Конфликтілік ситуация және оны басқару



бет1/8
Дата09.11.2022
өлшемі23,49 Kb.
#48869
  1   2   3   4   5   6   7   8

Конфликтілік ситуация және оны басқару
1.Конфликт туралы түсінік және оның теориялық-методологиялық негізі.
2. Конфликтінің түрлері.
3. Конфликтінің пайда болуның негізгі себептері және оны басқару.
4. Конфликтінің алдын-аудағы басшының позициясы.
5. Ұжымның психологиялық ахуалын жақсарту жолдары және басқарушыға психологиялық көмек.
Пайдаланған әдебиеттер:
Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж Ұйымдық мінез-құлық негіздері.-Астана, 2019. 317-339бб.
1.Ершов А.А. Как избежать конфликта Л.,1990.
2.Бондурка А.М.,Друзь В.А. Конфликтология. Харковь,1997.
3.Дмитриев А.В.,Кудрявцев В.Н. Введение в общую теорию конфликтов.М.,1993.
4.Шейнов В.П. Конфликты в нашей жизни и их разрашение.Минск,1996.

Қазіргі қоғамдық даму жағдайында оның барлық өмір сүру салаларындағы күрделі өзгерістер үлкен қарқынмен, маңызды қайшылықтармен ерекшеленеді. Бұндай жағдайда әр түрлі көзқарас, пікір, қызығушылқ, ілім-талғамның сәйкес келмеуінен, түсінбеушілік, келіспеушілік пайда болды. Сондықтан да жаңа қоғамдық жағдайда өмір сүруші адамға, адамдармен қарым-қатынасында, топпен, ұжыммен жұмыс жасауды, оның ішінде басшы-конфликтінің даму ерекшелігі туралы біліммен қаруланып, оны эффективті басқарудың дағдыларын меңгеруі қажет.


«Конфликт»-латын сөзінен аударғанда «қақтығысу», «қайшылық туу» дегенді білдіреді.
Конфликтіні зерттеп, оған өзіндік анықтама берген көптеген зерттеушілердің еңбектерін қарастыруға болады. Мысалы, психолог К.К. Платонов-«Конфликтіні - өзара қарым-қатынастағы адамдардың қарама-қайшылықтарын саналы шешу үшін қолданатын әрекеті»-дейді.
Зерттеуші А.А. Ершов «Конфликтінің алдын алу» атты еңбегінде: «Конфликтіні – нақты жағдайда мотив, қызығушылығы, мінезі сәйкес келмеуінен туындайтын әрекеті»-дейді. Орыс конфликтологы, зерттеуші-психолог Н.В.Гришина-«Конфликтіні – бірігіп жасалған іс-әрекеттің орындалуында кездескен кедергілер, яғни қажеттілік, мәдениеттілігінің, тәртібінің үйлеспеушілігінен туындайтн әрекеті»-дейді.
Сөйтіп, конфликтінің методологиялық негізі - әлеуметтік қатынас теориясы тұрғысынан қарастырғанда – бұл нормадан ауытқу емес, қайта әлеуметтік қатынастағы қоғамның қалыпты күйі. Бұл жағдай – Аритотель,Гобсс. Гегель, Маркс, Вебер, Дарендорф еңбектерінде жан-жақты сипатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет