Курстың мақсаты мен міндеті



бет1/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Курстың мақсаты мен міндеті

Мақсаты: Студенттерге пәннің мақсаты мен міндетін меңгерту

Жоспары:


  1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумының мақсаты

  2. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумының міндеттері

Қазіргі таңда оқу орындары алдында студенттердің білім сапасын түбірімен өзгертіп педагогикалық проблемаларды жоғарыдан нұсқау күтпей өздігінен шеше алатын педагог даярлау міндеті ең басты мәселе болып қойылуда.

Соған орай бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы бойынша сабақ процесінде мамандыққа тән іскерлік пен дағдының қалыптасу міндеттері анықталып, шешілуге тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту курсын оқу барысында студенттер мәнерлеп оқу туралы теориялық білімді, сөйлеу техникасы, оқу техникасын жетілдіру туралы білімдерді терең ұғындыру, оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу дағдыларын меңгереді.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту –оқушылардың жалпы ой-өрісін дамыту, тілін ұстарту болып табылады. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар. Ол мәнерлеп оқудың өзіндік табиғатына байланысты заңдылықтарға сүйенеді. Болашақ мамандарға теориялық мәлімет бере отырып, оқу техникасы мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдіс-тәсіліне төселдіру жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын т.б. дамыту жолын үйретеді.

Пәннің мақсаты – студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру, қазақ тілінен практикалық білім алу дағдыларын жетілдіру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет