Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет21/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   206
АУА МАССАЛАРЫ – тропосфераның кӛлбеу бағытта біртұтас 
болып қозғалатын ірі, біртекті бӛліктері. Белдемдік орнына 
байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), 
қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 
түрге бӛлінеді. Әрқайсысының ӛзіне тән темп-расы, ылғалдылығы, 
кӛріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың ӛзі 
теңіздік және құрлықтық болып екіге бӛлінеді. Термодинамик. 
сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. 
Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен 
антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы 
нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында 
қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы 
жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал 
жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның 
жоғарыдан тӛмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті 
суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» 
деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік 
ауа массасы темп-расы жоғары, ӛте құрғақ ауа райын 
қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды. Атмосфераның 
жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын 
ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бӛлініп 
тұрады. 
АУА МАССАЛАРЫН ЖІКТЕУ - ауа массаларын жалпылама 
кинематикалық және жылылық сипаттамалары немесе олардың 
ошағының географиялық орны бойынша болу. Бірінші жағдайда: 
жылы, суық және жергілікті, ал екінші жағдайда ауа массалары 
арктикалық, қоңыржай ендік (полюс ауасы), тропиктік және 
экваторлық ауа деп бӛлінеді. Бұлардың әрқайсысында ауаның 
теңіздік және континенттік тип тармақтары болады. 
АУА МАССАЛАРЫНЫҢ БАТЫСТАН ТАСЫМАЛДАНУЫ - 
қоңыржай ендіктің тропосферасы мен стратосферасындағы ауа 
массаларының, негізінен, ватыстан шығысқа қарай тасымалдануы. 
Ауа температурасы мен атмосфера қысымының субтропиктерден 
полюстік ендіктерге қарай тӛмендеуінің салдарынан туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет