Н. А. Раупова Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді Алматы



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата04.02.2017
өлшемі411,33 Kb.
#3382
1   2   3   4   5   6   7   8

Санамақтар

Бір

Бір


Піл, 

Бір


Зіл,

Бір 


Құр,

55

Бір


Шіл,

Бір


Ұл ...

Біл,


Бұл – 

Кіл


Бір! 

Екі

Екі қолым ел үшін де алысса, 

Екі аяғым жеткізеді алысқа! ..

Үш

«Атам, әжем және мен!»

Болса есепке талабың, 

Айта қойшы,

Кәне, мен

Неше адамды санадым?..

«Әкем, шешем және мен!»

Болса есепке талабың, 

Айта қойшы,

Кәне, мен

Неше адамды санадым?..

 

«Ағам, інім және мен!»



Болса есепке талабың, 

Айта қойшы,

Кәне, мен

Неше адамды санадым?..

  

«Әпкем, сіңлім және мен!»



Болса есепке талабың, 

Айта қойшы,

Кәне, мен

Неше адамды санадым?..



Төрт

Батыс пенен Солтүстік, 

Шығыс пенен Оңтүстік – 

Әлемнің төрт бағдары, ұқ,

Қалма жолда дағдарып! ..


56

Бес

Бас бармақ, қойды баға ғой, 

Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой, 

Ортан қол, суға бара ғой,

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ, 

Шынашақ, ұйықтап қала ғой!..

                                                              

 

 

 

  Б. Қошым-Ноғай

3-тақырып

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 

Әжем және мен 

Сонау бала кезімде

Балғын ғана кезімде,

Әжемнің ән-әлдиін

Тыңдайтыным есімде ...

Сонау бала кезімде, 

Күн күлімдеп көзінде,

Өрмек тоқып, әжемнің

Тынбайтыны есімде. 

Сонау бала кезімде,

Қыстың ұзақ кешінде

Ертегісін әжемнің 

Тыңдайтыным есімде. 

                                                              

 

 

А. Асылбек 



Ақ мамам 

Ел жатқанда жатпаған, 

Мен деп тыным таппаған,

Бақыты үшін баланың 

Аман-сау бол, ақ мамам.

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген. 

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен. 

Өзің маған мият күн,

Сен деп таңым жиі атты, 

Ақ мамамның айқайы

«Айналайын» сияқты ...

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә. Дүйсенбиев 


57

4-тақырып 

БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ 

Түрлі түсті бояулар

Түрлі түсті бояуларды білемін,

Ажыратам көгін,

Сұрын,


Күреңін ...

Тас көмірдің түсі шымқай ҚАП-ҚАРА,

Сурет  салам бормен қара тақтаға. 

Қаңтардағы қардың түсі АППАҚ тым, 

Ал гүлдері САП-САРЫ ғой бақбақтың. 

Жыл құстары қиқу салса көктем кеп, 

Бұлттан ада ашық аспан КӨКПЕҢБЕК.

ЖАП-ЖАСЫЛ боп қанат жайса жапырақ, 

ЖАП-ЖАСЫЛ боп шығады бар атырап.

ҚЫП-ҚЫЗЫЛ ғой даладағы қызғалдақ,

ҚЫП-ҚЫЗЫЛ боп жүрем мен де ызғарда. 

Биылғы жыл қоңыр күз де ҚОП-ҚОҢЫР

Қозыларға кенет толып кетті өңір.

Түрлі түсті бояуларды білемін ...

Ажыратам ашық,

Күңгірт,


Күреңін. 

Тіпті олардан қоспа жасап аламын,

Сан алуан суреттерді саламын ...

Көктем бояулары

Қарындашты,

Дәптерді 

Сақадай ғып сайладым.

Суретін мен көктемнің

Салмақшы боп ойладым. 

Мынау қоңыр – 

Жер беті,

Мынау жасыл – 

Шыбықтар,

Көгілдір – 

Көк келбеті,

Ал мына сұр – 

Бұлттар. 

Қара бояу – 

Тау мұным. 



58

Апа, мұнда бір қара: 

Бейне әжемнің жаулығы,

Жатыр ақ қар шыңда да. 

Міне, нұрлы көктем бұл,

Өкінішім бірақ та:

Тұрмын енді 

Мөп-мөлдір

Бояу таппай бұлаққа!.. 

          



Кемпірқосақ 

Жеті түсті қарындаш – 

Тату-тәтті қарындас

Күні бойы болдырып,

Ұзақ-ұзақ жол жүріп,

Көлге бірге барыпты,

Қол ұстасып алыпты ...

Күн еді бір жауынды,

Артқа тастап ауылды,

Жетеуінің жолымен

Мен де жүріп көріп ем,

Байқадым бір қызықты:

КЕМПІРҚОСАҚ сызыпты!.. 

   


 

 

Б. Қошым-Ноғай



Көктем қайдан алады?

Папам менің ойланып,

Боямақ боп қақпаны:

Ақтарды да қойманы,

Бір құты сыр таппады. 

Жап-жасыл ғып бояды,

Бүкіл орман, даланы:

Соншама мол бояуды

Көктем қайдан алады?! 

                               М. Жаманбалинов 



Сары бояу

Сипап өткен самалға

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған 

 

 

 

 

 


59

        Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Жарқыраған, 

Жайнаған


Сары бояу айналам.

Жарқын күздің бояуы

Дәл осындай болады. 

   

 

 

Қ. Баянбай

Көбелек

Ақ қанатты көбелек, 

Көк қанатты көбелек, 

Қызыл қанат көбелек, 

Бақшамызға келе кет. 

Көбелек-ау, көбелек,

Бақшамызға келе кет!

Гүлдер, гүлдер көктесін, 

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін. 

Көбелек-ау, көбелек,

Бақшамызға келе кет!

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Смақов

Түрлі түстер

Қызыл, жасыл, көк ...

Түрлі түстер көп. 

Аппақ түсім – сүт, 

Бозғылт түсім – бұлт. 

Жасыл бояу – шөп,

Сары бояу – сөк. 

Қара түсім – қас, 

Сұрғылт түсім – тас. 

Мөлдір бояу – су, 

Көкшіл – біздің ту! 

   

 

 

Е. Өтетілеуұлы 


60

Төрт түсті жер үсті

Алқап бар –

Аппақ қар.

Тым сұсты

Қыс түсті –

Ақ түсті


Жер үсті.

Көл, бел, қыр – 

Көгілдір.

Шықты дүр

Көктем-гүл –

Көк түсті

Жер үсті.

Жалын  –  жон,

Жасыл дөң.

Көлде – қаз,

Келді жаз – 

От түсті 

Жер үсті.

Жаңбыр, қақ,

Қоңыр бақ.

Тұлдыр түз – 

Түсті күз – 

Тот түсті

Жер үсті.

Ақ түсті, 

КӨК түсті,

От түсті –

ТОТ түсті,

Төрт түсті,

Жер үсті.  

   

 

 

Е. Өтетілеуұлы

5-тақырып 

САЯХАТ 

Саяхатшылар әні 

Ал, келіңдер, ат-арбаны жегейік,

Ал, келіңдер, сайрандап біз келейік. 

Барайық біз орман, тауға, көлге де,

Дөңгелектер, дөңгелектер, дөңгеле!


61

Ал, келіңдер, машинаға мінейік,

Сайрандайық, ән салайық, күлейік. 

Барайық біз орман, тауға, көлге де,

Дөңгелектер, дөңгелектер, дөңгеле!

Жүйткі, пойыз, вагондарың теңселіп, 

Күндіз жүрсек, түнде жүрсек, ән серік.

Барайық біз орман, тауға, көлге де,

Дөңгелектер, дөңгелектер, дөңгеле!

Ал, жүріңдер, қолға таяқ алыңдар,

Бәрінен де жаяу жақсы адымдар.

Туған жерді аралап бір келіңдер,

Туған жердің тамашасын көріңдер. 

   

 

 

 

Ж. Смақов

Алатау

Алатаудың басына

Күмбез болып қонды ай. 

Нұрын төгіп тасына,

Сабырменен тұрды жай. 

Алатауым әдемі,

Алматыма алқадай. 

Айы арнап әдейі

Атам жаққан лампадай. 

Қанат беред Алатау

Қиялыма қияқты,

Қиялым да биік-ау

Алатауым сияқты. 

 

 

 

Ө. Тұрманжанов 

Құлпыра берші, кең дала

Құлпыра берші, кең дала,

Гүліңді күнде терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін. 

Жасауыңды жайнатып, 

Алдыма тегіс үйейін. 

Нәрестедей балдырған

Қуанып сақ-сақ күлейін. 


62

Гүліңді құшып күн сайын,

Кең бақшаңда жүрейін.

Қанбағандай құмарым,

Тағы да сақ-сақ күлейін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Саин 

Туған жер

Құлпырды қыр көктем кеп, 

Құстар әнге салады. 

Қызғалдақтар неткен көп,

Көмкеріпті даланы!

Алтын нұры шашырап, 

Шуаққа Күн бөледі.

Сіңлімді ертіп қасыма,

Қырды кезіп келемін.

Тердім гүлін ерінбей, 

Қызықтан құр қалам ба?!

Бар ма туған жерімдей

Әсем өлке ғаламда?!. 

                                                         

 

 

       Б. Қошым-Ноғай



Саяхатшы сан жәндік ...

 

Екі бала өзен ғып,



От басындай жерді ойды.

Екі жағын кезең ғып,

«Су аспас», – деп бір қойды.

Ойпатын суға толтырып,

Көл жасады көк теңіз.

– Қызық қой, – деді, – отырып,

Бұл теңізбен жүзсеңіз...

Жұқа-жұқа жаңқадан

Жасады қайық желқомдап,

Арманға жетпек аңсаған

Желге бетін қойды оңдап.

Құрт-құмырсқа мінгізді,

«Саяхатқа барсын» – деп,

Мен қылған шөл, түзді,

Теңізде деп алсын», – деп.

«Сапар оң!» – деп жел тұрып,

Айдап кетті қайықты.


63

Шөл жәндігі бір жүзіп,

Қызықтады жайықты.

Апта жүріп, ай жүріп,

Мекеніне оралды,

Қарсы беттен жел тұрып,

Қайтуына қолайлы.

Саяхатшы сан жәндік,

Сағыныпты мекенін.

Аңсасаң жерін сағынып,

Білерсің мекен не екенін! 

   

 

 

Ө. Тұрманжанов

6-тақырып

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 

Наурыз

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз. 

Сәскеде – жаз,

Түнде – қыс

Секілді екен наурыз. 

Төлдеп жатыр малымыз,

Қазан толы сары уыз.

Сүті көп те,

Көмірі аз

Болады ғой наурыз. 

Жайдарымыз бәріміз, 

Дастарқанда дәміміз.

Көжесі көп,

Қыры көк,

Қандай жақсы наурыз! 



   

 

 

Қ. Баянбай 

64

7-тақырып

ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН 

Ақ бидай

Кең далада көсілген

Теңіз толқып жатқандай,

Жауын жуып, күн сүйген

Егін нұрға батқандай,

Баптап оны өсірген

Диқан ісі мәрт қандай!

Тұл жер бүгін түрленді,

Тұр жайқалып ақ бидай,

Төресіндей гүлдердің – 

Тұр ғажайып ақ бидай.

Асырайтын күллі елді

Біздің байлық – ақ бидай! 

   

 

 

Е. Өтетілеуұлы 

Сүт ішсең...

Ыстық-ыстық сүт ішсең, 

Дәмі кетпес таңдайдан,

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан. 

«Ағарған», – деп, «Ақ дәм», – деп, 

Аналар төгіп-шашпайды. 

Сүт төгілсе: «Обал», – деп,

Аяғымен баспайды. 

Сүт ішсең үзбей жасыңнан,

Қуатыңды сақтайды.

«Сүттей жоқ, – деп, – асыл дәм!»

Бар адамзат мақтайды. 

   

 

 

Ө. Тұрманжанов 

Көк қарбыз

 

– Балам, тиме бұларға,



Қарбыз әлі көк, – деді. 

Бірақ бала шыдар ма?

Бақша жаққа беттеді. 

Атасына көнбеді,

Тойдырды әбден қарынды. 


65

Ол бақшаға келгелі

Талай қарбыз жарылды. 

Соға берді балпиып, 

Жүргендей-ақ дәм сызбай.

...Қарны кепті қампиып,

Өзі жеген қарбыздай. 

   

 

 

Ж. Кәрбозин 

Тәттіні жегенде

 

Аппақ тісі Болаттың



Болатұғын балғадай.

Күні бойы соғатын

Тәттілерді талғамай.

Қарайтын ел қызығып

Қайран тісі ғажайып

Шіріп, 


Сынып,

Мүжіліп,


Барады тым азайып.

Күткен емес тап мұны,

Өкініші күшті оның:

Ол жегенде тәттіні,

Тәтті жепті тістерін.

   

 

 

Қ. Баянбай

8-тақырып

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ 

Секірмек 

Көк өскен айнала, 

Көңілді қайда да. 

Секірмек ойнап жүр

Балалар аулада. 

Әдіспен не қилы

Айнымай секірді. 

Қарасаң сыртынан,

Серіппе секілді.

   


 

 

Қ. Баянбай



66

Сырғанақ 

Жасап қардан сырғанақ,

Астымда шанам сырғанап,

Құламадан құлдырап, 

Ағып барам зымырап. 

Ей, бөгеме, жолды аш!

Бол, тез, асық, шапшаң бас. 

Келіп қалдым зымырап, 

Ал басамын, аулақ қаш! 

   

 

 

Ғ. Орманов 

«Қақпашы» 

Досбол бізге мақтана:

– Қақпашымын мен! – дейді. – 

Мен тұрғанда,

Қақпаға

Бірде-бір доп енбейді!..



– Көр қақпаға бір тұрып! – 

Дедім мен де. 

– Жарайды!..

Досбол допқа ұмтылып,

Алақ-жұлақ қарайды...

Ә дегенде-ақ қақпаның 

Бір бұрышын көздегем.

Бірақ олай соқпадым,

Жалт бұрылдым лезде мен. 

...  Добым торда тулады,

«Қақпашым» тұр аңырып. 

– Гол! – деп,

Ұлдар шулады,

Қалды Досбол қамығып. 

Кенет уәж тапқан-ды ...

Кенеп қойып ол даусын:

– Қорғайтұғын қақпамды

Жоқ қой, – деді, қорғаушым!..



   

 

 

Б. Қошым-Ноғай

67

Ойнай-ойнай шынықтық

 

Қаздық білек сыбанып,



Қоға жайдан буылдық,

Қолға түссе қуанып,

Қабығымен қуырдық.

Ақ қайраңға аунадық,

Ақ балықты аулады,

Бастап бізді балалық,

Кетті орманға, тауға алып.

Алау жақтық бауларда,

Қада қақтық тауларға.

Қиқуласып құладық

Құлыншақтай аңғарға.

Табиғатта тынықтық,

Талай-талай сыр ұқтық,

Бала кезден батыл боп,

Ойнай-ойнай шынықтық.

   

 

 

С. Мәуленов

Жасырынбақ

Шеңбер құрып тұрамыз,

Сөзге мойын бұрамыз.

Кімді түртсе соңынан,

Саптан дереу шығамыз.

Шеңбер құрып тұрамыз,

Сөзге мойын бұрамыз.

Ең соңында қалса кім,

Көзді дереу жұмамыз!..

   


 

Б. Қошым-Ноғай

68

1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА НЕНІ БІЛІП, ҮЙРЕНУЛЕРІ КЕРЕК:

Балалар жылдың соңында:  

пішін дегеніміз не, ол қалай жасалады және қандай болады;

сызық дегеніміз не, ол қалай жасалады және қандай болады;

композиция дегеніміз не;

өлшем және пішім дегеніміз не, олар қандай болады;

бейненің өлшем және пішіммен байланысы;

күнбағыс қандай түстерден тұрады, негізгі және құрама түстер қандай болады;

құрама түстер қандай түстерден тұрады;

жылы және суық түстер дегеніміз не;

салт-дәстүр дегеніміз не, оған не жатады;

портрет дегеніміз не;

пейзаж дегеніміз не;

натюрморт дегеніміз не екенін 

білуі тиіс. 

Балалар жылдың соңында:

ермексаз, полимерлі сазбалшықпен;

жасанды және табиғи материалдармен;

акварель, гуашь, жай және түрлі түсті қарындаш, фломастерлермен 



жұмыс істей алуы тиіс;

акварель, гуашь, қарындаш, фломастермен сурет салып;

бедерлі және көлемді бейнелер;

аппликация, коллаж;

қарапайым ою-өрнектер;

оригами және ашық хаттар;

портрет,  пейзаж,  натюрморт,  адам  денесінің  композициясын  (оқулықтағы  міндеттерге 

сәйкес). 



жасай алуы тиіс;

жаңа  терминдер  мен  ұғымдарды  пайдаланып,  бағдарлама  тақырыбы  бойынша  ойлары  мен 

идеяларын;

әскерлегіш құралдарды пайдаланып, тақырып бойынша өз ойлары мен идеяларын 



көрсете алуы тиіс;  

жыл бойы меңгерген білімдерін пайдаланып өнер туындыларын 



суреттей алуы тиіс. 

жұмысын таныстырып, талдап, бағалай алуы тиіс. 



69

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Агамирян Ж. С. Детская картинная галерея. – М., 1979.

2.  Алехин. А. Д. Когда начинается художник. – М., 1994.

3.  Альбомы из серии «Рисуют дети мира. Казахстан».

4.  Амонашвили Ш. А. Здравствуйте, дети. – М., 1983.

5.  Байжігітов Б. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселесі. – Ақтөбе, 2003.

6.  Бакушинский А. Б. О задачах и методах воспитания. – М., 1988.

7.  Барб-Галль Ф. Как говорить с детьми об искусстве. – М.: Арка, 2012. 

8.  Берри Барбара Дайан.  Рисуйте свободно! М.: Манн, Иванов и Фербер, 2014.

9.  Бренифье О. Что такое красота и искусство?  М.:  Клевер-Медиа-Групп, 2012.

10.  Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М., 1991.

11.  Герчук  Ю. Я. Живые вещи. М., 1977.

12.  Герчук  Ю. Я. Что такое орнамент? Структура и смысл орнаментального образа. 

М.: Галарт, 1998.

13.  Жәнібеков О. Қазақ киімі. Алматы. «Өнер», 1996.

14.  Дубровская Н. Поделки из природных материалов. М.: Астрель, 2010.

15.   Дубровская  Н.  Оригинальные  поделки  из  бумаги  и  природных  материалов.  М.: 

Астрель, 2012.

16.  Изобразительное  искусство  Казахстана  на  рубеже  веков.  Каталог.  Алматы: 

Художественная галерея «ОЮ», 2002.

17.  Изобразительное  искусство  Казахстана.  Грани  реализма.  Каталог.  Алматы: 

Художественная галерея «ОЮ», 2004.

18.  Иллюстрированный атлас мира. М.: Белый город, 1998.

19.  Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Атамұра, 2010.

20.  Құнанбай А. Қазақстанның рухы. Нью-Йорк: Истен Пресс, 2001.

21.  Левин  С. Ваш ребенок рисует. – М., 1979.

22.  Ллимос А.  Бумага. Чудесные поделки. М.: КСД,  2006. 

23.  Ллимос А.  Природные материалы. Чудесные поделки. М.: КСД, 2006.

24.  Мосин И. Г. Учебное пособие по рисованию для педагогов, воспитателей, родите-

лей в 2-х частях. – Екатеринбург, 2000.

25.  Никулина О. Р. Природа глазами художника. – М., 1982.

26.  Орен Р. Секреты пластилина. М.: Махаон, 2014.

27  Претте М. К., Копальдо А. Творчество и выражение. – М., 1985. Выпуски 1, 2.

28.  Пузанова Н. В городе тысячи радуг. – Алма-Ата: Онер, 1990.

29.  Стасевич В. Искусство портрета. М.: Просвещение, 1974.

30.  Тойбнер  А. Прикольные поделки из цветной бумаги. М.: АСТ, 2010.

31.  Төлебиев Ә. Т. Сурет сала білесің бе? – Алматы, 1989.

32.  Уотт  Ф.  Академия  детского  творчества.  365  поделок  из  бумаги  и  картона.  М.: 

Робинс, 2012.

33.  Черняева А. Материалы для творчества своими руками. М.: Феникс,  2015.



МАЗМҰНЫ

«Көркем еңбек» пәнінің бағдарламалық міндеттері мен олардың ОӘК шешімін табуы ......... 3

«Көркем еңбек» оқулығының мазмұны мен құрылымы .............................................................. 5

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар ................................................................................................... 7

Қосымшалар ................................................................................................................................... 48

1-сынып оқушылары жылдың соңында нені біліп, үйренулері керек ...................................... 68

Әдебиеттер тізімі ........................................................................................................................... 69


О қ у - ә д і с т е м е л і к   б а с ы л ы м

Раупова Надежда Алимовна 

КӨРКЕМ ЕҢБЕК

Оқыту әдістемесі

Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған 

Редакторы Н. Бекхожаева

Көркемдеуші редакторы М. Нұрбеков

Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева

Корректоры Ү. Бахова

Компьютерде беттеген Г. Тасыбаева


ИБ №129

Теруге 21.04.2016 жіберілді. Басуға 28.07.2016 қол қойылды. Пішімі 84х108

1

/

16



. Офсеттік қағаз.  

Офсеттік басылыс. Әріп түрі «NewtonKza». Шартты баспа табағы 7,56. Есептік баспа табағы 5,49. 

Таралымы 6000. Тапсырыс № 1658.

«Атамұра» корпорациясы» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.

Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нің Полиграфкомбинаты, 

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет