Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
«Досан» негізгі орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Баяндаманың тақырыбы:
«Математика сабағында сыни ойлауды дамыту»
Жаратылыстану математикалық пәндер бірлестігі
Математика пәнінің мұғалімі Тайтелиева Ақмарал
Бестоғай ауылы
2016ж
Жоспар
1. Кіріспе. " Білім беруді дамытудың инновациялық әдіс-тәсілдері"
2. Негізгі бөлім
2.1. Математика пәнін оқытуда сыни ойлауды дамыту;
2.2. Блум таксономиясы бойынша жоспарлау;
2.3. Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша талдау;
2.4. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамасы.
3. Қорытынды бөлім
"Оқыту және оқу сапасын арттыру-мұғалімнің басты міндеті"
-3-
1. Кіріспе
Білім беруді дамытудың инновациялық әдіс-тәсілдері
«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек»
А. Байтұрсынұлы
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады.
Қазіргі мұғалім алдында ұлттық білім берудің сатысында оқушылардың сапалы білім беру үшін инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізудің жаңартылған бағытымен жұмыстар тұр.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Жаңа формация мұғалімі қызметінің мақсаты-оқушының өзін-өзі тұлғалық дамытуына жағдай жасау. Ал, жеке тұлғаны дамыту дегеніміз:
Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, яғни оқу барысында туындаған проблемаларды шешу;
Өмірлік экологиялық, саяси, ұлтаралық және басқа өзекті мәселелерді саралай білуге үйрету;
Рухани құндылықтарды бойына сіңіруге үйрету;
Отбасында және мектепте жеке тұлғалық құқықтарын сақтай алуға тәрбиелеу;
Мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру.
Инновация(латынша inovatis) аудармасы - жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.
Технология деп - оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс - тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал - жабдықтар, т. б) қандай да бір іс - әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.[3]
-4-
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» -дей отырып, мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы:
Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Ауыстырудың орнына сенім білдіру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Жоюдың орнына тегістеу;
Басқарудың орнына қатысу;
Мәжбүрлеудің орнына таңдау;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудың орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына
Кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу- пайдаланады деп нақты көрсетіп берді.[2]
2.1. Математика пәнін оқытуда сыни ойлауды дамыту
Математика сабағында диалог арқылы оқыту тәсілін қолдану - сыни ойлауды жүзеге асырудың бірден - бір қозғаушы күші. Ал, диалогтік әңгімені дамыту үшін сұрақ қою әдісі әрбір сабақ барысында жүйелі, тиімді пайдаланылса оқушының білім алу сапасы жақсарады және олар шағын топтарда бірлеседі, идеяларымен пікір алмасып, оны талқылайды, баға береді.
Мұғалім үшін ең маңызды қызмет-сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен білім алуға жетектеу, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін сан түрлі жаңартылған әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолдану.
Зерттеуіме алған 6-сыныптың математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбын меңгертуде сыни ойлауды дамыту үшін
Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту тәсілін бір сабақта емес 5 сағатқа бөліп жоспарлау арқылы қолдана отырып өттім.
-5-
Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, өз бетінше ойлау
қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспарланған сабақтар топтамасында 4 деңгейден тұратын
технологияның негізгі талаптарын жүзеге асыру үшін мынадай әдіс-
тәсілдерді қолдандым.
1. Сұрақ қою әдісі
Мені қатты ойландырған мәселе бастапқы білім мен соңғы алған білімдерін ұштастыру, шоғырландыру үшін сұрақты қалай қою керек және оның нақты көрініс табуы, оқушыларды сыни ойлануға бағыттау болды. Оқушының қате жауабына "Дұрыс деп ойлайсыңдар ма?" , «Тағы да қандай пікір айтар едіңдер?», «Жауаптың дұрыс екеніне сенімдісіңдер ме?», «Неге сүйенесің? », «Толықтыруға бола ма?», «Мысал келтіре аласың ба?»т. б. деген сұрақтарды қайта бағыттау арқылы диалог құрып, балалардың әлеуметтік ортада өзін-өзі реттеу, ой-пікірлерін жүйелеу қабілеттерін дамытуға болатынына көз жеткіздім. Тапсырмада берілген есептерді еркінше таңдап алуда және оны шығару тәсілдерімен пікір алмасқанда оқушылар өзін-өзі, сыныптастарын бағалауға мүмкіндік алды. Топтар арасындағы пікір алмасуда бір-бірінің жіберген қателері мен өз идеяларының да құнды екенін бағалай алды.
2. Миға шабуыл әдісі / Метод мозгового штурма (брэйнсторминг)/
/ Brainstorming/ - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау –
-6-
шығармашылық белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.
3. Джигсо (мозаика) / Джигсо (мозаика) / Jigsaw - Эллиот Аронсон ұсынған, оқушылардың білімдік міндеттерді шешу мақсатында ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейтін оқыту мен оқу әдісі.
4. Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
5. Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning methods – оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ой- лану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т.б. жатады.[3]
6. Тактикалық оқыту / Тактическое обучение / Tactical education – тек қана тестілеуден ойдағыдай өтуге дайындау арқылы оқушылардың жетістіктерін өлшеу.
Зерттеу сабақтар топтамасын өткізу нәтижесінде сындарлы оқытуды жүзеге асыру үшін жаңартылған әдіс-тәсілдер кестесін жасадым.
Әдіс- тәсілдер
|
Түрлері, формасы
|
Бағыттары
|
Сұрақ қою әдісі:
сындарлы сөйлеуге үйренеді;
қызығушылығы артады;
зерттеуге ұмтылады;
білімі қалыптасады;
сыни ойлауға және сөйлеуге дағдыланады
|
Түрткі болу
|
Сұрақты қарапайым етіп қою, өтілген тақырыпқа оралу,ой салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
|
Сынақтан өткізу
|
Анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, мысал келтіруге, ойын нақтылауға бағдар беру
|
Қайта бағыттау
|
Дұрыс емес жауапты басқа оқушылардан көмек сұрау арқылы ортақ шешімге келу
|
Иллюстрациялық әдіс:
тақырыпқа сәйкес сапалы ақпарат алады;
басқа пәндермен үйлестіреді:
есте сақтайды;
Өзі жасауға ұмтылады.
|
Кестелік
|
Негізгі анықтамалар мен алгоритмдерді қолданып есеп шығаруға үйрету
|
Тақырып бойынша ереже/формулалар ұсыну
|
Дайын плакаттар, үлестірмелер, тақырыпқа байланысты жасалған кепелер арқылы көру, есте сақтау қабілеттері артады
|
Сәйкестікті табу /суретті деректер/
|
Тақырып пен қоршаған ортаны байланыстыратын суреттер арқылы алған білімін сыныптан тыс жерде пайдалануға ұмтылады
|
Экспрессивтік әдіс:
Ойлау туралы ойланады;
Білімдерін қолданады;
Толықтырады;
Идея ұсынады.
|
Тірек сызба жасау
|
Тақырыптағы негізгі ұғымды зерттеу
|
Ребустар, сөзжұмбақ
тар құрастыру,
эстафеталық ойындар
|
Тақырыптың аясында ойлауды дамыту, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасайды
|
Басқа шешім қарастыру
|
Бірнеше шешімдердің ең тиімдісін таңдау
|
Миға шабуыл /ынталандыру/ әдісі:
Қызығады;
өз бетінше ойланады;
бәсекелестік дамиды;
өзіне сенімділік артады
|
Логикалық тапсырмалар
|
Интеллектуалдық қабілеттері, шығармашылығы дамиды
|
ойындар
|
Шапшаңдыққа, ұтқырлыққа дағдыланады
|
Өзіндік жұмыстар
|
Шешім қабылдауға, өзіндік білім алуға ұмтылдыру
|
Деңгейлеп саралап оқыту әдісі:
|
1.1-деңгей: міндетті оқушылық;
2. 2-деңгей: алгоритмдік
3. 3- деңгей: эвристикалық
4. 4-деңгей: шығармашылық
|
Бірыңғай білім стандарты орындалады.Дарындылық, қабілеттілік анықталады, оқыту үдерісінде жүйелі жоспарлау, дамыта оқыту жүзеге асады.
|
ДЖИГСО әдісі:
Әр оқушы тапсырманы алдымен жеке, жұппен, топта талқылайды;
Келесі топтың мүшелерімен пікір алмасады;
Өз топтарына қайта оралып алған ақпараттарды сараптайды
|
Топтық жұмысты жандандыру үшін:
1. Негізгі оқулық бойынша оқуға нақты тапсырма беріледі;
2. Қосымша деректер , ақпарат көздері ұсынылады;
3.Алған білімдерін жинақтайды, қолданады.
|
1.Бастапқы білімді қайта жаңғырту арқылы соңғы біліммен байланысады;
2.Әлеуметтік қарым-қатынас, бірлескен оқу жүзеге асады;
3. Еркіндікорын алады, жаңа идея ұсынады;
4. Тілдік қоры дамиды;
5.Өз бетінше білім алады.
|
2.2. Блум таксономиясы бойынша жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |