Лингвистика. ПСИХОлингвистика. Социолингвистика


ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ МƏТІННІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата31.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ МƏТІННІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ  
 
А.Ш.Лесова - 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  ізденушісі  
 
Мəтін  қарым-қатынастық  тұлға.  Тіл  дамыту – баланың  ойлау  процесімен  байланысты  əрі 
психологиялық,  əрі  тіл  білімінің  зерттеу  объектілерінің  бірінен  саналады.  Б.Ысқақ  бұл  тұрғыда  «Тіл 
дамыту  мен  байланыстыра  сөйлеуге  үйрету  қатар  жүретін  үрдіс.  Байланыстыра  сөйлеуді  дамыту  оқушы 
тілін  дамытудың  мəнерлеп  сөйлеуге  дағдыландыру,  сауатты  жазуға  баулуды,  жұрт  алдында  қысылмай 
еркін сөйлей білуге, мəтінді дұрыс оқып, мазмұнына толық түсіне білуге үйретуді қамтиды. Бұл сияқты 
жұмыстардың түрлері сөз жоқ, оқушының ой-өрісін, тілін дамытудағы басты мəселелер болып табылады, - 
деген /1,5/. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
23
 
Тіл дамытуда, ойлау қабілетін арттыруда -  мəтінмен жұмыс істеу əдістемесі едəуір рөль атқарады. 
Қазіргі таңда оқушы тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, айтылған ойды 
нақты жеткізе білу, ойын дұрыс жеткізе білу мəселелері    басты назарда. Оқушыларды мəтінмен жұмыс 
істеуге үйрету, айтылған  мəселелердің шешілуіне бірден-бір жолы болып табылады.  
Ойды  екінші  біреуге  түсінікті  етіп  жазып,  не  сөйлеп  жеткізу  үшін  оқушының  бай  сөздік  қоры, 
жақсы  тыңдай  білуі,  ең  қажетті  ойды  дəл  таба  білуі,  екінші  біреудің  ойын  өз  сөзімен  жеткізу  дағдысы, 
пікірін нақты фактілер арқылы дəлелдей алуы тиіс.   
Оқыту процесінде инновациялық технологияны қолдану уақыт талабынан көрініс беретіні белгілі. 
Кез-келген  тақырыпты  əдістемелік  қамтамасыз  ету  тақырып  мазмұнының  сипатталуы  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Сондықтан  оқыту  процесінде  инновациялық  технологияны  қолдану  жалпыдидактикалық 
жəне жеке əдістемелік сипатта ұйымдастырылады.  
Мəтін – тіл  бірліктерінің  барлық  басқа  түрлерінен  өзгеше  келетін  өзіндік  ерекшелігі  мол  бірлік 
ретінде  танылады.  Мəтін – тіл  білімінің    объектісі  ретінде  ХХ  ғасырдың  соңғы 20-30 жылдарында 
қарастырыла  бастады.  Мəтін  туралы  түсінік  беруде  мəтіннің  дыбыстан,  фонемадан,  сөзден,  лексемадан, 
морфемадан,  сөзден,  лексемадан,  сөйлемнен  (жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлем),  абзацтан  тұратындығын 
түсіндіріп,  сол  жеке  белгілердің  барлығы  бірігіп,  біртұтас  мағынаны,  яғни  мəтінді  құрайтындығын 
түсіндіріп  берді.  Мəтіннің  қатысым  бірлігі  ретінде,  сөйлеу  нəтижесі  ретінде  қарастырылуы 
психолингвистикалық  көзқарастың  ерекшелігі  болып  табылады.  Мəтінді  психологиялық  тұрғыдан 
қарастырып зерттеген М.М.Мұқанов «Ой дегеніміз – тексті жазған адамның жадында қалуы. Егер тексте 
ешқандай ой жоқ болса, онда оны басқа кісі қалай түсінеді? деген сұрақ туады. Тексті оқып түсіне алатын 
себебі, текстердің қай қайсысының болса да тілде сөйлеушілердің шарттасқан келісімі сияқты. Сөйтіп, сол 
келісім нəтижесінде текстегі ойды бір тілде сөйлейтіндер тегіс танитын болады», деген құнды пікір айтқан     
/2, 117/.  Ж.Адамбаева,  А.Күзембаева,  Т.Əбдікəрімова,  С.Ахметовалар  зертттеулерінде  жалпы  мəтінмен 
жұмыстың тіл дамытуда орны ерекше екені туралы жан-жақты пікірлер айтылған.  
Мəтін – дегеніміз мынандай белгілерден тұрады: 
1.
 
Екі не одан да көп сөйлемдер тобынан құралады. 
2.
 
Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста болады. 
3.
 
Сөйлемдердің тақырыбы бір болады. 
4.
 
Сөйлемдердің орын тəртібі мағынаның тұтастығын, бірлігін сақтайды.  
5.
 
Мəтіннің  құрылымы  өзара  тығыз  байланыста  келеді.  Мəтін  құрамындағы  бірліктер 
(сөйлемдер)  тізбектеле немесе параллель түрде байланысады. Бірақ мəтін деп əр жерден терілген сөздер 
жиынтығы мен іріктелген сөйлемдерді атауға мүлде болмайды. Мəтін туралы жалпы түсінік қатарына ең 
алдымен  «негізгі  ой», «одан  кейін  ойдан  туындайтын  қатынас  құралы  қызметін  атқаратын  тілдің  негізгі 
бірлігі болып табылады.  
Жалпы  баланың  тілін  дамыту  мақсатында  жүргізілетін  мəтіндік  мына  жұмыс  түрлерін  ұсынып 
отырмыз:  
-  Көркем  мəтінді  меңгертуде  жиі  қолданылатын  жазу  жұмыстарының  бірі – мазмұндама. 
Мазмұндама  жаздыру  арқылы  оқушылар  оқыған  мəтінді  қабылдап,  сол  қабылдаған  ақпаратты  қайта 
жаңғыртуға тиіс жəне есінде қалған мəтін мазмұнын өз сөзімен жазып беруге дағдыланады. Мазмұндама 
жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі, сөйлемдер жəне бейнелі сөздер автоматтанып оқушының есінде қалады, 
оқылған  мəтінді  қайта  жаңғырту  үрдісінде  сөздер  мен  сөйлемдерде  бір-бірімен  байланыстыруға 
жаттығады /3, 148/.  
Жаңа  технологиялық  əдістердің  бағытталуындағы  қарапайым  түрде  түсіндірілу 
үрдісін  пайдалана  отырып,  мəтін  мазмұнының,  оны  құрастыру  үлгісін  мына  сызба  арқылы  берілуін 
ұсынып  отырмыз:  Сөз      -        сөз  тіркесі    -      сөйлем . Сөз  жəне  сөйлем  ұғымдарын  игеру  нəтижесінде 
мəтінмен жұмыс жасауға, мəтін ұғымын меңгеруге жол ашады.  
1.
 
Мəтіннің мазмұнын игеруде мына тəсілдерді пайдалануға болады:  
а/  Тақырыбы  бойынша.  Тақырып  мəтіннің  негізгі  құралы.  Мəтін  тақырыптары – жүйелі  түрде 
қолданылатын тілдік бірлік. Олар кез келген мəтіннің құрамдас бөлігі ретінде мəтіннің мазмұнын ашатын, 
мəтіндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін тілдік таңбаның ерекше түрі.  
Мəтін  тақырыптарының  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы  формасы  арасындағы  байланысты,  жалпы 
мəтін  тақырыбының  өзіндік  сипаты  мен  ерекшелігін,  ең  негізгі  белгілерін  көрсетіп,  тақырып  ұғымын 
ашуға  арналады.  Мəселе  тақырып  ұғымының  мағыналық  өрісіне  байланысты  болғандықтан  олардың 
ғылыми  тұрғыдан  дəл,  нақты  тұжырымдалғандарын  келтірейік.  Мысалы,  А.С.Выготскийдің  пікірінше 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
24
тақырып  əңгіменің  бүкіл  құрылымын  анықтайтын  доминант  болып  табылады /4,206/.   Мəселен,  
оқушыларға «Көктем» тақырыбындағы мəтін берілсе;  
-
 
«Көктем» туралы не айтуға болады?  
       -  Неліктен «Көктем» деп аталады?  т.б. деген сұрақтарға жауап алу барысында оқушыларда ой 
қозғау жұмысы жүргізіледі.  
Оқушыларға  «Мəтін»  ұғымын  қалыптастырудың  тағы  бір  жолы,  ол  тақырыпты  ортаға  салу. 
Мысалы, «Тоғай» - тақырыбы туралы əр оқушы өз ойын айтып, соңында қорытындылай келе бір негізгі ой 
түйіндеу. Мəселен, Тоғай сөзі туралы не айтасыз? деген сұраққа,  
-
 
Тоғайда биік ағаштар көп; 
-
 
Тоғайда ағаштардан басқа түрлі жануарларды кездестіруге болады;  
-
 
Өзен суы бар;  
-
 
Демалыс орны;  
         -    Ол  жерді  қоқыстан,  өрттен  сақтау  қажет;  т.б.  осы  секілді  өз  ойларын  айтады.  Əртүрлі 
ойлардың  қорытындысы  шығарылып,  бір-екі  оқушы  сол  сөз  тіркестерінен  мəтін  құрастырып  айтады.  ə/ 
Интонация.   
Мəтін құрылуы мен жасалуында қызмет атқарып, əрі ондағы айтылатын сөздің коммуникативтік 
мағынасын,  эмоциялық-экспрессивтік  қырларын  анықтауда  сөз  əуенінің  жоғарлауы  мен  төмендеуі,  сөз 
бөлшектерінің  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  ұзақтылығы  мен,  сөз  ағымындағы  кідіріс,  айтылымның 
қайсыбір бірлігін ерекшелеп тұлғаландырудағы қарқын жəне де адамның көңіл-күйі ахуыалын жеткізудегі 
тембр деген тəрізді интонация компоненттерінің орны бөлек /5,177/. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 
түрлерін  үйрету  оқушылардың  сол  сөйлемдегі  мақсат  мəнінің  берілу  жолдарын  жəне  бір-бірімен 
байланысуын,  қатыстылығын  білуіне  сүйенеді,  себебі  сөйлемнің  мағынасы  оны  жасайтын  лексика-
грамматикалық, интонациялық құралдарының, контекстің байланысынан туындайтыны белгілі. Мəтіннің 
мазмұнындағы адамның қуану, шаттану, еркелету, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, əсерлеу, құптау-
құптамау,  жақтырмау,  сену,  мүмкінділік,  қажеттілік,  болжалдылық,  т.б.  қасиеттерді,  яғни  семантикалық 
белгілердің берілуі арқылы, яғни интонациясының дұрыс берілуі кейде бір оқығаннан қайталауды қажет 
етпейді.  б/  Суреттің  көмегі  арқылы  мəтін  мазмұнын  айқындау  анағұрлым  жеңілдетеді.  Мұнда  мəтіндегі 
негізгі  ой  не  іс-əрекет  бейнеленеді.  Қ.Қадашева  «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  атты  еңбегінде 
аудиосабақты  оқыту  əдістерін  ұсынған.  Бұл  тақырыпта  мəтіннің  дыбысталу  уақыты,  мəтінде  берілетін 
лексика-грамматикалық  материал  минимумы,  мəтіннің  құрылысы,  мəтіннің  функционалдық-
семантикалық  түрлері,  мəтіндегі  ақпараттың  молдығы,  тыңдалатын  мəтіннің  ұсынылу  қарқыны, 
аудиомəтінді  тыңдаудың,  қайталап  тыңдаудың  мөлшері    туралы  пікірлер  айтылған.  Осы  айтылған 
аудиомəтіндерді  сабақта  пайдаланудың  бірнеше  тəсілдеріне  тоқталайық:  тыңдап-түсіндіруде  ерекше 
орындалатын міндетті іс – нұсқаулар мен бағыт-бағдарлар. Аудиомəтінді тыңдау алдында үйренушілерге 
нақты тапсырмалар беріледі, мұндай тапсырмалар үйренушінің мəтін ішіндегі ақпаратты өзіне қабылдап 
алу мақсатында ұсынылған нұсқау түрінде беріледі. Осындай берілген нақты нұсқау, үйренушінің тыңдап-
түсіну арқылы алынған ақпаратты қабылдау тиімділігін арттырады /7, 156/. 
в/  Мəтін  құрылымын  сақтау.  Мəтіннің  абзацтарға,  күрделі  сөйлем  тұтастықтарына,  сөйлемдерге 
бөлшектенетіні  белгілі.  Сонда,  адамның  дұрыс  құрастырылған  сөйлеуінің  негізінде  жекелеген  сөздер, 
сөйлемдер  емес,  логикалық  жəне  композициялық жағынан  үйлескен  ерекше  тұтастық  жатады.  Мектепте 
мəтіннің  жеке  бөліктенуі  бойынша  жұмыстар  көбінесе  мағыналық  дəрежеде  жүргізіледі.  Яғни 
оқушылардың  мəтінді  бөліктерге  ажырату,  оның  жоспарын  дайындау,  абзацтар  арасында  мағыналық 
байланыстарды  іздеу,  сөйлемдер  арасындағы  байланысты  белгілеп,  сөздердің  қайталануын  тауып,  сөз 
тəртібіне бақылау жүргізу, тілдік тұлғаларды табу дағдылары қалыптасады.  
Мəтін    мазмұнын  игертуде  мазмұндама,  шығарма,  диктант  жаздыру  жұмыстарын  жүргізудің 
тиімді тұстары бар. Мұнда оқушы мəтіннің құрылымдық ерекшеліктерін жетік меңгереді.  
1. тапсырма Мəтінді  аяқтаңыз. Көктем  
Биылғы көктемде жауын аз жауды. Ауылдағы егістің құрғап кету қаупі бар.  Егіншілер бірігіп, бұл 
мəселенің шешімін таппақ болып, ақылдасты. Жастар  жиналып үлкен қариялардан кеңес сұрап келді. Осы 
жағдайға  ойланып,  шешуін  табуға  бел  байлаған  жастардың  іс-əрекеттеріне  қарап,  ақсақалдар  өз 
ризашылықтарын білдірді. Сөйте отырып, тасаттық беру кеңесін айтты. Жастар жиналып қой сойып, ауыл 
тұрғындарына жауынның жауғанын тілеп, тасаттық таратты. 
   Мəтінмен жұмыс түрлеріне мына тапсырмаларды ұсыныдық:  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
25
 
-
 
Тіл  дамыту  мақсатында    көп  қолданылмайтын  сөздерден  сөз  тіркесін,  сөйлем,  əңгіме 
құрастыру.  
-
 
Мəтіннің көлеміне байланысты схема сызбасын пайдалана отырып, мəтін құрастыру.  
Сөйлеудің  туу,  қалыптасу  заңдылығын  психологиялық  тұрғыдан  зертеген  орыс  психологі 
Н.И.Жинкин  жазбаша  сөйлеуде  күрделі  аналитико-синтетиткалық  əрекет  орындалатынын  айта  келіп, 
жазбаша сөйлеу механизміне  
-
 
сөзді таңдау, саралау;  
-
 
алдын-ала құрастырып, реттеу;  
-
 
мəтін түзу үрдістерін жатқызады /8.158/.   
 Қорыта  айтқанда,  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  жұмысының  негізінде  мəтін  туралы  ілім 
жатыр.  Мəтін – тілдің  қорытылған  белгілі  бөлігі,  ол  өз  ішінде  сөйлем,  абзацтарды  қамтиды.  Мəтін 
деңгейінде  тілдік  жүйенің  барлық  аспектілері  қарастырылады.  Бұл  тіл  дамыту  жұмысын  жан-жақты 
жүргізуге көмектеседі. Демек, мəтін – тіл дамытудың маңызды лингвистикалық ұғымы.  
1. Ысқақ Б. Мазмұндама мəтіндерінің жинағы. – Шымкент, 2002.   
2.Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі.- Алматы, 1980.  
3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы.- Алматы, 2000. 
4. Выготский А.С. Психология искусства. - М.: Наука, 1965.- 206с.  
5.  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 55-жылдығына арналған «Аманжолов оқулары – 2007» атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. –Алматы, 2007. 
6. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. - Алматы, 2005.  
8. Жинкин Н.И. Речь как проводник информации.- М.: Наука, 1982.  
 
Резюме 
В статье раскрывается роль структуры текста в развитии речи.  
 
Summary 
This article tells about role of text structure in the speech developing.  
 
 
ОРЫС ТІЛДІ ДƏРІСХАНАЛАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАЗАҚША ҚАТЫСЫМДЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕСІ 
 
Т.Наханов -  
«Сырдария» университетінің аға оқытушысы 
     
 Коммуникативтік  (қатысымдық)  құзыреттілік  (коммуникативная  компетенция)  деген  ұғым 
лингводидактикада кейінгі жылдарда ғана сөз болып жатқан мəселе. Əдіскер-ғалымдардың еңбектерінде 
бұл ұғымды екінші тілді үйренушілерге тілдің заңдылықтарын  жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік жəне 
қатысымдық тəсілдерді орынды қолданумен байланыстырады. 
      Орыс  тілді  дəрісханаларда  студенттердің  қазақша  қатысымдық  құзыреттілігін  (коммуникативтік 
компетенция)  қалыптастыру  мəселесі  тілдің  қатысымдық  мəнге  конгнитивтік  салаларының  өзара  ортақ 
бағыттары  мен ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт. Бұл бағыт бойынша студенттердің екінші тілді 
үйренуде  сөз  мағынасын  қабылдауда,  пайымдауда,  түсінуде  танымдық  ерекшеліктерін  ескеру,  олардың 
түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын, пікірін  жеткізу, коммуникативтік міндеттерді шешу, қатысымдық 
мақсатты  іске  асыруда  тілдің  заңдылықтары  мен  нормаларын  орынды  пайдалана  білу  дағдыларын 
қалыптастыру мəселелері алдыңғы орынға шығады. 
      Оқыту  үрдісінде  студенттердің  қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыру  амал-тəсілдері  мен 
принциптері  жөнінде  пікірлер  мен  құнды  тұжырымдар  Ф.Ш.Оразбаева,  Е.П.Пассов,  Т.А.Печенцова, 
Е.С.Полат,  В.Г.Костомаров,  М.Н.Вятютнев,  Д.И.Изаренков,  Л.В.Фарисенкова,  Дж.Равен,  У.Риверс, 
Н.И.Формановская, А.А.Чингисова жəне т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 
10; 11; 12]. 
Басқа  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  қатысым  əдісінің  негізін қалаған,  шет  тілді 
дəрісханаларда  осы  əдісті  қолдану  жолдары  мен  əдіс-тəсілдерін  алғаш  ғылыми  тұрғыда  қарастырған 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
26
ғалым – Ф.Ш.  Оразбаева  болған.  Ғалым  «комуникация»  термині  жөнінде  былайша  ой  тұжырымдайды: 
«Комуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты 
мағыналарды  білдіре  келіп,  адамдардың  тіл  арқылы  сөйлесу  процесін,  тілдесу  ерекшеліктерін,  тілдің 
əлеуметтік  мəні  мен  қоғамдық  қызметін,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты,  өзара  түсінушілікті 
көрсетеді. 
Осыдан  барып, «комуникабельді» - тез  тіл  табысатын,  түсінісуге  бейім, «комуникабельдік» - 
түсінушілік т.б. деген сөздер пайда бола бастады»  [1, 39]. 
Ғалым «комуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту əдістемесіне жаңадан «тілдік 
қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» жəне т.б. терминдерді енгізген. Сондықтан біз 
өз  жұмысымызда  бүгінге  дейін  қатар  қолданылып  келе  жатқан  «комуникативтік  компетенция»  жəне 
«қатысымдық  құзыреттілік»  терминдерінен  ана  тіліміздегі    «қатысымдық  құзыреттілік»  сөзін  ғана 
қолдануды дұрыс деп есептейміз. 
Қатысымдық  құзыреттілігі  қалыптасқан  студент  екінші  адаммен,  белгілі  бір  ақпаратты  жеткізіп 
қана қоймайды, сонымен қатар екінші адамға немесе ортаға өз ойын түсіндіреді, олардың пікірін ұғады, 
студенттің  екінші  адамға  өз  ойын  ұғындыруы,  онымен  түсінісуі  оның  əлеуметтенуіне,  өзін  қоғамның 
мүшесі ретінде сезінуіне əкеледі. 
Сондықтан  да  бұл  терминнің  мəн-мағынасына  түсініктеме  бергенде,  ең  алдымен  қатысымдық 
құзыреттілік өз пікірін дəлелдейтін, тілдік қарым-қатынаста қатысымдық мақсатты  орындайтын, өзіндік 
пікірі бар дегенде, ғалымдардың пікірлерінде қайшылықтар кездеседі. 
Əдістеме  ғылымында  бүгінгі  күнге  дейін  бір  ізге  түспей  жүрген  мəселе: «қатысымдық 
құзыреттілігіне  не  жатады,  оның  қандай  өзіндік  ерекшеліктері  бар»  дегенде,  ғалымдардың  пікірлерінде 
қайшылықтар кездеседі. 
Т.А.Печенцова қатысымдық құзыреттілік мынадай ерекшеліктеріне баса назар аударады:  
 
● оқушының өзінің қатысымдық əрекетін өзі бағалай алуы; 
 
● əр түрлі қатысымдық ситуацияларға жауап бере алу; 
 
● өзара қатысымдық қатынасты ұйымдастыра алуы [3]. 
В.Г.Костомаров  студенттердің  «способность  к  выбору  и  реализации    программ  речевого 
поведения  в  зависимости  от  способности  человека  ориентироваться  в  различной  обстановке», - деп 
қатысымдық  құзыреттілікке  тілдік  қатынас  кезінде  кездесетін  түрлі  ситуацияларда  қатысымдық 
міндеттерді шешу қабілетін жатқызады [5]. 
М.Н.Вятютнев тілдік қарым-қатынаста оқушылардың тілді қолдана білу қабілеттерін қатысымдық 
құзыреттілік деп таниды [6]. 
Д.И.Изаренков  қатысымдық  құзыреттілікке  оқушылардың  бір  немесе  бірнеше  тілдесім 
əрекеттеріне түсу қабілетін, осы қарым-қатынаста қатысымдық міндеттерд шешуде оқушылардың ерекше 
қабілетін атайды [7]. 
А.А.Чингизова қатысымдық құзыреттілік оқытудың соңғы нəтижесі, қатысымдық құзыреттіліктің 
құрамында тілдік, прагматикалық жəне т.б.  құзыреттіліктері бар екендігі жөнінде былайша  ой қорытады: 
«Комуникативная  компетенция  рассматривается  как  сложное  психолингвистическое  образование, 
включающая  в  свой  состав  ряд  других  компетенций:  лингвистическую  или  языковую,  речевую, 
прагматическую и др. 
Комуникативная компетенция – способность средствами изучаемого языка  осуществлять речевую 
деятельность  в  соотвествии  и  целями  и  ситуции  общения  в  рамках  той  или  иной  сферы  деятельности» 
[12,15]. 
Э.Г.Азимов жəне Ф.Н.Щукиннің «Словарь методических терминов» атты еңбегінде  «қатысымдық 
құзыреттілік - оқушылар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, өндірістік жəне мəдени өмірде қатысымдық 
міндеттердің шет тілі арқылы шеше білу қабілеттілігі, қатысымдық  мақсатты іске асыруда оқушылардың 
тіл  жəне  сөз  құралдарын  пайдалана  алуы», - дей  келе,  оқушының  сол  тілде  сөйлесушілермен    тікелей 
немесе  раелдық  қарым-қатынас    барысында  сол  тілдің  нормалары  мен  мəдени  дəстүріне    сəйкес  өзара 
түсінісе алса, оның  қатысымдық құзыреттілігі қалыптасқан», - деп тұжырымдайды [13]. 
Осындай  қарама-қайшылықтар  болғанымен,  көптеген  ғалымдар  қатысымдық  құзыреттілікке 
оқушылардың  түрлі  ситуацияларда  өз  ойын  екінші  адамға  жеткізу,  екінші  адаммен  немесе  қоршаған 
ортамен  еркін  тілдік  қатынасқа  түсу,  қатысымдық  қажеттіліктері  мен  міндеттерді  орындау  секілді 
қабілеттерді  жатқызады.  Сондықтан  қатысымдық  құзыреттілікке  орыс  дəрісханада  оқитын  студенттер 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
27
 
қазақ  тілінде  тілдік  қатынас  жасауы,  ұғынысуы,  түсінісуі,  өмірлік  түрлі  ситуацияларда  сөйлесім  əрекеті 
арқылы өз ойын жеткізуі жатқызылады. 
Бүгінгі  күні  ғылыми  еңбектерде 20 астам  құзыреттілік  жөнінде  пікірлер  қалыптасқан.  Мысалы, 
əлеуметтік,  когнитивті,  қатысымдық,  ақпараттық  –технологиялық  жəне  т.б.  құзыреттіліктер.  Орыс 
дəрісханада оқитын студенттердің қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға басқа да құзыреттіліктері 
де қалыптасады. Бұл құзыреттіліктер өзара тығыз байланысты, өзара сабақтасып жатқандығын көрсетеді. 
Атап айтқанда,  
Құндылықты – бағдарды  құзыреттілік  –жалпы  азаматтық  мəдениет  жетістіктері  негізіндегі  іс  -
əрекет  тəжірибесін  жəне  қоғамдағы  дəстүрлер  мен  жеке,  отбасылық  жəне  əлеуметтік  өмірдің  мəдениет 
негіздерін,  этномəдениеттілік  құбылыстарды  игеруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық  ерекшеліктер  адам  мен 
қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мəдениеті мен əлемін мəдени көптүрлілігін 
түсіну жəне бағалауға мүмкіндік беретін мəдени –демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тəсілдерін игеру; 
рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу. 
Когнитивтік  құзыреттілік – студенттің  зертттеу  əрекеті  мен  өзіндік  оқу-танымдық  процесін 
қамтамасыз  ететін  кешенді  құзырлылық.  Ол  құзырет  өзінің  білімділік  қызметін  ұйымдастыра  білуді, 
сəйкес  функционалдық  сауаттылық  талаптары  негізіндегі  білімді  игеруде  əлемнің  ғылыми  бағытын 
түсінуге ізденушілік – зерттеушілік əрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің əрекетіне талдау 
жəне қорытынды жасау тəсілдерін қарастырады. 
Ақпараттық–технологиялық  құзыреттілік – бағдарлы  білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  талдай,  таңдай 
білу,  өзгерте  білу,  сақтай  білу,  білім  мен  ақпаратты  ақпараттық  технологиялары  мен  техникалық 
объектілердің көмегімен жеткізуді жəне интерпротациялау білігі. 
Əлеуметтік  өзара  қарым-қатынас  құзыреттілігі – отбасылық,  еңбек,  экономикалық,  саяси-
қоғамдық  қатынастар  саласындағы  белсенді  азаматтық-қоғамдық  тəжірибе  мен  білімге  ие  болуды  қажет 
етеді.  Бұл  құзырет  əлеyметтік-  қоғамдық  нақты  жағдай  жасай  білуді,  түрлі  өмірлік  жағдайларда  жеке 
басына қоғам мүддесіне сəйкес ықпал ете білуді бағдарын санала таңдай алуды қарастырады. 
Тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілігі.  Бұл  құзыреттілік  еңбек,  экономикалық  жəне  саяси 
қоғамдық қатынастар ... белсенді азаматтық қоғамдық қызмет білімін қолдауын білдіреді.  
Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыруда  басқа  да 
құзыреттіліктерге  назар  аударған  жөн.  Бұл  оқыту  үрдісінде  сстуденттерді  əлеуметтендіруге  олардың 
танымдық  қабілеттерінің  дамыту  жолдарын,  оқушының  өмірлік  жағдаяттарда  тілдік  қатысымға  түсу 
түрткілері  мен  қажеттіліктерін  түсінуге  жəрдемдеседі.  Алайда,  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
əлеуметтік  когнитивті,  ақпараттық-технологиялық  жəне  т.б.  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  жолдары 
туралы мəселе өз алдына зерттеуді қажет  етеді.  
 
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері.- Алматы, 1995, 232 б.; Тілдік қатынас: Оқулық.- 
Алматы: Сөздік-словарь, 2005. – 272  б. 
2.Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. - М., 1977.-277 с. 
3.Печенцова Т.А. Коммуникативная стратегия обучения русскому языку. // Педагогика. – 2003. -
№4. –С.12-16. 
4.Полат Е.И. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. –М.: 
Академия, 2003.- 272 с. 
5.Костомаров  В.Г.,  Митрофанова  О.Д.  Методика  преподавания  русского  языка  как 
иностранного.- М.,1990.- 145 с. 
6.  Вятютнев  М.Н.  Традиции  и  новации  в  современной  методике  преподавания  русского  языка // 
Научные  традиции  и  новые  направления  в  преподавания  русского  языка  и  литературы / Шестой 
международный Конгресс преподавателей русского языка и литературы. - Доклад советской делегации.- 
М., 1986. -С.81-89.            
 7. Изаренков   Д.И. Базисные составляющие коммуникативной компетенции и их формирование 
на продвинутом этапе обучения студентов – не филологов // Русский язык за рубежом .- М., 1990. № 4.-
С.55-59. 
 8. Фарисенкова Л. В. Уровни коммуникативной компетенции в теории и на практике.- М., 2000.  
  9.  Равен  Дж.  Компетенция  в  современном  обществе:  выявление,  развитие  и  реализация. –М., 
1984. – 128 с. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
28
   10.  Риверс  У.  Формирование    речевых    умений  и  навыков // Вопросы  методики  обучения  
иностранным языкам за рубежом. - М: Просвещение, 1978. –С. 15-19. 
   11.  Формановская  Н.И.  Коммуникативно – прагматические  аспекты  единиц  общения. – М., 
1998.- 185 с. 
    12. Чингизова А.А. Коммуникативно – интегративная технология обучения русскому языку как 
иностранному в вузе: Дисс. ... док.пед.наук. – Алматы, 2005.- 315с. 
13. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Словарь методических терминов – СПб.: Златоуст, 1999. -109 с. 
                                                 
Резюме 
Проблемы формирования коммуникативной компетенции студентов на казахском языке в русской 
аудитории.  
Summary 
Problems of forming communicative abilities of students in Kazakh language in the Russian audience. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет