Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет78/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   677
АЛТАЙБАЕВ  Жүсіпбек  (5.1.1911,  Жезқазған  обл.,  Шет  ауд.,  10  а.  -28.10.1987.  Алматы)- 
жазушы. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген ( 1960). 1933-41 ж."Лениншіл 
жас"(қазіргі "Жас Алаш") газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, жауапты хатшы, редакторы, 
1941  -  61  ж.  "Октябрь  балалары"  (қазіргі  "Ұлан")  газетінің  жауапты  хатшысы,  "Вожатый" 
журналының редакторы, "Комсомол" баспасының бас редакторы, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі 
"Егемен  Қазақстан")  газетінің  жауапты  хатшысы,  Талдықорған  обл.  "Сталиншіл"  (қазіргі 
"Жерұйық"),  Семей  обл.  "Екпінді"  (қазіргі  "Семей  таңы")  газеттерінің  редакторы,  ҚазТАГ-тың 
директоры,  Қазақстан  Журналистер  одағының  жауапты  хатшысы,  Қазақстан  Телевизия  және 
радиохабары  жөніндегі  мемл.  к-ті  төрағасының  орынбасары,  1961  -71  ж.  "Ара"  -  "Шмель" 
журналының  бас  редакторы  қызметгерін  атқарған.  Алғашқы  сатиралық  әңгімелер  жинағы 
"Нақ-нақ" 1965 ж. жарық көрді. "Сыпырғыш" (1969), "Ұят-ай" (1973), "Түлек" (1977), "Бұзаулы 
сиырға арзан домбыра" (1978) т.б. кітаптары бар. А. аударма саласында өнімді еңбек етгі. Орыс 
жазушылары  Н.Гогольдің  "Диканька  хуторы  маңындағы  кештер"  повесін,  И.  Тургеневтің 
"Қарсаңда",  М.Горкийдің  "Форма  Гордеев",  И.Ильф  пен  Е.Петровтың  "Алтын  баспақ",  "Он  екі 
орындық",  италиян  жазушысы  Р.Джованьолидің  "Спартак"  романдарын  қазақ  тіліне  аударды. 
"Құрмет белгісі" орденімен 3 рет және медальдармен марапатталған.   
 
АЛТАЙСКИЙ Константин Николаевич (13.12.1902. қазіргі Куйб-шев обл. Сызрань қ. - 14.1.1978. 
Мәскеу)  -  жазушы.  аудармашы.  1920  -  36  ж.  Ресейдегі  "Сызраньский  коммунар",  "Вятская 
правда", "Правда" газеттері редакцияларында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. Осы кезеңде 
"Буденновка"  (1927),  "Тұңғыш  борозда"  (1930),  "Егіс  майданының  ері"  (1932)  жыр  жинақтары 
жарық  көрген.  Кейін  "Матрос  Железняк"  романы  (1960),  "Ерлік"  повесі  (1965)  т.б.  кітаптары 
жарияланды.  1936  ж.  Қазақстанға  қоныс  аударып,  Республика  мәдени  өміріне  белсене  қатысты. 
Қазақ  ақындарының шығармаларын орыс тіліне аударды ("Қазақстан ақындары" М.. 1936; "Дала 
жыры" 1958). Жамбылдың шығармаларын орыс тілінде жариялады (М.. 1966; А.. 1972), "Даладағы 
дабыл" романын (1961. М.Қаратаевпен бірге), "Жерұйыққа саяхат" (1971), "Жиделібайсын жерінде" 
(1977) публицистикалық кітаптарын, "Бақсы" әңгімесін (1960) жазды. "Менің Қазақстаным" (1958), 
"Қазақстан  жұлдыздары"  (1974),  "Күн  күркірегеннен  кейін"  (1957)  поэзиялық  жинақтары 
Қазақстан тақырыбына арналған. Жамбыл туралы "Ақынның өмірбаяны" (1936) "Жабайдың ұлы 
Жамбыл" (1974) атты кітаптарын жариялады.   
 
АЛТЫАЯҚ  -  қазақ  поэзиясына  Абай  енгізген  шумақ  түрі.  Ақын  осы  шумақ  өрнегімен  "Бойы 
бұлғаң...", "Буынсыз тілің...", "Бай секілді...", "Қор болды жаным...", ''Қуатты оттай бұрқырап...", 
"Ем таба алмай...", "Кешегі Оспан...", т.б. өлеңдерін жазған. Әр шумақ алты жолдан түзіледі. А-тың 
бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші, үшінші мен алтыншы тармақтары өзара ұйқасады. 3-ші 
мен 6-шы тармақтары жеті буыннан құралса, басқа жолдары төрт буыннан тұрады. Аталмыш өлең 
өлшемін Абайдан кейін көрнекті ақындар А.Байтурсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, 
С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. пайдаланды.   


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет