Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет41/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
1.5 Биполяр транзистордың Һ – параметрлері.

1. Биполяр транзистордың статистикалық сипаттамалары, қолданылуы.

2. Биполяр транзистордың Һ – параметрлері.

Негізгі түсініктемелер сөздігі: кесілу режимі (режим отсечки), қанығу режимі,

активті күшейту режимі, инверсті режим.
Биполяр транзистордың статикалық сипаттамалары

Биполяр транзистордың статикалық вольт—амперлік сипаттамалары төрт шаманың байланысын: кіріс тогы, кіріс кернеуі, шығыс тогы және шығыс кернеуі арасындағы тәуелділікті сипаттайды. Статикалық сипаттамалар бірнеше қисық сызықтардың жиынтығы. Соның ішінде кіріс тогының кіріс кернеуіне тәуелділігін – кіріс сипаттамасы деп, шығыс тогының шығыс кернеуіне тәуелділігін – шығыс сипаттамасы деп қарастырады. Транзистордың жалғану сұлбаларының ішінде техникада ең көптараған ортақ эмиттерлі сұлба. Сондықтан осы сұлбаның сипаттамаларына толығырақ тоқталайық.

Биполяр транзистордың ортақ эмиттерлі жалғану сұлбасы үшін кіріс (немесе базалық) сипаттамасы Uкб тұрақты мәнінде Iэ тогының Uбэ кернеуіне тәуелділігін атайды:



Мұндағы f – белгілі бір функция.



Сурет-26. Биполяр транзистордың кіріс сипаттамасы.


26-суретте КТ603 кремнийден жасалған биполяр транзистордың кіріс сипаттамасы көрсетілген. t°<70ºC болғанда колллектордың тогы 300 мА, коллектор-эмиттер кернеуі 30 В тең. Сипаттамадағы Uкэ мәні өскенде оңға сырғуы, коллектор кернеуі көбейгенде эмиттер-коллектор өтпесі кеңейюіне байланысты. Егер базадағы атомдар концентрациясы коллектордағы атомдар концентрациясынан кем екенін ескерсек, база-эмиттер өтпесінің ені үлкейсе, Uкб мәні де үлекейеді. Бұдан кейінгі кез келген мәніндегі қисықтардың Uкб=10 В мәніннен айырмашылығы жоқтың қасы немесе Uкб=5 В мәнінде де, Uкб=2 В мәнінде де сипаттама осы сызықтан өтеді деуге болады.

Биполяр транзистордың ортақ эмиттерлі жалғану сұлбасы үшін шығыс (коллекторлық) сипаттамасы Iб тұрақты мәнінде Iк тогының Uкб кернеуіне тәуелділігін атайды:

Мұндағы f – белгілі бір функция.

27-суретте КТ603 кремнийден жасалған биполяр транзистордың шығыс сипаттамасы көрсетілген. КТ603 транзисторы үшін t°<70ºC мәнінде Iкмакс=30мА, Uкэ=30В. Коллектордың кернеуі өскен сайын оның электр өсінің әсерінен оған келіп жететін электрондардың да саны көбейеді, яғни коллектордың тогы да өседі. Ал базаның тогының көбеюі рекомбинацияланатын электрондардың санын көбейтеді, сондықтан эмиттер мен коллектордың да тогы көбейеді. Коллектордың кернеуі одан әрі өскенде коллекторға келіп жететін электрондар түгелдей дерлік әкетіліп отырады, бірақ эмиттерде пайда болатын электрондар саны одан әрі көбеймейді. Сондықтан коллектордың кернеуі әжептәуір өссе де коллектордың тогы өте аз өседі, яғни қанығу үрдісі басталады.

Транзистордың коллекторлық сипаттамасындағы жұмыс режимдері Iкмакс мәнімен, Uкэмакс мәнімен, қуат шығыны Ркмакс мәнімен және Iк тогының өте аз мәніндегі сызықты емес бұрмаланулармен шектеледі. Сәйкесінше осы шекаралардың әрқайсысы транзистордың төмендегідей жұмыс режимдерін береді.


  1. Кесілу режимі (режим отсечки) – Iк тогының өте аз мәнінде байқалады. транзистордың екі өтпесі де кері қосылған.

  2. Қанығу режимі - сипаттаманың әрбір бұтағы үшін сызықты тәуелділікті көрсететін аймақ, транзистордың екі өтпесі де тура бағытта қосылған.

  3. Активті күшейту режимі –сипаттаманың бұл аймағында база-эмиттер тура бағытта қосылған, эмиттер-коллектор кері бағытта қосылған.

  4. Инверсті режим - транзистордың база-эмиттер кері бағытта қосылған, эмиттер-коллектор тура бағытта қосылған, іс жүзінде транзистордың кірісі мен шғысы ауыстырылып қосылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет