Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

Қазақ теледидары арқылы  

сайлаушыларға

ҮНДЕУІ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 1 наурыз

Құрметті отандастар!

Енді бірнеше күннен кейін, 7 наурызда, біздің бәріміз 

сайлау учаскелеріне барып өз таңдауымызды жасаймыз. 

Қазір оның оңай шаруа емес екенін түсінемін. Жұрт-

шылықпен кездесулерде маған: реформаны жеделде-

туге, мемлекет пен халықтың игілігін арттыруға қызмет 

ететін шын мәніндегі кәсіби парламент болу үшін кімге 

дауыс беруіміз керек? – деген сауал жиі қойылады. Бұл 

– көкейкесті мәселе, бірақ бұған жауап бермес бұрын 

әрқайсымыздың  бірқатар  жәйттерді  айқындап  алға-

нымыз жөн.


459

Алдымен, жағдайға нақты және салмақты баға беріп 

алу керек.

Қазір біз қиын кезді бастан кешудеміз. Өндірістің 

құлдырауы  мен  инфляция  қысымы  тежелер  емес. 

Халықтың  табысынан  гөрі,  баға  жылдамырақ  өсуде. 

Бірақ мұндай жағдай бізде ғана орын алып отырған 

жоқ. Өздеріңізден: қай жерде жағдай жақсы, қай жерде 

іс оңға басып отыр? – деп сұрап көріңіздерші. Ондай 

жерді ТМД елдерінің ешқайсысынан таппайсыз. Мұны 

бәріміз түсіне білуіміз керек.

Жаппай  дағдарыстың  басты  себебі  –  бір  кездегі 

біртұтас мемлекеттің күйреуі. Соның салдарынан әркім 

барша жұртқа, барша жұрт әркімге тәуелді болған эко-

номикалық кеңістік бөлшектеніп кетті. Бұл Қазақстан-

ның қатысынсыз болды, онда біздің кінәміз жоқ.

Дегенмен  қалыптасып  отырған  қазіргі  жағдайда 

ТМД  елдерінің  қай-қайсысынан  болсын  қиындық 

қыспағынан тезірек шығып кетуге Қазақстанның мүм-

кіндігі бар деп есептеймін. Менің пікіріме негіз болған 

нәрсе – біздің талантты әрі еңбексүйгіш халқымыз бар, 

бізде  әртүрлі  қазба  байлықтарының  мол  қоры  бар. 

Қазақстан экспорттық мүмкіндіктері мол ықтималды 

аса бай елдердің қатарында. Қазірдің өзінде экономи-

каны реформалауда аз да болса ілгерілеушілік байқа-

лады.  Сонымен  бірге,  біз  алтын  өндірісімізді  еселеп 

келеміз, ал 1996 жылы оның қоры шетел валютасын көп 

қатыстырмай-ақ, ұлттық валютамыздың бағамын ұстап 

тұруға мүмкіндік беретін мөлшерге жетеді.

Әлемдік бизнестің жетекші лидерлері Қазақстанға 

сенеді және қолдайды. Олар бізге көп жылдардан бері 

көз қырларын сала жүріп, өз таңдауларын жасады. Менің 

АҚШ-қа жуырдағы ресми сапарымның барысында бұған 


460

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тағы көз жеткіздік. Тұтастай алғанда, біздің шетелдік 

серіктестеріміздің  Қазақстан  экономикасына  бөлген 

несиелік салымдарының жалпы көлемі 2,5 млрд доллар-

дан асады. Бұл қаржыны нақты істерге, өндірісті дамы-

туға, экономикалық терең өзгерістерге жұмсау керек.

Әрбір отбасындағы игілікке тек бәсекелі нарық эко-

номикасы мен демократиялық қоғам құру арқылы ғана 

жетуге болатынына сенімдімін және бұл туралы талай 

рет айттым да. Біз нақ соған бара жатырмыз және тек 

сонда ғана әрбір халықтың ерекшелігін сақтап, дамыта 

аламыз,  тұрақты  қоғамдық  дамудың  негізі  болатын 

ұлтаралық келісім саясатын жүргізе аламыз. Бұл менің 

Қазақстан Президенті ретіндегі мақсатым және оның 

дәйекті түрде жүзеге асырылуына бар күшімді саламын. 

Болашақ парламент те осы биік мақсатқа қол жеткізу 

үшін жұмыс істейді деп ойлаймын.

Қазір  күн  тәртібінде  тұрған  аса  маңызды  мәселе 

–  көпэтносты  мемлекетіміздегі  саяси  тұрақтылықты 

қолдау  және  нығайту.  Қазақстанға  деген  ілтипат, 

оның халықаралық аренадағы беделі еліміздің табиғи 

байлықтарымен,  стратегиялық  орналасуымен  ғана 

емес,  қоғамдық-саяси  ахуалдың  тұрақтылығымен  де 

қалыптасып отырғаны баршаға түсінікті болса керек. 

Сондықтан  парламент  пен  атқарушы  билік  біздің 

дәстүрлі  қалыптасқан  азаматтық  татулығымыз  бен 

ұлтаралық келісімімізді сақтай білуі тиіс, біз тек осының 

арқасында ғана ағайын арасындағы қантөгіске, өңірлік 

қақтығыстарға толы мына аласапыран дүниеде қоғам 

тыныштығын сақтап отырмыз. Мемлекеттік биліктің 

барлық  тармақтары  ұлтаралық  араздықты  қоздыру 

және  адам  құқықтарына  қысым  жасау  әрекеттеріне 

қатаң тосқауыл қоюға міндетті. 



461

Заң мұндай қоғамдық қауіпті әрекеттерді барынша 

қатаң  түрде  жазалап,  ұлттық  немесе  шовинистік 

рәуіштегі саяси ұйымдардың құрылуына жол бермеуге, 

сепаратизмнің  кез  келген  көрінісінің  түбіріне  балта 

шабуға тиіс. Бұлар ұлттардың бір-бірімен тайталасын 

қоздырады, мемлекеттің аумақтық тұтастығына және 

ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімге қауіп 

төндіреді. Өздеріңіз сайлайтын парламентарийлер осы 

борышты өз міндеттеріне алуы, қатаң заңдарды жасап, 

қабылдауы тиіс. 

Сонымен бірге, қазіргі көші-қон, тіл және азамат-

тық проблемаларына түсіністікпен қарау керек. Көп 

ұлтты  Кеңес  Одағының  тұрғындары  аяқ  астынан  15 

мемлекетке бөлініп шыға келгенде, басқа нәрсе күтудің 

өзі қиын еді. Бұл проблемалардың бәрі, меніңше, өз 

шешімін табады, әрине, тек біздің бірден-бір заң шыға-

рушы органымыз – парламент арқылы және мемлекет- 

аралық келісімдер мен адамдардың ізгілікті еркі арқылы 

ғана. Осымен қатар, Қазақстан халықтары Ассамблеясы 

идеясын нақты жүзеге асырып, оны көпұлтты қоғамның 

келелі мәселелері талқыланатын және сарабдал ұсы-

ныстар тұжырымдалатын іс жүзіндегі жалпыға ортақ 

форумға айналдыру керек.

Бізге топтасу мен қоғамдық келісім, реформа саяса-

тын халықтың қолдауы, әсіресе, дәл қазір, үстіміздегі 

және  келесі  жылы  керек.  Осы  кезеңде  дағдарыстың 

негізгі шарықтау сатыларынан өтетінімізге және жаңару 

арқылы өрлеме жолға түсетінімізге сенімдімін. Бұған 

жаңа парламентіміздің де атсалысуы парыз.

Экономикалық және әлеуметтік саясат біздің басты 

назарымызда  екеніне  сөз  жоқ.  Оны  ілгері  бастыруға 

ықпал ететін екі мәселені бірден атап өтейін.


462

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бірінші – республиканың рубль аймағынан шығуға 

мәжбүр  болуы  бізді,  өз  валютамыздың  енгізілуін  

ескере  отырып,  экономикалық  саясатымызға  атүсті 

түзету енгізуге, шын мәнінде оны қайта жасауға итер-

меледі.

Екінші – біз экономиканы ырықтандырудың неғұр-



лым қиын кезеңін бастан кешіп отырмыз және, тегінде, 

кез  келген  отбасы  басшылыққа  алатын  қарапайым 

тұрмыстық қағиданы: табысың мен жиған-тергеніңнен 

артық шығынға бармауды мемлекеттік саясат дәреже-

сіне көтердік.

Сондықтан  біз  қатаң  үнемдеу,  экономиканың 

басқаша болуы мүмкін емес дейтіндей кінәратсыз өзегін 

ғана мүмкіндік шегінде қолдап отыру бағытын ұстан-

дық. Үкімет мемлекеттің мұқтажына жұмыс істейтін, 

бәсекеге қабілетті әрі тиімді кәсіпорындарға, өндіріспен 

айналысатын, әсіресе, халыққа қажетті өнімдер шыға-

ратын  кәсіпкерлерге  көмектесетін  болады.  Еңбекке 

орналастыру қызметі уақытша жұмыссыз қалғандарға 

қол ұшын беруі тиіс. Олардың біразы жаппай жекеше-

лендіруден өткен кәсіпорындарға орналасады. Қызмет 

көрсету, жеке шағын және орта бизнес салаларының 

дамуына жағдай жасалады, сөйтіп, қосымша жұмыс 

орындары құрылады.

Ауылда  жұмыс  істегісі  келетіндерге  фермерлік, 

шаруа қожалықтарын құру үшін жер бөліп беріледі.

Ауыл шаруашылығында осы саланың негізгі өнімін 

беретін, тұрақты жұмыс істейтін рентабельді шаруа- 

шылықтарға ғана қолдау көрсетіледі. Артта қалғандар 

мен шығынға батқандар өз тағдырлары туралы өздері 

ойлануы  тиіс.  Бұдан  былай  қайтарылмайтын  несие 

берілмейді. Ешқандай баламасы жоқ нарыққа бет алған 



463

мемлекет нарық қағидаларынан ауытқымауға мәжбүр. 

Ол шығынға батқан шаруашылықтардың қаржылық 

ауыртпалығын салық төлеушілердің, яғни сіз бен біздің 

есебімізден үнемі көтере беруге тиісті емес және оған 

мүмкіндігі де келмейді. Осыны түсіну керек, қабылдау 

керек  және  ренжудің  де  еш  жөні  жоқ.  Жекешелене 

берсін, шығар жолды өздері іздесін. Енді осындай заман 

туды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жауапкершілігін арт-



тыру қажет. Үкімет олардың директорларымен мына-

дай міндеттемелерді көздейтін келісім-шартқа отыруы 

керек: біріншіден, олар банкроттықтың алдын алады 

және, екіншіден, кәсіпорынды сауықтырып, оны нақты 

жекешелендіруге дайындық шараларын жүргізеді. Егер 

келісілген уақыт ішінде бұл шарттар орындалмайтын 

болса, онда басқа басшы тағайындалуы тиіс.

Бұл шаралар экономикадағы, әлеуметтік саладағы 

дағдарыстан шығу үшін қажет. Кәсіпорындар шығынын 

жабуға кететін қыруар бос ақша, жеңілдетілген несие-

лер, дотациялар және тағы басқа да көмек деп аталатын-

дар – бәрі-бәрі мемлекеттің қалтасынан, яғни сіздер мен 

біздердің қалтамыздан шығып жатыр. Инфляцияны 

үдететін, басқаша айтқанда, тауар бағасын қымбаттата-

тын нақ осы. Сөйтіп, сиқырлы айналымға түсеміз: баға 

өседі – жалақы өседі – тағы баға өседі, осылайша бас 

көтертпей, тоқтаусыз кете береді. Егер шыдамдылық 

сақтасақ, бәріміз болып көзқарасымызды өзгертсек, бос 

банкноттарды басып шығарып айналымға қосуға жол 

бермесек, теңгеміз бен экономикамыздың тұрақтылығы 

тез  қалыптасады,  бағаның  өсуі  тоқтайды,  несие  бәсі 

жеңілдейді, тұрмыс деңгейі шындап көтеріле бастайды. 

Міне, мұның бәрі осы үшін қажет.


464

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Тағы да атап айтамын: реформа жай бір мақсат үшін 

емес,  адамдардың  игілігі  үшін  жасалады.  Жақында 

болған тарихи тұйықтан шығу үшін, белгілі бір уақыт-

тан кейін жағдайды түбірімен өзгертіп, қоғамымыздың 

гүлденуіне жол ашу үшін, қанша жерден ауыр болса 

да, қазіргі қиындықтардан өтуіміз керек. Ол үшін бізде 

барлық жағдай бар.

Әлеуметтік  мәселелерге  келетін  болсақ,  бюджет 

еңбекке жарамсыздарға, табысы аздар мен жұмыссыз- 

дарға  ғана  әлеуметтік  сүйеніш  бола  алады.  Әрине, 

денсаулық  сақтау  мен  рухани  салаларға  –  ғылымға, 

мәдениетке, білімге, бұқаралық ақпарат құралдарына 

біршама қолдау көрсетіледі.

Біз  жаңа  тұрғын  үй  саясатына  көштік.  Мемлекет 

отбасыларына жер учаскелері бар жеке үй тұрғызуына 

көмектеседі.  Олардың  құнының  80 %  деп  отбасыла-

рына 5 % жылдық өсімімен 30 жылға дейінгі мерзімге 

жеңілдетілген несие беріледі. Жиынтық табысы төмен 

отбасыларына тұрғын үй-коммуналдық қызметтің бір 

бөлігіне  ақы  төлеу  үшін  мақсатты  жәрдемақы  беру 

қарастырылады. Бұған қажетті жұмсалатын қаржы мен 

несие ресурстары табылады.

Дағдарысты  экономика  жағдайында  күшті  бюд-

жеттің  болмайтынын  бәріміздің  де  айқын  сезінетін 

уақытымыз  жетті.  Сондықтан  өте  қымбатқа  түсетін 

әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды тоқтата 

тұруға  мәжбүр  болып  отырмыз.  Бірақ  табысы  аз 

зейнеткерлерге, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, 

көп балалы отбасылары мен оқушы жастарға қолдау 

көрсету неғұрлым нысаналы сипатқа ие болады. Осы 

әлеуметтік  топтардағы  нақты  адамдарға  жәрдемақы 

беру  олар  үшін  төлемнің  жалпы  көлемін  көбейтуге 



465

мүмкіндік жасайды. Еңбекке жарамсыз жалғыз басты 

азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі 

менің жарлығым да осыған бағытталған.

Бұдан басқа айрықша атап айтатын мәселе: Жинақ 

банкінің  жүйесін  қайта  құру  жөнінде  қабылданған 

шаралар есепшотында ақшасы бар әр отбасының кірісін 

арттыруға мүмкіндік жасайды. Мемлекет жақында аза-

маттардың осы банктегі ақшаларын индекстеді. Бұл аз 

көмек емес. Біз алдағы уақытта да табысы аз, еңбекке 

жарамсыз азаматтарды қорғау үшін қолдан келгеннің 

бәрін жасай береміз. Ал қалған жұрттың бәрі өз қамда-

рын өздері жасауы керек.

Тұрақты жұмыс істейтін парламент, әкімдік басшы-

лары мен жергілікті өкілетті биліктің жаңа органдары 

осы проблемалармен тереңірек әрі нақтырақ шұғыл-

дануға, әлеуметтік атаулы көмек саясатын іске асыру 

жауапкершілігін толық мойындарына алуға тиіс деп 

санаймын.

Қылмыспен күрес секілді проблеманы да ескерусіз 

қалдыра алмаймын. Ұйымдасқан қылмыстың, жемқор-

лық пен төрешілдік озбырлықтың өсуі – біздің адамда-

рымыз үшін ең шиқанды мәселелердің бірі. Бүгінде 

өкімет, оның құқық қорғау органдары әлсіз екенін және 

азаматтарды өз құқықтарына қол сұғушылардан толық 

дәрежесінде қорғай алмайтынын мойындау керек. Тек 

өткен бір жылда ғана әйел зорлау және, қастандықты 

қоса алғанда, қасақана кісі өлтіру деңгейі тиісінше 17 

және 24 %-ға өсті, пәтерге түсу мен тонау көбейді. Бұдан 

былай оған жол беруге болмайды.

Мен жаңа парламент алдына қылмысқа қарсы жап-

пай шабуыл ұйымдастыру туралы мәселе қоймақшы-

мын. Бүгінде экономикалық қылмыс пен рэкеттің қау-


466

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лап өсуі қалыпты кәсіпкерлік қызметке едәуір кедергі 

келтіретін факторға айналды. Кісі өлтірген, әйел зор-

лаған адамдар, ұйымдасқан қылмыс топтарының жетек-

шілері үшін өлім жазасының бұлтартпастығын белгілеу 

қажеттігі  пісіп-жетілді  деп  ойлаймын.  Бұған  қоса, 

Қазақстан жерінде осындай қылмыстар жасаған басқа 

мемлекеттердің азаматтары өз елдеріне қайтарылмай, 

осында, біздің заңдарымыз бойынша жазалануы тиіс.

Ол-ол  ма,  Конституцияда  азаматтардың  жеке 

меншігіне, тұрғын жайына, адамның ар-ожданы мен 

абыройына қол сұғылмайтынын мойындай отырып, 

оның өз өмірін, тұрғын үйі мен мүлкін, тіпті қарумен 

де, қорғауына ерік беру керек. Әйтпесе адамдар қыл-

мыскерлер алдында дәрменсіз болып барады. Әлбетте, 

мұндай құқықты жүйкесі жағынан саламатты адамдар 

және төнген қауіптің дәлелді болуы жағдайында ғана 

пайдалануы керек.

Сондай-ақ  көлік  ұрлау,  пәтерге  түсу,  тонау  және 

адам өміріне қастандық жасау секілді қылмыстар үшін 

де жазаны күшейте түсу қажет. Жаңа парламент мем-

лекеттік қызметшілер туралы, Министрлер Кабинеті 

туралы заңдар қабылдап, салық салу үшін табыс туралы 

декларациялар енгізілгеннен кейін лауазым иелерінің 

төрешілдік озбырлығы мен парақорлығы секілді жаны 

сірі құбылыстар да түбірімен жойылатын болады.

Жаңадан сайланатын парламентарийлер осындай 

батыл  қадамдарға  бара  алатын,  табандылық  таныта 

отырып, үкіметпен бірге қоғамдық дертпен күрес үшін 

халық алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін болуы 

тиіс.


Күнделікті  қиындықтар  мен  кедергілердің  бәрін 

еңсере келіп, Қазақстан алдағы уақытта да таяу шет 



467

елдермен қарым-қатынасты нығайту, ТМД елдерімен 

интеграцияны күшейту саясатын жалғастыра береді.

Ресей  мен  Қазақстандағы  сайлау  қарсаңында 

жол  берілген  жекелеген  өзара  кінә  тағушылықтарға 

қарамастан,  біздің  екі  мемлекеттеріміздің  арасында 

халықтарымыздың сан ғасырлық тарихи байланыста-

рымен, ресейлік және қазақстандық жұртшылықтың 

көпэтносты құрамымен сабақтасқан ерекше қарым-қа-

тынас болуы тиіс. Біздің өзара қарым-қатынасымыз- 

дың ахуалы саяси жел сөздер мен адамдардың тұрмыс- 

тық деңгейдегі жанжалдарына тәуелді болмауы керек.

Иә, келеңсіз тарихи шындықтың – қазақтарды ұлт- 

сыздандырудың  отаршылдық,  большевиктік  қысым 

және  тоталитаризм  сияқты  мақсатты  жүргізілген 

үдерісі болғаны рас. Бірақ бұл арада Ресей мен орыс 

халқының кінәсі жоқ. Кінә патшалық бұғау мен кеңестік 

жүйенің әмбені жаныштайтын үстемшілдігінде болды 

әрі одан ресейліктердің өздері де аз зардап шеккен жоқ.

Бірақ  ешқашан  ұмытылмайтын  басқа  да  жайлар 

болды. Қазақ халқының жер бетінен толық жойылып 

кету  қаупі  туған  қатерлі  шақта  біздің  бабаларымыз 

Ресейді пана тұтып, өз қорғаушысын тапты. Бізге Ресей-

дің өз оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің есігін 

айқара  ашқаны,  индустриялық  базамызды  жасауға 

көмектескені біздің риза көңілімізде әрқашан сақталуы 

тиіс. Ресейдің көптеген жаны жайсаң адамдары қазақ 

мәдениетінің қаз тұрып кетуіне, ұлттық кадрларымыз-

дың қалыптасуына күш-жігерлерін аяған жоқ.

Екінші жағынан, халықтар арасындағы келісім мен 

достықтың  тамыры  қазақтардың  кез  келген  ұлттар 

мен  ұлыстардың  өкілдерімен  ізгі  қарым-қатынаста 

бола білетіндігінде, үлкен діни төзімділігінде, табиғи 


468

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мейірбандығы мен көрші ақысын барынша құрметтей 

алатындығында жатыр.

Фашизмге қарсы күресте Қазақстан да ортақ жеңіс 

жолына  жүздеген  мың  ұлдарының  өмірін  құрбан 

еткенін  ресейліктер  де  ұмытпайды  деп  ойлаймын. 

Сондай-ақ  біздің  жеріміз  ондаған  жылдар  бойы  өз 

қойнауындағы байлығын және осында өсірілген мол 

астығының  едәуір  бөлігін  Ресеймен  бөлісіп  келгені 

және бөлісе беретіні белгілі. Яғни, біз Ресей әлеуетінің 

айтарлықтай  бөлігі  қазақстандық  жеткізілімдермен 

жасалған және соларға негізделеді деп айта аламыз. 

Мұндай өміршең байланыстар екі мемлекет үшін де 

пайдалы. Сондықтан соларды сақтап, одан әрі дамыта 

беру – біздің парызымыз.

Қазақстандықтар Ресейдің, Орталық Азияның, Достас- 

тыққа  мүше  өзге  де  елдердің  барша  халықтарына 

деген  туысқандық  сезіміне  адал,  олармен  достықта, 

жарастықта  өмір  сүруді,  өзара  ықпалдастығы  мен 

экономикаларымыздың интеграциялануын, адамдар 

арасындағы  еркін  қарым-қатынас  пен  тауарлар  

алмасуының  жолындағы  кедергілердің  жойылуын 

қалайды.


Меніңше, біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 

өзекті мәселелері осылар болса керек.

Енді  «Кімге  дауыс  береміз?»  деген  мәселеге  ора-

лайын.  Сайлау  науқаны  барысында  осы  айтылған 

проблемалардың байыбына бара алатынын байқатқан, 

соларды шешудің және дағдарыстан шығудың жолда-

рын көре білген және соған ұмтылған адамдарға дауыс 

беру керек деп ойлаймын. Ұсынған кандидаттарыңыз 

осы  идеяларды  ұстана  ма  және  парламентте  немесе 

жергілікті мәслихатта соларды жүзеге асыруға атсалыса 



469

ма – соған ой жүгіртіп қараңыздар. Сіз бен біздің бола-

шағымыз көбінесе осыған байланысты болады.

Сонымен  қатар,  ешқандай  сындарлы  ойы  жоқ 

жалаң сыншылардың, тар өрісті ұлтшылдық пен жеке 

басының ғана қамын ойлап жүрген жандардың, бәрін 

біліп, бәрін қатырамын деп жүрген пысықайлардың 

қармағына  түсіп  қалмаңыздар.  Бәрін  білетін,  бәрін 

шешетін адамдар жоқ, турасын айтқанда, олар сіздерді 

алдап жүр.

Президенттік  билік  жағдайында  қабылданған 

заңдарды барлық адамдарға орындата алатын күшті 

атқарушы биліктің қажеттігін көре білетіндерге дауыс 

беру  керек,  онсыз  қоғамдағы  реттілікті,  тәртіп  пен 

нақты  демократиялық  бостандықтарды  қамтамасыз 

ету мүмкін емес.

Биліктің  әрбір  тармағы  өз  ісімен  шұғылдануын, 

ал олардың арасында өзімбілермендік емес, қалыпты 

жұмыс бабындағы қарым-қатынас болуын, билік жүйе- 

сінде  тежемелік  пен  теңгермеліктің  нақты  тетіктері 

болуын көздейтіндерді, заң шығару жұмысын сапалы 

орындауды қамтамасыз ете алатындарды, шатасқан, 

қайшылыққа толы немесе орындалмайтын актілерді 

қабылдамайтындарды қолдау қажет.

Мұның бәрі экономикалық және басқа да заңдарды 

жетілдіруді, қолданыстағы Конституцияға өзгерістер 

мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Парламент  белгілі  бір  жағдайда  Президенттің 

өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға, ал Президент, 

өз кезегінде, парламентті таратуға құқық алуға тиіс. 

Президенттің  соттарды  өмір  бойына  тағайындауын 

енгізу қажет. Әңгіме сондай-ақ қабылданатын заңдар-

дың жоғары дәрежеде пысықталуына, сарабдалдығы 


470

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мен үйлесімділігіне, өңірлер мен олардың халқының 

мүддесін неғұрлым толық ескеруіне мүмкіндік беретін 

парламенттің екі палаталы құрылымы жайында болып 

отыр.


Биылғы  сайлаудың  өз  ерекшеліктері  бар.  Олар 

өкілетті биліктің барлық деңгейін қамтиды. Саяси пар-

тиялар мен қозғалыстар оларға тұңғыш рет қатысуда. 

Мемлекеттік тізім бойынша кандидаттардың сіздердің 

назарларыңызға ұсынылуы да бұрын болмаған жәйт. 

Оның көмегімен парламентке баламалы негізде зердесі 

биік кәсіби адамдарды, түрлі ұлттық топтардың өкіл-

дерін тарту көзделіп отыр.

Мемлекеттік  тұрғыдан  ойлайтын,  реформаны 

жақтайтын және халық мұқтажын өздерінің өтпелі жеке 

мүддесінен жоғары қоятын, жағдайды объективті баға-

лап, ойластырылған шешім қабылдай білетін адамдарға 

басымдық беру керек.

Бір  мемлекеттің  азаматтары  ретінде  барлық 

қазақстандықтардың  өмірдің  кез  келген  саласында 

ортақ ғаламат мүддесі бар екенін және сондықтан олар 

біртұтас  этносаяси  қауымдастық  құрайтынын  есте 

ұстаған жөн. Әрбір адам, ең алдымен, Отанның азаматы, 

содан кейін барып ол қазақ, орыс, украин немесе неміс 

болмақшы.

Тағы да қайталап айтайын, қымбатты отандастар, 

республикамыздың  өркендеуі  және  демократия 

жолымен дамуы көп жағдайда сіздердің әрқайсыңыз- 

дың  белсенділіктеріңізге,  дұрыс  таңдау  жасай  білу-

леріңізге байланысты.

Биылғы  қатал  қыс  республиканың  көптеген  өңір-

леріндегі жағдайды күрделендіріп жібергенін білемін. 

Жылу, электр қуаты тапшы, азық-түлік пен тауарлар 



471

уақытында жеткізілмейді, жолаушылар тасымалында 

да қиындықтар болып жатыр. Шенеуніктердің жүгенсіз 

әрекеттері,  сайлау  науқанына  өрескел  араласу  фак-

тілері  кездесті  –  осының  бәрі  жұртшылықтың  ашу- 

ызасын туғызуда. Қайталап айтайын, бұл туралы біз 

білеміз және тиісті шаралар қолдану үстіндеміз. Бірақ 

мұның бәрі бізден басты мәселені тасаламауы тиіс: біз 

Қазақстан тарихындағы тұңғыш демократиялық сай-

лауға бара жатырмыз. Асырып айтқандық емес, бізге 

бүкіл  әлем  көз  тігіп  отыр,  соның  ішінде  мұнда  көп-

теген елдерден келген бақылаушылардың назарымен 

көз тігуде. Бірақ таңдау жасау біздің өз еркімізде және 

әрқайсымызға мемлекетіміздің болашағына деген зор 

жауапкершілік жүктелген. Міне, осы себепті мен бар-

шаңызды  сайлауға  қатысып,  өздеріңіздің  азаматтық 

борыштарыңызды өтеуге шақырамын.

Сіздер сайлаған жаңа парламенттің, жергілікті жаңа 

өкілетті органдардың депутаттары біздің ортақ Отаны-

мыз – Қазақстанның заңнамалық және қоғамдық өмірін-

дегі оң өзгерістердің авторлары болатынына сенемін.


472

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет