Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Мезенхима 
Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде 
ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзілетін 
дəнекер ұлпасы. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп 
шығатын ұрықтық жапырақшалардың арасын толтырып 
тұратын, тармақтары бір-бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдыз 
пішінді клеткалардан тұрады. Мезодермадан пайда болатын 
мезенхиманы энтомезенхима деп атайды. Мезенхима қан 
клеткаларына, алғашқы қан тамырларына, дəнекер ұлпасына, 
шеміршек, 
сүйек 
ұлпаларына 
жіктеледі. 
Мезенхима 
клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопақша болып келеді. 
Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген жəне 
митохондриялар көп болады. Клетка аралық заттарда негізінде 
белоктар, қанттар кездеседі. 
 
Қан 
Қан-қоректік жəне қорғаныш қызметтер атқаратын сұйық 
дəнекер ұлпа. Қан-бұл сұйық зат, дене салмағының он екіден бір 
бөлігін құрайды. Орташа алғанда ересек адамда 5-5,5л қан 
болады. Қан екі құрылымнан тұрады: қан клеткаларынан жəне 
плазмадан. Қан клеткалары 40-45% құраса, қан плазмасы 55-
60% құрайды. 
Қан плазмасында сондай- ақ тамыр жəне ұлпа лимфасында 
белок, тұздар жəне əртүрлі зат алмасу өнімдері болады. Қызыл 
клеткаларды 
эритроциттер 
(гректің 
эритос-қызыл) 
ақ 
клеткаларды лейкоциттер (гректің лейкос-ақ) тұрады. Қан 
пластинкалары немесе тромбоциттер. Олар тұтас клеткалар 
емес, 
мембранамен 
қамтылған 
цитоплазманың 
бөлігі. 
Тромбоциттер 
сүйек 
майында 
өте 
ірі 
клеткалар- 
мегакариоциттердің 
ыдырауынан 
пайда 
болады. 
Қан 
пластинкаларында ядроның құрылымды бөліктері болмайды. 


61
Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей 
қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің əртүрлі қызметтерін 
қанда емес, дəнекер ұлпасында атқарады. 
Эритроциттерді 1673 жылы Левенчук ашқан. Бұлар қанның 
негізгі клеткалары. Ерлердің 1мм
3
қанында 5 млн-ға жуық, 
əйелдерде 4-4,5 миллион эритроциттер болады. Адам 
олрганизміндегі эритроциттерінің саны 25 триллион. Адамдағы 
эритроциттердің шамасы 2 литр. Эритроциттердің саны 
организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің 
биіктігіне, жыл маусымына жəне басқа да факторларға 
байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нəрестелердің 1мм
3
қанындағы эритроциттердің саны 6-7 млн-ға жетеді. 10-11 жасқа 
келгенде қалпына келеді. Адам қартайғанда қайтадан көбейеді, 
оның себебі олардағы гемоглабиннің азайуының салдарынан. 
Қан плазмасында, сондай-ақ тамыр жəне ұлпа лимфасында, 
белок, тұздар жəне əртүрлі зат алмасу өнімдері болады. 
Тұздардың хлорлы натрийдің, яғни «ас тұзының» үлкен маңызы 
бар. Сүтқоректілердің қанындағы жалпы осмостық қысым ас 
тұзы ерітіндісінің 0,9% тең қысымға сəйкес келеді. Мұндай 
ерітіндіні физиологиялық ерітінді деп атайды. Оны қанға құю 
арқылы қан шығынын толтырады. Сондай-ақ несеп қышқылы
холестерин, лецитин жəне тағы басқа алмасу өнімдері кездеседі. 
Эритроциттердің диаметрі 7,3-7,6 мкм., көлденеңі 1,9-2,5 мкм. 
Ең ұсақ эритроциттер ешкінікі диаметрі 4 мкм оның есесіне 1 
мм
3
қандағы қызыл клеткалардың саны 14,5 млн. Сүтқоректілер 
мен адам эритроциттерінің ядросы болмайды. Олардың орталық 
бөлігі шет жағына қарағанда жұқалау да, сондықтан ақшылдау 
болып көрінеді. 
Эритроциттер-оттегін тасушы болып есептеледі. Олардың 
денесі ерекше затпен- белок текті пигмент-гемоглобинмен 
толтырылған. Гемоглобин оттегімен оңай қосылады жəне оны 
оңай береді. Өзіне оттегін қосып алған гемоглабинді-
оксигемоглобин дейді. 
Өкпеде бронхтар тармақтарының ұшына орналасқан 
көпіршіктер (альвеолдар) газ алмасу жүретін орын болып 
табылады. Көпіршіктердің тамырларын қан капиллярлары 
тығыз орап жатады. Бұл жерде өкпеге жұтылған ауадағы оттегін 
альвеолдардың жұқа капилляр эндотелийі арқылы капилляр мен 


62
өтетін эритроциттердің гемоглобиндерін қабылдап қосып алады. 
Гемоглобин оксигемоглабинге айналып, ашық қызыл түске 
боялып, қанға ал қызыл түс береді. Одан əрі оттегі бүкіл денеге 
тарап, əрбір клетканы қамтамасыз етеді. Гемоглобинмен берік 
байланысқандықтан, оттегі клеткалар мен ұлпаларға оңай 
ауысады.
Капиллярда қан оттегін ғана беріп қана қоймайды, сонымен 
бірге ұлпалардан көмірқышқыл газымен клетка аралық 
алмасудың басқа өнімдерін сіңіріп алады. Өкпеде көмірқышқыл 
газы капиллярлардан альвеолдарға келеді де тыныс шығарған 
кезде су буларымен бірге организмнен əкетіледі. 
Сүтқоректілерден басқа барлық омыртқалы жануарларда 
эритроциттер нағыз клеткалар болып табылады, жəне ядросы 
болады, сондықтан бүйірінен қарағанда қос дөңесті болып 
көрінеді. Осыдан пішіні дөңгелек емес, элипсоид тəрізді болады. 
Қосмекенділердің эритроциттері аса ірі келеді. Бақада 
олардың үлкен диаметрі 23 мк, ал кіші диаметрі 16 мк. 
Ірі 
лейкоциттердің 
газ 
алмасу 
қызметі 
ұсақ 
эритроциттердікіне қарағанда онша жетілмегендігі түсінікті, 
өйткені қайсібір денені көбірек майдаласақ, оның бетінің 
көлеміне қатынасы күрт артады. Ал эритроциттердің оттегін 
қармап алуы немесе беруі оның беті арқылы іске асырылады. 
Сөйтіп, эритроциттер өзінің құрылысы жағынан қан 
плазмасына оттегін тасушы қызметіне барынша сəйкес келеді. 
Өз қызметін 100 күндей атқарады. Өлген эритроциттердің 
орнына жілік майында түзілетін жас қызыл май клеткалары 
келеді. Белсенді жүретін қан жасалу процессінің арқасында 
қандағы эритроциттердің мөлшері орташа алғанда қалыпты 
жағдайға сəйкес келетіндей тұрақты болады. 
Эритроциттер қан плазмасының құрамындағы тұздарды 
сезгіш. Егер қанның плазмасында тұздардың мөлшері көбейсе 
онда эритроциттер жиырылып бүрісіп қалады, өйткені 
құрамындағы 
суды 
гипертониялық 
ерітіндіге 
береді. 
Гипертоникалық ерітіндіде ісінеді, олардан гемоглобин сыртқа 
шығады (гемолиз) одан кейін К ионы клеткаға енеді. Дені сау 
адамдарда күніне 200 миллиард эритроциттер өледі. Олар 
негізінде көк бауырда өледі. Бұл органда эритроциттер ерекше 
клеткалармен қоршалынып алынады (макрофагтар) олар 


63
эритроциттерді қортып жойып жібереді. Қан плазмасында 
белоктар 6-8%, су 90% құрайды. Глобулиндер-антиденешіктер 
қорғаныштық қызмет атқарса ал гормондар реттеуші қызмет 
атқарады. 
Плазманың құрамындағы ферменттер: амилаза, фосфатаза, 
дегидрогеназалар, липазалар. Белокқа жатпайтын азотты заттар 
да кездеседі мысалы: амин қышқылдары, несеп қышқылы, 
креатин, билирубин. Сонымен қатар плазмада липидтер, 
глюкоза, трикарбон қышқылдары кездеседі. 
Лейкоциттер- қан клеткаларының құрамы болып табылады. 
Олардың қандағы мөлшері шамамен эритроциттерге қарағанда 
мың есе аз. Қалыпты жағдайда олардың мөлшері 1мм
3
–де 6-8 
мың аралығында. 
Лейкоциттерді 2 топқа бөлуге болады: 
Түйіршікті (гранулоциттер) 
Түйіршіксіз (агранулоциттер) 
Түйіршіктілердің цитоплазмасында ерекше түйіршіктері 
кездеседі. 
Олардың 
клеткалары 
сегменттеліп 
келеді. 
Гранулоциттер митоз жолымен бөлінбейді, бір түрден екінші 
түрге ауыспайды, түйіршіксіздері керісінше. Түйіршіктілерге: 
нейтрофилдер, 
эозинофильдер, 
базофильдер 
жатады. 
Нейтрофилдер қышқылды да негізгі бояуды да қабылдайды. 
Эозинофилдер қышқылды қабылдайды, ал базофилдер негізгі 
бояуларды қабылдайды. 
Нейтрофилдер барлық лейкоциттердің 62%-құрайды. 
Олардың диаметрі 10-12мк, түйіршіктердің көлемі 0,2-0,2мк. 
Нейтрофильдердің ядролары сигменттелген. Клетка неғұрлым 
ертерек түзілсе, оның ядросы соғұрлым көбірек сегменттерден 
тұрады. Олардың саны 5-ке дейін жетеді. Жас нейтрофильдердің 
ядролары əлі сегменттеле қоймағандықтан иілген таяқшаға 
ұқсас болып келеді, мұндай клетканы таяқша-ядролы клеткалар 
деп атайды. 
Электронды микроскоппен қарағанда нейтрофильдердің 
цитоплазмасында түрлі органоидтардың бары екені байқалған. 
Нашар дамыған эндоплазмалық тордың едəуір мөлшері ұсақ 
митохондриялары мен көпіршіктері кездеседі. Түйіршіктердің 
кейбіреулері лизосомалар түрінде берілген. Нейтрофильдер- 
барынша активті фагоциттер. Дененің ішкі ортасына инфекция 


64
енгенде олар тамыр арнасын тастап, бірінші болып бөгде 
бөлшектер енген жерге ұмтылады. Егер ұсақ заттар кірсе, 
(мысалы бактериялар) нейтрофильдер оларды қоршап алады да, 
қортып сіңіреді. 
Организмнің зақымдануды жоюға бағытталған реакциясы-
нейтрофильді реакция. Міне сондықтан олар арнаулы 
лейкоциттер жəне микрофагтар деген атау алған. Соңғы атауды 
1883 жылы орыс ғалымы И.Н.Мечников ұсынған. 
Эозинофильдердің 
мөлшері 
қалыпты 
жағдайда 3-
4%.Организмде глистер (құрттар) болса, олардың мөлшері күрт 
артады. Ядролары 2 сегменттен тұрады. Эозинофильдер 
нейтрофильдерге қарағанда аз қозғалады. Олардың диаметрі 12-
14мк. 
Базофильдер 0,5-1%. Ядросы 
аз 
сегменттелген. 
Түйіршіктерінде гистамин мен гепарин бар екені анықталды. 
Базофильдерде гепариннің болуы олардың қанның ұюына əсерін 
көрсетеді.Түйіршіктері жоқ лейкоциттер-агранулоциттер деп 
аталады. Лимфоциттердің ядролары сегменттелмеген. Олардың 
мөлшері ересек адамдарда 24-30% аралығында. Организмде 
лейкоциттердің, үлкен, орташа жəне кішкене түрлері кездеседі. 
Қалыпты жағдайда лимфоциттер тек лимфалық қан жасау 
мүшелерінде жиналып жатады. Лимфоциттердің клетка 
органоидтары жақсы жетілген. 
Лимфоциттер организмде қорғаныш ролін атқарады, 
сондай ақ жарақаттанудан кейін регенерация кезіндегі ұлпалық 
процесстердің стимуляторлары болып табылады. Бұндай 
қызметті 
борпылдақ 
дəнекер 
ұлпасының 
құрамында 
атқарады.Олар 20мк-ға жететін фагоциттерге айналғандықтан 
И.Н.Мечников макрофагтар деп атаған. Олар трефондардың көзі 
болып табылады. Г.К.Хрущов көрсеткендей, осы трефондардың 
əсерінен жарақаттың жазылып-бітуі тездейді. Лимфоциттер 
клеткалардың екі популяциясынан тұрады. Тимусқа тəуелді 
лейкоциттер немесе тимоциттер. Тимустан шыққаннан кейін 
бұларды Т-лимфоциттер дейді. Т-лимфоциттер клеткалық 
иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде заттарды жойып 
жібереді. Сонымен қатар қан жасалу бағытын анықтайды. В-
лимфоциттер. Лимфоциттердің бұл түрі алғаш рет фабрицус 
бұрсалары (bursa-дорба) деп аталатын құстың лимфоидтық 


65
мүшесінде 
байқалатындықтан 
аталған. 
В-лимфоциттер 
гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар 
антиденелерді бөліп, организмді инфекциялардан қорғайды. 
Моноциттер лейкоциттердің ішіндегі ең ірілері. 
Олардың диаметрі 20мк-ға жетеді. Ядролары бұршақ тəрізді 
жəне 
эксцентрлі 
жатады. 
Олардың 
цитоплазмасында 
органоидтары 
жақсы 
жетілген. 
Моноциттерді 
қанның 
макрофагы деп қарастыруға болады. 
Лейкоциттердің проценттік көрсеткіші дені сау адамдарда: 
Базофильдер 0-0,5% 
Эозинофильдер 3-4% 
Таяқшалы нейтрофильдер 63-67% 
Лимфоциттер 24-30% 
Моноциттер 6-8% 
Түрлі ауру кезінде олардың қайсы бірі азайып не көбеюі 
байқалады. 
Сүтқоректілерде тромбоциттер немесе қан пластинкалары
адамда клетка түрінде емес, клетканың бөліктері сияқты 
құрылым, сондықтан қан пластинкалары деп атайды. 
Функциялық жағынан сүтқоректілер мен адамның қан 
пластинкалары 
омыртқалылардан 
басқа 
кластарының 
тромбоциттеріне ұқсас. Олар бір бірімен жабысып кесек 
жасайтын қасиеті бар, ал ең бастысы қан ұю процессіне 
қатысатын тромбокиназа ферменттеріне бастама береді. 
Адамның қан пластинкасы өте кішкене 2-3мк, оның есесіне 
олардың саны өте көп 1мм
3
-де 150000-300000. 
Қан пластинкасының үстіңгі бетінде сиаломуциндер 
орналасқан олардың маңызы қан пластинкалар бір-біріне 
жабыстырып тұрады. Қан пластинкасы қанның ұюына 
қатысады. Тромбопластин-фибриноген белогін синтездейді. 
Сонымен қан полифункциональді ұлпа күрделі химиялық 
құрамы бар. 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет