Методическое пособие для педагогов психологов Павлодар 2009 1 (07) ббк 88. 5 я 7 а 99



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі469,36 Kb.
#5972
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогика институты



Аяпбергенова Г.С., Мухантаева Е.К.

ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ ТРЕНИНГ

Педагог-психологтарға арналған әдістемелік нұсқау

Методическое пособие для педагогов – психологов

Павлодар 2009

1


УДК 316. 6 (07)

ББК 88.5 я 7

А 99

Пікір жазғандар (Рецензет)

ҚарМУ-нің психология ғылымының докторы, профессор Б.А.Амирова.

ПМПИ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Ж.Сакенов

Аяпбергенова Г.С., Мухантаева Е.К. 

Әлеуметтік   –   психологиялық   тренинг:   педагог-психологтарға   арналған   оқу   әдістемелік 

құрал. – Павлодар: ПМПИ, 2009. -150 б.

Социально-психологическая   тренинг:учебно-методическое   пособие   для   педагогов   – 

психологов.- Павлодар: ПГПИ, 2009. – 88с. 

ISBN 978-601-267-006-6

Әлеуметтік   –   психологиялық   тренинг:   педагог-психологтарға   арналған   оқу 

әдістемелік   құрал.   Мұнда   педагог-психолог   мамандығында   оқитын   студенттерге   және 

психология   бойынша   қызығатын   адамдарға   әлеуметтік-психологиялық   тренинг   жөнінде 

дәрістер, өзін-өзі терең тану мен өзінің ішкі қылықтарын түсінуге және т.б. психологиялық 

бағытталған жаттығулар, медитативті техникалар, психологиялық ойындар берілген. 

Бұл   оқу-әдістемелік   құрал   оқытушыларға,   студенттерге,   магистрантарға   және 

психологиямен қызығушы қауымның пайдалануына арналған. 

А 030304000

 00(05)-09

ББК 88.5 я 7

ISBN 978-601-267-006-6

©

 Аяпбергенова Г.С., Мухантаева Е.К., 2009

©

 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009 

2

А 99



КІРІСПЕ

Қоғамның   әлеуметтік-экономикалық   салтының   өзгеруі   жоғары   оқу 

орында   білім   беру   жүйесіндегі   оқыту   үрдісінің   тиімділігін   қамтамасыз   ету 

мәселесін бірінші қатарға қойды. Жоғары оқу орнының мәселесі ересек адам 

тұлғасының   дамуында   маңызды   орын   алып   отыр.   Сонымен   қатар   қазіргі 

уақытта әр жұмыс орнына шиеленіскен бәсекелестік жағдайында мамандарды 

дайындау   сапасына   жаңа   талаптар   қойылады.   Осыған   байланысты   жоғары 

біліктілікті мамандардың кәсіби дайындығын әрі қарай дамыту міндеттерінің 

шешілуі   көкейкесті   болып   табылады,   оған   оқу   процесін   қарқындату,   білім 

берудің   жаңа   формалары   мен   технологияларын   іздеу   арқылы   ғана   жетуге 

болады.

Қазіргі   кезде   білім   берудің   жаңа   жүйесінің   жасалуы,   оның 



парадигмасының   өзгеруі,   білім   мазмұны   мен   әдіс-тәсілдерінің   жаңаруы 

бәсекелестікке   қабілеті   мол,   шығармашылық   бағытта   еңбектелетін   ой 

қабілетімен   ерекшеленетің   азаматты   тәрбиелеуді   көздейді.   Сондықтан   да 

қазіргі таңда психолог мамандықтарына арналған және психология саласына 

қызығушылықпен қарайтын қауымға арналған көптеген әдістеме мен әдістемелі 

оқу құралдары бар. Сол себептен бұндай оқу құралдарының, әдебиеттердің көп 

болуы   психология   мамандығында   оқитын   студенттерге   әлеуметтік-

психологиялық тернинг жөнінде ақпарат алып өз дағдыларын дамытуларына 

қиындық   туғызады.   Осындай   мәселелерді   негізге   ала   отырып,   оқу 

бағдарламасына   сәйкес   педагогика   және   психология   мен   психология 

мамандықтарының студенттеріне арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг 

оқу - әдістемелік құралын жасадық. Оқу-әдістемелік құралда психологиялық 

тренинг жөнінде теориялық білімнің қысқаша дәрістері: құрылымы, мақсаты, 

міндеттері,   жалпы   принциптері,   рөлдері   мен   функциялары,   тренингте 

қолданылатын   әдістемелік   тәсілдер   мен   құралдар,   негізгі   процедуралар, 

тренингтің дайындығы мен жүргізілуі берілген. Сонымен қатар бұл әдістемелік 

оқу  – құралы ҚР жоғарғы  білім  беру  стандарты  мен оқу  жұмыс жоспарына 

сәйкес   жасалынған.

 

Бұндай   әдістемелік   құрал   студенттерге   әлеуметтік-



психологиялық тренинг жөнінде білімдерін тереңдетуге көмек береді. 

Сәттілік тілейміз!

3


ТРЕНИНГТІК ФОРМАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Тренинг   термині   (ағылшын   тілінде   train,   training)   –   «тәрбие,   оқыту, 

дайындық,   жаттығу»   деген   бір   қатар   мағананы   білдіреді.   Топтық 

психологиялық   тренинг   кең   мағанда   да   жалпы   даму,   психологиялық   түзету, 

оқыту   және   психодиагностика   шеңберінде   қолданылады.   Қазіргі   уақытта 

белгілі бір психологиялық топтық тренинг көптеген авторлардың еңбектерінде 

сипатталған.   Егер,   психологиялық   тренингтің   әртүрлі   деректерінде   берілген 

анықтамасын талдайтын болсақ, онда біз олардың ұқсастықтарын байқаймыз. 

Біздің көзқарасымыз бойынша, топтық психологиялық тренингтің жалпы және 

сәтті анықтамасын Н.Ю. Хрящев пен С.И. Макшановтың ұсыныстарын айтуға 

болады,   яғни   тренинг   «адамның   тұлғалық   болымысы   мен   кәсібилігін 

гармонизациялау мақсатында адамның, топтың және ұйымның психологиялық 

феномендерінің   әдейі   өзгерілуіндегі   көп   функциялы   әдіс».   Сондықтан   да 

психологиялық   тренингтің   бұндай   көрініс   сипатын   анықтау   үшін   оның 

анықтамасындағы   жалпы   түсінігін   ашу   қажет.   Отандық   психологтар 

психологиялық   тренингті   оқытудың   белсенді   әдісі   ретінде   қарастырады. 

Оқыту–тренингтің маңызды элементі, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, бұл 

термин  оның  мәнін  толық   ашпайды,   яғни   психологиялық   тренингтің   қайнар 

көзі   болып   табылмайды.   Сондай-ақ   әдістегі   «белсенділік»   сәтсіз   түсінікті 

көрсетеді. С.И.Макшанов айтқандай, әдістің критерия бойынша бөлінуі оның 

жеткіліксіз әдептілік ретінде көруге болады, себебі, әдіс өз бетінше белсенді 

немесе белсенсіз болуы мүмкін емес, белсенділік – бұл әдіс емес, ол субъектің 

қасиеті. 

Ал   кейбір   авторлар   топтық   психологиялық   тернингке   психологиялық 

әсер ету әдісін жатқызады. Бірақ «әсер ету» термині тренингтің процедуралық 

сипатын береді, ал әдіс ретінде ол оның толық мәнін ашпайды. 

Даму   түсінігі   де   психологиялық   тренингке   жатпайды.   О.П.Кондауров 

айтқандай тренинг барысында психологиялық сипаттары дамып қана қоймай, 

сонымен қатар олар тоқталуы да мүмкін және кейбір дағдылар мен іскерліктер 

қайта қалыптасады. Осы айтылған терминге С.И.Макшанов термині өте сәтті 

деп айтуға болады, ол «дамудың» орнына «әдейі өзгеру» терминін ұсынады. 

Бұл   түсінік   «даму»   түсінігіне   қарағанда   кең   ауқымдылықты,   мақсаттың, 

процестің және өзгеру нәтижесінің адекваттылық сипатын көрсетеді. 

Басқа   авторлар   оқытуға   тәжірибе   ұғымын   сәйкестендіреді.   Кьелл 

Рудестам   тренингтік   форманы   «оқытудың   тәжірибелік   ядросы,   ал   кейбір 

жағдайда – аданың өзгеруіндегі оқытудың ең сәтті әдісі» деп атайды. Ол топағы 

болып   жатқанды   бақылау   барысында   қатысушылар   өздерін   басқалармен 

ұқсастыруы мүмкін және өздерінің сезімдері мен мінез-құлықтарын бағалауда 

қалыптасқан   эмоционалдық   байланысты   қолданады.   Топтағы   пайда   болған 

барлық   тәжірибелер   потоктары   және   уайымдаулар   әр   қатысушыға   сенімдері 

мен   бағыттарын   талдауға   және   бағалауға   мүмкіндік   береді.   Сонымен   қатар 

қатысушылар   тренинг   барысында   әртүрлі   дағдыларды   өздері   талдап,   оны 

күнделікті өмір барысында қолдана алуы мүмкін. 

4


Виктор   Каган   тренингті   декларативті   емес,   нақты   білім   мен   өз 

тәжірибесінде   өткізуге   мүмкіндік   беретін   оқытудың   ерекше   формасы   деп 

суреттейді.   Ол   «декаративті   білім   маскүнемдік   немесе   темекі   тарту,   оны 

сақтауда және т.б. осы әлемде адам  өмірін өзгертуге аз көмектеседі».  Оның 

логикалық   аяқтаған   формасы   -   эрудиция,   оны   Амбруаз   Паре   «бос   басқа 

себілген шаң-тозаң» деп айтқан. Нақты білім он уағыз туралы ештеңе білмеуі 

мүмкін,   бірақ   ол   адам   мінез-құлқын   реттеп   отырады.   Нақты   білім   -   өз 

тәжірибеңнің   «білімі».   Психологиялық   тренинг   ұғымының   кілтті   сөзі 

«тәжірибе» түсінігі болып табылады. Топтық психологиялық тренинг - топтық 

қарым-қатынас   барысында   өзінің   өмірлік   тәжірибесіне   талдау   және   бағалау, 

жеке   және   кәсіби   дамуына   адамның   өзгеруіне   әсер   ететін   әдіс.   Сондықтан 

«өмірлік   тәжірибе»   түсінігін   кең   мағынада   қолдануға   болады.   Әр   адамның 

өмірілік   жолы   болады,   әрбіреуіміз   өз   тәжірибемізді   тасушымыз.   Осы   нақты 

шақта біз кімбіз және өз өмірлік жолымызда әрқайсымыз кездескен әрекеттер, 

оған қалай қатысуымен, қалай әсер еткенімен анықталады. Басқаша айтқанда, 

адам - жеке тұлға ретінде және кәсіби шебер ретінде өзі және қоршаған орта 

туралы ойының жиынтығы. 

Жұмыс   мүмкіндігі   психологиялық   тренингті   кәсіби   даярлауда   негізгі 

элемент ретінде қолдауға жағдай жасайды. Тренинг «дәстүрлі оқыту» әдістері 

арқылы   кәсіби   әрекетке   жүктелетін   шектеулерді   жеңуге,   «перцевтивті   бос» 

білімдер мен тәжірибе арасында көпір ретінде көрінеді. Дәстүрлі формаларда 

маман   алдымен   ақпарат   алады   және   біраз   уақыттан   соң   оны   қолдануға 

мүмкіндік   туады,   осы   кезде   ғана   ақпаратты   қабылдау   арқылы   бекіту   және 

қолданудың   нақты   бағасын   беруге   болады».   Алынған   білімдерді   тәжірибеде 

қолдану уайымдаулармен байланысты болады, ақпарат ұмыту алыстату немесе 

қабылдамау   механизімдеріне   байланысты.   Тренингте   алынған   ақпарат   пен 

әрекет,   мінез-құлықтың   жаңа   өмір   сүруіне   және   нәтижелерді   іске   асыруға 

мүмкіндігі   бар   кері   байланыс   каналдарының   әрекеттерімен   қамтама   етіледі. 

Тренингті   жүргізу  барысын   үйренетін  маман  кері  байланыс   арқылы  өзіндегі 

икемділік   пен   дағдылардың   дефицитін,   теориялық   білімдегі   «ақ   дақтарды», 

таптаурындар мен нұсқаулардың адекватсыздығын байқайды. 

Психологиялық тренинг жеке тұлғамен жұмыста оның терең құрылымы 

мен   түзетуге   қиын   түсетін   жақтарын   табуға   көмектеседі.   Жеке   бағытталған 

психологиялық тернингте жақсы жұмыс тұлғаның бағытты дамуына ғана емес, 

оның   «оянуына»   және   белсенділігіне   бағытталады.   Адамды   өзгертуге 

болмайды.   Адам   өзін-өзі   өзгертеді,   ол   өзінің   жетістіктері   мен 

қиыншылықтарына жауап немесе оларды сезу арқылы жүзеге асырылады. Осы 

кезде адаммен бірге болу қажет, оған көмектесіп және керекті жағдай тудыру 

өте қажеті. 

Тренингтік   топ   -   бұл   проблемалармен   алмасудың   орны   емес,   ол   өзін 

түсініп   және   қабылдай   алатын   орын.   Психологиялық   тренинг   адамға   кең 

орынды   өзімен   -   өзі   қарым   –   қатынасқа   түсуге   көмектеседі,   өйткені   адам 

күнделікті өмірде өзін сыртқы маска немесе рөлдермен жабады. Бірақ адамның 

проблемаларының негізі - өзін-өзі болудан алыстау, өзіне жолын ұмыту және 

сыртқы маскаларда адасу. Әр уақыттағы сыртқы «менді» сақтау энергетикалық 

5


шығынды қажет етеді, тұлғаны тануға және жетілдіруге, жеке жауапкершілікті 

қабылдауға   өзін   кім   екенін   түсінуге,   өз   тұлғасының   «мүсіншісі»   болуға 

мүмкіндік береді.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ ТАРИХЫ

Тренингтің   жеке   дара   формалары   ғылыми   негізделіп   20   ғасырдың 

басында теориялық білімнің нәтижелерін жүктейтін шектеулерді жеңу құралы 

ретінде және еңбек дағдыларын «қауіпсіз» қабылдауға мүмкіндік беретін тәсіл 

ретінде   пайда   бола   бастады.   Сол   уақытта   еңбекті   ұйымдастыруда   жоғары 

қиындықтармен байланысты және экстремалды спецификасы бар мамандардың 

психоэмоционалды   қысымын   басу   үшін   психикалық   өзін   реттеудің   әртүрлі 

формалары   пайда   бола   бастады.   1922   жылы   американ   психофизиологі 

Р.Д.Джейкобсон   жүйкелік-психикалық   қысымды   басуда   прогрессивті 

релаксация жүйесін ұсынды. 1932 жылы И.Г. Шультц ішкі қысымды басу үшін 

аутагенді   жаттығудың   классикалық   нұсқасын   жасады.   Топтық   тренинг 

формаларының пайда болуын 1945 жылы К.Левин, К.Роджерс, Л.Брадфорт, Р. 

Липпит   есімдерімен   байланыстырады.   Осы   кезеңде   АҚШ-та   топтық 

динамиканы   зерттейтін   орталық   жасалды.   Топ   аралық   қарым-қатынасты 

К.Левин зерттеу барысында мындай шешімге келді: тұлғаның тиімді өзгерістері 

топтық контексте болады. Ол адам өзінің адекватты емес бағытын ауыстыру 

және мінез-құлық формаларының жаңа түрлерін жасау үшін тұлға өзінің қандай 

екенін,   сонымен   қатар   қоршаған   адамдар   оны   қалай   қабылдайтынын   көру 

қажет.   К.Левин   мен   К.Роджерс   жасаған   топтық   динамика   теориясы   және 

клиентке  орталықтанған   терапия   топтық  тренингтің   негізгі,   бастауы  болады. 

1947   жылы   АҚШ-та   тренингтің   ұлттық   лабораториясы   құрылды.   Сол   кезде 

пайда   болған   Т-   топтар   (тренингтік   топ)   психологиялық   жұмыстың   жаңа 

түрлерін   жасауға   алғы   шарт   болды,   қазір   ол   «әлеуметтік   –   психологиялық 

тренинг» ұғымында біріктіріледі. Т-топтың әйгілілігі тренингтік топта қауіпсіз 

психологиялық   жағдайларлы   тиімді   емес   таптаурындарды   өзгертуге 

көмектеседі.   Т-топқа   қатысушыларға   өзінің   мінез-құлқын   табиғи   жасаған 

сферада   эксперимен   жасауға,   сенімділік   атмосферасы   мен   көмек   көрсетуге 

өзіндік   ашылуға   мүмкіндік   туғызады.   Содан   басқа   тренингке   қатысушылар 

тренерден керекті психологиялық ақпарат пен дағдыны алады, олар жеке өсуге 

және басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Т-топтың 

әрі қарай дамуы әртүрлі болуы мүмкін, оларды 3 ағымға бөлуге болады: 

- Индивидумның жалпы дамуы;

-Тұлғалық қарым-қатынасты зерттеу және қалыптастыру;

-Еңбек   қарым-қатынастарын  белсендіру   жолымен  ұжымның  іс-әрекетін 

жақсарту.

70   жылдары   Лейпциг   пен   Йенск   университеттерінде   М.Форвергтің 

басшылығымен   ғылыми   әлеуметтік-психологиялық   тренинг   жасалды.   Оның 

зерттеген   саласы-өндірістік   мекемелерге   басшыларды   әлеуметтік-

психологиялық тұрғыда дайындау болды. Тренингтің негізгі құралдар болып 

рөлдік   ойындарды   драматизация   элементтерімен,   тиімді   коммуникация 

6


дағдыларын қалыптастыратын шарттарды жасайды. Әлеуметтік-психологиялық 

тренингтің өркен жаюы 80 жылдарда басталды. 1982 жылы Л.А.Петровскаяның 

теориялық   және   әдіснамалық   аспектілерге   арналған   монографиясы 

жарияланды. Л.А.Петровская «әлеуметтік - психологиялық тренинг» ұғымында 

топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер етудің 

тәжірибесін ұғынуды ұсынды. 

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты ретінде көптеген 

авторлар   қарым-қатынаста   компетенттілікті   жоғарлатуды   жатқызады. 

А.Петорвская   қарым-қатынастағы   компетенттілік   ұғымында   тұлғааралық 

қарым-қатынас   барысындағы   білімдердің   дамуын,   әлеуметтік   нұсқаулар, 

икемділіктер мен тәжірибенің алмасуын түсінді. 

В.П.Захаров   пен   Н.Ю.Хрящева   қарым-қатынастағы   компетенттіліктің   дамуы 

үшін келесі міндеттер шешу қажет деп көрсетеді:

-қарым-қатынастың икемділіктері мен дағдыларын игеру;

-тұлға, топ, қарым-қатынас психологиясы саласында білімдерді игеру;

-қарым-қатынасты   жақсартатын   білімдердің   дамуы   мен   қалыптасуы, 

түзетуі;

-басқа адамдар мен өзін адекватты бағадаудың қабілеттерінің дамуы;

-тұлға қарым-қатынас жүйесінің дамуы. 

ТОПТЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Гуманистік   бағыт.   Гуманистік   психологяның   негізгі   пәні-тұлға,   оның 

әлемде және өзінің орнын сезінуі. Бұл теорияның негізінде мындай көзқарас 

жатыр: адам  өзінің толық ашылуына табиғи  қабілеті бар, мәселелерін шешу 

потенциалы   көрінеді.   Гуманистік   бағыттың   белгісі   -   болып   жатқанға   өз 

жауапкершілігін   алу   және   қатысушылардың   белсенділік   көрсетуі   негізіндегі 

максималды директивті емес стиль. Гуманистік психологияның және Т-топтың 

параллельді дамуы топтық жұмыстың пайда болуына әкеледі. 

Гештальт-модель.   Бұл   бағыт   Ф.Перезбен   және   оның 

жалғастырушыларымен   жасалған.   Гештальт   терапияда   психологиялық   толық 

қалыптасу,   бөлшектердің   пайда   болуына   әкелетін   ағзаның   өзіндік   реттеу 

процесіне ерекше орын береді. Теорияның негізгі моменті-барлығы осы жерде 

және   қазір.   Топтық   процестің   мақсаты   әр   қатысушының   өзін   тауып-сезінуі, 

жеке   ерекшеліктері,   өзіндік   ұқсастығы   мен   жетістіктері,   болып   жатқанға 

жауапкершілікті   алу   сияқты   әрекеттерді   түсіну.   Қатысушыларды   өзін   түсіну 

процесін адамның суреттегі «көрінуімен» салыстыруға болады. Мұнда санаға 

емес, сезім мен қатысушылардың ұмтылыстарын бағыттау байқалады. 

Психодрамалық   бағыт.   Психодрама   топтық   жұмыстың   әдісі   ретінде 

қатысушылардың   өзіндік   мағанаға   не   өмірлік   ситуацияларға   негізделген 

рөлдерді   ойнау   болып   табылады.   Бұл   әдістің   нәтижелілігі   топтық   өзара 

әрекетте сауықтандыру эффектісіне негізделеді. Белгілердің, сенімнің ауысуы 

когнитивті   деңгейде   болады,   ол   сендіру,   иландыру   техникаларын   қолдану 

арқылы жүзеге асады. Бірақ көбінесе жеке проблемалар өте терең болады, онда 

ой,   түйсік,   сезім,   әрекетке   уайымдау   көрінеді.   Сондықтан   адамды   басқа 

7


адамдармен   және   әлеммен   байланыста   қарастыру   қажет.   Якоб   Морено 

айтқандай   сезімдердің   белсендендіруі   үшін   әрекет   қажет,   әрекет   рөлдерді 

ойнауда сезімдер мен уайымды көрсетеді. 

Трансакты   модель.   Бұл   бағыттың   негізінде   Э.Бернның   концепциясы 

жатыр.   Ол   «Мен»   деген   қалыптың   әртүрлілігін   «Ата-ана»,   «Үлкен   адам», 

«Бала» деп атап көрсеткен. Осы концепция бойынша индивид уақыттың белгілі 

моментінде   осы   қалыптың   біреуінде   болады.   Адам   қалай   ойлайтынын, 

сезінетінін және өзін қалай ұстайтынын анықтайды. Адамның басқа адаммен 

қарым-қатынасы әртүрлі болады. Топтық жұмыста адаммен жағымды шарттар 

жасалады,   ол   «мен»   қалпын   талдау   үшін   қажет.   Одан   әрі   топтық   қарым-

қатынастағы ойын және өмірлік сценарийлерге талдау жасалады. 

Ойын   мағанасында   өзара   әрекеттің   бірізділігі   жатыр,   сонында 

психологиялық   ұтымдылық-жеңіс   болады.   Трансакты   моделбдегі   өмірлік 

сценарийлер   –   ерте   балалық   шақта   баланың   ата-анамен   қарым   –   қатынас 

барысында   жасалатын   басқа   адамдармен   қатынас   жоспары.   Кейін   бұл   оның 

мінез-құлық   типін   анықтайды   және   әртүрлі   ситуацияларда   өзін   көрсетті. 

Концепцияның негізгі моменті өмірлік сценарийлердің кейін «ауыстырылуы» 

болуы   мүмкін.   Оның   міндеті   -   түсіну,   қайта   қалыптасу.   Гештальт   –   топпен 

салыстырғанда,   яғни   инсайт   қалпы   эмоцияға   қатысты,   ал   трансакты   модель 

тнсайт интеллектуалды, талдаулық сипатқа ие, ол оны рационалды терапияның 

әдістерімен жақындата түседі. 



Бихевиоралды-бағытталған   топтар.   Мінез-құлықтық   сабақтар 

тренингтің алдына тұлғаның дамуы және адамның потенциалын көтеру сияқты 

кең   ауқымды   міндеттер   қоймайды.   Олардың   міндеті   -   өмірдің   белгілі 

жағдайларына   бейімделу   икемділіктерін   және   нақты   проблемаларды   шешуге 

үйрету. Бихевиоризімнің алғашқы пайымына байланысты қарапайым формада 

адам тәжірибені үйрену арқылы алады. Осыған орай жағымсыз мінез-құлықты 

түзету үшін оны қайта оқыту қажет, сол арқылы адаптивті реакция және тиімді 

мінез-құлық жасалады. Бихевиоризіммен тікелей байланысты әдістеме - өзіне 

жағымды мінез-құлыққа репетиция. Қазіргі уақытта когнитивті мінез-құлықтық 

модель   белсенді   дамуда.   Бұл   модельде   адам   мінез-құлқы   оны   түсіну   және 

мінез-құлқына   талдаумен   тығыз   байланыста   деп   қарастырылады.   Адам 

қылықтарды жасай отырып, оның себептерін немесе себептердің «болмауын» 

түсінеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі басым болады, қоршаған адамдар қалай 

қабылдайтыны   жайлы   көзқарасы,   сонымен   қатар   өткен   тәжірибеге   талдау   – 

оның қылықтарын анықтайды. 

ТРЕНИНГТІК ТОП ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ МҮМКІНДІК 

БЕРЕТІН ФАКТОРЛАР

Тренингтік топ - тренинг қатысушыларының өзгеруіне бағытталған құрал 

және орта. Авторлар топ қатысушыларының өзгеруіне қамтама ететін келесі 

факторларды бөліп көрсетеді:

8


1. Топтағы мүшелік. Топта мүше болу өзгеріске тиімді әсер етеді. Топта 

мүше   болу   адамға   оның   проблемаларының   жалғыз   еместігін   және   ондай 

проблемалар басқа адамдарда да бар екендігін түсінуге көмектеседі. 

2.  Топтың   эмоционалды   қолдауы.   Топтағы   эмоционалды   қолдау,   өзара 

қызығушылық   атмосферасы,   сенімділік  қорғаныс   механизмдерінің   әлсіреуіне 

алғышарт болады. Қолдауды сезіну қысымды басады, сенімділік беріп, адамды 

белсендендіреді. Эмоционалды қолдау өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді, 

өзін-өзі   сыйлауының   деңгейін   көтереді,   өзіне   қарым-қатынасын   позитивті 

бағалауға көмектеседі. 

3.  Топтың   басқа   қатысушыларына   көмек.   Басқа   қатысушыларға   көмек 

өзінің   қажеттілігін,   пайдалылығын   сезінуін   көтереді.   Бұл   фактор   өз 

проблемалары   жайлы   ауыртпалық   фиксациясын   жеңуге   көмектеседі, 

қиыншылықтарды   жеңуге   өзіне   сенімділікті   тудыруды   және   мықты   болуға 

бағыттайды.

4.  Эмоционалды   жауаптың   мүмкіндігі.   Өз   эмоцияларын   көрсету 

мүмкіндігі   эмоционалды   жиналған   қысымды   басуға   көмектеседі,   топтың 

эмоционалды қолдауы арқылы өзінің проблемаларын ашуға мүмкіндік береді. 

5.  Кері   байланыс.   «Мен»   адамды   жасаушы   және   түзетуші   фактор   – 

топтың адамдарынан ақпарат алу. Кері байланыс вербалды немесе вербалды 

емес,   жалпы   және   арнайы,   бағалаушылық   немесе   суреттеу,   эмоционалды 

суреттелген немесе сырттан қарау болып саналады. Адам күнделікті өмірде кері 

байланысты алады. Бірақ арнайы психологиялық жоспармен ұйымдастырылған 

топта кері байланысты басқа қатысушылардан қабылдауға дайын болып, оның 

объективті, ашық болуын қалайды. 

6.  Байқау және түсіну. Топ жұмысында белсенді қатысу қатысушыларға 

өз   тәжірибесін   және   топтағы   мінез-құлқын,   әртүрлі   ситуацияларда 

эмоционалды   жауап   формаларын   және   қақтығыстық   ситуацияларда   өз   рөлін 

түсінуге жағдай жасайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет