Мазмұны кіріспе 1 Қазақ Әдебиетіндегі постмодернистік ағымның дамуы



бет1/8
Дата18.05.2023
өлшемі211,7 Kb.
#94490
  1   2   3   4   5   6   7   8

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК АҒЫМНЫҢ ДАМУЫ
1.1 Тәуелсіздік тұсындағы постмодернизмнің дамуы
1.2 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм


2 ДИДАР АМАНТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
2.1 Д. Амантайдың шығармаларының философиялық мәні
2.2 Дидар Амантай шығармаларының тақырыптық ерекшелігі мен жанрлық сипаты


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиеті ХХІ ғасырда өзінің рухани жаңғыру дәуірін бастан кешуде. Қоғамның рухани әлеміне ықпал еткен саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде ұлт өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Ширек ғасырда өмірге, әдеби-мәдени құндылықтарға деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, заманауи ұлттық парадигма қалыптасып үлгерді. Қоршаған орта туралы түсінік те жаңарды. Осылайша, тәуелсіздік алғаннан кейінгі орын алған тарихи-әлеуметтік өзгерістер жазушылардың дүниетанымына әсер етіп, замандастың көркем образы арқылы бейнелене бастады. Кеңестік кезеңдегі саяси идеологиялық қыспақ келмеске кетіп, тәуелсіздікке дейінгі реалистік, романтикалық сипаттағы әдебиет модернизм және постмодернизм философиясымен түрленіп, көркемдік кеңістігін кеңейтті.


Қазіргі әдеби шығармалардағы заманауи үрдістер тұрғысынан көрінуі олардың мазмұндық және де құрылымдық сипатындағы өзгерістердің орын алуы А.Байбол, А.Жақсылықов, Д.Амантай, Т.Әсемқұлов, Ж.Қорғасбек, М.Қосын, Д.Нақыпов және де т.б. авторлар еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Отандық әдебиеттану саласында аталған қаламгерлер шығармалардағы сипаттық және мазмұндық өзгерістері әрдайым көптеген сыни пікірлер туғызып, әдебиет зерттеушілері тарапынан олардың шығармаларындағы заманауи аса ерекше жаңашылдықтар байқалып отырады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде Дидар Амантай шығармашылығына тікелей қатысы бар әдеби санаттардың, әдеби-көркемдік құндылықтардың, постмодернизм бағытындағы шығармашылық еркіндік пен әлемдік әдебиеттегі постмодерндік ағымның жазушы шығармаларынан сипат алуы, қаламгердің әдебиеттегі жаңа амал-тәсілдері мен құралдарын, және де қалыптары, айрықша эстетикалық сипаттарды меңгеруіне әсер беруі зерттеу бағытының да жаңа деңгейге көтерілуін және зерттеудің жаңа әдістемелік негізін қалыптастыруына сұраныс тууы зерттеу тақырыбының көкейтестілігін айқындайды.
Дипломдық жұмыста соңғы уақытта баспасөз бетінде көп айтылып жүрген қазақ әдебиетіндегі Дидар Амантайдың шығармашылығы ғылыми теориялық тұрғыдан қорытындылау негізінде зерттеледі.
Қазақ әдебиеттануында өзіндік орны бар ХХІ ғасырдағы плюралистік ағым мен постмодернистік мәдениет мәселелері жұмыстың басты құндылығы ретінде көрсетіліп, бүгіні заман қаламгерлерінің бірегейі – Дидар Амантайдың шығармалары негізінде терең зерттеуге нысан болып отырғандығын айтуға болады. Сонымен қатар, 20 және 21 ғасырларға тән постмодернизмнің көркемдік идеялары арқылы бүгінгі таңдағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінен ойып орын алатын қаламгердің шығармашылығына ғылыми және теориялық саралау жұмыстары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет