Несеп жїйесі



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата27.03.2023
өлшемі467,31 Kb.
#76480
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Æ ðåê – àí òàìûð æ éåñ³í³ ôèçèîëîãèÿñû




Түсініктеме 
Студенттердің физиологиялық заңдылықтарды ұғынуы 
үшін және қазақ тілінде медициналық колледж студенттеріне 
арналған физиология пәнінен оқулықтың болмауынан осы оқу 
құралы жазылып отыр. 
Оқу құралы медициналық колледж студенттерін 
дайындауға 
арналған 
жаңа 
оқу 
бағдарламасына 
сәйкестендірілген. Теориялық материал қысқа нұсқада және 
жатық тілмен берілген, сонымен бірге тест тапсырмалары
және өзіндік білімін тексеруге арналған сұрақтар, жағдаятты 
есептер ұсынылған.
Оқу құралы жүрек-қан тамыр жүйесі физиологиясының
тақырыптарын игеруге көмегін тигізеді деп үміттенеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Жүрек – қан тамыр жүйесінің физиологиясы 
 
Қан айналу жүйесіне жүрек пен қан айналымының 
үлкен және кіші шеңбері жатады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек, 
ол насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды 
да, оның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Жүректің 
жұмысы артерия мен вена тамырлары арасында қан 
қысымының айырмасын туғызу арқылы қан айналысын 
қамтамасыз ету. Жүрек тоқтап қалса, артерия мен веналардағы 
қысым теңесіп, қан айналысы тоқтайды. 
Жүрек циклі, оның кезеңдері
 
Жүрек – көлденең жолақты еттен тұратын төрт қуысты 
мүше. Жүрек екі жүрекше мен екі қарыншадан түзілген. 
Жүрекшелерді – atrium, қарыншаларды – ventriculus дейді. 
Жүрек қабырғасы қабықтары – эпикард, миокард, эндокард. 
Жүректің қабы – перикард. Жүректің төрт қақпақшасы бар – 
екі жақтаулы(митральды), үш жақтаулы, жарты ай тәрізді 
қолқа және өкпе сабауы қақпақшалары. Жүрек қақпақшалары 
қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
Сау адамның жүрегі минутына 65-80 рет соғады
орташа 70-72 рет соғады.
Жүрек соғуы сиресе – брадикардия ( минутына 40-50 
рет), жиілесе – тахикардия ( минутына 160 рет) деп аталады. 
Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. 
Минутына 400 рет соқса, оны лүпілдеу ( трепетание) деп, ал 
600-ге жиілесе, оны жыбырлау ( мерцание) деп атайды. 
Жүректің систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет