Музыка сабағында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы Final музыкалық бағдарламасын қолданудың тиімділігі



бет1/7
Дата19.04.2023
өлшемі69,13 Kb.
#84420
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Музыка сабағында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы Final музыкалық бағдарламасын қолданудың тиімділігі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3


1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ПӘН - МУЗЫКА


1.1. Музыка сабағы және оның негізгі бағыттары.................................................6
1.2. Ән айтуға үйрету әдістемесі........................................................................8

2. МУЗЫКА САБАҒЫНДА ӘН ОРЫНДАУ ІС ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ FINAL МУЗЫКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...........................................................................11


2.1. Музыкалық-орындаушылық іс-шаралар....................................................11
2.2. Ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы FINAL музыкалық бағдарламасын қолдану..........................................................................................14

3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ.......................................................................17


ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................21


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................24



КІРІСПЕ


Курс жұмысының өзектілігі. Әрбір халықтың ерте заманнан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан өнер мұрасы бар. Ол мұра уақыт өткен сайын әрбір өнершінің елегінен өтіп, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Ата-бабаларымыздың біздің бәрімізге қалдырған үлкен мұрасының бірі - музыка. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері бар, біздің тәрбие ананың ақ сүті, ана әлдиі, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Солардың бірі – халық музыкасы.
Бастауыш сыныптардан бастап музыка сабағын оқыту жүйесіне көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласындағы дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда. Дегенмен бұл әдістемелер мен бағдарламалар әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерттеліп, оны бастауыш мектепте толығымен қолға алынбағандығына көз жеткіздік.
Музыка теориясын жасаған Шығыстың ұлы ойшылы оның басты нысаны – өнердің өкілі болып саналатын музыканың мән-маңызын зерттеу деп есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Әбу Насыр әл Фараби: «Оның дүниеге келуіне табиғи және сезімталдық қасиеттер әсер етті», – деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның музыканы жазу мен жасауға қабілеттігін, ауыр еңбек бүтіндей тартып әкеліп, шаршаудан серпіліп, демалуға ұмтылуды жатқызады. Осылайша Әбу Насыр әл-Фараби халық шығармашылығының бастауы болып саналатын – музыкамен поэзияның қызметін былайша айқындайды: біріншіден, тынығу – адамдар ән тыңдау арқылы демалумен қатар рахатқа бөленеді; екіншіден, әсерлі сезімді шығармашылық – өз тәнінің жағдайына әсер еткісі келеді: оның бойындағы белгілі бір жағдайдан, үрей – қорқыныштан жұбату, одан серпілту немесе бірдеңені ұмыту; үшіншіден, белсенді шығармашылық – ән шырқау арқылы өзінің айтқан ауызекі сөздеріне белгілі бір мән-мағына беріп, тыңдаушыны әсерге бөлеп, оның көз алдына терең түсіністік жағдайын елестету [1].
Бастауыш мектеп оқушыларының білім алуында ерекше орын алатын пән музыка өнері болып табылады. Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған әдемілік пен әсемдік әлемінен сыр шертетін әуезді ән өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге деген қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-тәрбие алуына септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен қатар, ән-саз өнері оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған оқушының бойында қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені оқушыны сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп, оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет. Зерттеу жұмысымыз өнердің соның ішінде ән-саз өнерінің жекелеген түрлерін зерттеп, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін, заңдылықтарын егжей тегжейлі даралап, салаларға бөліп ажыратып оны оқушылардың бойына сіңіру қажет деп тұжырымдауға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет