Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



бет1/15
Дата07.12.2022
өлшемі277 Kb.
#55542
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

044 -31/15-7
32 беттің -беті

ДӘРІС КЕШЕНІ








ДӘРІС КЕШЕНІ


Пән: Жалпы патология негіздері


Пән коды: PF-2204


Мамандық: 051101 - «Мейіргер ісі»


Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 135 сағат (3 кредит)


Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр


2014 ж
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді
_____ _____________ 2014 ж. Хаттама № _____

Каф. меңгерушісі _____________ доцент Жолымбекова Л.Д.




Кредит №1
Дәріс №1

  1. Тақырыбы: Жалпы патология пəні, əдістері. Жалпы нозология.

  2. Мақсаты: патофзиология пәнінің мақсаты мен міндеттерін, әдістерін сипаттау; жалпы нозологияның негізгі түсініктерін анықтау.

  3. Дәріс тезистері

Патологиялық физиология - аурудың басталуының, дамуының және ауру нәтижесінің жалпы ерекшеліктерін зерттейтін негізгі медико-биологиялық ғылым. Патологиялық физиология аурудың негізін құрайтын функционалдық және биохимиялық бұзылыстардың механизмі мен себептерін зерттейді. Сонымен қатар, бейімделу және ауру барысында бұзылысқа ұшыраған функциялардың қалпына келу механизмдерін қарастырады.
Патологиялық физиология курсы 3 бөлімнен құралған:

  1. Нозология немесе ауру туралы жалпы ілім – ауруды талқылаушы дәрігердің 2 сұрағына жауап береді: аурудың пайда болу себебтері мен даму механизмі қандай(этиология және патогенез).

  2. Типтік патологиялық үрдістер – көптеген аурулар негізінде болатын үрдістерді зерттейді(қабыну,қызба, ісіктер,гипоксия).

  3. Жеке патологиялық физиология – жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылыстарын қарастырады.

Патологиялық физиологияның негізгі зерттейтін объектісі – ауру, ал негізгі зерттеу әдісі – жануарларға жасалынатын патофизиологиялық тәжірибе болып табылады.
Тәжірибе көптеген ғылымдарда қолданылады(қалыпты физиология, фармакология және т.б.). патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы – жануарларға ауруды жұқтырып, оның көріністерін зерттеп, алынған мәліметтерді клиникада қолдану болып саналады.
Патофизиологиялық тәжірибенің 4 сатысы бар:

  • Тәжірибені жоспарлау;

  • Тәжірибелік түрде патологиялық үрдістердің үлгісін жасап, оны зерттеу;

  • Тәжірибелік емдеу әдістерін құрастыру;

  • Алынған мәліметтерді статикалық өңдеу және зерттеуді талдау.

Тірі объектілерге жасалынатын патологиялық үрдістерді зерттеуде келесі әдістер қолданылады:

  • Тітіркендіру әдісі

  • Өшіру әдісі

  • Қосу әдісі

  • Парабиоз әдісі

  • Жасушаларды жасанды ортада өсіру әдісі.

Ауру туралы ілім немесе нозология – медицинаның ежелден келе жатқан қиындықтарының бірі. Өмірдің негізгі екі формасы денсаулық пен ауру болып табылады. Адамдар мен жануарлардың өмір сүру барысында денсаулық пен ауру бірін бірі алмастырып отырады.
Денсаулық – организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі тұрақтылығын қалыпты деңгейде сақтап қалатын жағдай. Денаулық үнделікті тітіркендіргіштершге жауап ретінде организмде адекватты серпілістің пайда болуымен сипатталады. Денсаулық жөніндегі қорытындыны антропометриялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеулер негізінде жасайды.
Ауру – біртұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдай.
Ауруда әрқашан екі бастау және екі қарама-қайшылық үрдіс болады. Мысалы , қызба кезінде дене қызуының жоғарылауы, бас ауру, басқа да көріністермен қатар , антидене белсенді түрде өндіріледі, фагоцитоз жылдамдайды және басқа ауруға қарсы шаралар байқалады. «Сыну» мен «ауруға қарсы шаралар» бір бірімен тығыз байланысты. Қорғаныс механизмінің мүлдем болмауы өлімге алып келеді. Ал «сынудың» мүлдем болмауы денсаулықты білдіреді.
Ауру түсінігі дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай деген түсініктерге жақын тұрады.
Дерттік серпіліс – организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы. Мәселен, кері эмоция әсерінен артериялық қан қысымының қысқа мерзімге жоғарылауы.
Дерттік үрдіс – дерттік серпілістің қиындаған жиынтығы. Типтік дерттік үрдіске қабыну, қызба және т.б.жатады.
Дерттік жағдай – баяу дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары. Мәселен, күйік алаңы, жаралану, өңештің тыртықтық тарылуы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет