҥлгісін ҧсынамыз. 



Сабақтың тақырыбы: 5-ке кҿбейту жҽне бҿлу кестесі. 

Сабақтың  мақсаттары:  Оқушыларды  5-ке  кҿбейту  жҽне  бҿлуге  машықтандыру.  Ҿз 

бетімен  жҧмыс  істеуге,  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.  Балалардың  бойындағы  рухани-

адамгершілік  қасиеттерін  дамыту,  қоршаған  ортасымен  ізгілік  қарым-қатынасын  қалыптастыру, 

дҥниетанымын кеңейту, имандылыққа, сыйластыққа тҽрбиелеу, еңбекке баулу. 



Сабақ әдісі: Сҧрақ-жауап шығармашылықпен жҧмыс істеу. 

Сабақ тҥрі: Жаңа сабақ , ойын тҥрінде. 

Сабақ кӛрнекілігі: Суреттер, плакаттар, ҥлестірмелі қима қағаздар т.б. 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ 

І. Психологиялық дайындық: сҽлемдесу; оқушыларды сабаққа дайындау. 

ІІ. Ӛткенді қайталау: ҥй тапсырмасын тексеру. 

93

 

Ой  ашар.  Жаңа  сабақ  тақырыбын,  мақсатын  таныстыру  (дидактикалық  материалдарды 



пайдалану). 

ІІІ. Ой қозғау. Мҧғалімнің тҥсіндірмесі. 

Тақтаға 5-ке кҿбейтуді тҥсіндіруге арналған бҥктеме қыстырамын. 

Бҥктеменің  жоғары  қатарында;  1,2,3,4,5,6,7,8,9  сандары  жазулы.  Санның  астында  5-тен 

алма суреті, 1-санның астында 5 алма оның астында 5 саны жазылған: 

-Балалар, мына тор кҿзде қанша алма тҧр? (Бес.) 

-Бҧл қанша бестік? (Бір.) 

Ары қарай осылай жалғаса береді. Ҽр бҿлікте бестен алма бар, яғни 45:9=5 ал беске бҿлсе 

9  саны  шығады.  Осы  жерде  кҿбейткіштердің  орнын  ауыстырғанымен  кҿбейтінді  ҿзгермейді. 

(Бірнеше оқушыдан сҧралады). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет