Мазмұны бет Кіріспе



бет1/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мазмұны
бет
Кіріспе...................................................................................................................



  1. Адамзат дамуындағы ізгілікті басқару идеясының тарихи- философиялық, әлеуметтік алғышарттары ---------------------------

  2. Түркі әлемінің ғұламасы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны − ізгілікті басқару идеясын тұңғыш баяндаған ұлы мұра.....................................................................................................

  3. Ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ел басқару идеясының негізі − ізгілікті қоғам орнату ---------------------

  4. Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару туралы идеяларының бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі ------------------------------

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік


мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Жүсіп Баласағұни.

Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.


В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады. 
Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.
Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.
«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.
Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.
-----------------------------------------------------------------------------
Жүсіп Баласағұни. Құдатғу білік. А, 1990, 60-68 

КІРІСПЕ

Мемлекетіміз бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биік мақсатқа жету жолында, егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқарудың тиімділігін арттыру, өзге дамушы елдерге үлгі боларлықтай дәрежедегі еліміз үшін тарихымыздың пайдалы дүниелерін жаңғырту қажеттігі туып отыр. Мемлекеттер арасындағы өзгешеліктер де басқару идеясы арқылы ерекшеленеді. Еліміз егемендік алғалы бері халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы қайта жаңғырып, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұралары туған халқымен қайта табысты.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр»,− деген сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды [1]. Сондықтан, бұл құнды еңбектерді зерттеп, болашақ ұрпаққа жеткізу, жас ұрпақтың бойына ата-бабамыздың өсиет етіп қалдырған асыл мұраларын сіңіру, жалпыадамзаттық құндылыққа, әсіресе, ғылыми дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау– қазіргі педагогика ілімінің назар аударып отырған мәселелерінің бірі.Соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәдениетіміздің педагогикалық негізінде оның өркениеттік сипаттары мен үрдістеріне терең бойлауға бағытталған ізгілікке тәрбиелеу – өзекті мәселе. Өйткені, өткен тарихымыздың өміршең философиялық дәстүрін оқып-үйренуде тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде ізгілікке тәрбиелеудің маңызы зор.
Iзгiлiк идеясы – өркениеттік құбылыстардың барлық кезеңдерiнде болған. Ол адамның iшкi дүниесi, болмысы деп айтсақ та жарасады. Атақты ойшылдар, заманынан озып туған кемеңгер ғалымдардың ұлағатты сөздерiнде iзгiлiк идеясы әрдайым көрінiс тауып отырған. Мемлекеттен саясат алыстай алмайтыны сияқты, iзгiлiк те мемлекеттен бөлек дами алмайды. Ол, ұлы Абай айтпақшы, адам тағдырымен бiрге жаралған, оны адам ойлап тапқан емес. Байқап отырсақ, iзгiлiктiң формалары өте тереңге кетедi, ең бастысы – адамға деген жанашырлық қасиет, адамды аяу, көмектесу, адамға қол ұшын созу. Саяси тұрғыдан қарайтын болсақ, бүгiнгi мемлекет жүйесiнiң атқарып отырған қызметi осы мәселеге жанасады. Яғни, мемлекет – адамға қамқоршы, ол адамды панасына алып отыр, өмір сүруiне мүмкiндiгiнше жағдай жасап отыр. Әрбiр мемлекет, өзінің дамуына сай, экономикалық әлеуетiне сай, өз азаматтарын қамқорлығына алады. Мiне, iзгiлiктiң басы – осы. Iзгiлiк − ол ғайыптан келетiн, бiз бiлмейтiн жерден келетiн ұғым емес, ол әрбiреуiмiздiң жүрегiмiзде, жан-дүниемiзде ту тiккен ұғым. Ендi, осы ұғымды мемлекет басқару жолында пайдалануды дәріптеген Жүсiп Баласағұн бабамыз едi. Түркі тілінде ел басқару мәселесі туралы жазылған тұңғыш кітап та Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны болды. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен қазақ даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасы қазақтың тарихымен, мәдениетімен сабақтастығымен, өмір шындығын баяндауымен дараланады. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік саяси жағдайларына байланысты қоғамымыздағы әртүрлі өзгерістерді шешу, ұлттық санамыздың өсуі кезеңінде Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару туралы философиялық ойларының құндылығы арта түседі. Әрбір адам өз ұлтының мөлдір бұлағынан сусындамай тұрып, өзін толыққанды ұлт ретінде сезіне алмайды. Нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан бүгінгі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыру.Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы прогрессивті педагогикалық дәстүрлерін ұлттық және адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты рухы биік дамыған тұлға етіп қалыптастыруға керектігі айқын. Еліміздегі бүгінгі күні рухани салада жүріп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау процестері нәтижесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен тәлім-тәрбиелік мол мұраларды пайдалану,елдік пен бірлік, мемлекет пен тұтастық ұстанымдарын насихаттау мүмкіндігі туып отыр. Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздеріне қайырымды басшы басқарған, дамыған қоғамның негізін: әділ заң, әділ елбасы, әділетті өмір қағидасы қамтиды. Дастанның негізгі идеясы – ел басқару ісінің қыр-сырын білу, ел басқарудағы әділеттіліктің болуы және ел мүддесін ойлайтын адал басшының бейнесін көрсету арқылы құт дарыған, ізгілікті қоғам орнату. Жүсіп Баласағұн мемлекеттің дамуы жеке тұлғадан бастап, ел басшысына дейін олардың ақыл-парасаты мен біліміне, мінез-құлқына байланысты дейді. Ендеше, бүгінгі таңдағы басқару тиімділігін арттыру мәселесінде басқару мәдениетінің рөлі зор екендігін айта кеткеніміз жөн. Басқару мәдениеті басқару процесінде кез келген құрылым мен ұйымның еңбекті ұтымды ұйымдастыруының нәтижесі болып табылады. Дана ойшылдың: «Жақсы мінез-құлық пен ізгілік, адамға құрметпен қарау, басқарушының халқымен жақсы қарым-қатынасы қоғамды тек ізгілікке, жақсылыққа бастайды. Мұндай ізгі бекті елі еш уақытта ұмытпайды,−деуі, «Құтты біліктегі» мінсіз қоғам идеясы, қоғамды ізгі басқару мәселесінде адам мінезін, болмысын терең сезіне толғануы Жүсіп Баласағұн философиясының қазіргі таңдағы ізгілікті басқарудағы ғылыми танымымызды кеңейтіп, рухани бастау болмақ. Мемлекетті, халықтың тұрмысын жақсартудағы әлеуметтік-эстетикалық көзқарасының бүгінгі өркениетті қоғаммен сабақтастығы − «Құтты білік» дастанының халықтық тәлім- тәрбиедегі тағлымды шығарма екендігіне дәлел. Қандай басшы болса да басқару ісінде ақылмен іс қылуды, ең алдымен, адамдық қасиетті ұстануы керек. Ғұлама: «Өз мүддесінен қара халықтың мұң-мұқтажын жоғары қойып, халқына ізгі іс жасаған басшының ғана халқына беделі арта түседі»,− дейді[21]. Басқару мәселесінде ғұлама ұстанған рухани құндылықтар: қайырымдылық, парасаттылық, ізгілік, тәрбиелі адамға тән іс-әрекет. Қайшылықты өмірде кездесетін әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мен жүзеге асыруда жаны таза басқарушы ғана кез келген мәселені әділеттілікпен шешеді, яғни «Құтты білік» дастанының әр шумағы басшының бойындағы ел басқаруға лайық мінез-құлықтың қоғамда алатын орны туралы философиялық ой-толғамдарға толы шығарма. Қазақ дүниетанымының өзегі саналатын құндылықтың әрбір тынысы, әрбір сөз орамы мен ой түйіні ізгілікпен байланысты. Ізгілік туралы халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-түсініктерінің даму тарихы ғасырдан-ғасырға ұласып, мирас болып келе жатыр.

Сондықтан, бұл тараудағы басты мәселе − Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқару идеясын тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдап, жүйелеу, ел басқару әдістеріндегі ізгілік принциптерін айқындау, елдік түзу мен мемлекеттілік құрудағы дастанның тәрбиелік мәнін көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет