Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы


Қорытындылай келе туберкулез кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет19/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Қорытындылай келе туберкулез кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу жұмыстарын жүргіздім. Негізі патологиялық өзгерістер малдың басында, өкпеде оның лимфа түйіндерінде болатындығын және туберкулезде морфологиялық өзгерістер әртүрлі, сондықтан да, сарапшы өкпе, бронхы, көмекей, жақ асты, бауыр, шажырқай лимфа түйіндеріне мұқият назар аудару керектігін де түсіндім. Осыған байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптаудың адамзат өміріндегі алатын орны мен маңыздылығына одан әрі көзім жетті. Ветеринариялық мамандарда өз кезегінде сараптау жұмыстарын жүргізгенде сапалы нәтиже көрсету міндетті деп ойлаймын. Сонымен қатар жалпы жүйеде дайындалған ветеринарлық мамандар оқу жүйесін қарастырып, ветеринариялық-санитариялық сарапау курсын жануар тектес өнімдер мен стандартты технологиясымен тікелей байланыстырған жөн. Сондықтан да соңында айта кетерім, туберкулез кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау адамзат дамуына ықпал беретін маңызды да қажетті зерттеу әдістері деп ойлаймын.

Қорытынды

«Сойыс малдарын ветеринариялық санитариялық тексеруден өткізу және ет және ет өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ережелерін өткізу» Ережесіне сәйкес төмендегі індетті ауруларда және оларға күмәнданғанда малды союға болмайды: топалаң, қарасан, мүйізді ірі қараның обасы, түйе обасы, құтыру, сіреспе, қатерлі ісік, брадзот, қой энтеротоксемиясы, ірі қараның және қойдың қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның африкалық обасы, туляремия, ботулизм, маңқа, эпизоотиялық лимфангит, жалған маңқа (мелиоидоз), қояндардың миксоматозы геморрагиялық ауруы және құстың тұмауы. Ветеринаиялық санитариялық сарапшы алдына екі негізгі міндет қояды. Біріншісі – диагноз қою, екіншісі – сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тұрғыдан бағалау және кешенді ветеринариялық санитариялық шаралар ұйымдастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет