Мы торжественно отмечаем 550-летие образования


– Бухгалтерлер арасында байқауды жыл сайын өт-



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

Бухгалтерлер арасында байқауды жыл сайын өт-
кізу жоспарда бар ма?
– Ондай жоспарлар бар. Мұндай байқауларды біздің ре-
спублика деңгейінде ғана емес, сондай-ақ, Еуразиялық эко-
номикалық одақ шеңберінде өткізіп тұрсақ, тамаша болар еді. 
Келешекте үздік мемлекеттік сатып алушыға байқау өткі-
зу жоспарда бар. Мемлекеттік сатып алулар – талаптар мен 
заңдар қарқынды өзгеріп отыратын саланың бірі. Мұнда да 
бюджеттік ақшалар болғандықтан, бұл салада да сауатты, 
білімді мамандар жұмыс істеуі тиіс. 
Біз үздік аудиторлық компаниялар рейтінгісін жүргізуге 
де бастамашалдық танытып отырмыз. Кез келген жарыс яки 
сайыс мамандар үшін – өздерін көруге, өздерінің күш-қуат, 
білімдерін тексеріп, танып білуге берілетін мүмкіншілік бол-
са, ал ұйымдастырушылар үшін – бұл қаржыгер мамандығын 
қолдауға, оның құндылығын, маңыздылығын айқындауға 
берілетін мүмкіндік. 
Рысты АЛИБЕКОВА

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
52
КОНКУРС
ЖЕҢІСКЕ МЫҚТЫ ЖЕТЕР! 
«1С Қазақстанның» қолдауымен ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ ұйымдастырып 
отырған  «Бухгалтер кәсібі бойынша үздік» сайысы қыза түсті. Бас жүлдеден жүздеген үміткер өзара білім 
тартыстырып және мамандықтарының қыр-сырымен бөлісуде. Интеллектуальды жарыстың бірнеше қа-
тысушылары алғашқы кезеңнен өтіп те қойған. Біз қатысушылармен жақынырақ танысып, оларға келесі-
дей сауалдар тастадық:
1. 
Сіз не себепті бухгалтер мамандығын таңдадыңыз?
2. 
Бұл мамандық Сізді несімен қызықтырады?
3. 
Өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін қандай шара қолданасыз?
4. 
Республикалық «Бухгалтер кәсібі бойынша үздік» сайысынан қандай үміт күтесіз?
АМРИ Динара Төлегенқызы,  «СК Девелопмент» ЖШС бас 
бухгалтері, есепші ретіндегі жалпы еңбек өтілі 14 жыл 
1. 
Мен мектепті 1993 жылы 
аяқтадым. Ашығын айтатын болсақ, 
90-жылдардағы кеңестік кеңістік-
тегі әрбір жасөспірім секілді мен 
де «өте-өте қажетті» әртіс, әнші, 
жазушы тағы сол сияқты маман-
дықтар иесі болуды армандайтын-
мын. Алайда, шынайы өмір өзінің 
түзетулерін енгізді. Сол уақытта 
ақша көз алдымызда құнсызданып, 
еңбек ақыны айлап кешіктіретін. 
Біздің кішкентай қалашығымызда 
сол жылы жергілікті политехника-
лық колледждің бюджеттік бөлімін-
де «Құрылыс саласындағы бухгал-
терлік есеп» мамандығы бойынша 
соңғы жыл қабылдау жүріп жатты. 
Әрине, ата-анам көп ойланып жат-
пастан мені сонда жіберді, сол үшін 
қазір оларға шексіз ризашылығым-
ды білдіремін, себебі  істің ыңғай-
ын білсең, есепші мамандығы – 
тұрақтылық, сенімділік, лайықты 
еңбекақы, кәсіби жоғарылау мүм-
кіндігі болып табылады
2. 
Бірде маған біраз жыл 
есепші болып қызмет атқарған, 
анамның құрбысы келіп: «Сен еке-
уіміз ең жақсы мамандық иелеріміз, 
қандай жағдай болмасын, есепші 
әрдайым жұмыспен қамтылады, 
барлығы тек өзіңе байланысты! 
Оқы, жетіл, сонда сенің қолыңнан 
бәрі  де келеді!» деген болатын. Ал 
қазір мен мынадай сөздерді қосар 
едім «Бухгалтерлік есеп – өлмейді» 
деген. Осы сөздер арқашан мені 
қолдап,  болашаққа деген үлкен 
үмітпен қарауға көмектеседі. Өз 
мамандығымның тағы бір ұнайтын 
жері, мені әрқашан тонуста сақтап 
тұрады: салық заңнамасында жиі 
болып тұратын өзгерістер бухгал-
терлік және қаржы есебінде босаң-
суға және бірсарындылыққа салып 
кетпеуге көмектеседі. Ал бұл де-
геніміз, үнемі жаңа білім алуға және 
жаңа таныстықтар орнатуға бола-
ды деген сөз. Әсіресе, қазіргі таңда 
бухгалтерлік есеп мемлекет аралық 
стандарттарға сай жүргізілуі тиіс 
таңда біздің мамандығымыз өте 
өзекті болып табылады. ҚЕХС 
білімін жетік меңгеріп тұрып, ше-
тел тілі мен басқа елдердің салық 
салу істерін үйретіп алатын болсаң, 
сеің алдыңда өте кең ауқымды бо-
лашақ жатыр.    
3. 
Жұмыс істеген жылдар 
ішінде менің бір түсінгенім: бір 
орында отырып қалмау керек, 
барлық бағыттарды игеріп, қиын-
дықтардан қашпай үнемі жетілу 
үстінде болу қажет: біліктілікті арт-
тыру курстарына бару, семинар-
ларға қатысу, бухгалтерлік есеп 
саласында жеткілікті болып табы-
латын түрлі қосымша біліктілік алу 
мүмкіндіктерінің барлығын пайда-
лану қажет.  Қазіргі таңда,  маман-
дарының кәсіби дамығаны қанша-
лықты маңызды екендігін түсінетін 
әрбір жұмыс беруші, оларды оқыту 
және сертификациялау шығынын 
төлеуге әзір. Меніңше, тек жалғау-
лар ғана бір орында қала береді. 
4. 
Жасырып қайтейін, бірін-
ші кезекте  мені сайыстың матери-
алдық жағы қызықтырды. Бірақ, 
менің қатысуымның жалғыз себебі 
бұл ғана емес. Өзімнің білетінімді, 
демек, алған білімімді түрліше 
қолдана алатынымды өз-өзіме 
дәлелдегім келді. Сонымен қатар, 
жаңа таныстықтар орнатқан өте 
қызық: ҚР Қаржы министрлігінің 
ұйымдастыруымен ағымдағы жыл-
дың 13-қарашасында өткен кон-
цертте мен Алматы және Теміртау,  
тағы да басқа қалалардан келген 
әріптестеріммен жақсы музыка 
тыңдап қайттық. Сол үшін ұйымда-
стырушыларға зор алғысымды біл-
діремін. Алдағы уақытта да осын-
дай жағымды сезімдер көп болады 
деген сенімдемін. Әлбетте, жеңіске 
жетем деген үміт те бар. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
53
КОНКУРС
БОРДУНОВА Анна Валерьевна,  BEM СonsultingGroup  бухгалтерлік 
және салықтық есеп бойынша кеңесшісі (бухгартер-практик), бухгал-
тер ретіндегі жалпы еңбек  өтілі 12 жылды құрайды, оның ішінде 8 
жыл ірі холдингтің бас есепшісі қызметін атқарған
1. 
Мектеп кезінен-ақ, маған 
математика, есеп-қисапқа бай-
ланысты және шыдамдылық пен 
мұқияттылықты талап ететін ма-
мандықтар жаныма жақын бола-
тын. Сол себепті есепші маман-
дығында бірден тоқтадым. 
2. 
Осы мамандықта мені 
әрқашан қызықтыратыны, бұл 
 
базалық білім деңгейін жыл 
 сайын жетілдіріп отыру қажеттігі. 
Мен өз мамандығымды өте жақ-
сы көремін және де өткен жылы 
тәжірибе және біліміммен бөлі-
суге дайын екендігімді түсініп өз 
мамандығын жетілдіруді іздеп 
жүрген және есепші мамандығы 
қажет адамдарға көмек беремін 
деп шештім. Қазіргі таңда не-
гізінен есепті қалпына келтіру 
жұмыс 
тары бойынша көмек 
пен қолдауды қажет ететін бас 
есепшілермен жұмыс жасаймын. 
Себебі, көптеген жылдар бойы 
 
ірі АҚ-да жұмыс жасағандықтан, 
бизнестің барлық салаларында 
бухгалтерлік есеп жүргіздім және 
практика кезінде бірнеше рет Па-
лата және кәсіби ұйым деңгейін-
де талқыланатын  мәселелермен 
бетпе-бет келетінмін. 
3. 
Жыл сайын кәсіби білік-
тілікті арттыру курстарынан 
өтемін. Қазіргі таңда САР Серти-
фикаты (СІРА бағдарламасы бой-
ынша), Қазақстан Республика-
сының Кәсіби бухгалтері Серти-
фикаты, Ресей Федерациясының 
Кәсіби бухгалтері Сертификаты, 
ДипIFR АССА Дипломын иелен-
дім. 2015 жылы кәсіби сертифи-
катталған қаржы менеджерлігі 
(Лондон) ISFM Дипломын алу 
үшін соңғы емтихан тапсырып, 
2015 жылы «Қазақстан Респу-
бликасының Аудиторы» білік-
тілігіне соңғы емтихан тапсы-
руды жоспарлап қойдым. АССА 
бағдарламасы бойынша оқуым-
ды жалғастырсам ба деген ниетім 
бар. 
4. 
Біріншіден, бұл сайыс бух-
галтерлік есеп және аудит сала-
сында бір орында тұрып қалмау, 
біліміңді жетілдіруге деген құл-
шыныс оятады. Екіншіден, менің 
ойымша, үлкен көлемді қаржы-
лай сыйлық қана емес, сонымен 
қатар Қаржы министрлігі жа-
нындағы бухгалтерлік есеп және 
аудит саласынының кеңесшісі 
мәртебесін алу ынталандырады, 
себебі жоғары деңгейлі кәсіпқой 
болу жауапкершілігін тудырады. 
Осы саладағы тәжірибе барысын-
да, осы сияқты  сайыстарға қаты-
сып көрген емеспін, десек те, бұл 
сайыста мықты әрі лайықты адам 
жеңіске жетеді деген үміттемін.
ВЕРТУНЦОВА Светлана Николаевна, ЖШС бас бухгалтері 
1. 
Біздің дамып келе жатқан 
экономикамыздың жағдайын 
есепке ала отырып, бухгалтер 
 
білімді маман және түрлі жағдай-
дың шешімін таба білетін болуы 
қажет, мейлі ол  салық заңнамасы 
немесе кәсіпорын экономикасы 
болсын. Үнемі өзін-өзі жетілдіру-
ге, өзін-өзі  оқытуға жетелеп оты-
ратын мамандық, осыдан менің 
не себепті осы мамандықты 
таңдағаным түсінікті шығар деп 
ойлаймын. 
2. 
Жоғары математикалық 
білім иесі бола тұра, өз маман-
дығым бойынша қызмет қылуды 
2000 жылы курстардан бастадым. 
2006 жылы САР – бухгалтер-прак-
тик сертификатын, ал 2008 жылы 
Қарағанды Мемлекеттік Универ-
ситетін «Есеп және аудит» маман-
дығы бойынша бітіріп, үздік ди-
плом алдым. 2013 жылы кәсіпқой 
бухгалтер халықаралық серти-
фикатына ие болдым.
3. 
Қаржы министрлігі мен 
Қаржы Академиясы ұйымдасты-
рып отырған бұл сайыс елімізге  
кәсіпқойлар керектігінің тағы бір 
дәлелі және кімде-де кәсіпқой 
болам десе, оларды оқытуға 
және кәсіби біліктілігін арттыруға 
барлық жағдайлар жасалған. 
4. 
Мұндай сайыстар бақта-
ластық рухын көтереді және де 
қатысушылар немес жеңімпаз-
дар тізімінде болу үшін не қажет 
екендігін ойландырады, сонымен 
қатар күнделікті атқарып жүр-
ген ісінің қаншалықты маңызды 
екендігін түсінуге жәрдемдеседі.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
54
КОНКУРС
КОЗАК Елена Анатольевна, «Акмолаэнергомонтаж» ЖШС бас бух-
галтері, еңбек өтілі 16 жыл
1. 
Мектеп бітіргеннен соң мен 
жоғарғы экономикалық білім алып, 
экономист болып қызмет атқара 
бастадым. Бірде маған уақытша бух-
галтер көмекшісінің орнын алмастыру 
туралы ұсыныс түсті. Мені бұл жұмыс 
еліктіріп әкетіп, қосымша оқу оқып, 
бухгалтер атандым. Бухгалтер маман-
дығы қиын, адамнан келесі нәрселерді 
талап етеді: мұқияттылық, қырағылық, 
қандай да бір жағдайды сараптай білу, 
шешім қабылдау, сонымен қатар бар-
лығы тез ауыса қоятындықтан үнемі 
оқу-іздену үстінде болу қажет.  Сол 
себепті зерігуге де уақытың жетпей 
қалады. 
2. 
Біріншіден, аталмыш маман-
дықтық қазіргі таңда тұрақты кіріс 
әкеле алатындықтан, сұраныста бо-
луы. Екіншіден, бұл мамандық адам-
ның тұлға ретінде дамуына  көмек 
береді. Ол адамның логикалық ойлау 
қабілетін, назарын дамытады, өзін-өзі 
тәртіпке салу жұмыстарын, өзіне-өзі 
сенімді болуды жақсартады, үнемі 
оқуды және біліктілікті арттырып оты-
руды талап етеді.
Үшіншіден, бұл мамандықта барлығы 
қол жеткізетін биік шыңдар бар. Ма-
мандық өте  түрлі: бухгалтер, эко-
номист, кеңесші, қаржы сарашысы, 
қаржы директоры, аудитор болып 
қыз 
мет етуге болады. Төртіншіден, 
 
бухгалтер жан-жақты машықтанған 
және азаматтық, әкімшілік, еңбек 
және жер салалары бойынша білімді 
азамат болуы қажет. Кейде бухгалтер 
өзінің мекемесіне кадр бөлімінің мең-
герушісі де, заңгер де болып қызмет 
ете алады.  
3. 
Өзімнің кәсіби деңгейімді 
жоғарылату мақсатында  үнемі түрлі 
курстардан, тренингтерден, оқыту 
бағдарламаларынан өтемін. Қазір-
гі таңда Қазақстан Републикасының 
кәсіпқой бухгалтерлері мен аудитор-
ларының мүшесі болып табыламын, 
CAP сертификаты бар, Ресей Феде-
рациясының кәсіпқой бухгалтерлері 
мен аудиторлары институтымен 
берілген біліктілік аттестаты. Сонымен 
қатар, біліктілікті арттыру барысында 
Мәскеу қаласының  НИУ  Экономика-
лық жоғарғы мектебінде білім алдым. 
4. 
Сайысқа қатысуға деген 
ынтамды өз-өзімді, өз білімімді, қа-
білеттілігімді тексеріп көру оятты. Ең 
алдымен сайыстан қызықты сұрақтар, 
таза және әділ қазылықты күтемін. 
«Бухгалтер кәсібі бойынша үздік» 
атағын осын мамандық иелерінің ең 
лайықтысы жеңіп алсын демекпін.  
ЛОГВИНЕНКО Юлия Александровна, «Строитель» ЖШС бас бухгал-
тері, еңбек өтілі 10 жылға жуық
1. 
Бухгалтер мамандығы менің 
екінші мамандығым. Мектеп бітір-
геннен кейінгі бірінші мамандығым, 
1988 жылы Томск политехникалық 
институтын «Тау инженері-гидрогео-
лог» мамандығы бойынша диплом 
алдым. Алайда, 90-жылдардағы қай-
та құрылу кезеңдерінде жұмыссыз 
қалып, мамандығымды ауыстырдым, 
ол уақытта бұл мамандық үлкен 
сұранысқа ие болатын.  2002 жылы 
Томск  мемлекеттік университетін 
«Бухесеп және аудит» мамандығы 
бойынша сырттай аяқтадым. 
2.  Жұмыс қызықтылығымен 
және маңыздылығымен баурайды.
3. 
Бухгалтер болып жүргенде-
гі аралық, біздің мемлекетімізде енді 
ғана  есепке алу жұмыстарын жүр-
гізумен тұспа-тұс келеді. Ол уақыт-
та қаншама өзгерістер болғанын 
қазіргі уақытта ешкімнің есінде жоқ 
шығар, өте қиын болды, сонымен 
қатар байқап тұрғандарыңыздай өте 
қызықты еді. Есептер жоспары, са-
лықтық есептеулер өзгертілді, элек-
трондық есеп беру, халықаралық 
стандарттар енгізілді.  Мамандық 
тұрақты болудан қалды, әрдайым 
жаңа нәрселерді үйрену қажет бол-
ды, сонымен қатар автоматизаци-
яландыру  жалықтырарлық қайта 
есептеу жұмыстарының қажеттілік-
терін азайтты.
4.    Заңнамадағы салық жіне 
бухесепке қатысты  өзгерістерді қа-
дағалап отырамын,  нақты мәселе-
лер шешкен жағдайда журналдар-
дан, интернеттен мәлімет оқимын 
(біздің кәсіпорында бұл үшін барлық 
жағдай жасалған: түрлі баспаларға 
жазылу жұмыстары мен портал-
дық есептерге жазылу ұйымдасты-
рылған) мәселелерді әріптестерім-
мен талқылаймын. Мүмкіндік болып 
жатса, семинарларға қатысамын, 
кәсіпорынның бас директоры бұны 
әрқашан құп көреді. 
5.    Қателеспесем, ҚР ҚМ ұй-
ымдастыруымен өткізіліп отырған 
 
бұл сайыс тәжірибемде бірінші рет. 
Және де сайыстың бірінші және екін-
ші кезеңдері интернет желісі арқылы 
өтетіндігі, барлық бухгалтерлердің 
қатысуына үлкен мүмкіндік туғыза-
ды. Сайыс тартысты болып, дәстүрге 
айналады және бұл сайыста жеңіске 
жету бухгалтер үшін абырой. Бұл 
сайыс Қазақстан Республикасында 
бухгалтер мамандығының маңыз-
дылығы мен кәсіби біліктіліктерін 
арттыруға ынталандырады. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
55
КОНКУРС
СЕРІКБАЕВА Рабиям Нурахуновна, «USTAM»ЖШС бас бухгалтері, 
жалпы еңбек өтілі 10 жыл
1. 
Мен үлкен еңбек өтілі бар 
бас бухгалтер анамның жолын 
қуған екінші ұрпақ болып табыла-
мын. Әрқашан анамның небір сан-
дарды есептеп, оларды кестелерге, 
кітаптарға жазып, кейін оларды 
арнайы бланктерге небір есептер 
жасап, оны салық орындарына 
апарып тапсыратын. Маған сол 
бланктер өте ұнайтын,  сол себепті 
мен әрқашан қандай да бір есепті 
өзім құрастыруды армандадым. 
Сондықтан да мен сол кезден-ақ 
бухгалтер мамандығы мен оның 
қызметтік міндеттері жайында ха-
бардар болып, күмәнсіз осы ма-
мандықты таңдадым.
2. 
Маған бухгалтерияда 
ұнайтыны іс-әрекеттік тәртіптілігі, 
жұмыстың мағынасы мен нақты ал-
горитмі. Маған ұнайтыны, біз бух-
галтерлер фирманың әрбір келісімі 
туралы бүге-шүгесіне дейін біле 
тұра, оны өңдеп бір-екі парақтық 
есепке айналдыратынымыз.  Осы 
есептер негізінде жекеменшіктер 
мен басқарушылар әрі қарайғы 
қызмет туралы шешім қабылдай-
ды, мемлекеттік органдар тексеріс 
жүргізеді, банктер несиелендіру 
туралы шешім қабылдайды. Бірта-
лай күрделі шешімдер осы бухгал-
терияда жасалған есеп негізінде 
қабылданады. Есеп жасау бары-
сында қателіктерге бой алдырмау 
үшін бухгалтер ай сайын білімін 
жоғарылатып отыру қажет. Бұл 
«отырып» қалмауға көмектеседі, 
үнемі алға қарай жүріп, оқып, зерт-
теп, сараптап отыру қажеттілігі 
туындайды. «Оқу – инемен құдық 
қазғандай»  деген мақал бухгалтер-
лерге арналған сияқты. Сандарға 
деген махаббат болмаса, жұмысың 
өрге баспайды.
3. 
Мен кәсіпқой бухгалтер 
сертификатын алдым. Сертифи-
кат иегері ретінде мен жыл сайын 
біліктілікті арттыру курстарынан 
өтемін. Одан бөлек мен аралас 
тәртіп-қаржыны, қаржы менед-
жментін, экономиканы және 
құқықты оқимын. 
4. 
Бұл сайыстан мен жақсы 
эмоция күтемін және өз білімімді 
тексергім келеді. Мәселе жеңіске 
жету немесе ұтылуда емес, бұл 
өзіңнің осал жақтарыңды анықтап 
өз біліміңді бекіте түсуге берілген 
мүмкіндік.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
56
ШЫҒЫСЫН БІЛУ  – 
КІРІСІН БІЛУ
Сәкен ЖҰМАШЕВ, 
Қазақстандағы және Орталық Азиядағы 
KPMG ұйымының басқарушылық 
консультация беру бөлімінің серіктесі 
Бүкіл дүниежүзі компаниялары «Ертеңіміз еңселі 
болу үшін бүгін не істеуіміз керек?» деген сұрақты жиі 
көтереді. Компаниялар осы мақсатта өздерінің стра-
тегиялық бағыт-бағдарларын өзгертіп, операциялық 
үлгілерін жетілдіріп, түрлендіру бағдарламаларын қа-
лыптастырып, т.б. іс-әрекеттерді талмай жүзеге асырып 
жатады. Шығыстарын барынша қысқартуға бел буып, 
ол үшін оңтайлыландыруды қажет ететін бірқатар 
іскер үрдістерді қолға алған компанияларды мысалға 
келтіруге болады. Бірақ, мұндай бастамалардың берері 
бар ма, оны қалай бағалай аламыз? Ұсынылған жаңаша 
әдіс-тәсілдердің нәтижесінің оң боларына кім кепіл? 
Егер біз бұл сұрақтардың жауаптарын қаржылық 
есептерден іздейтін болсақ, жауабымыз тым құрғақ, 
шектеулі болар еді және не оң, не сол нәтижелерінің 
себебін ашып бере алмас еді. Бізге  бұл мақсатта, 
ақпараттарды нәтижелерге қарай ғана емес, ауытқу-
ларды жан-жақты талдай алатын әбден пісіп-жетілген 
басқарушылық есеп жүйесі қажет. Кейбір компания-
лардың ақпараттарды әлі күнге дейін «қолмен» жинап 
жүргендерін білеміз, яки, заманауи технологияның 
артықшылығын, қызығын көрмей келе жатқандары 
мәлім. Ал енді біреулерінің басқарушылық есептің ең 
күрделі жүйелерін реттеуге талпынып, нәтижесінде 
ақпараттарды кідіртіп, әзер жеткізетін «зілдей» жүйе-
мен жұмыс істеп жүргендері де белгілі рhр.
Басқарушылық есептің негізгі бірнеше нысандары 
бар: стратегиялық жоспарлау (стратегияның іске асы-
рылу мониторингі), операциялық жоспарлау (бюджет-
теу), өндірістік үрдістің әрбір айналымындағы өзіндік 
құнын іс жүзінде қадағалау (өзіндік құнының каль-
куляциясы), сондай-ақ, қаржылық және қаржылық 
емес көрсеткіштер бойынша қосымша ақпараттар. 
Әлемдік тәжірибе кез-келген компанияның операция-
лық басқару ісінде басқарушылық есептің басты рөл 
атқаратынын және уақытылы шешім қабылдау үшін 
ақпараттардың егжей-тегжейлі алынуына ықпал етуі 
тиістілігін көрсетеді. Демек, халықаралық тәжірибе 
басқарушылық есептің қызметтің оңтайлыландыру 
жүйелерімен және негізгі операциялық, қаржылық 
көрсеткіштердің жетілдірілу жүйелерімен  біріктірілу 
қажеттілігін растайды. Әсіресе, бұл жағдай үрдістер 
мен рәсімдерді нүктелі түрде жетілдіру арқылы шығын-
дары барынша төмендетілген және кірісі барынша арт-
тырылған дамушы нарық экономикасы тән елдерде 
жұмыс жасайтын компанияларда байқалады. 
Тәжірибеден көретініміздей, Қазақстандағы көп-
теген компаниялар басқарушылық есептің барлық 
қыр-сырларын толық пайдалана бермейді, көбінесе 
бюджеттендіру жүйесі мен негізгі қаржылық көрсет-
кіштердің есебіне негізделген «стандарттық әдістер-
мен» шектеліп қалып отыр. Мұндай әдіс-әрекеттер 
 
дәлелді шешімдерді қабылдауға жеткілікті ме? Олай 
айта алмаймыз, егер Қазақстанда қолданылатын басқа-
рушылық есеп жүйесіне мұқият мән беретін болсақ, 
ағымдағы құралдардың көбіне дерлік көрсеткіштерді 
бақылап, мониторинг жүргізуге арналғанын және ин-
дикативтік сипатта екенін байқауға болады. 
Қызықты жәйт: қазақстандық көптеген ірі компа-
ниялар өздерінің атқаратын қызметтерінің әмбебап-
тылығына қарай бизнес-үрдістер, іске қосылған ре-
сурстар іспетті ықтимал оңтайландыру нысандарынан 
ақпарат алуға мүмкіндік беретін жекелей күрделі есеп 
жүргізу  жүйелеріне ие. Өкінішке қарай, менеджерлер 
мұндай жүйелердің бар мүмкіншіліктерін әрдайым пай-
далана бермейді. Бұл жүйенің бар мүмкіншіліктерінің 
игерілмеуіне, алынған ақпараттарға деген сенімсіздік, 
басқарушылық есепті пайдалану мәдениеті мен тәжіри-
бесінің жеткіліксіздігіне, тіпті жоқтығына байланысты.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
57

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
58
 Соңғы үрдістерге назар аударсақ,  Қазақстандағы 
компаниялардың егжей-тегжейлі ақпарат алу сұраны-
сы күннен күнге өсіп келе жатқандығы байқалады.  Дәл 
осы жағдай басқарушылық есеп жүйесінің енгізілуіне/
жетілдірілуіне деген қызығушылықтың артуына се-
беп болды. Мұндай жүйе енгізілген жағдайда, қажетті 
ақпаратқа деген сұраныс пен оның ауқымын алдымен 
анықтап алудың маңызы зор. Егер компания өзінің опе-
рациялық қызметін оңтайландыру бойынша биік мақ-
саттарды белгілеген болса, онда басқарушылық есепті 
де нақты қадамдарды жоспарлап, белгілеу кезеңінде, 
сонымен қатар олардың іс жүзіндегі пәрменділігіне 
баға беру кезеңінде барлық қажетті ақпараттарды то-
лық алу мүмкіндігі болатындай етіп реттеу тиіс. Бұл бел-
гілі бір жаңаша енгізулердің нәтижесін көру қарқынын 
жіті бағалауға да бар жағдайды жасайды. 
 Сонымен бірге, компаниялар есепке алу жүйесінің 
«неғұрлым күрделі, қиын болғаны, соғұрлым дұрыс, 
жақсы болғаны» деген, не «бірнәрсені ұмыт қалдыр-
ғаннан гөрі, барлығын қамтып қалған дұрыс» деген 
қағидамен ақ тер, көк тер болып әбігерленіп жатады. 
Мұндай әдісті де ақпарат алудың, жинаудың ең оңтай-
лы, жақсы жолы деп айта алмаймыз. Басқарушылық 
есептің күрделі жүйелерін енгізгенде бухгалтерия 
және басқа бөлімдердің мамандарына қосымша қыз-
меттік салмақ түсіп,  талап етілетін талдау үшін шексіз 
үлгілердің толтырылып, тым көп уақытты алатынын 
ескерген жөн. Яғни, ақпаратты алудың пайдасы оның 
өңделуі мен жиналуына жұмсалатын шығын, шығы-
сымен теңестірілгені дұрыс. Басқарушылық есеп жүйе-
сін құрудың бастапқы кезеңінде Парето қағидасын 
ұстанған жөн –  жинақтау арқылы пайдалы ақпарат-
тың 80% алуға болатын 20% бабының теңдестірілгені 
дұрыс. Осылайша, толассыз ақпарат алып, оны үйіп, 
жинай беруге талпынғаннан гөрі, жалпы компания қыз-
метінің қарқындылығын арттыру кілтін ашып беретін 
негізгі көрсеткіштерге мән берілгені орынды.
Тиімді тарифтүзілімі 
Шығындарды тиімді 
басқару 
Шығындарды норма-
лау және болжамды 
жақсарту 
Бұзушылықтар мен 
өтемдік тарифтердің 
болмауы  
Меншікті  қызмет/өнім 
түрлерін әділ анықтау
Шығындарды тиімді 
басқару үшін бас-
шылықты егжей-тегжей-
лі ақпаратпен қамтама-
сыз 
Шығындар туралы тари-
хи ақпараттарды жинау
Заңнама актілерін 
сақтау 
Бөлектеп есеп жүргізудің мақсаты
ЖАЛПЫ КІРІСТІҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ
мың теңге
Табысы
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Табысы
Өткізілген өнімнің және қызметтің өзіндік құны
Шығыны
Жалпы табыс
Операциялық табыс
мың теңге
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КІРІСТЕРДІҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ
Кірістің артуы
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
60
ҒЫЛЫМ
Экономикалық жағынан қарыштап дамып, 
әлемнің көшбасшы еліне айналу көптеген елдердің 
стратегиялық мақсаты болып табылады. Сондықтан 
да әлем елдері арасында ұзақ мерзімге стратегия 
жасау үрдісі кең таралуда. Қазақстан да әлемдік 
ағымнан қалыспай келеді. Қазақстан Республика-
сының тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы страте-
гиялық құжаты «Қазақстан – 2030» Стратегиясында 
әлемдегі дамыған 50 ел қатарынан орын алу мақса-
ты алға қойылғаны белгілі.
Әлемдегі елдердің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін 
бірден-бір беделді рейтинг - жыл сайын Давоста өтетін 
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсе-
кеге қабілеттілік индексі. Онда әлемдегі мемлекеттердің 
экономикалық дамуына тәуелсіз баға беретін болған-
дықтан, оған қатысу аса маңызды болып табылады.
Аталмыш рейтингте биылғы жылы Қазақстан 42-ші 
орынға ие болып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарынан 
сенімді орын алғанын көрсетті. Бұл орайда, Қазақстан-
ның бұрын алдыңғы орын иеленіп келген Италия, Латвия 
және Түркия сияқты елдерді артқа тастағанын айта кет-
кен жөн. Бұл елдер биыл сәйкесінше 43, 44, 51-ші орын-
дарға ие болған.
Қазақстанның айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп 
келе жатқан факторларының бірі - «Макроэкономикалық 
орта». Бұл фактор бойынша еліміздің алдыңғы 30-дықтан 
орын алғанын, яғни қазір 25 – орын иеленетінін айта 
кеткен жөн. Мұндай жақсы нәтижеге жетуге ықпал етіп 
келе жатқан негізгі көрсеткіштердің бірі – «мемлекет-
тік қарыз». Мемлекеттік қарыз деңгейі соңғы бес жыл-
дықта Жалпы ішкі өнімнің 10-15% аралығында, яғни ай-
тарлықтай тұрақты динамика сақталуда. Әйтсе де, бұл 
көрсеткіш 2013 – жылы 12,3% құраған кезде Қазақстан 
14-орын иеленгенімен, 2015 – жылы өткен жылдағыдан 
1,6%-ға артып, 15,1 пайызға жетсе де, 12-орын иелен-
ген. Біздің ойымызша, бұл кейбір елдерде мемлекеттік 
қарыздың Жалпы ішкі өнімде алатын үлесі айтарлықтай 
өскенімен байланысты болуы мүмкін. 
Жаһандық бәсекеге қабілетіттілік индексінің әмбебап 
екенін көрсететін тағы бір дәлел - онда тек экономика-
лық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік 
сфера, елдегі мемлекеттік басқару институттарынының 
даму деңгейіне баға берілуінде. 
Қазақстан денсаулық сақтау және білім беру сала-
лары бойынша рейтингте 93 және 60-орындарды иеле-
неді. Елдегі әлеуметтік салалардың дамуы жолында ай-
тарлықтай көп шаралар атқарылып келе жатқанын айта 
кету керек. Нақтырақ айтсақ, білім беру және денсаулық 
сақтау салаларын дамытуға арналған мемлекеттік бағдар-
ламалар, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған сала-
лық бағдарламалар жүйелі түрде іске асырылуда. Алайда, 
әлеуметтік салада атқарылатын шаралардың тиімділігін 
негізінен ұзақ мерзімде байқалатынын айта кеткен жөн. 
Дегенмен, Қазақстанда 2020 жылға дейінгі дамудың Стра-
тегиялық жоспары аясында атқарылып келе жатқан ша-
ралар жемісін бере бастағаны да белгілі. Айталық, соңғы 
5 жылда Қазақстандағы халықтың өмір сүру ұзақтығы 
орташа есеппен 3 жасқа артқан. «Халықтың өмір сүру 
ұзақтығы» елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдай-
ды көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болғандықтан, 
мұны үлкен жетістік деп бағалауға болады. Елдегі халық 
санының динамикасын және өмір сүру жасын арттыру 
жолындағы шаралардың тиімділігін көрсететін көрсет-
кіштердің арасында ана мен бала өлімі ерекше орын 
алады. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мәлімет-
тері бойынша соңғы 3 жылдық ішінде Қазақстан «жаңа 
туылған 1000 нәрестеге шаққандағы бала өлімі» санын 
Бахытгүл ХАМБАР,
э.ғ.к., «Экономикалық 
зерттеулер институты» АҚ 
Стратегиялық әзірлемелер 
және экономикалық зерттеулер 
орталығының директоры, Астана қ.
ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
61
ҒЫЛЫМ
41,6 пайызға азайтқан. Сонымен қазір елімізде жаңа 
туылған 1000 нәрестеге шаққандағы бала өлімі 14,6-ға 
тең. Ал рейтингте осы көрсеткіш бойынша бірінші орын 
иеленетін Люксембургта соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 
30 пайызға ғана азайғанын айта кеткен жөн. 
Сонымен қатар соңғы 5 жылдағы Люксембургтағы ха-
лықтың өмір сүру жасының ұзақтығын салыстырар бол-
сақ, онда соңғы бес жылда халықтың өмір сүру жасының 
ұзақтығы 0,9 жасқа артқан екен.
Сондай-ақ, білім беру жүйесінің сапасын, зерттеу 
және білім беру қызметтеріне қол жетімділікті арттыру 
бойынша да Қазақстан айтарлықтай жақсы нәтиже көр-
сетіп келеді. Мұнда соңғы жылы мектептердегі интернет-
ке қолжетімділік, орта біліммен қамту бойынша бірқатар 
дамыған елдермен иық тіресуде. Мысалы мектептердегі 
интернетке қолжетімділік бойынша Қазақстан Германия 
(39-орын), Франция (40-орын) сияқты елдерден кейін 
тұр. Ал орта білім берумен қамту бойынша 42-орынды 
иеленіп, Латвия, Австрия, Польша сияқты елдердің алды-
на шыққан [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 
30-қарашада халыққа жолдаған Жолдауында қазіргі 
әлем жоғарғы қарқынмен өзгеріп келе жатқаны, жаңа 
қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық 
ахуал өзгерісі жайында айтылған болатын [3]. Елбасы-
ның көреген саясатының арқасында бұл қатерлерді Қа-
зақстан бірнеше жыл бұрын байқады дегесек, артық бол-
мас. Әлем экономикасының өзгеру динамикасы және Қа-
зақстанның мүмкіндіктерін ескере отырып, 2012 жылғы 
Жолдауында ҚР Президенті елдің стратегиясын қайта 
қарау керектігін айта келіп, әлемдегі алдыңғы қатарлы 
30 елдің қатарына кіру мақсатын алға қойған болатын [4]. 
Қазір Қазақстан осы мақсатты орындауға арналған тұжы-
рымдаманы әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер тәжіри-
бесін ескере отырып, іске асыруда.
Бәсекеге қабілеттілігі жоғары елдер тәжірибесіне жа-
саған талдау олардың табысқа жетуіне ықпал ететін не-
гізгі факторларға институттық орта, дамыған бизнес және 
инновацияны қолдану деңгейі жататындығын көрсетіп 
отыр.
Рейтингтің бастапқы ондығына кіретін елдер негізі-
нен инновациялық даму сатысында. Олардың ерекшелік-
тері – инновациялық әдістер қолдана отырып, ерекше 
өнімдер өндіруі. 
Сондай-ақ, ол елдерде экспортқа шығарылатын тауар-
лардың басым бөлігі бірнеше сатымен өңделіп шығатын 
болғандықтан, шикізат тауарларының экспортының үлесі 
айтарлықтай төмен екендігін айта кеткен жөн. Мысалы, 
соңғы 7 жыл қатарынан рейтингте көш бастап келе жатқан 
Швейцарияда шикізат тауарларының экспорты 2014-жылы 
0,8% (140 349 млн. евро) құраған. Ал Қазақстанда 2009-
2013 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 77,6 пайызға тең 
болған  [2]. Әйтсе де Қазақстанда инновацияны дамыту 
бағытында көптеген шаралар атқарылып келе жатқанын, 
кәсіпорындар деңгейінде инновациялық грант түрінде 
мемлекеттік қолдау көрсетіліп келе жатқанын айта кеткен 
жөн. 
Негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан дамыған 
елдер деңгейіне жетпесе де, ел экономикасында ай-
тарлықтай оң өзгерістер бар. Мысалы, елде бизнестің 
дамуына қолдау көрсету бағытында «Бизнестің жол кар-
тасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» 
сияқты бағдарламалар іске асырылып келеді. Сонымен 
бірге басқа салалық бағдарламалардың басым бөлігін-
де шағын және орта бизнестің дамуына субсидия және 
несие түріндегі қаржылық қолдау көрсету шаралары 
қарастырылған. Бизнес климатты оңтайландыру бойын-
ша бірқатар заңдарға өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде 
2015 жылы бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар 
жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші 
орынды иеленді. Бұл орайда бизнес саласын дамытуға 
мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау емес, кәсіпкер-
лердің белсенділігі басым роль атқаратынын айта кеткен 
жөн. Мысалы, бизнес саласы жақсы дамыған Германия-
да шағын және орта бизнес субъектілері елде жылына 
шығарылатын өнімнің 57% өндірсе, Канадада 47% өн-
діреді. Ал біздің елде ол көрсеткіш 15% ғана құрайды. 
Біраз жылдардан бері мемлекет тарапынан белсенді 
шаралар атқарылып келе жатқанына қарамастан, шағын 
және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар үлесі Қа-
зақстанда 23 пайызды ғана құрайды. Мысалы, Жапонияда 
керісінше еңбекке қабілетті халықтың 75% шағын және 
орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған екен. Олай 
болса, Қазақстанда бизнес субъектілері нарық талапта-
рына сай белсенді қызмет атқарса, бұл салада әлі де көп 
шаралар атқарып, әлеуметтік-экономикалық тиімділі-
гін арттыруға болады деген сөз. Кәсіпкерлер қызметінің 
белсенділігін арттырудың елдің экономикалық өсімінің 
артуындағы маңыздылығы Елбасының 2015-жылдың 
30-қарашасында халыққа жолдаған кезекті Жолдауында 
да ерекше  аталып көрсетілді. Елдегі кәсіпкерліктің бәсе-
келестік қабілетін арттыру бағытындағы ауқымды шара-
лардың бірі – жаппай жекешелендіру мен бәсекелестікті 
кеңейту [3]. Бұл шараның елдегі шағын және орташа биз-
несті қолдаудың ірі көлемді бизнесті қолдауға жалғасы 
екенін аңғару қиын емес.
Сонымен қатар әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің 
тәжірибесіне жасаған талдау елдің бәсекелестік қа-
білетінің тұрақтылығын сақтайтын факторлардың басты-
сы – елдегі институттық тетіктер екенін көрсетеді. Осыны 
ескере отырып, қазір біздің елімізде де оңтайлы мемле-
кеттік басқару аппаратын қалыптастыру бағытында көп-
теген шаралар атқарылып келе жатқаны белгілі. Осыған 
байланысты елде «Бес институттық реформа» іске асы-
рылып келе жатқаны белгілі. Бұл реформалардың тиімді 
орындалуы үшін ҚР Президенті 2015 жылы мамыр айын-
да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жарияды. Бұл 100 
нақты, әрі іс жүзінде шешілетін 100 шешім деген сөз.
Бес институттық реформа жаһандық жаңа ахуал 
жағдайында елдің бәсекелестік артықшылықтарын қалып-
тастырып, ары қарай жетілдіруде маңызы зор екенін еске-
ре отырып, 100 нақты қадамда әр саланың институттық 
тетіктерінің дамуына ерекше назар аударылған. Нақтырақ 
айтсақ, 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби біліктілігін 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
62
ҒЫЛЫМ
арттыруға арналса, 50 қадам жоғары технологиялы жаңа 
экономикалық өсімді және адамзат капиталының дамуын 
ынталандыруға, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін 
арттыруға бағытталған нақты шешімдерге арналған.
Сондай-ақ, «Ашық Үкімет» жұмысының механизмдерін 
жетілдіруге 10 қадамдағы қоғамдық бақылауды күшейту, 
азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы, мемлекеттік 
ұйым дардың есеп беруін жетілдіру қағидаларына негіз-
делген шаралар арналған. 
Жоспарланған шараларды нәтижелі іске асыру эконо-
миканың өнімділігін арттырып, әлем нарығындағы тұрақты 
бәскелестік қабілетті қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда Қазақстан инветиция 
тартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап 
келе жатқан, әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер 
қатарында екенін Дүниежүзілік экономикалық форумның 
тәуелсіз бағасы көрсетіп отыр.
Демек, Елбасы жариялаған «Бес институттық реформа-
ны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында» 
қарастырылған шараларды тиімді жүзеге асыру Қазақстан-
ның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуетін 
нығайта түсуге тікелей ықпал етеді деуге болады. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Global Competitiveness Report 2015-2016, World 
Economic Forum, 2015.
2. European Union, Trade in goods with Switzerland.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. На-
зарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан 
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму». 
2015 жылғы 30 қараша.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-
баевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы|:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-
ты». 2012 жылғы 14 желтоқсан.
Түйін сөздер: ХҚЕС, шағын кәсіпорындар, 
қаржы есептілігі, кәсіпорынның қаржылық са-
уықтыру
Шағын және орта бизнес – нарықтың ең 
белсенді бөлігі болып табылады. Сіз жалға 
беру, сату немесе ұсыныс, өндіру немесе өсе 
қызмет көрсету – маңызды емес. Ең басты-
сы – тұтынушы қажеттілігін табу үшін, 
сіздің өнімдер немесе қызметтер түрінде 
тұтынушыға параметрлерді ұсыну. Бар-
лық дерлік қазіргі уақытта қолданылатын 
халықаралық стандарттарға әсер әр түр-
лі дәрежесі қалыптастыру және қаржылық 
есептілікті ұсыну мәселелері. 
Қазақстан Республикасында экономика 
қарқынды даму үстінде, сәйкесінше, бұған  дейін 
әрекет етіп келген нормативтік актілерді қай-
та қарап, заңнамалық базаны әзірлеу қажеттілігі 
туындайды. Реформалау процесіндегі осындай 
жүйелердің бірі Қазақстан Республикасының бух-
галтерлік есептік жүйесі болып табылады. Әрі 
бұл реформа тек әдістемелік негізін ғана емес, 
сондай-ақ, аталмыш жүйенің қатысушыларының 
ұйым дастырушылық құрылымына да қатысты бо-
лып отыр. 
Айгүл ИСҚАҚОВА,
«Қаржы академиясы» АҚ магистранты
ҚЕХС СӘЙКЕС ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК 
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
63
ҒЫЛЫМ
ҚЕХС әлемдегі  барынша тиянақталған әрі іл-
кімді бухгалтерлік стандарттар болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік 
жүйесін одан әрі дамытуды ҚЕХС сәйкес бухгал-
терлік есеп және қаржылық есептілікте қалыпта-
сатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және са-
лыстырымдылығын арттыру мақсатында келесідей 
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет: 
– бухгалтерлік есеп, қаржылық есептіліктің ау-
дитін ұйымдастыру және жүргізумен шұғылдана-
тын мамандарды даярлау және қайта даярлау; 
– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 
үшін бухгалтерлік есепті жүргізу және  қаржылық 
есептілікті құрастыру тәртібін жеңілдету; 
–  халықаралық тәжірибе негізінде бухгалтер-
лік есеп және қаржылық есептілікті  реттеу жүй-
есін өзгерту; 
– бухгалтерлік есеп және аудиттің халық-
аралық даму процесіне қатысу. 
Есептілікті пайдаланушылардың  қай-қайсы-
сында болсын қаржылық есептіліктің ақпараттың 
мазмұнына қатысты белгілі бір болжамдары бола-
ды. Бухгалтерлік есеп өзіне тән есептерді тиімді 
орындауы үшін қаржылық есептілік кәсібилік, 
 
ашықтық, тәуелсіздік, маңыздылық, стандарттық 
секілді қағидаларға жауап беріп,  сондай-ақ бух-
галтерлік есеп және қаржылық есептіліктің қағи-
далары мен негізгі сапалық сипаттамаларына сәй-
кес келуі тиіс.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ақпараттың 
қажеттілігін айқындайтын ұғынықтылық, орын-
дылық, сенімділік, салыстырымдылық секілді 
сапалық сипаттары тікелей халық 
аралық стан-
дарттарды пайдалану немесе оларды бухгал-
терлік есеп және қаржылық есептіліктің ұлттық 
жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол 
жеткізіледі. ҚЕХС мен АХС қолданудың экономи-
калық перспективалары капиталды тиімді бөлу, 
капитал жұмсалымының барынша кең таңдауы 
және олардың рентабельділігінің өсуінде жа-
тыр. Әлемдік  нарыққа шығу жеңілдеп, капитал 
тартуға жұмсалатын шығындар азаяды. Бұл  жаңа 
бизнес-құрылымдардың дамуына, жаңа жұмыс 
орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың 
азаюына, халықаралық нарықтарда қазақстандық 
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің артуы-
на, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне ықпал 
ететін болады. 
Қаржылық есептіліктің белгілі бір дәреже-
сін қалыптастыру және ұсыну мәселелері бүгінгі 
таңда қолданыста жүрген халықаралық стандарт-
тарға қатысы бар. 
Қаржылық есептілік экономикалық шешімдер 
қабылдау барысында пайдаланушылардың кең 
көлеміне пайдалы болатын ұйымның қаржылық 
жағдайы, қызметтің нәтижелері және ақшалай 
қаражаттарының қозғалысы туралы реттеліп ұсы-
нылған ақпарат болып табылады. Сонымен қа-
тар, қаржылық есептілік ұйымның  ресурстарын 
басқару жөніндегі басшылықтың жұмыс нәтижесін 
көрсетеді. 
Ескертпелерде келтірілген ақпаратпен қатар, 
аталған мәліметтер  қаржылық есептілікті пайда-
ланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының 
қозғалысын болжауға, ақша ағындарының туындау 
мерзімдері мен айқындау дәрежесін анықтауға 
көмектеседі. 
Қаржылық есептілік ұйымның келесідей көр-
сеткіштері туралы ақпаратты ұсынады: 
– активтері;
– міндеттемелері;
– дербес капиталы;
– кірістері мен шығыстары, оның ішінде өзге де 
кірістері мен шығындары; 
– ақша қаражаттарының қозғалысы.
Гүлнар АМАНОВА,
«Қаржы академиясы» АҚ 
«Есеп және Аудит» кафедрасының доценті, 
э.ғ.к. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
64
ҒЫЛЫМ
Ұйымның қаржылық есептілігі ұйымның 
қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелерін, ұйым-
ның ақша қаражаттарының қозғалысын әділ 
әрі шынайы ұсынуы тиіс. Қаржылық есептілікті 
шынайы ұсыну келесілерді талап етеді: 
– ҚЕХС сәйкес бағалаудың анықтамалары мен 
критерияларына сәйкес операциялардың, өзге де 
оқиғалар мен жағдайлардың әсерін нақты беру; 
– ақпараттың орындылығы, сенімділігі, салыс-
тырымдылығы және ұғынықтылығын қамтамасыз 
ете отырып, ақпарат, оның есеп саясатын ұсыну,
–  ұйымның қаржылық жағдайы мен қыз-
метінің қаржылық нәтижесіне  нақты операция-
лардың немесе оқиғалардың ықпалын анықтау 
үшін ҚЕХС талаптары жеткіліксіз болған жағдай-
ларда қосымша  егжей-тегжей ақпараттр ұсыну. 
Қаржылық есептіліктің шынайылығы егер 
есептілік барлық халықаралық стандарттарға 
сәйкес жасалған жағдайда пайда болады.  ҚЕХС 
дәл осындай сәйкестілігі туралы  анық әрі нақты 
бекітуі ескертпелерде көрініс табуы тиіс. Со-
нымен бірге ҚЕХС сәйкестігі дегеніміз есептілік 
әрбір стандарттың және Түсінік беру жөніндегі 
тұрақты комитеттің қолданған түсінік берулерінің 
талаптарын қанағаттандырады дегенді білдіреді.
Қаржылық есептілік, егер басшылықтың ұйым-
ды жабу немесе қызметті тоқтату  ниеті болмаса, 
немесе осылай жасаудан басқа жолы болмаған 
жағдайда, қызметтің үздіксіздігі қағидалары не-
гізінде даярланады. 
Қаржылық есептілікте ұйымның үздіксіздік 
қағидасын ұстану мүмкіндігі туралы елеулі күмән-
дер ашылады.  Егер ұйым үздіксіздік қағидасын 
ұстанбайтын болса, онда қаржылық есептілікте 
 
үздіксіздік принципіне сәйкес келмеуі,  қаржылық 
есептілік құрастырылған негіз егжей-тегжей көр-
сетіледі. 
Басшылық қаржылық есептілікті дайындау 
кезінде ұйымның өз қызметін кемінде есептік ке-
зеңнен кейінгі он екі ай ішінде одан әрі жалғасты-
ра алатындығын бағалауы тиіс. 
Қаржылық есептілікке берілген ескертпелерде 
қаржылық есептілік пен өзге де тиісті ақпаратты 
құрастырған күнге дейінгі активтердің сипатын 
және міндеттемелерді, баланстық құнды сипат-
тай отырып активтер мен міндеттемелердің ба-
ланстық құнын айтарлықтай түзетуді тудыратын 
шынайы еместігін бағалаудың алдағы және өзге 
де көздері туралы негізгі болжамдар көрсетіледі.
Кейбір активтердің (және міндеттемелердің) 
баланстық құнын айқындау  баланстың датасы-
на бағалауды орындауды көрсетілген активтер-
ге (және міндеттемелерге) болжанбаған алдағы 
оқиғалардың әсеріне болжам жасайды. Мысалы, 
ұйым жеңіліс тапқан сот процесі қозғалды делік.  
Қаржылық есептілік бекітілген сәтте талап арыз 
бойынша шығындардың жиынтық сомасы нақты 
әлі анықталмаған. Мұндай жағдайда  шығындарға 
алдын-ала есептеу жүргізіп,  оларды жабуға баға-
лаушылық міндеттемені қалыптастыру қажет. 
Қаржылық есептілікке берілген ескертпелерде 
есептік бағалаулар көрсетіледі. Олар, мысалы ке-
лесілерді  анықтауға қажет болуы мүмкін: 
– негізгі қаражаттарды кластары бойынша өте-
летін көлемдерді; 
– қорлардың құнсыздануының әсерін; 
– сот процесінің нәтижелері бойынша шығын-
дарды жабуға бағалаушылық міндеттемелер; 
– зейнетақы бағдарламалары бойынша 
ұзақмерзімдік міндеттемелер. 
Бағалауды есептеуде  ақша ағындарын (неме-
се қолданылатын дисконттаудың мөлшерлемесі) 
түзетудің тәуекелі туралы, еңбек ақы  деңгейінің 
алдағы өзгерістері, сондай-ақ өзге де шығындарға 
әсер ететін алдағы бағаның толқуы туралы бол-
жамдар ескеріледі.  
Келесі қаржы жылы ішінде, егер олар балан-
сы жасалған күні соңғы нарықтық бағаларға не-
гізделген әділ құн бойынша бағаланған болса, 
олардың баланстық құнының айтарлықтай өзгеру 
тәуекелімен сипатталатын  активтер (немесе мін-
деттемелер) үшін мұндай ақпаратты егжей-тегжей 
ету  талап етілмейді. 
Қажетті ақпарат басшылықтың алдағы оқиға-
лар туралы және белгісіздік жағдайларында баға-
лау үшін өзге негіздемелер туралы кәсіби пайы-
мын пайдаланушылар түсінуге көмектесетіндей 
етіп ашылып берілуі тиіс. 
Ұсынылып отырған ақпараттың егжей-тегжейі-
нің сипаты мен дәрежесі жорамалдың сипаты мен 
өзге де жағдайларға байланысты. Мысалы: 
– жорамалдың сипаты немесе бағалаудың бел-
гісіздігінің өзге сипаттамасы; 
–  қолданылатын әдістер, есептеуге негіз 
болған, оның ішінде осындай тәуекелділіктің се-
бептері, жорамалдар мен бағалауға баланстық 
құнның тәуелділік дәрежесі; 
– белгісіздіктің болжанған рұқсаты және  тиісті 
активтердің (және міндеттемелердің) баланстық 
құнына әсер ететін келесі қаржы жылы ішіндегі 
оның ықтимал нақты салдарының спектрі; 
– бағалаудың белгісіздігі сақталып отырған ак-
тивтер мен міндеттемелерге қатысты бұған дейін 
қабылданған рұқсаттардың өзгеруін түсіндіру. 
Ақпаратты ашу жоспарлы немесе болжамдық 
сипаттағы мәліметтерді беруді көздемейді. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
65
ҒЫЛЫМ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ
 
ШЕШУ ҮШІН БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҚҰРЫЛЫМДАУ
Зүлфия ҚАЙЫРҚАНОВА,
магистр, оқытушы 
«Қаржы академиясы» АҚ
zulfiya040710@mail.ru
Түйін сөздер: бағалау, құрылымдау, маман, құқық
Баптың мақсаты – экономикалық мәселелерді 
шешу үшін бағалау қызметін құрылымдау болып 
табылады. Банктер, кредиттік ұйымдарға, өза-
ра және зейнетақы қорларының мүлікті бағалау 
барлық түрлерін, кәсіпорында сақтандыру компа-
нияларымен мақала мәмілелер. Назар аударыңыз 
Қазақстан Республикасында бағалау қызметін 
құрылымдау жасалады. Соңында, бюджет мемле-
кет үшін үлкен әлеуетке қамтамасыз ете алады 
жылжымайтын мүлікті жаппай бағалау көшу ар-
тықшылықтарын, талқылайды.
 Тұтастай алғанда кәсіпорынның жылжымайтын мүл-
кін бағалау – бұл кәсіпорынды бағалаудың бір құрамдас 
бөлігі. Сонымен, бағалау қызметі жеткілікті түрде көп 
қырлы. Бағалау қызметінің осы саналуандығына қара-
мастан оның келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
 – салық салу мақсаттары үшін (осы бағыт бойынша 
жұмыс үшін мыңдаған мамандар қажет етіледі) жеке 
тұлғалардың мүлігін (негізінен жылжымайтын мүлікті) 
жаппай бағалау;
– бухгалтерлік есеп және есептілік мақсаттары 
үшін кәсіпорындар активтерін тұрақты қайта бағалау, 
кәсіпорынды басқарудың ішкі міндеттері үшін бизнестің 
нарықтық құнын бағалау (мыңдаған мамандар қажет 
етіледі);
– мемлекетішілік есепке алу және шешімдер қабыл-
дау үшін мемлекеттік кәсіпорындардың меншігін бағалау 
және мемлекеттік кәсіпорындардың құнын нарықтық 
бағалау (соның ішінде кәсіпорындарға қатысу және 
басқалары) (жүздеген мамандар қажет етіледі);
– мәмілелерді жасау мақсаттары үшін кез келген түр-
дегі, соның ішінде мемлекеттік мүлікті бағалау, яғни тәу-
елсіз бағалау (мыңдаған мамандар қажет етіледі).
Жоғарыда атап өтілгендей, бағалау бойынша тұрақты 
жұмыстарды өткізу үшін қазіргі уақытта Қазақстанда жоқ 
мыңдаған мамандар қажет етіледі, бұл ретте Бағалау қы-
зметі туралы заңның талаптарына сәйкес мамандардың 
мұндай санын даярлау көп жыл уақытты алады.
Бағалау бойынша жұмыстардың кейбір бағыттары-
ның ресмилігі туралы айтылған ережелерге сүйенсек, 
осы мәселені шешуге Қазақстан Республикасындағы 
бағалау қызметін құрылымдау (1-кесте) көмектесе алады.
 Бағалау қызметін осы құрылымдауда негізгі және 
үйлестіруші рөлді тиісті министрліктер мен ведомство-
ларға бағалау қызметінің белгілі бір бағыттары бойынша 
бағалаушыларды аттестациялауға және аккредитация-
лауға лицензиялар бере алатын Мүлікмині алуы керек.
Бағалау қызметін құрылымдаудың ұсынылған жүйесін 
пайдаланумен банктердің, кредиттік ұйымдардың, пай 
және зейнетақы қорларының, сақтандыру қорларының 
мүлкіне бағалауды жүргізуге болады, не әдістемелік, рет-
теушілік және бақылау функцияларын ҚР Ұлттық Банкіне 
мүмкін жүктеумен олар үшін осыған ұқсас құрылым әзір-
леу қажет. Бағалау қызметінің осы түрі көбіне актуарлық  
бағалауға жатады, ол Қазақстанда әзірге дамымағанын 
атап өтеміз.
Ұсынылған бағалау қызметін құрылымдау қазақстан-
дық кәсіпорындарды есепке алу және қайта бағалау 
бойын ша, лицензияланатын қызметтің түрлерін қысқар-
ту бойынша алда тұрған міндеттерге едәуір толық 
көлемде жауап береді. Бұдан басқа ол мыналарға мүм-
кіндік береді:
– бағалаушы кадрларды дайындауға оңтайлы тұрғы-
дан келу, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың 
мамандары тобын барынша тарту;

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
66
ҒЫЛЫМ
1-кесте. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін құрылымдау 
№ 
Бағалау 
қызметінің 
бағыттары
Қажет мамандар
Талап  етілетін 
дайындық 
және білім
Әдістемелік және 
нормативтік 
қамтамасыз ету
Бақылайтын 
органдар
1
2
3
4
5
6
1
Салық салу 
мақсаттары үшін  
жылжымайтын 
мүлікті (жеке 
тұлғалардың 
мүлігін) жаппай 
бағалау
Бағалаушы – есептеуші 
(мысалы, ТТБ, салық 
органдарының 
қызметкерлері)
Мамандан-
дырылған екі 
апталық курстар
Салық салу мақсаттары 
үшін жылжымайтын 
мүлікті бағалаудың 
құндық базасын 
анықтау. Мемқұрылыс, 
Мемстатком, 
Қаржымині, салық 
органдары
Қаржымині, салық 
органдары
2
Кәсіпорындардың 
активтерін қайта 
бағалау және 
бизнесті ішкі 
бағалау
Ішкі бағалаушы 
Бағалау қызметі 
туралы ҚР 
Заңының 
талаптарына 
сәйкес
Бухгалтерлік есеп және 
есептілік мақсаттары  
үшін кәсіпорындар 
активтерінің 
құндық базасын 
анықтау. Қаржымині, 
салық органдары, 
Экономикамині, 
Мемқұрылыс
Экономикамині, 
Қаржымині. 
Сапаны бақылауды 
бағалаушылардың 
өз бетімен 
реттелетін ұйымы 
жүзеге асырады
3
Мемлекеттік 
кәсіпорындардың 
меншігін және 
басқа мемлекеттік 
мүлікті бағалау
Мемлекеттік 
меншікті бағалаушы 
(мемқызметші, дербес 
тұлға немесе компания)
Бағалау қызметі 
туралы ҚР 
Заңының 
талаптарына 
сәйкес 
Мүлікмині, Мем
құрылыс, 
Экономикамині
Мүлікмині. Сапаны 
бақылауды 
бағалаушылардың 
өз бетімен 
реттелетін ұйымы 
жүзеге асырады
4
Олармен 
мәмілелер жасау 
мақсатында кез 
келген түрдегі 
мүлікті бағалау
Кәсіпорынның 
қызметкері (мемлекеттік 
қызметші) болып 
табылмайтын тәуелсіз 
бағалаушы (заңды 
немесе жеке тұлға)
Бағалау қызметі 
туралы ҚР 
Заңының 
талаптарына 
сәйкес 
Мүлікмині, 
Мемқұрылыс, 
Экономикамині, 
бағалаушылардың  өз 
бетімен реттелетін 
ұйымдары
Мүлікмині. Сапаны 
бақылауды 
бағалаушылардың 
өз бетімен 
реттелетін ұйымы 
жүзеге асырады
– бағалаудың әдістемелік және нормативтік базасын 
дайындау саласындағы әртүрлі министрліктер мен ве-
домстволардың  әлеуетін пайдалану;
– барынша қысқа мерзім ішінде салық салу және 
кәсіпорындардың активтерін қайта бағалау мақсаттары 
үшін жылжымайтын мүлікті бағалау міндеттерін шешу; 
– бағалау кезінде шығармашылықтың жоғары дең-
гейімен ақылға қонымды реттеу және бағалауды алго-
ритмдеуді біріктіре отырып, бағалау қызметінің түрлі 
бағыттары бойынша бағалаушылар қызметін реттеу;
– бағалау қызметінің қатысушылары рөлдерін нақты 
бөлу, олардың өзара қарым-қатынасы қағидаларын 
белгілеу.
Жылжымайтын мүлікті, соның ішінде құрылысы 
аяқталмағанды жаппай бағалауға көшу бюджетті қалып-
тастыру үшін мемлекетке үлкен әлеуетті қамтамасыз 
етеді. Жылжымайтын мүлікті бағалау үшін жылжымай-
тын мүлік жақсы қалыптастырылатын болып табылады 
және салық салудан жасыру қиын болып табылатын 
жеткілікті мөлшерде айқын салық салынатын базаны 
білдіреді. Салық органдары осы жұмысты бастап қой-
ды. Дегенмен бағалау қызметінің осы құрылымдауын 
жүргізбесе, Қазақстанда осы бағдарламаны тәжірибелік 
тұрғыдан іске асыру қиын болады. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
67
ҒЫЛЫМ
Бағалаушыларға   қойылатын басқа талаптар және бағалауды өткізу шарттары
7
Лицензиялау талап етілмейді. Бағалаушыларды аттестациялау Мемқұрылыс жанында өткізіледі. Жылжымайтын мүлікті 
жаппай бағалау бойынша әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуді Мемқұрылыс және Қаржыминінің 
аттестациялауы, заңнама деңгейінде нақты регламенттеу және бекітілген әдістемелер қажет. Кадрларды үнемі қайта 
даярлау және оларды аттестациялау қажет. Осындай оқытуды және бағалаушыларды ведомстволармен бірлескен 
аттестациялауды және қамтамасыз етуді НЛСОД жолға қоя алады. Әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуді 
дайындау және аттестациялау жөніндегі тиісті заңдарды әзірлеу бойынша мемлекеттік бағдарламалық қажет. Осы 
бағыт бойынша бағалаушылардың тізілімін жүргізуді өзіне Мемқұрылыс ала алады.
Егер бағалаушылар бағаланатын кәсіпорынның қызметкерлері болса, лицензиялау, осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу 
талап етілмейді. Бағалаушыларды аттестациялау Экономикамині жанында өткізіледі. Кәсіпорындардың жылжымайтын 
мүлкін бағалау кезінде әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылуы мүмкін. Бағалау үдерісін 
барынша алгоритмдеумен активтерді қайта бағалауды нақты заңнамалық регламенттеу қажет. Кадрларды үнемі қайта 
даярлау және оларды аттестациялау жүргізіледі. Осындай оқытуды және бағалаушыларды ведомстволармен бірлескен 
аттестациялауды НЛСОД жолға қоя алады. Кәсіпорындардың активтерін қайта бағалауды заңнамалық және әдістемелік 
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау қажет. Ішкі бағалаушылар бағалаушылардың өз бетімен реттелетін 
ұйымдарының мүшелері болып табылуы мүмкін. Осындай бағалаушылардың тізілімін Экономикамині жүргізеді. 
Мәмілелерді жасау мақсатында мүлікті бағалау үшін тәуелсіз бағалаушылар шақырылады.
Егер бағалаушылар мемлекеттік қызметшілер болса, лицензиялау талап етілмейді. Егер бағалаушылар дербес заңды 
немесе жеке тұлғалар болса, лиценизиялауды Мүлікмині өткізеді. Мемлекеттік жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде 
әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылуы мүмкін. Бағалау үдерісін барынша алгоритмдеумен 
мемлекеттік кәсіпорындардың активтерін қайта бағалауды нақты заңнамалық регламенттеу қажет. Мемлекеттің 
ішкі қажеттіліктері үшін бағалауды жүргізу: мемлекетке тиесілі активтерді есепке алу, оны басқару тиімділігі туралы 
шешім қабылдау мақсатында мемлекеттік меншіктің нарықтық құнын бағалау және басқа. Кадрларды үнемі қайта 
даярлау және оларды аттестациялау жүргізіледі. Өз бетімен реттелетін ұйымға қатысу туралы талап қойылуы 
мүмкін. Осындай оқытуды НЛСОД жолға қоя алады. Мемлекеттің ішкі мақсаттары үшін бағалауды заңнамалық және 
әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау қажет. Негізінен мемлекеттік меншікті бағалаушылар – бұл 
ішкі бағалаушылар. Олар бағалаушылардың өз бетімен реттелетін ұйымдарының мүшелері болып табылуы мүмкін. 
Осындай бағалаушылардың тізілімін Мүлікмині жүргізеді. Мәмілелерді жасау мақсатында мүлікті бағалау үшін тәуелсіз 
бағалаушылар шақырылады.
Бағалау қызметі саласындағы қызметтерді міндетті түрде  лицензиялау және сертификаттау.  Ең жоғары білікті 
бағалаушылар бағалаудың кез келген саласындағы жұмыстарды орындау үшін тартылуы мүмкін. Өз бетімен 
реттелетін ұйымдардың мүшелері болып табылады. Бағалау бойынша жұмыстың барлық қырын қамтамасыз ете 
алады. Бағалау қызметінің негізгі ғылыми-әдістемелік негізі болып табылады.   Осындай бағалаушылардың тізілімін 
Мүлікмині жүргізеді. Қызметтерді сертификаттауды НЛСОД қамтамасыз ете алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. 
Закон РК «Об оценочной деятельности в РК» от 
30 ноября 2000 г. № 109. (с изменениями и дополнения-
ми 13.01.2014 г.).
2. 
Совместный приказ министра юстиции РК от 21 
ноября 2002 г. № 171 и министра финансов РК  от 2 дека-
бря 2002 г. № 597. Зарегистрирован в МЮ РК 5 декабря 
2002 г. № 2067. «Об утверждении правил по примене-
нию субъектами оценочной деятельности требований к 
методам оценки предприятия как имущественного ком-
плекса».
3. 
Международные стандарты оценки МСО-2005. 
Руководство 1 (МРО 1). Оценка стоимости недвижимого 
имущества.
4. 
Международные стандарты финансовой отчет-
ности (МСФО 2, МСФО 16).
5. 
А. Т. Евтух. Система знаний о стоимости// Эконо-
мический анализ. 2005, №10,  с.15–23.
6.  В. Е. Бочаров, М. В. Пылов. Структурирование 
оценочной деятельности для решения экономических 
задач//Аудитор, 2001, №1, с. 32–35.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
68

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
69
Реализация пяти институцио нальных 
реформ и трансформация экономики 
страны – не краткосрочный антикризис-
ный план, как считают некоторые. Это 
продолжение многолетней политики 
совершенствования  государствен ного 
устройства, в которой акцент делается на 
«потенциале будущего» – человеческом 
развитии. 
Казахстан – небольшой игрок в миро-
вой экономике. И на нас оказывают влия-
ние практически все внешние факторы: 
падение стоимости сырьевых ресурсов, 
замедление темпов роста России и Ки-
тая, нормализация монетарной политики 
США, укрепление доллара, понижение 
мирового спроса, снижение производ-
ства и многое другое.
Нынешний экономический кризис, 
по прогнозам многих экономистов, мо-
жет затянуться на несколько лет. Сопро-
вождаться это будет низкими ценами на 
сырье: углеводороды и металлы. Поэтому 
перед Казахстаном стоит вызов – сохра-
нить и преумножить доходы, не сокра-
щая расходов.
Благодаря накопленным в «сытые» 
годы резервам, в том числе и сред-
ствам Национального фонда, наша 
страна борется с внешними шоками и 
последствия ми внешнего давления.
Благодаря резервам «подушки без-
опасности» Правительство продолжает 
реализовывать социальные программы, 
поддерживая население. Но необходимо 
не только «поддерживать страну на пла-
ву», но и продолжать развитие. То есть 
заранее готовить Казахстан к посткри-
зисному росту. 
На это направлены фундамен тальные 
реформы, вошедшие в План нации
Главная идея выдвинутых Президен-
том Республики Казахстан Пяти институ-
циональных реформ – заинтересовать 
население в их реализации. Для этого 
казахстанцев нужно обеспечить благами 
жизни. Прежде всего – удовлетворить ба-
зовые нужды: качественное образование, 
высокий уровень здравоохранения, до-
стойно оплачиваемый труд, продоволь-
ствие, совершенство законодательства 
и безопасность. Все это вкупе повышает 
стандарты жизни и обеспечивает жела-
ние населения прививать и реализовы-
вать новые реформы.
Несмотря на сложности в экономике, 
Правительство не только не сокращает 
расходы на образование, но существен-
но увеличивает их. В ближайшие три года 
на эту сферу будет направлено более  
1,1 триллиона тенге. Эти средства вклю-
чают в себя расходы на подготовку ква-
лифицированных работников с техни-
ческим и профессиональным, высшим и 
послевузовским образованием. В резуль-
тате страна к 2019 году получит 117 ты-
сяч специалистов различного профиля 
по сельско хозяйственным, техническим, 
педагоги чес ким специальностям. То есть 
в тех областях, где сегодня ощущается 
наибольшая нехватка квалифицирован-
ных кадров. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет