Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
БӨЖ Тақырыбы: Шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану.
Кіріспе Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру.Осы мәселені шешу білім беру мазмұнын жаңа шыландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде, демек бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениет аралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді,білімді,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады.Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.