Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

МИНЕРАЛДЫҚ 
ЗАТТАР - 
басқаша 
күлді элементтер деп 
аталады,  себебі  ӛнімді  жандырған  соң  күл  түрінде  қалады.  Күлді 
элементтер 
адам 
организмі 
үшін 
маңызды 
орын 
алады: ткань құрамына  кіреді,  зат  алмасуға,   ферменттерді,  
гормондарды, 
ас 
қорыту 
сӛлін 
түзуге 
қатысады.  
Организмде тазалық дәрежесін сипаттайды.  белгілі бір элементтің 
жетіспеуі немесе болмауы ауруға әкеліп соғады. Адам организміне 
тәулігіне  20—30  г  күлді  элемент  қажет.  Ӛнімдерде  құрамына 
байланысты 
МОНТМОРИЛЛОНИТ (Францияның Вьенна департаментіндегі 
Монтморийон   қаласының  атынан  шыққан)  –  силикаттар 
класының минералы.  Химиялық  құрамы:  (Na,  K,  Ca)  (Al,  Fe,  Mg) 
[(Sі,  Al)
4
O
10
]  (OH)
2
*nH
2
O.  Минералдың  құрылымы  үш  қабатты 
пакеттен  (текшеден)  тұрады.  Оның  екі  қабаты  кремний-оттекті 
тетраэдрден 
құралған, 
олардың 
арасындағы 
алюминий 
катиондарынан  тұратын  үшінші  октаэдрлі  қабаты  кристалдың 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Пакет  (текше)  араларын  су 
молекулалары  Ca
2
+,  Mg
2
+,  Na+,  K+,  т.б.  алмасу  катиондары 
толтырады.  Алюминийдің Fe
3
+,  Cr
3
+,  Ca
2
+,  Mg
2
+,  Zn
2
+,  Cu
2
+, Lі+, 
т.б. катиондарымен алмасуынан.  Монт  мориллониттің   нонтронит,  
керолит, хризоколла,бейделлит, сапонит,  т.б.  кӛптеген  түрлері 
түзіледі.  Монтмориллонит  жасырын  кристалды,  топырақ  тәрізді, 
тығыз массалы агрегаттар құрайды және ұсақ қабыршақтар түрінде 
кездеседі. Магмалық жыныстардың, 
олардың 
туфтарының,  
кальцийлі,  темірлі  шӛгінді  жыныстардың  жер  бетінде,  құрғақ 
климат жағдайында, сілтілік ортада үгілуінен, сазды жыныстардың 
шайылып  екінші  жерге  тұнуынан  пайда  болады.  Түсі  ақшыл  сұр, 

кӛкшіл ақ, қызғылт, кейде жасыл; Моос шкаласы бойынша қатт. 1 – 
2,5;  тығыздығы  1,8  г/см
3
.  Кавказ   таулары,   Қырым   түбегі,  
Түрікменстан,   АҚШ,   Жапония,  
Франция,  т.б.  елдерде 
Монтмориллониттің 
бірнеше 
кендері 
бар. Мұнай ӛнімдерін 
тазарту,   сабын   қайнату,  резина,  қағаз,  құрылыс  материалдарын, 
тамақ ӛнімдерін тазарту, т.б. үшін қолданылады 
МУССОН (фр. mousson, араб.: маусым   –  жыл  мезгілі),  жер  бетіне 
таяу  тропосфераның  тӛменгі  қабатындағы  ауа  массаларының  жыл 
мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.  Маусым ауысуы 
кезінде  желдің  басым  бағыты 120  –  180º-қа  ӛзгеріп  тұрады. 
Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың 
біркелкі 
ысымауы. 
Атмосферадациклонды, 
антициклонды 
аймақтардың  түзілуі,  құрлық  пен  теңіздің  әркелкі  жылынып, 
суынуы,  олардың  арасындағы  қысым  айырмашылығы,  жылу 
режимінің ӛзгеруі салдарынан ауа жылына екі рет орын ауыстырып 
ығысады.  Жаздық  ылғалды  (мұхиттық)  муссон  мұхиттан  салқын, 
ылғалды  ауа  әкелсе,  қысқы  (континенттік)  муссон  құрлықтан 
мұхитқа  суық,  құрғақ  ауа  тасымалдайды.  Муссондар   тропиктік  
және тропиктік  емес  деп  бӛлінеді.  Тропиктік  муссонның  бағыты 
және  жылдамдығы  жоғары,  әсері  күшті;  олар  Оңтүстік  және 
Оңтүстік-Шығыс  Азияға  тән,  онда  ылғалды  мезгілде  бірнеше 
мыңдаған мм жауын-шашын түседі. Тропиктік емес муссон Шығыс 
Азияға тән. Мұнда муссонның әсері шамалы. Қысқы құрғақ муссон 
Сібірдің  ӛте  суық  ауасын Тынық  мұхиттың жағалауына  әкеледі; 
Жазғы  ылғалды  муссон  мұхит  жағалауына  мол  жауын-шашын 
апарады.  Муссон  атмосфераның  жалпы  айналымы  жүйесінде 
маңызды  орын  алады  және  муссонды  климат  бар  елдер 
экономикасының дамуына елеулі әсер етеді. Муссондар циклондар 
мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын және олар маусым 
бойынша  күрт  айырмашылық  жасайтын  аудандарда  қалыптасады. 
Муссондарды  тропиктік  және  тропиктік  (экваторлык;  )муссондар 
деп жалпы екі топка беледі. Тропиктік емес муссондар жылдың бір 
мезгілінде  құрлық  пен  мұхиттың  жылынуының  әркелкі  болуына 
байланысты  туындайды.  Олар,  негізінен,  солтүстік  жарты  шарда 
айқынырақ  байқалады.  Мұнда  материктердід  шығыс  жағалаулары 
коңыржай  және  субтропиктік  ендіктерде  муссондық  циркуляция 
ықпалында болады. Ӛйткені бұл аудандарда батыс желдерінің әсері 
азаяды, сондықтан құрлық пен кӛршілес орналаскан мұхит айдыны 
арасындағы  температура  мен  қысым  айырмашылығы  маусымдық 

тұрақты  желдердің  (муссондардың)  пайда  болуына  жағдай 
жасайды.  Қоңыржай  ендіктерде  батыс  желдерінін  багытына 
қарама-қарсы  соғатын  жазғы  муссондар  құрлыққа  жауын-шашын 
әкеліп,  ауа  температурасын  едәуір  тӛмендетеді.  Ең  тұрақты  және 
айқын  байқалатын  муссондар  тропиктік  ендіктерде  пайда  болады. 
Тынық  және  Атлант  мұхиттарының  тропиктік  ендіктерінде  жыл 
бойы  пассаттар  басым  келеді.  Сондықтан  тропиктік  муссондар 
тек Тынық мұхиттың батыс бӛлігі мен оған кӛршілес Шығыс Азия 
мен Индонезия жағалауларында ғана айкын байқалады. Муссондық 
циркуляция  Үнді  мұхиты  алабының  тропиктік  ендіктерде  жатқан 
үлкен  кеңістіктерін  қамтиды.  Бұл Үнді  мұхитының екі  ірі 
құрлыктың  аралығындағы  орнымен  және  екі  жарты  шарда 
орналасуымен түсіндіріледі. Тропиктік (экваторлық) муссондардың 
пайда болуына субтропиктік антицикпондар мен экваторлық тӛмен 
қысымды  алаптың  жыл  мезгілдеріне  қарай  орын  ӛзгертуі  тікелей 
әсер  етеді.  Шілдеде  экваторлық  тӛмен  қысымды  алап  солтүстік 
жарты  шардың  неғұрлым  жоғары  ендіктеріне  қарай,  ал  қаңтарда, 
керісінше оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады. 
Субтропиктік  антициклондар  да  осы  бағытта  ығысады.  Экваторға 
кӛршілес  аймақтарда  қоқымдық  орталықтардың  жыл  мезгілдеріне 
қарай  күрт  орын  ауыстыруына  байланысты  басым  желдердің  де 
бағыты  ӛзгереді.  Тропиктік  муссондарға  екі  жарты  шардың  жыл 
ішінде  біркелкі  жылынбауы  да  себепші  болады.  Шығыс  бағыттан 
соғатын  қысқы,  муссон  пассаттардың  бағытына  сәйкес  келеді. 
Қысқы  муссон  кезінде  ауаның  материктен  мұхитқа  бағытталуы 
құрғақ  кезеңнің  осы  мерзімге  сәйкес  келуіне  себепші  болады. 
Бағыты  пассаттарға  қарама-қарсы  болатын  жазгы  муссон  кезінде 
ауа мұхиттан материкке бағытталады, сондықтан жаңбырлы кезең, 
негізінен,  жаз  мезгіліне  сәйкес  келеді.  Жалпы  алганда,  Жер 
шарында жылына орташа есеппен 70-ке жуық тропиктік циклондар 
пайда болады. Тропиктік циклондардың қайталану максимумы сол 
жарты  шардың  жазы  мен  күзіне  сәйкес  келеді.  Оңтүстік  Азияда 
циклондар  кӛктем  мен  күзде  байқалады.  Желдері  тұрақты  соғады. 
Тропиктік  белдеудің  шығыс  жағалауы  климаттық  жағдайдың 
біршама  қолайлылығымен  ерекшеленеді.  Жағалау  бойымен  жылы 
ағыстардың 
ӛтуіне 
байланысты 
батыспен 
салыстырғанда 
температура 
біршама 
жоғары, 
жауын-шашын 
мол. 
Тау 
беткейлерінде  жылына  1500—2000  мм  жауын-шашын  түседі. 
Субтропиктік  белдеудің  жазы  тропиктік  белдеуге  ӛте  ұқсас, 

антидиклондың режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда 
субтропиктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2 1 00 -102 — 25 20 -
102Дж/см2-ге  дейін),  сондықтан  климаттың  маусымдық  сипаты 
айкынырақ  байқалады.  Қыс  кезінде  циклондық  әрекеттер  жиі 
қайталанады.  Белдеу  бойынша  батыстан  шығысқа  жүрген  сайын 
климаттың  ішкі  айырмашылықтары  күшейеді.  Батыс  жағалық 
бӛліктерге  жазы  құрғақ,  қысы  ылғалды  болатын  субтропиктік 
жерортатеңіздік  климат  сипаты  тән.  Құрлық  ішіне  енген  сайын 
климат  континентті  сипат  алады  (мұндай  климат  жағдайлары  тән 
болатын  ірі  шӛлдерді  картадан  табыңдар).  Материктердід  батыс 
жағалауында 
климат 
муссондық 
сипатка 
ауысады. 
Қыс 
салыстырмалы  түрде  суық  әрі  құрғақ,  ал  жаз  ыстық,  ылғалды. 
Қоңыржай  белдеулерде  жыл  бойы қоңыржай ауа  массалары  мен 
батыс 
желдері 
басым 
болады, 
тропиктік 
белдеулермен 
салыстырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айкын байқалады (ол 
неліктен?).  Қоңыржай  климаттық  белдеу  әсіресе  солтүстік  жарты 
шарда  ӛте  кӛлемді  болады,  сондықтан  радиациялық  баланс 
солтүстігінде 1260-102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге 
дейін  жоғарылайды.  Температура  белдеу  ішінде  солтүстіктен 
оңтүстікке  және  батыстан  шығысқа  қарай  ӛзгереді.  Әсіресе  қысқы 
температура  құрлықтың  ішкі  аудандарында  антициклондық  режім 
әсерінен  күрт  тӛмендейді.  Мұның  әсерінен  Еуразияда  солтустік 
жарты  шардың  суықтық  полюсі  орналасқан  (карта  бойынша  оның 
орны  мен  температуралық  кӛрсеткіштерін  анықтаңдар).  Жауын-
шашынның  жылдық  мӛлшері,  жалпы  алғанда,  біршама  мол 
болғанымен,  белдеу  ішінде  әркелкі  таралады.  Материктердің 
батысында  ылғал  мол,  бұл  мұхиттардағы  ылғалды  ауа 
массаларының 
батыс 
желдер 
арқылы 
тасымалдануымен 
байланысты.  Шығысқа  қарай  ауа  ылғалынан  айырылып, 
континенттік  сипат  алады,  жауын-шашьш  күрт  азаяды.  Ал 
материктердің  шығыс  жағалауларында  мұхиттардың  ықпалының 
күшеюіне  байланысты  жауын-шашын  мӛлшері  артады.  Белдеуде 
батыстан  шығысқа  қарай  мынадай  климат  сипаттары  айқын 
ажыратылады:  қоңыржай  теңіздік,  қоңыржай  контипенттік, 
континенттік,  шұғыл  континенттік,  муссондық.  Субарктикалық 
және  субантарктикалық  белдеулер  екі  жарты  шардың  поляр  маңы 
аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630-
102  Дж/см2-ден  924-102  Дж/см2-ге  дейін  ӛзгереді.  Жазда 
коңыржай,  қыста  арктикалық  және  антарктикалық  ауа  массалары 

басым  болады.  Жазы  салыстырмалы  түрде  жылы,  бірақ  қысқа 
болады,  қысы  ӛте  қатал.  Жылдың  температуралық  амплитуда  аса 
үлкен  емес.  Жауын-шашынның  жылдық  мӛлшері  200  мм-ден  аз, 
кӛбінесе  қатты  күйде  түседі.  Арктикалық  және  антарктикалық 
белдеулер  екіжартышардың  полюс  маңын  алып  жатыр.  Бұл 
белдеулерде радиациялық баланс 294 -102 Дж/см2 шамасында. 
МҦҒАЛЖАР ТАУЫ – Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтӛбе облысы 
аумағында  Солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  400  км-ге  созылып 
жатыр.  Ені  200  км-дей.  Орташа  биіктігі  300  м,  ең  биік  жері  – 
Үлкен Боқтыбай тауы  (657  м).  Солтүстігінде  жіңішке  бұйрат 
түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар 
тізбекке бӛлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бӛледі (ені 
15  –  20  км).  Жоталар  кей  жерлерде  бір-бірімен  тӛбелер  жүйесі 
арқылы  жалғасады.  Аралық  ӛңірде девон мен тас  кӛмір   дәуірінің  
құмтас   пен әктасжыныстары таралған. Жоталар кембрийге  дейінгі 
және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. 
жыныстардан  құралған.  Батыс  Мұғалжар,  немесе  Бас  жота  бір-
бірімен  тіркесіп,  меридиан  бағытында  созылатын  жеке  қырқалар 
тізбегін  түзеді.  Оңтүстік  бӛлігі  биік  және  қатты  тілімденген. 
Шығыс Мұғалжар тауы аласа, тӛбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. 
Солүстік бӛлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте 
аласара  береді  де  маңайындағы  жазықтан  аз-ақ  кӛтеріліп  тұратын 
аласа  тӛбеге  айналып  кетеді.  Мұғалжар  тауы  48Ә  с.  е.  маңында 
аяқталады,  одан  оңтүстікте  абс.  биіктігі  250  м-ден  аспайды. 
Мұғалжар  тауы Ырғыз ӛзенінің  салалары  арасындағы  суайрықты 
құрайды.  Солтүстікке  қарай Ор ӛзені  ағып  шығады.  Климаты  тым 
континентті,  қысы  суық,  қар  жамылғысы  жұқа.  Қаңтардың 
ортасында  температурасы  –15  –  18ӘС.  Жазы  ыстық,  құрғақ, 
шілденің  орташа  температурасы  21  –  25ӘС.  Жылдық  жауын-
шашын  мӛлшері  200  –  250  мм.  Солтүстік  бӛлігінің  қиыршықты 
тастақ  даласында  боз,  бетеге,  сұлыбас  ӛскен.  Оңтүстікке  қарай 
астық тұқымдасты жусанды шӛлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). 
Жыраларда 
анда-санда қайың, кӛктерек, 
тал,мойыл кездеседі. 
Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан ӛңір егін 
егуге  қолайсыз.  Егіншілікке  пайдалануға  жарамды  жерлер  тек 
аңғарларда  ғана кездеседі. Жер  асты суының қоры мол. Мұғалжар 
тауы  қойнауында   мыс,   никель,   марганец,  сирек  металдардың,  
фосфорит   және  тас  кӛмірдің  кен  орындары  барланған.  Олардың 
кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) ӛндірілуде. 

МҦЗБЕЛ,  аласа  жон,   Нұранын   сол  жағалауында,  Астана 
қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде. Оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа  қарай  60  км-ге  созылған,  ені  10-15  км.  Шығыс 
жағы  биігірек  (500  м).  Алқап  кӛлдің  аллювилік  шӛгінділерімен 
жабылған  тӛменгі  карбон  жыныстарынан  түзілген  жазық  учаске 
болып  табылады.  Қызыл  қоңыр  топырағында  бетеге,  селеу  т.  б. 
ӛседі.  Мұзбел,  тау,   Ұлытау   тау  жүйесінің  онтүстік  -  шығыс 
бӛлігіңде.   Борсеңгір  ауылының онтүстігінде  12  км  жерде. 
Солтүстік  -  батыстан  оңтүстік-шығысқа  қарай  Маңдайқақ  және 
Сарысу ӛзеңдері аңғарлары арасында 15 км-ге созылып жатыр, ені 
4  км.  Абс.  биіктігі  410  м.  Беткейлері  жайдақтау  тегіс  келген  ұсак 
шоқылы  жотадан  тұрады.  Девон  жүйесінің  тем.  бӛлігі 
жыныстарынан  түзілген.  Сортандау  қоңыртопырақ  жамылғысыңда 
жусан, 
бетеге, 
кекпек, 
бұйырғын, 
бұталар 
еседі. 
Мал 
жайылымдығына 
пайдаланылады. 
Мҧзтау (Айсберг
ағылшынша iceberg,   ice —  мұз,   berg —  тау)  — мұхит   пен  
теңіздерде   жүзіп  жүретін  немесе  қайырлап  шӛккен  аса 
ірі мұз кесегі,  басқаша  айтқанда  мұздықтардан  бӛлінген  ірі 
шойтасты  мұздар.  Мұзтаулар  (ағылшынша  іceberg,  голландша 
іjsberg; іce, іjs – мұз, berg – тау деген мағынаны білдіреді) мұздық 
шетінің  сынып  (судың  гидростатикалық  қысымының,  лықсудың, 
ағыстың,  желдің  әсерінен)  суға  түсуінен  пайда  болады. 
Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып  жүреді  немесе  теңіздің  таяз 
жері – қайырда шӛгіп жатады. Мұзтаулар, әсіресе Солтүстік жарты 
шардағы  – Гренландия,  Канаданың  Арктикалық  топаралдары 
жағаларында,  Оңтүстікте  – Антарктида жағасында  жиі  кездеседі. 
Мұз бен судың тығыздығына байланысты мұзтаулар кӛлемінің 83 – 
90%-ы  судың  астында  болады,  қалған  бӛлігі  су  бетінде  орта 
есеппен 70 м (Арктикада) – 100 м-ге (Антарктикада) дейін кӛтеріліп 
тұрады,  ал  ұзындығы  бірнеше  ондаған  км-ге  жетеді.  Гренландия 
мұзтаулары  Шығыс  Гренландия  және Лабрадор  ағыстары арқылы 
40 
– 
50° 
солтүстік 
ендікке 
дейін, 
ал 
кейбір 
жағдайларда Бермуд,Азор аралдарына 
дейін 
жүзіп 
барады; 
Антарктида  мұзтаулары  45  –  60°  оңтүстік  ендікке  дейін  жетеді. 
1894  ж.  мұзтаулардың  26°  оңтүстік  ендіктегі  тропиктік  белдеуден 
де  байқалғаны  тіркелген.  Мұзтауларға  кӛптеген  кемелер 
соқтығысып, апатқа ұшыраған (мысалы, 1912 ж. ―Титаник‖, 1959 ж. 
―Хедтофт‖).   Полярлық  аймақтардағы  материктік  мұздықтардың 
жылжып  теңізге  жеткен  шеттерінің  омырылып  бӛлінуінен  пайда 

болады  (Антрактида менГрендландия мұздықтары  және  басқалар). 
Олардың  кӛлемінің 90%-ға  дейінгі  бӛлігі  су  астында  болады.  Су 
үстіндегі  бӛлігі  су  бетінен 70-100  м кӛтеріледі.  Теңіз  ағыстары 
мұзтауды тӛмен ендіктерге алып кетеді. Мұзтау онда біртіндеп еру 
барысыңда жойылады. 
МҦЗ  —  Н
2
  О.  Судың  қатты  түрі.  Химиялық  құрамы:  О  88,8%,  Н 
11,2%;  кейде  оның  құрамында  газ  немесе  қатты  зат  қоспалары 
болады.  Қаттылығы  1,5  меншікті  салмағы  0,917.  Сингониясы 
гексагондық;  дигексагондық-дипирамида.  Кристалдық  ішкі 
қҧрылысы.  Молекулалық  решеткасының  координадия  саны  4. 
Тетраэдр  түрінде  оның  екі  бұрышы  оң,  екі  бұрышы  теріс  зарядты 
деуге  болады.  Оптикалық  оңқай  Ng  =  1,310,  N
m
  1,309. 
Кристалдарының  сырт  бейнесіне  келгенде  оның  ең  тамаша 
түрлері  белгілі  қар  мен  қыраудың  кристалдары  болып  табылады. 
Олар  гексагондық  симметрияның  неше  түрлі  алты  сәулеленіп 
ӛсуінің  тамаша  формаларын  құрады.  Мұздың  дендрит  түрлері  де, 
басқ  а  әшекей  гүл  сияқты  түрлері  де  болады.  Үңгірлерде  мұздың 
алты  бұрышты  пластинка  түрлері,  биік  тауларда  алты  қырлы 
жіңішке призмалары кездеседі. Мұздың сауысты сталактит түрлері 
де жұртқ а мәлім. Тұтас мұз, қ а р мұздақ массалары да бұрыннан 
белгілі. Жоғарыда айтылған минералдардың кепшілігі жер бетіндегі 
кейбір экзогендік жағдайларда сулы тотықтарға айналады. Енді сол 
сулы  тотықтардың  ішіндегі  ең  манызды  кен  құрайтын  бірнешеуін 
қарастырайық.  Аморфтық  және  10  кристалдық  модификацияда 
(гексагондық,  кубтық,  тетрагондық,  тағы  басқа)  болады.  Табиғи 
мұздың барлығы дерлік бір модификацияда (гексагондық) түзілген; 
олардың  тығыздығы  931  кг/м
3
,  жылу  сыйымдылығы  2,135  кДж/кг 
(0ӘС-та),  еру  жылуы  334  кДж/кг.  Табиғатта  материктік,  жер 
асты,  атмосфера  (қар,  қырау,  бұршақ)  Мұз,  судың  бетінде 
(қабыршақ  мұз,  қалқыма  мұз,  жамылғы  мұз)  және  әр  түрлі 
тереңдікте  (су  ішіндегі)  пайда  болатын  су  Мұз,  қатты 
тығыздалған  және  қайтадан  кристалданған  қардан  пайда 
болатын мұздық (глетчерлік) Мұзы болып ажыратылады. 
Табиғи  Мұз  судан  әлдеқайда  таза.  Кейде  Мұзбен  бірге  мех. 
қоспалар,  ерітінді  тамшылары,  газ  қалдықтары,  тағы  басқа 
кездеседі.  Жердегі  Мұздың  жалпы  кӛл.  30  млн.  км3,  қорының 
негізгі  бӛлігі  полюстік  ӛлкелерде  (әсіресе,  Антарктидада;  мұндағы 
Мұз  қабатының  қалыңд.  4  км-ге  жетеді)  шоғырланған.  Күн 
жүйесіндегі  планеталардың,  кометалардың  Мұздары  туралы 

деректер  бар.  Атмосферадағы,  судағы,  құрылықтағы,  жер 
қабығындағы  Мұз  ӛсімдік  жамылғысы  мен  жануарлар  дүниесіне, 
адамның іс-әрекетіне, шаруашылық салаларына әсер етеді. 
Табиғи Мұз биология, медедициналық препараттарды, азық-түлікті 
салқындату және сақтау үшін қолданылады 
МҦЗДЫҚ— 
ұзақ 
уақыттар 
бойына 
сақталатын 
ұдайы 
қозғалыстарда  болатын  негізінен жауын-шашындар,  әсіресе  қар 
есебінен қалыптасатын ірі мӛлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы 
ӛлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. ӛз 
салмағымен  тӛмен  қарай  жылжи  отырып,  қарлы  деңгейден  тӛмен 
аймақтарда абляцияға ұшырайды.
[1]
 Мұздық - ауқымды су қоймасы. 
Достастықтағы  мұздықтардың  мұз  массасының  ӛзi  7  мың  текше 
шақырым  су  құрайды  екен.  Бұл  бұрынғы  Кеңес  Одағы 
территориясының ӛн бойын шарлаған ӛзендердiң тӛрт жылғы ағын 
суы.  Ал  осы  мұздықтар  ерiген  күнде  Әлемдiк  мұхит  атаулы  5 
сантиметрге  кӛтерiледi.  Мұздықтар  -  ғажайып  тiршiлiк,  мәселен, 
бiр  қарағанда  мұздықтар  жылжиды  дегенге  сену  қиын-ақ.  Соның 
әсерi  ме,  ұзақ  жылдар  бойына  бұл  жағдайға  онша  мән  берiлмей 
келедi.  Аталмыш  құбылыс  XVI  ғасырдың  аяғында  Альпi 
тұрғындарының  жылнамасында  алғаш  кӛрсетiлдi,  ал,  жүз  жылдан 
соң  исландиялық  ғалым  Т.  Вигалин  жазбаларында  мұздықтардың 
қозғалатыны  жайында  мәлiметтер  кездестi.  Тек,  О.  Соссюраның 
XVII  ғасырда  Альпiге  жасаған  саяхаты  ғана  мұздықтар 
жылжуының  ӛзгеше  мәнiн  ашып  бердi.  Саяхатшының  мұздықтар 
бетiне  қалдырған  баспалдақтары  сол  1788  жылғы  сапардан  кейiн 
араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-
Глас  мұздығының  тӛменгi  беткейiнен  орын  теуiптi.  Осы  жылдар 
iшiнде  тӛрт  шақырым  қозғалысқа  енген.  Мұздықтардың 
қозғалысын  бағамдамау  салдары  қиын  жағдайларға  әкелiп  соғады. 
Оның  бiр  мысалы,  1894  жылы  француз  ғалымы  М.  Жанссан 
Монблана  шыңына  обсерватория  салады.  Осы  аталмыш 
ғимараттың  ерекшелiгi  де  шығар,  жалпы  салмағы  187  тонна  да, 
аумағы 50 шаршы метр  жердi  алып жатты.  Ғалымның  топшылауы 
бойынша  ол  барлық  тӛтенше  жағдайларға  шыдас  беретiн  берiктiгi 
мен бiр орнынан жылжымайтынына кӛңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе 
де  арада  тӛрт  жыл  ӛткенде  қозғалыс  әсерi  iргетастан  қатты 
байқалды.  Ӛйткенi,  обсерваторияның  иiлiп  еңкiш  тартуы  оның 
құлап қалу қаупiн тудырды. Ақ бас мұзды шыңдар кейде тосыннан 
қозғалысқа  енедi.  Мұндай  маусымда  ӛзгеше  жылдамдық  алады  да 

мұздық  тiлдерi  тӛменге  сусыған  күйi  ұласа  түседi.  Мұздықтардың 
беймәлiм  мiнез  танытуының  негiзгi  сыры  климат  ӛзгеруiнен  екенi 
белгiлi.  Эпталь  Альпiсiндегi  Фернагтфернер  мұздығы  соңғы  тӛрт 
ғасырда  тӛрт  рет  қозғалысқа  енген.  Әр  қозғалған  сайын  Рофон 
ӛзенiн  бӛгеп  отырды,  бӛгелген  ӛзен  суы  жиналып  кӛлге  айналады 
да  лықсып  толып,  артынша  сарқырап  ағып  тӛмен  құлаған.  Мұның 
ӛзi апатты су тасқындарына әкелiп соқты. Аляскада 1966 жылы 12 
мұздық,  оның  iшiнде  Солтүстiк  Америкадағы  ең  алып  Беринг 
мұздығы  кӛштi.  Оның  қозғалыс  енi  42  шақырым  шамасында  едi, 
тӛрт  жыл  iшiнде  1200  метрге  жылжығаны  байқалған.  Ал,  1918 
жылдан  бақылауға  алынған  Уолш  мұздығы  ұзақ  зерттеу 
нәтижесiнде  ғалымдар  қозғалысқа  енбейдi  деген  тұжырымға 
келген.  Дегенмен  Уолш  мұздығы  60-жылдардың  аяғында  мiнез 
танытты, тӛрт жылда орталық бӛлiгi 10 шақырымға жылжып кеттi. 
Сонымен  бiрге  ара  салмақтық  мӛлшерiнде  елеулi  ӛзгерiс  болған, 
тӛбесiндегi  мұз  қабаты  150  метрге  шӛктi.  Қарақорымда  Гасанабад 
мұздығы  1904-1905  жылдары  екi  жарым  айдың  ӛзiнде  10 
шақырымға  жылжыған.  Ал,  бiр  тәулiкте  жазық  даланың  130  метр 
жерiн  биiк  мұздық  бауырына  алған.  Памир  тауындағы  мұздықтар 
мiнезi  де  тым  қызық,  1963  жылы  Вахч  жазығының  бойымен 
Медвежий  мұздығы  2  шақырымға  тӛмен  жылжыды.  Он  жылды 
артқа тастап тағы да 1750 метрге қозғалды. Тұйықсу мұздығы Тянь-
Шаньның  солтүстiк  жоталарының  бiрi.  Iле  Алатауында  ұзындығы 
5,1  шақырым,  жалпы  кӛлемi  3,8  шаршы  шақырым  жердi  алып 
жатыр.  Мұздықтың  тӛменгi  бӛлiгiне  қарасаңыз,  сусыған  қиыршық 
тас  пен  үлкен-үлкен  қой  тастар  биiкке  ӛрiле  түседi.  Ӛзгеше 
әспетiмен ерекшеленген iргетас секiлденiп жатқан тас жамылғы бiр 
шақырым  ұзындыққа  созылып,  теңiз  деңгейiнен  3100  метр 
биiктiкте  альпi  белдеуiне  ұласады.  Тұйықсу  жазық  мұздықтарға 
жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет