Лабораторияда жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгi және алғашқы көмек көрсету.
Лабораторияда орындалатын жұмыстардың көпшiлiгi адам организiмiне зиянды әсер ететiн заттарды қолдану арқылы жүргiзiледi. Сондықтан техника қауiпсiздiгi ережелерiн және абай болу шараларын сақтамаған жағдайда өрт, жарылыс, жарақаттану болуы мүмкiн.
Қыздыру проблемаларын – электорплиталар, муфель пештерi және т.б. лабораторияда қолданылатын приборларды термооқылаулағыш материалға орнатып, оған сiлтi қышқыл, тұз ерiтiндiлерiнiң түсуiн болдырмайды. Егер прибормен жұмыс жасау кезiнде иiс немесе түтiн шықса, шудың сипаты өзгерсе, оны өшiрiп, тексеру және қажеттi жөндеу жұмысы жүргiзiлгенге дейiн пайдаланбайды. Бiрнеше приборды бiр ток көзiне қосуға болмайды, өйткенi ол электрсымдарының жануына әкелуi мүмкiн. Жұмыс жасамай тұрған ток көзiн пайдалануға болмайды.
Шыны прибормен жұмыс iстеу кезiнде жарақат алмау үшiн бiрқатар ережелердi сақтау қажет. Шыны приборларды жинауда, жұқақабырғалы шыны ыдыстардың аузын жабу кезiнде мiндеттi түрде қолды орамалмен қорғау керек. Колбалардың аузын жабар кезiнде ыдысты жоғарғы жағынан, аузына жақын жерден ұстау қажет.
Егер заттарды араластыру кезiнде жылу шығатын болса, онда ыдысты арнайы ұстағыштармен ұстап, аузын өзiңнен алысырақ бағыттау керек.
Ыстық ыдыстарды олар толық суығаннан кейiн ғана аузын тығындап жабу керек.
Лабораториялық шыны ыдыстармен жұмыс iстегенде олардың термотұрақтылығы бойынша әртүрлi колба, стакандары болатынын ескеру қажет. Барлық өлшегiшi бар ыдыстар- колба, мензурка, цилиндрлi ыдыстар- термотұрақсыз және қыздыруға жарамды. Ал қыздыру және сұйықты қайнату үшiн түбi тегiс жайпақ, дөңгелек жайпақ, конусты колбалар және химиялық стакандар қолданылады.
Лаборатория бөлмесiнде желдету жүйесi дұрыс жұмыс iстеп тұруы қажет. Желдеткiштi жұмысты бастамас бұрын iске қосады. Тартпалы шкафта газ, өртке қауiптi және зиянды бу, у бөлiнетiн, сұйық шашырайтын, концентрленген қышқыл мен сiлтi қолданылатын жұмыстар жүргiзiледi. Сондай-ақ онда шаң бөлiнетiн, тез тұтанатын және жарылу қауiпi бар сұйықтармен жұмыс жасайды. /бензин, бензол, эфир, ацетон, спирт/. Мұндай жұмыстарды жүргiзуде қорғағыш киiмдердi- көзiлдiрiк, алжапқыш, халат, қолғаптарды пайдаланған жөн. Желдету жүйесi бұзылған жағдайда тартпалы шкафта жұмыс iстеудi тез тоқтату қажет.
Қышөыл ерiтiндiлерiн дайындау үшiн алдымен ыдысқа қажеттi су мөлшерiн құяды, содан соң мұқият шыны таяқшамен қышқыл қосады.
Тез тұтанатын сұйықтарды 1000С-қа дейiн қыздыру су моншасында, ал 1000С-тан жоғары- май моншасында жүргiзiледi, бiрақ моншаның температурасы қыздыратын сұйықтың тұтану температурасынан аспауы керек. Пайдаланғаннан кейiн мұндай сұйықтарды тұмшаланып жабылатын ыдысқа жинап, жоюға жiбередi. Ағынды суға төгуге болмайды.
Iшiнде қышқыл, сiлтi және өткiр, зиянды заттар болған ыдыстарды қолданғаннан соң мұқият жуып, тазалау қажет.
Химиялық заты бар ыдысты сындырып алған жағдайда мiндеттi түрде оларды нейтралдап, содан соң ғана жинап алу қажет. Егер жанғыш немесе тез тұтанатын заттар төгiлген болса, онда тездетiп электрлi қыздырғыш приборларды, газды оттарды өшiрiп, жинап алу қажет.
Химиялық заттармен күйiп қалған жағдайда ең алдымен жараланған жерден реактивтi қалдықтарын құбырдағы сумен жуу арқылы тазалау қажет.
Қышқылмен күйген кезде, күйген жерге натрий бикарбонатының /ас содасы/ 2%-тiк сiрке қышқылының ерiтiндiсiн пайдалану керек. Көздi күйдiрiп алған жағдайда, көздi жұмып тұрып беттi құбырдағы сумен мұқият жуып, 5-10 минуттан көздi сумен жуып, егер көз қышқылмен күйсе 2%-тiк танин ерiтiндiсiмен немесе шайдың әлсiз ерiтiндiсiмен жуады. Ал егер сiлтiмен күйген болса 2%-тiк бор қышқылымен немесе сүтпен жуу керек. Осындай алғашқы көмек көрсетiлгеннен соң көз дәрiгерiне қаралу қажет.
Термиялық күйген жағдайда, күйген жердi жалаңаштап, жарақаттану дәрежесiн анықтайды.
Егер I дәрежелi күйiк болса - өте жеңiл түрi- күйген жердi 96%-тiк спиртпен немесе иiссумен өңдейдi. Сондай-ақ 3%-тiк калий перманганаты немесе 5% талин ерiтiндiсiн қолдануға болады.
II дәрежелi күйiк болса, ол күйген жердiң күлдiруiнен сипатталады,- онда ол жердi 70%-тiк спиртпен өңдеп, құрғақ дәкемен жауып, орайды. III және IU дәрежелi күйiкте күйген жерге таза орамал жауып, жедел жәрдем шақырады.
Электр жарақатын алған кезде, адамды токтың әсерiнен босатып, дәрiгерге алып бару керек.
Кез келген жарақаттан кейiн, алғашқы көмек көрсетiлген соң, жарақаттанушыға дәрiгер немесе жедел жәрдем шақырады.
Химиялық немесе физико-химиялық зерттеу жүргiзiлетiн бөлмелерде, техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң сақталуына жауапкершiлiкте бiреу болу керек. Осы ережелердiң сақталуына бақылау жүргiзу және жалпы басқару лаборатория меңгерушiсiне жүктеледi, кейбiр жағдайда – аға химик-аналитикқа тапсырылады.
№ 1 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |