Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


БҦЛАҚ - гидрогеологияда: жерасты суының жер бетіне немесе су  түбіне шығу нүктесі



Pdf көрінісі
бет36/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   206
БҦЛАҚ - гидрогеологияда: жерасты суының жер бетіне немесе су 
түбіне шығу нүктесі. 
БҦЛТ — атмосферада қалқыған ӛте ұсақ су буы тамшыларының 
және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 
км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның тӛмен бӛлігінде (тропосфера) 
құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы 
нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің 
және мұз кристалдарының кӛлемі ұлғайып, олар бұлттардан 
бӛлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, 
бұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар ӛте 
ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы 
сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-
ның бірнеше жүздік бӛлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт 
ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне 
қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай 
ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге 
дейін), тӛменгі ярустағы (2 км-ден тӛмен) және вертикаль бағытта 
пайда болатын (асты тӛмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы 
ярустарда) Бұлттар. Олар халықараралық классификацияға сәйкес 
шарбы (Сі), шарбы-будақты (Сс), шарбы-қабатты (Сs), биік 
будақты (Ас), биік қабатты (Аs), қабатты-жауынды (Ns), қабатты 
(St), қабатты-будақты (Nс), будақты (Сu), будақты-жауынды (Сb) 
болып бӛлінеді. Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі 
құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мӛлдірлік кӛрсеткіші 
бойынша анықтауға болады. Жоғарғы ярустың шекаралары 
полярлық ендіктерде 3 — 8 км, қоңыржай ендікте 5 — 13 км, 
тропикалық ендікте 6 — 18 км аралығында. Тропосферада 
байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 — 30 км және 70 — 
80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар 
кездеседі. Маржан тәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек 
Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн кӛкжиектен бірнеше градус 
жоғары тұрған кезде ғана байқалады. Күміс тәріздес Бұлттар ӛте 
жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның 
тӛменгі бӛлігінде 75 — 90 км биіктікте 50 — 250 м/с 
жылдамдықпен ығысады. Мұндай Бұлттар жанартаулық немесе 
ғарыштық тозаңнан пайда болған деп болжанады. 


Бұлттардың тӛмендегідей негізгі типтері болады: 
1. шарбы бұлттар — 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа 
және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес 
2. будақ бұлттар — 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі 
жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді 
жеке қалың бұлттар 
3. қатпарлы бұлттар — 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір 
беткей бұлтты тұман құрады 
4. нажағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км 
және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара 
тәрізді оте қалық бұлт массалары 
5. жаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2,5 км биіктікте, түрі — 
шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ 
жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында 
ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы 
басқа түрлері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет