Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата26.01.2023
өлшемі0,86 Mb.
#63119
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


 
 


Хикаят
 
Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді. 
Біздің сабақтарымызға кӛмектеседі. Ал жазда біз әкемізбен орманға кіріп кетіп, саңырауқұлақтар 
тереміз, бүлдірген, қойбүлдірген сияқты орман жидектерін үйімізге шелектеп теріп әкетеміз. Бірде 
тіпті әкеміз бізге бұғыларды кӛрсетті! 
Анамыздың бақиға аттанғанына тӛрт жыл болды. Әкеміздің қолында жеті бала қалдық. «Балаларды 
балалар үйіне ӛткіз де, үйлен. Ғиззат, ӛзіңді бекер қинама, саған әлі талай жыл ӛмір сүру керек»,-деп 
оған кӛп адамдар ақыл айтты. «Сен жалғыз ӛзің балаларды ӛсіріп-жеткізе алмайсың, оларды балалар 
үйіне жібер»,- деп барлығы әкемді үгіттеуге тырысты. Әкеміз болса оларды тыңдағысы да келмеді. 
Жауап біреу болды: 

Мен тірі тұрғанда балаларымның бір тал шашы да түспейді! Біз оларды дүниеге әкелгенде 
балалар үйінде ӛссін деген жоқпыз... 
Осылайша әкемізбен ӛмір сүріп жатырмыз. Бірақ кейінгі кезде ол жиі ауыра бастады. Әрине, сырт 
кӛзге білдірмеуге тырысты, бірақ болып жатқан нәрсені жасыра алмайсың, — қолдары менікі сияқты 
кіп-кішкене болып қалды. Қақпадан сыртқа шықпай қалғанына бір жылдай болды. Оған не болып 
жатқаны бізге белгісіз. Анамыздың ӛлімінен кейін кӛп түндер бойы ұйықтамады. Терезенің алдында 
қозғалыссыз ұзақ тұрды, біреуді күтіп тұрғандай. Бір күні түнде мен ыстықтап оянып едім, әкемнің 
анамның суретін құшақтаған калпы отырғанын байқап қалдым. Ол кезде оның не ойлап отырғаны 
маған беймәлім болатын... 
Менің екі үлкен ағам мен әпкем қазір қалада оқиды — училищеде білім алып жатыр. Ендігі екі әпкем 
Алсу мен Әлия, мен, қарындасым Зульфира әкемізбен тұрамыз, мектепке барамыз. Кейінгі кезде әкем 
тіпті тамақ дайындауға да әлі келмей қалды. Сондықтан да бесінші сыныптағы Әлияға кӛже 


қайнатып, нан илеп, оны пісіруді үйренуге тура келді. Оның пісірген күлшелері кішкене, ал біз 
болсақ анамыз пісіретіндей, үлкенін сұраймыз. 

Үлкен болайын, сол кезде үлкенін пісіретін боламын, жарайды ма? Ал қазірше маған соншама 
нан илеп, пісіру ӛте қиын болып тұр, - деп әпкеміз ақталатын. 
Кӛктемнің шуақты күндерінің бірі еді. Қар баяғыда еріп кеткен. Алғашқы гүлдер шыға бастады. 
Кӛшеде қандай керемет! Әкеміз ғана үйден шыға алмайды, ол күні бойы тӛсек тартып жатады. 

Балам, маған келші,— деп мені ӛзіне шақырды. 

Иә, әке... 

Міне, жатып, ӛткенді есіме алып жатырмын. Неге екенін білмеймін, ойым мені жас кезіме қарай 
ала қашады. Мен сендердің аналарыңды осындай тамаша бір күнде кезіктірдім. Содан бері 
қаншама су арнасымен ақты, сол кездегі сәттерді бүгінгі күн сияқты есімде қалдырыппын. Сол 
шақтарда Гүлнұрыма алғашқы рет бәйшешектер сыйлап едім. 
Әкем үндемей қалды да, қабырғаға қарай бұрылды, ойланып жатты да, сергек үнмен: 

Ұлым, жазыққа барып, бәйшешек теріп келші. Осы кӛктемде мен бәйшешектерді әлі кӛрген 
жоқпын. Сен теріп әкелген гүлдерді тӛсегімнің жанына қойып, қарап жатайын! 

Мен тез келем, әке! — басымды изеп, мен бірден үйден жүгіріп шығып, тез арада ең әдемі гүл 
шоғырын алып кірдім. Бӛлменің ішінде жұпар иіс қалқып жүр. Үйіміз жап-жарық болып, 
әкеміздің де кӛңілі бір серпіліп қалды. Мен әкемді қуанта алғаныма қуанып, күні бойы кӛтеріңкі 
кӛңіл-күймен жүрдім. 
Ұйықтардың алдында әкем мені тағы да ӛзінің жанына шақырды. 



Сен енді үлкенсің, балам, бәрін түсінесің. Мен де осылай тез қартайып қаламын деп ойлаған 
жоқпын. Сендерді аяққа тұрғызып, оқытам-тоқытам, үйлендіріп, той жасаймын деп армандадым. 
Байқаймын, оған жете алатын емеспін. 
Оның сӛзінен мен ӛзімді жаман сезіне бастадым. Әкем болса ары қарай сӛзін жалғады: 

Ешкім де ӛзін алдыда не күтіп тұрғанын білмейді. Егер кенеттен мені ауруханаға алып кетсе, 
менсіз тіршілік етіп үйреніңдер. Ұсақ-түйекке бола ұрсыспаңдар, тату ӛмір сүріңдер! Ӛмірде кӛп 
қиындықтар болады, сен бірақ барлығын жеңе біл. Мен ауруханада болғанда сабақтан қалып 
қойма. Әпкелерің мен қарындасыңа қамқор бол. Сен енді қолыңа балта ұстай аласың, үйге, 
шаруашылыққа қара. Мен сені жаныма жайдан-жай шақырмадым, мен үшін құнды бір зат бар 
еді, соны саған берейін деп едім... 
Осы сәтте әкем қатты жӛтелге булықты. Мұндай жӛтелі ұзаққа барушы еді. Сонымен қатар әкем 
жӛтелген сайын жанындағы шелекке қоңыр-қызыл сұйықтықты түкіретін. Содан кейін күші қалмай, 
әлсіреп, басын жастыққа сүйеп, үнсіз жататын. Міне, қазір де солай, маған енді бірдеңе берейін деп 
еді, қайтадан жӛтелі асқынып кетті. 

Жарайды, балам, ертең жалғастырамыз, — деп, әкем терең демалды, — басым қатты айналып 
кетті. 
Әкем ауырғалы бері мен үлкен тӛсекте әкеммен бірге ұйықтайтынмын. Түнде оған дәрі мен су 
беретінмін. Бүгін бірақ әдеттегідей емес, басқаша. 

Балам, бүгін мен ӛзім жалғыз ұйықтаймын, — деді әкем. 
Мен оның жанына жатуымды ӛтініп қанша сұрасам да ол кӛнбеді. 


Біз әпкем Әлия екеуіміз мектепке таңертең барамыз, сондықтан ерте тұрамыз. Кейде мен қулық 
жасап, ұйқыдан оянсам да, жылы тӛсектен тұрғым келмей, жатып аламын. Міне, осылайша Әлия 
тамақты ысытып, шәй әзірлегенше жатамын. Үйдің ішін тәтті иістер алып кеткенде ғана тӛсегімнен 
атып тұрамын. Бүгін де кӛбірек жатқым келді. Әпкем тұрды, жуынды. Шәйнек те қайнады. 
Ыдыстардың сыңғыры естіле бастады. Мен болсам әлі ұйықтап жатқан кейіп танытудамын. Әдетте 
әкем де бізбен бірге шәй ішетін. Сондықтан Әлия алдымен дастарханға әкемді шақырды: 

Әке, мен саған шәй құйып қойдым. 
Жауап болмады. 

Әке, шәй суып қалатын болды... , — деп әпкем шақырса да әкем орнынан тұрмады... 
Әлия оның тӛсегіне жақындады. 

Әке, әке... Әкешім! — жантүршігерлік айқайдан мен тӛсегімнен құлап түстім. Әлия ақ жаймадан 
да аппақ болып кеткен. Кӛздерінде қорқыныш, ӛзінен бірдеңені қуып жатқандай екі қолын 
сермей береді. Бұл шудан басқалар да оянды. Әлия болса бір сӛзін қайталай берді: 

Біздің әкеміз ӛліп қалды! Кӛмектесіңдер! Қайтыс болып кетті! 
Мені ток соққандай. Қалайша қайтыс болды?! Бұл сӛздерді менің сәби санам қабылдамады. Тісім-
тісіме тимей сақылдап, тыныстау тым қиындады. Бір орнымда қаққан қазықтай тұрып қалдым,— 
жылай да алмадым, бір сӛз де айта алмадым. 
Балалардың ең кішісі, бірінші сыныпта оқитын Зульфира , нәзік дауысымен жылап жіберді. Менің 
құлағымда енесінен алғаш айырылған күшіктің ӛксігіндей сол бір аянышты дыбыс әлі тұрғандай. 
Кішкентай қарындасымнан кейін Алсу да жылап қоя берді. 


Үйіміз тоқтамайтын жылауға, жан күйдіретін ӛксікке толып кетті. Біздің жасымызды тоқтататын 
әлемде ешқандай күш жоқтай сезілді. Айналамыз қап-қара, кӛңілсіз болып қалды. Әкемнің тӛсегінің 
жанында тӛртеуіміз ұзақ жылап отырдық. Әкеміз бізді аяп, орнынан тұрып кетер деп ойладық па екен 
мүмкін? 

Әкетай, ояншы, бізді жылатпа! — деп Зульфира оның қолынан тартқылады. Ол болса еш 
қозғалыссыз жатты. Сӛйте тұра оның кӛздері ашық болды. Ал ӛлгендердің кӛздері ылғи жабық 
жатады! Мүмкін, әкеміз бізбен ойнап жатқан шығар? Біз оның иықтарынан сілкіледік, Зульфира 
тіпті оның шашынан да тартқылап кӛрді. Бір кезде біз әкеміздің алақанын қатты жұмып 
бірдеңені ұстап жатқанын байқадық. Бұл біздің отбасылық фотосуретіміз болатын. Арамызда 
анамыз да бар еді. Қайда кетті сол бір бақытты күндеріміз?! 
Мен ӛзімнің орманға қалай кетіп қалғанымды білмеймін. Сірә, биік қарағайлардың арасынан жан 
тыныштығын іздеген болармын. Түске қарай үйге оралдым. Қақпалар айқара ашылып, аулаға 
адамдар лық толыпты, барлығының жылаудан кӛздері ісіп кеткен. Әр жақтан құлағыма әңгімелердің 
үзінділері жетіп жатыр: 

Әй, сорлы, байғұстар. Әлі тіпті кіп-кішкентай ғой. 

Жылытатын бір жақын жандары да қалмады. 

Айтпа, аталары мен апалары да жоқ... 
Қыздар жылай бергеннен ісініп кетіпті. Ақ матаға оралған әкемді бӛлменің ортасына жатқызды. 
Үлкендер бізді жұбатып, тыныштандыруға тырысты: 

Иә, жер бетінде ешкім, ештеңе мәңгілік емес... 

Сендерге ауыр тиді, бірақ құдай қаласа, аяқтарыңнан тік тұрып кетесіңдер. 



Бұлайша кӛп жылай беруге болмайды. Кӛз жастарың әкелеріңнің қабіріне кіріп, ол содан кейін 
сыз жерде жататын болады. 
Кешке қарай қаладан үлкендеріміз — екі ағамыз бен әпкеміз келді. Біреулер оларға оқу орындары 
арқылы хабар бергенге ұқсайды. 
Қайтыс болған адамды бір түнге үйінде сақтау керек екен. Түнге қарай әкемнің мәйітінің жанына 
жасы үлкен кӛршілеріміз жиналды. Балаларға марқұм болған адаммен бір үйде ұйықтау 
болмайтындықтан бізді қарама-қарсы үйге алып кетуге бекінді. Мен кӛршінің үйіне баруға қарсы 
болдым, ӛйткені әкемнің ӛліміне әлі сенбеген болатынмын. Әкемнің жанында болғым келді. 

Жақсы, ұлына қалуға болады, - деп ақсақалдар маған рұқсат берді. 
Кӛзімді жұмып қоймайын деп қорқып түні бойы әкемнің мәйітінің жанында отырдым. Кенеттен ол 
терең демалды! 

Әкем тірі, қараңдар! Ол дем алды! Әкем ӛлген жоқ!— деп айқайлап, орнымнан атып тұрдым. 
Бетінен барып сипадым. Мен бірде естігем, біреуді қайтыс болды деп ойлаған екен, ал оның 
уақытша ғана жүрегі тоқтапты. Ол адам ӛзіне-ӛзі келіп, орнынан тұрғанда бәрін таң қалдырған 
екен. Мүмкін, біздің әкеміз де ӛлмеген шығар! 
Үлкендер селт ете қалды. 

Бала шаршады, ұйқыға жатқызыңдар, — деді біреу. Таңертең мен кӛршінің үйінде ояндым. 

Деревняда барлығы әкемді «ағай» дейтін, әдетте ӛзінен үлкен ер адамды солай айтады. Ауылдың 
ақсақалдары да оны «кустым» демей, «ағай» дейтін. Оған себеп те бар еді. Әкемнің техникадан 


хабары бар еді. Бір күннің ішінде тракторды бір бӛлшегіне дейін қалдырмай шашып тастап, келесі 
күні қайта жинап алатын. Ӛзіне ӛтініш білдірген адамнан ешқашан аянып кӛрмеген еді. Техниканың 
ақауын қозғалтқыштың дауысынан-ақ білетін. Апталап тұрып қалған тракторды бір-ақ күнде қалыпқа 
келтіріп жӛндеп, тракторшыны қатты қуантушы еді ғой. 
Бірде әкемді колхоздың бас механигі етіп тағайындады. Жұмысына ақ жейде киіп шыққан екен. 
Қараса, жас механизатор ӛзінің тракторын жӛндеп жатса керек. Әкем оған керекті бӛлшекті қалай 
дұрыс шешіп, қайта ауыстырып, бекітуді кӛрсетіпті. Түстен кейін әлгі адамға келіп білсе, ол әлі 
аяқтамапты. Әкем шыдап тұра алмай, ӛзі кірісіп кетіп, жӛндеп тастапты. Жұмыстан барлық жері 
қарамай болып келген екен. Ертеңінде колхоздың тӛрағасына барып: 

Маған тракторымды қайтарып беріңіздерші. Басқаларға үйреткенше маған ӛзім жұмыс істегенім 
артық, — депті. 
Міне, осындай қарапайымдылығы мен елгезектігі үшін ауылдастар оны «ағай» дейтін. 
Әкемізді үйден шығарды. Кӛше толы әкемді ақырғы сапарға жӛнелтушілер болды. Тек сол кезде ғана 
әкемнің үйге қайта оралмайтыны миыма жеткендей болды. Біз енді оның үнін ести алмаймыз. 
«Ұйқыдан тұратын кез келді, балам»,- деп мені енді ешкім оятпайды. Сыныптастарымның арасында 
әке әперген жаңа киімдермен де мақтана алмаймын енді. Кім бізді енді орманға жидек теруге 
апарады? 
Мәйітті сыртқа алып шыға бастағанда Зульфира нәзік үнімен: 

Әкемді әкетпеңдерші! Оны үйде қалдырыңдаршы! –деп шырылдап жылады. 
Әлия да жасын іркіп тұра алмай: 

Менің ӛмір сүргім келмейді! Әкесіз қалай енді күн кӛреміз?- деді. 



Ол бізді тастап кетпеймін, сендер үлкен болып ӛскендеріңше жүре тұрамын деп еді ғой, -деп 
Алсу да жылады. 
Бейіт басына кіре берісте молда құран оқып, дұға бағыштады. Одан кейін мәйітті терең қазылған 
шұңқырға әкелді. 

Әкелеріңді ақырғы рет бір кӛріп қалыңдар,- деп молда бізді шақырды,- ылғи да осындай 
мейірімді, тату болыңдар. Тірілерге тіршілікті жалғастыру керек. Кӛп жылауға болмайды, 
әйтпесе әкелеріңнің жаны да қиналады. 
Мен соңғы рет әкемнің бейнесіне үңілдім. Соңғы рет... Оның жансыз денесін қазылған кӛрге 
ақырындап түсірді. 

Әке, әкешім! – деп мен емес, жүрегім бірге жұлынып кетіп бара жатқандай айқайладым. Бізге 
үш уыс топырақ алып, қабірге тастауды бұйырды. 

Әкемді топырақпен кӛмбеңдерші! — Зульфира жігіттерге жүгіріп барып, күректерін тартып 
алмақшы болып жүр, — Ӛтінемін, керек емес! Кетіңдер, сендер жаман адамдарсыңдар. 
Анамызды да сендер жерге кӛміп тастадыңдар. Мен білемін, ол жақтан ешкім қайтып келмейді. 
Ол кіп-кішкене қолдарымен жігіттердің күректерін тартып алғысы келіп жанталасып жүр. Оны қабір 
басынан алып кетейін деп біреулер ұмтылғанда Зульфира қолынан шығып кетіп, шалынып, 
шұңқырға құлап кете жаздады. Үлкендер оны әрең дегенде ұстап қалды. Тез арада әке қабірі 
тӛмпешікке айналды. Оны ағаштармен қоршап қойды. 

Бұл адам тірі кезінде қандай жан еді? – деп молда салт бойынша жиналғандардан сұрады. 

Жақсы! – деп барлығы бірдей жауап берді. 

Ағай қайырымды, ықыласты адам болатын. 



Жаны жәннәттан болсын! 

Топырағы торқа болсын!.. 

Пейіште нұры шалқысын! 

Оның жаны жәннатта дамылдасын. Енді, қадірлі қауым, үйлеріңізге қайтыңыздар. Бейіт басында 
кӛп тұруға болмайды, - деп молда сӛзін қорытындылады. 
Жетеуімізді кішкене тӛмпешіктің жанынан алып кету қиын болды. Біз ол жерді айнала тұрып, 
жылап-сықтап, ӛксіп, қиын күйге түстік. Әсіресе кішкене Зульфираның қайғылы күйін кӛру бәрімізге 
ауыр тиді. 

Бұл жерде әкемізді қалай тастап кетеміз? –деп ӛкірді ол,- Оған бұл жерде қорқынышты. Кім оған 
дәрісін әкеледі? Мен оны бұл жерде тастамаймын. Қане, оны үйге алып кетейік. Біз әкесіз қалай 
ӛмір сүреміз?! 
Біз қабір басында ұзақ тұрдық. Менің жаңа үйілген топыраққа жата кетіп, құшақтап, бар 
дауысыммен: «Әкетай, мен сені ерекше жақсы кӛремін! Әлемде сенен артық ардақты жан жоқ!» - деп 
айқайлағым келді. Бірақ ол менің кеш айтылған жүрек сӛзімді бәрібір естімейді. 
Бұрын тіршілік қайнап жататын біздің үйіміз бірден босап, тып-тыныш болып қалды. Теледидар да, 
шкафтағы әдемі ыдыстар да кӛңілсіз жағдайды ӛзгерте алмады. Мен әкеме жұлып алып келген 
бәйшешектер де қурап қалды... 
Әкемді жерлеп келген соң оны үйде еске алу үшін адамдар жиналды. Әйелдер дастархан жайып, 
барлығын еске алу асына шақырды. Бәрі дастарханға енді отырып жатқанда үйге бір милиционер мен 
бейтаныс екі әйел кіріп келді. Милиционер үлкен әпкемді ӛзіне шақырып алып, құлағына 
бірдеңелерді сыбырлап жатты. Оған не айтқанын білмеймін, бірақ әпкемнің беті бірден бозарып сала 
берді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет