Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет1/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3 лекция
Психотерапиялық топтардың түрлері.
Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері.


1.2. ТОПТЫҚ ДИНАМИКА ЖӘНЕ ТОП ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Топтық динамика – топ мүшелері арасындағы әрекеттестікпен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы (Кратохвил, 1978).


Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрылымы, топтық рөлдер, топтың даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады. Тренингтік топтағы ең маңызды және көңіл аударуды қажет ететін үдеріс – қағида бойынша, топ мүшелерінің бір-біріне өзара тартылуы ретінде түсінілетін топтың ұйымшылдығы. Бұл әмбебап топтық құбылыс барлық тренингтік топтарда байқалады. К.Левин оны өзара тартылудың оң күштері мен бірін-бірі дарытпаудың теріс күштері әрекетінің нәтижесі ретінде анықтайды.
Ұйымшылдықтың дамуына жаттықтырушы ерекше назар аударуы тиіс, өйткені ол топтық мақсаттарға қол жеткізудегі қатысушылар табыстылығының маңызды факторы болып табылады. Ұйымшылдықты нығайту үшін жаттықтырушы тренинг әдістерінің бүкіл жиынтығын пайдаланады. Жаттықтырушы не істесе де, бәрі соның ішінде топ ұйымшылдығының дамуына да бағытталған деп айтуға болады. Ұйымшылдық топта қауіпсіздік ахуалының болуына, психикалық ширығудың төмендетілуіне, қатысушылар арасында шынайы, сенімділік қатынастарының орнауына алып келеді. Қатысушылар әлдеқайда ашық және спонтанды бола түседі. Қатысушылардың жауапкершілігі мен белсенділігі артады, бұл мақсатқа бағытталған топтық қызметке септігін тигізеді. Ұйымшылдық топта қалуға ұмтылудан, ортақ міндеттерді шешу кезінде ынтымақтастыққа және топты сақтап қалуға ұмтылудан да көрінеді.
Іс жүзінде топтық динамикамен қалай жұмыс жасауға болады? Жаттықтырушы топта пайда болысымен (әдетте бұл тренинг басталғанға дейін болады), ол топқа жақсы әсер қалдыруы тиіс. Өзін табиғи қалпында ұстау, абыржымау, тұнжырамау, топпен сыпайы сөйлесу, күлімсіреу, жалпы алғанда, сүйкімді адам болу маңызды. Алғашында қалжыңдап қоюға болады, бірақ орнымен; бәрі босаңсып, күлімсірейді, бәлкім, топтың жылдам әрі жеңіл түрде ұйымшылдыққа қарай жылжуы үшін осы жеткілікті болар. Ары қарай бүкіл тренинг барысында жаттықтырушы өзін өте сыпайы, әдепті ұстауы тиіс. Егер қатысушылардың басым бөлігі тренингте алғаш рет болып отырса, олар столдарсыз шеңберде отырып, өздерін ыңғайсыз сезінулері мүмкін. Бұл ширығу алғашқы минуттардан бастап байқалады, және жаттықтырушының міндеті – қатысушыларға оны еңсеруге көмектесу.
Топтың қатты қорқып, барлығының ширығып отыратыны болады. Ширығуды болдырмау үшін оның себебі неде екенін түсіну қажет. Мысалы, таныса салысымен бірден: «өздеріңізді қалай сезініп отырсыздар?» деп сұрауға болады. Ары қарай, берілген жауаптарға қарай әлденеге түсінік беруге, әлденені қалжыңға айналдыруға, жұмыс жоспары туралы айтып беруге болады. Қажет болған жағдайда, ең күрделі тапсырманы орындап болғандықтарын, енді көңіл көтеретіндіктерін айтуға және қызықты жаттығуларды, мысалы, «Хайуанаттар паркі шапалақтаулармен» ойынын өткізуге болады.
Маңызды мезет. Егер алғашында бірнеше адам өздерінің қобалжып отырғандарын, қолайсыздық немесе соған ұқсас әлденені сезініп отырғандарын айтса, көбінесе кешке қарай олар міндетті түрде өздерінің жай-күйі қалай өзгергенін (немесе өзгермегенін) айтады. Олар басында қысылып-қымтырылғандарын, ал қазір бәрі туысқан адамдардай болып кеткенін, сондай жақсы адамдар және оларға бәрі сондай ұнағанын байқаулары мүмкін... Бұл өте жақсы. Демек, адамдар өзгерістерді байқайды және оларды бағалай бастайды. Кейде өзгерістер бір сағаттан кейін-ақ байқалады, және оған топтың назарын аудару маңызды. Топтың жай-күйі туралы, олардың сәл қысылып отырғандары көрініп тұрса, таныса салысымен сұрамай, айталық, олардың сәл босаңсығандары байқалса, бір сағаттан кейін сұраса да болады.
Топтың жай-күйіне оң ықпал тигізу үшін, тренингтен не күтетіндіктері және неден қауіптенетіндіктері туралы сұрақ қоюға болады. Қатысушылардан тренингке қатысу тәжірибесі болған-болмағанын және кезекті тренингтен олардың нені күтетіндігін сұрауға болады. Бұл не үшін қажет? Адамдардың үміттері берілген тренингтің мақсаттары мен міндеттеріне мүлдем сәйкес келмейтіні және олардың мүлдем басқа бірдеңені күтетіні болады. Мұндай кезде сіз ондай жаттығулардың болмайтынын, тек қатысушылардың жұмысымен байланысты жағдайлармен ғана шұғылданатындарыңызды айтып, бірден жағдайға түсініктеме бере аласыз. Адамдар өздерінің қауіптері туралы ашық айтқан жағдайда, жаман ештеңе істемейтіндіктеріңізге уәде беріп, қауіптенулердің бір бөлігін бірден сейілтуге болады. Мысалы, тренинг қандай да бір ұйымда жүргізілетін болса, тренингтен кейін ешқандай бағалаудың болмайтындығын айту қажет.
Бірақ басқаша жасауға да болады. Егер сізге тренинг қатысушылары тым тұйық, ашылып ештеңені айтпайтындай болып көрінсе, ал сіз ондай қауіптенулердің бар екендігін болжалдасаңыз, онда жай ғана тренингтің мақсаттары туралы айту қажет. Мысалы, тренингтің мақсаты ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды жақсарту, тиімдірек қарым-қатынас және т.б. екендігін.
Кейде ең басында топта стихиялы түрде қандай да бір пікірталас тууы мүмкін. Біреу бірдеңе айтып, екіншісі оған тағы бірдеңе қосады да, топ өзінің бір мәселесі туралы айта бастайды. Немесе басқа нұсқа: сіз қандай да бір сұрақ қоясыз, ал адамдар мүлде басқа бірдеңе туралы айта бастайды. Екі жағдайда да бәрін бірден тоқтатуға тырыспаңыз – сәл тыңдап, топта не болып жатқандығын түсіну қажет. Топта қандай да бір барлығы үшін ортақ қауіптенулер болып, бірақ олар осы қауіптенулерін әлі талқыламағаны да болады. Егер сұрақтар қойса, олар бұл туралы тура айтуға ұялулары немесе бұл тақырыпты талқылауға әлі дайын емес болулары мүмкін, ал пікірталас кезінде бұған стихиялы түрде шығуы мүмкін. Топтың 20 минут бойы, бас кезінде тақырыптары бірден-бірге секіріп, тіпті не туралы екендігі түсініксіз, сөйлейтіні болады. Және осындай мүлдем жүйесіз әңгіменің соңында қатысушылар тренингке тек бұйрық болғандықтан ғана жиналғандықтарын айтуы мүмкін. Бірақ олар мүлдем тренингпен айналысқылары келмейді, өйткені өзара ұрсысып қалатындықтарынан қауіптенеді..
Тренингтік топтың жұмыс кезеңдерінің көптеген сипаттамалары бар. Мәселе топтық үдерісті белгілі бір кезеңдерге қатаң түрде бөлу мүмкін еместігінде. Әр түрлі авторлар кезеңдерді сипаттау үшін әр түрлі негіздемелерді қолданатындықтан, әрине, кезеңдердің әр түрлі нұсқалары болады. Бұдан басқа, топта бірнеше үдеріс қатарынан жүреді, және бір автор кезеңнің атауы ретінде бір үдерісті белгілесе, екінші автор басқа үдерісті бөліп көрсетеді. Сондықтан, тағы да қайталаймын, сипаттамалар бірнешеу болуы мүмкін, және олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді.
Кезеңдер бірінен соң бірі келіп, тренинг үдерісіне шартты түрде таңылған тәсілді қарастыруға болады. Мысалы, бірінші саты – топтың туылу сатысы, немесе топтың қалыптасу сатысы, немесе танысу сатысы. Екінші саты оқып-үйрену сатысы, немесе дағдыларды алу сатысы, немесе жұмыс сатысы және т.с.с. аталуы мүмкін. Үшінші саты – топ жұмысының аяқталу сатысы, топты бітіру сатысы, тіпті «топтың өлу сатысы» деген атау да кездеседі.
Әрине, бірінші саты – туылу немесе танысу сатысы. Бірақ оның ұзақтығын қатаң түрде анықтау мүмкін емес: бір жағынан, топ шеңберге жағалай отырды да, туылу жүзеге асты, бірақ, екінші жағынан, туылу сатысы топтың дамуында қандай да бір сапалық өзгеріс болғанға дейін, мысалы, бәрі бір-бірімен танысып, достасқанға дейін созылуы мүмкін. Ал қайсыбір топта дамудағы өзгерістер тек тренинг аяқталар кезде болуы мүмкін.
Адамдар бір-бірін барған сайын жақсырақ тани түсетін үдерісті танысу деп атайтын болсақ, дәл осыны танысу туралы да айтуға болады. Осылайша, бірінші саты тренингтің басынан аяғына дейін созылуы мүмкін. Әрине, басқа үдерістер де қатарласа жүріп жатады, және басқа саты, мысалы, сондай-ақ тренингтің аяғына дейін созылуы мүмкін оқып-үйрену сатысы жүреді.
Тренинг сатыларына мұндай көзқарас үлкен мағыналық жүктеме арқаламайды, өйткені бұл сатыларды білу және түсіну жаттықтырушының жұмысын жеңілдетпейді. Оларға жаттықтырушының қандай да бір белгілі әрекеттерін таңу күрделі. Әрине, алғашында жаттықтырушы оқытып-үйретуден гөрі танысуға көбірек көңіл бөледі, бірақ кейбір қатысушылар үшін олардың тренингте үйренетіндерінің ең бастысы осы болады (танысудың өзі емес, ал танысу үдерісіне үйрену).
Екінші нұсқа – сатыларды тренинг күндеріне бөлу. Бес күндік тренингте әдетте үшінші күні эмоционалдық күйреу болады – топ шаршайды, белсенділік төмендейді. Бірақ келесі күні тағы да өрлеу байқалады. Яғни, күндер бойынша қарайтын болсақ, қатысушылардың эмоционалдық жай-күйі мен белсенділігі синусоида бойынша дамиды: бірінші және екінші күндері – ұлғаю, үшінші күні, әсіресе жұмыс аяғында, төмендеу болады, ал ары қарай – қайтадан өрлеу байқалады. Бұл табиғи үдеріс, және оны бұзудың қажеті жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет