Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері



бет1/10
Дата15.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#138988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-37714


Мазмұны




Кіріспе

3

1

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері

5

1.1

Әлеуметтік саясат

5

1.2

Әлеуметтік саясат модельдері

6

2

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат

10

2.1

Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен бостандығының кепілі

10


2.2

Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру

12

2.3

Әлеуметтік қорғау

13

2.4

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет

16




Қорытынды

18




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

20



Кіріспе
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады.
Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі–жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды –әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.
Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып, қазіргі жағдайына талдау жасап,ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет