Лекция тезистері



бет1/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Шетел әдебиеті» пәнінің


КЕШЕНІ
Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Кажиакбарова Р.Б.

Шымкент, 2020


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ


1-2-лекция: Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі.

1. Рим фольклоры. Ерте дәуірлік кезең. Римдік тұңғыш ақындар


2. . Б.д.д. Ү-ҮІ ғ. проза. Прозаның ежелгі замандық классификациясы.
3. Шешендік сөз. Цицерон Марк Тулли, әдебиеттің дамуындағы орны.
4. Б.д.д. Ү-ҮІ ғ. проза. Прозаның ежелгі замандық классификациясы.
5. Шешендік өнер туралы ғылымның қалыптасуы. Демосфен көрнекті мемлекеттік қайраткер және ұлы шешен.

Антикалық әдебиет ежелгі Грек және Рим әдебиеті негізінде мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Бұл Европа жеріндегі ең алғашқы әдебиет болып саналады. “Антик” деп аталатын ежелгі Греция мен ежелгі Рим шығармашылығының әлем әдебиетінде алатын орны ерекше. «Антик» сөзінің түп-төркіні «ежелгі», «қадым заман» мағынасын білдіретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Тұңғыш рет бұл термин ХV ғасырда Итальян Өрлеуінің жаңа гуманистік мәдениеті орта ғасырлық шіркеу идеологиясымен арпалыста қалыптасып келе жатқан тұста дүниеге келді.


Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі. Рим әдебиетінің тарихи маңызы және оның антикалық қоғамдағы орны, Римдегі қоғамдық өмір мазмұнының әдебиеттегі суреттелуі. Әдебиетке дейінгі қезең /Б.д.д. III г. ортасына дейін/. Рим фольклоры: әдет-ғұрыптық істер, фолькордьң драма, халыктық ойындар. Поэзия, проза /жазбалар, заңдар т.б./, шешендік сөздер.
1. Ерте дәуірлік кезең /Б.э.д. III ғ. ортасынан — // ғ. ортасына дейін/, Римдік тұңғыш ақындар /Ливий Андроник, Гней Невий/; римдік эпос, трагедия, комедия, римдік театр.
2. Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті /Б.э.д. II ғ. ортасы — 1 ғ.ортасы/.
Гректік риторика мен пәлсапа- римдік қоғамдағы құрал. Шешендік сөз — саяси күрестегі әрекетшіл құрал және көсемсөздік пішін. Цицерон Марк Тулий /Б.э.д. 106-43 ж.ж./ және оның әдебиеттің дамуындағы орны. Сотта сөйлеуге арналған сөздері, шешендік және пәлсапалыкқ трактаттары, хаттары. Оның шығармашылығындағы қиялдағыдай үлгілі мемлекет қайраткері мен саяси соттық тұлғалы шешеннің бейнесі. Цицерон — шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы.
3. Империя кезінің әдебиеті — рим әдебиетінің алтын ғасыры. /Август принципатының дәуірі/. /Б.э.д. I ғ. екінші жартысы — б.э.д. Iғ. басы/. Принципат — республикалықтан империяға өтудің түрі. Жаңа кезеңдегі әдебиет пен римдік классикалық стилъдің қалыптасуы.
Вергилий Марон Публий /Б.э.д. I ғ. екінші жартысы — I ғ. басы/ - өмірі, шығармашылығының негізгі кезеңдері. "Буколики" /"Бақташылық жырлары / жинағы; "Георгики" / "Жер өңдеу туралы жырлар"/ - дидактикалық поэмасы. "Энеида" атты батырлық эпосының мазмұны, композициясы, керкемдігі.
Б.э.д. ІІІ ғасырдың ортасында гректерде классикалық әдебиет аяқталған кейін эллиндік әдебиет биік шыңдарға жеткенде, Италияның Жерорта теңізінің батыс бөлігінде антикалық әдебиеттің екінші кезеңі – римдік әдебиет пайда болды. Рим (ежелгі)- латында Romа алғашқыда ежелгі Италиядағы қауым, кейін бүкіл Аппени түбегін өзіне қаратқан құлиеленуші қала мемлекет. Қала аңыздарына қарағанда б.д д. 754-753 жылдары пайда болған. Рим Еуропаның бірсыпыра бөлігін, Солтүстік Африканың теңіз жағалауларын, Египетті, Кіші Азияны, Сирияны құрамына қосып алған Жерорта теңізі бойындағы құлиеленуші мемлекет. Рим -латын тайпаларының Италиядағы біріккен ортақ жері. Олар өздерінің әдебиеттерінде латын тілі мен грек тілдерін қоса қатар алып отырды.
Римнің құлиеленушілік қоғамы да грек қоғамы басынан кешкен даму кезеңдерден өтті. Таптық қоғамның пайда болуы құлдықтың дамуы, құлдардың еңбегін пайдалану, мемлекет құрылысы, ұсақ меншік иелерінің кедейленуі, полистің құлдырауы мен әскери диктатураға көшу барлығы Рим үшін де, Греция үшін де сол кездегі антикалық қоғамға тән белгілер болды .Сонымен Рим де Грек қоғамы өткен жолмен өтті. Бірақ өзгертілген, күрделі түрде өтті. Сондықтан римнің әдебиеті, мәдениеті, діни және философиялық көзқарастары гректерге ұқсас болды. Рим мәдениетінің дамуы Батыс Еуропа әдебиеті арасында көпір іспеттес болды.
Дүниежүзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан-теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау – бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды. Әрине, гректер қай салада болса да, көш ілгері болды, ал римдіктердің әдебиеті, мәдениеті, өнері тұтастай алғанда грек өнерінен туындағанын байқауға болады. Алайда, Римнің ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасы Еуропаның мәдени іргетасын қалауда айрықша мәнге ие.
Ал, рим әдебиетіне келетін болсақ, рим әдебиеті антикалық әдебиеттегі жаңа бір бағыт болды. Грек әдебиеті де, рим әдебиеті де әдебиет тарихында бірнеше даму сатысын басынан өткерді. Екі әдебиет те қатар дамығандықтан, идеологиялық тұрғыдан бір-біріне жақын келді. Рим әдебиеті грек мәдениетіне қарағанда кеш дамығанымен, ол грек әдебиетінен қалыса қойған жоқ.
Рим жазушыларының грек жазушылары сияқты бас бостандығы болған жоқ. Олар өздерінің ойын ашық жазып, көпшілікке жеткізе алған жоқ. Римдік жазушылардың шығармаларының көпшілігі империя құрылған уақыттан бастап жарыққа шыға бастады. Латын тілі ұзақ уақыт бойы жазушылардың шығарма жазатын негізгі ресми тілі болды. Ал қосымша тілдер ретінде испан, ағылшын, итальян, француз тілдері қолданылды.
Рим әдебиетіне грек әдебиетінің ықпалы зор болды .Алғашқы рим ждзушыларының басым көпшілігі гректер болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған.Екі әдебиеттің көп ұқсастықтары болса да, рим әдебиетігрек әдебиетінің көшірмесі емес. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдалана отырып,оларды жжжаңаша түрде дамытты. Мысалы грек драматургиясында хордың болуы міндетті болса,ал рим әдебиетіндеол шарттылық сақталған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы оның «алтын дәуірі». Қай халықтың әдебиетін алып қарасақ та, белгілі бір кезеңдерден тұрады. Ол – анық нәрсе. Сол сияқты рим әдебиеті де өз басынан бірнеше даму дәуірлерін басынан өткерді. Ол мынадай кезеңдер: классикаға дейінгі, классикалық, классикадан кейінгі.
Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді.
І. Ежелгі кезең – Рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д.) 240 ж, дейін).
ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240 ж. -81 жж.).
ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»: Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д. 81 - 43 жж.). Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д.д. 43-14 жж.).
ІҮ. Рим әдебиетінің «күміс дәуірі» (14 -17жж.).
Ү.Соңғы императорлық кезең (117 -476 жж.).
Ежелгі Римде шешендік сөзді жоғары бағалаған. Сондықтан да олар көптеген мемлекеттік мәселелерді халық мәжілістерінде, сенатта, сотта шеше білген. Сөз өнері әсіресе, ер азаматтар үшін бағасы биік қазынаға айналған. Ұлттық мінездің қалыптасуына сеп болған. Саясат пен құқықтың Рим азаматтарына әдебиет пен өнерден гөрі жақынырақ болуы содан болса керек.Рим республикасының қоғамдық өмірінің өзі шешендік өнердің өріс алуына игі ықпал еткен. «Сөз өнері дертпен тең» деп Абай айтқандай, Римде сөзді қадірлей білудің үздік үлгісі бұрыннан бар еді. Шешендік өнер ешқандай қағажу көрмегендіктен, бірте-бірте ұлттық мінезбен үйлесіп кеткен. Қарапайым халық шешендеріне лайықты бағасын беріп, ең сәттілерін аңыздай таратып отырса керек. Алайда Рим сөз өнеріне эллиндік грек мәдениетінің игі ықпалын айта кеткен орынды. Гректің риторикалық өнері Римнің рәуішті сөзінің сапалы бола түсуіне әсерін тигізеді. Бұл уақытта грек және латын мектебінің арасында толассыз күрес жүріп жатқан кез еді. Екі риторикалық мектеп арасындағы тартыс Рим қоғамына да қозғалыс тудыруға себепкер болады, яғни ақсүйекттер мен демократтар арасындағы кереғарлықты күшейте түседі. Әрине, Цицерон ғұмыр кешкен заманда Рим шешендік өнерінің өте асқақ дәрежеге жеткенін айтып өту ләзім. Неге десеңіз, Цицерон тұсында ғана рим қызыл сөзі классикалық деңгейге көтеріліп, қоғаммен тығыз қарым-қатынаста дамыды Рим шешендік өнерінің алғашқы қадамдарын сөз еткенде Цицерон шығармаларына тоқталмай өту мүмкін емес. Атап айтқанда, оның шешеннің қалыптасуы атты еңбектері Рим республикасы дәуірлеген тұста ерекше қызмет атқарды. Өкінішке орай, Рим шешендерінің көптеген туындылары біздің заманымызға толық, таза қалпында жеткен жоқ. Дегенмен Цицерон өзінің «Брут» деген еңбегінде Римнің саяси өмірінде орындары бөлек шешендерді атап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет